Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы 

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
  • Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  • Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
  • Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  • Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
  • Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Жүктеу Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы