Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттiк бағдарламасы

МАЗМҰНЫ

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
атауы саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама)

Әзiрлеу үшiн негiз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзiрлеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық
жауапты мемлекеттiк орган сақтау министрлiгi

Бағдарламаны iске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
асыруға жауапты министрлiгi, Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк органдар Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Мәдениет министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрлiгi,
Астана және Алматы қалаларының,
облыстардың әкiмдiктерi

Бағдарламаның мақсаты Елiмiздiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық
дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту

Мiндеттерi Азаматтардың денсаулығын сақтау және
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерi
бойынша сектораралық және ведомствоаралық
өзара iс-қимылды күшейту;
Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн
дамыту және жетiлдiру;
медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi
жетiлдiру, медицина ғылымын және
фармацевтикалық қызметтi дамыту

Iске асыру мерзiмi 2011 — 2015 жылдар
бiрiншi кезең: 2011 — 2013 жылдар
екiншi кезең: 2014 — 2015 жылдар

Нысаналы индикаторлар Халықтың күтiлiп отырған өмiр сүру
ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке
дейiн, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейiн
ұлғаюы;
ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi
туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке
дейiн төмендеуi;
нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi
туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке
дейiн төмендеуi;
жалпы өлiм-жiтiмнiң 1000 адамға шаққанда
2013 жылға қарай 8,14-ке дейiн, 2015 жылға
қарай 7,62-ге дейiн төмендеуi;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың
адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге
дейiн, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейiн
төмендеуi;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ
инфекциясының таралушылығын 0,2 — 0,6
шегiнде ұстау

Қаржыландыру көздерi Бағдарламаны iске асыруға 2011 — 2015
мен көлемi жылдары республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
тыйым салынбаған басқа да қаражат
жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк
бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.
теңгенi құрайды.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4

 

2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4 200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8 400

барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

2001 — 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
бекiту кезiнде нақтыланатын болады.

Жүктеу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»мемлекеттiк бағдарламасы