Закарин Рустем Сарсенбаевич

1977 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, аталған оқу орнын 2000 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген. 2004-2006 жылдары Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында оқып, «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы Орал қаласы әкімі аппаратының отын энергетика кешені және инфрақұрылым бөлімінде жетекші маман болып бастады.

07.05.2003-31.07.2007 жж. Орал қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй және отын-энергетика кешені бөлімінің бас маманы;

01.02.2005-31.07.2007 жж. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің отын-энергетика кешені бөлімінің бас маманы;

01.08.2007-20.09.2010 жж. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі;

20.09.2010-13.08.2013 жж. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

14.08.2013-29.12.2015 жж. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

29.12.2015-15.06.2016 жж. Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы;

15.06.2016 ж бастап Орал қаласы әкімінің орынбасары