Әкім блогы

Сұрақ жауап

10.05.2017

Назгуль

Саламатсызба мен 2007 жылы мамыр айында жердин кезегине турып едим .сол жер кай кезде бериледи .4 баламен патер жалдап журмиз

Ответ:

Құрметті Назгуль! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Сіздің 2007 жылы 10 сәуірдегі №С-478 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелгендігін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 9705. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


10.05.2017

Акдарига

Құрметті қала әкімi! Мен Кунаев 27 үйдің тұрғынымын. Уй өзіңiз бiлетiндей жаңа,окинишке орай жылы су мен газдың мәселесі шешілер емес. Баламыз кішкентайы аурудан көз ашпай жатырмыз. Тобе толған шұрық-тесiк. Осы сұрақты бир жақты етіп шешип беруиниз суралыды. Жалгыз 1 гана үй гой сол Кунаев шағын ауданында. Өтінеміз газ берілсе екен.

Ответ:

Құрметті Ақдариға! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, 6 шағынаудан, Д.Қонаев көшесі, 27 үй бойынша мердігер мекемемен ішкі және сыртқы газбен жабдықтау жұмыстары аяқталып, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ң Батыс Қазақстан өндірістік филиалының өкілдерімен газбен жабдықтау жүйесін қабылданған болатын. Аталған үй тұрғындарынан қаражат жинақталған жағдайда газды қосу жұмыстары жүргізіледі. Наурыз және сәуір айларында ыстық суға ақысы төленбегендіктен ыстық су беру уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта ыстық суды және газды қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.


10.05.2017

Сауле

Салеметсизбе?мен коп балалы сна.озим ауылда мал устап .уй алгым келеди.бирак салатын залогка уйим жок.кандай кенес .комек бар.жумыстан кашпаймын.4миллиондай акша алсам.

Ответ:

Құрметті Сәуле! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтитын жана бағдарламалар ашылып жатырғанан хабарлаймыз. «Сыбаға» және «Береке» бағдарламалары бойынша несие алуға мүмкіндік бар, бірақ міндетті түрде кепілге қоятын мүлік болуы шарт. Қосымша мәлімет алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуыңызға болады. Ихсанова көшесі №38, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Батыс Қазақстан филиалы. тел.8 (7112) 24-15-26, эл.пошта zko@fagri.kz Қосымша, Сіздің сұрағыңызға сәйкес мемлекет тарапынан берілетін несие туралы төмендегіні мәлімдейміз: Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын несие беру жұмыстары басталуда. Аталған бағдарламаға өз қызметін жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын жұмыссыздар, өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен оның мүшелері қатыса алады. Бағдарлама қатысушылары шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауылшаруашылығы коопертивтерін құру үшін 7 жылға дейін, 6%-дық мөлшерлемемен, несиенің ең жоғары сомасы 16 млн.теңгеге дейін ала алады. Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіруші әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік бөліміне, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорына, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама қатысушының міндетті түрде кепілдемесі болуы шарт.


10.05.2017

Гулхан

Сәлеметсіз бе. Мен үй мәселесі бойынша жазып отырмын. Как рассказал аким области Алтай КУЛЬГИНОВ, он побывал на станции скорой помощи в Уральске. - В прошлом году мы обновили автопарк скорой помощи, закупили 60 единиц автотранспорта. Будем еще закупать в новом году транспорт. Но еще у нас нехватка врачей и бригад скорой помощи, недостаточно квалифицированного медицинского персонала, - сообщил аким области. Алтай КУЛЬГИНОВ пообещал создать все условия для квалифицированных врачей. - Мы будем выдавать квартиры, приезжайте к нам, - сказал аким области. Подробнее: http://mgorod.kz/nitem/v-zko-zovut-vrachej-obeshhaya-vydavat-kvartiry/ Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на mgorod.kz БҚО əкімі А.Кулгинов мырза Дəрігерлерге үй беремін деген еді.Бірақ здравоохранегияга жазған өтінішіме Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Сіздің басқарма басшысының блогна жолдаған сұрағыңыз бойынша хабарлайды. Тұрғындарды тұрғын ұймен қамту мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатқанымен, басқарма басшылығы тарапынан медициналық кызметкерлерге, соның ішінде дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін үнемі назарда ұстап, облыс басшылығының алдына қойып келеді. Алайда күні бүгін аталған мәселенің шешу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз. Деген жауап алдым. Үй мәселесінің шешімін қарап беруіңізді өтінемін

Ответ:

Құрметті Гүлхан! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Сіз тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұрмағандығыңызды хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сізге кезекке тұру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментіне» (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, Құрманғазы көшесі, 173-үй) жолығуға болады.


04.05.2017

Гульбану

Саламатсызба әкім мырза! сізден өтінішім есік алдындағы мусорный контейнерлердің орнын ауыстыруға қолдауыңызды сұраймын. себебі мусорный контейнерлер менім аулама өте жақын орналасқан, қысы-жазы айналасы шашылып уақытылы құзыретті мекемелер жинамау себебінен айналасында терек, құрылыс материалдары , көне үй заттары почти свалкадағыдай шашылып жатады, кеше яғни 03.05.17 ж түнгі сағат екілерде белгісіз біреулер мусорды жағып кеткен, мен өзіміздің қауіпсіздігімізді сақтау үшін сізге тікелей шағымданып отырмын, Сізден осы менім шағымымды жауапсыз қалдырмайды деп сенемін. Рахмет . Сау болыңыз!

Ответ:

Құрметті Гульбану! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі аталған мекенжай Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары және арнайы ұйым «Орал Таза Сервис» ЖШС-нің өкілдерімен орынға шығумен тексерілгенін хабарлайды. Тексеріс нәтижесі бойынша, аталған аумақтың тығыз орналасуына байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерін басқа орынға көшіруге мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, контейнер маңында жинақталған қалдықтарды жинап, тазалау бойынша «Жайық Таза қала» ЖШС мамандандырылған ұйымына тапсырма берілгенін қосымша мәлімдейміз.


04.05.2017

Балжан

Салематсызба аким мырза.Комсомольская 58-56 аппатты үй қатарына жатады.Бұл үйдің салынғанына естуімше 160 жылдай болған. Осы үйде 8 жылдай тұрамыз. Төбеден су ағады, жарлары құлап жатыр жөндеуге келмейді. Уйдің іші көгеріп жатыр, бұл үйде тұру мүмкін емес. Сізден көмек сұраймыз. Осы жылы ұсынысқа кетсе жақсы болар еді. Қайда барып жолығуға болады. Сізге алдынала рахмет.

Ответ:

Құрметті Балжан! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазаған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Орал қаласы Комсомольская көшесі 56 және 58 үйлері «ҚұрылысКонсалтинг» Ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі №124 техникалық қорытындысына сәйкес апатты деп танылған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама сәйкес жекешелендірілген үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты өтінішін қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ, себебі бюджеттік классификацияда жеке тұрғын үйлерге жөндеу жасау бағдарламасы қарастырылмаған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қала бойынша 200 астам ескі және 43 апатты тұрғын үй бар. Ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді шешу бірден-бір жолы мелекеттік жеке меншік серіктестігі жобасы (әрі қарай-жоба) арқылы жүзеге асыру болып табылады. Аталған жоба арқылы ескі және апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу арқылы қаланың келбетін көркейтіп, сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу басты мақсат болып саналады. Орал қаласында мемлекеттік жеке меншік әріптестік» жобасы аясында, құрылыс компаниялары тозығы жеткен апаттық жағдайдағы, сондай-ақ тозығы жеткен ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салу бойынша 2015 жылдан бері жұмыстар атқаруда. Сондықтан, қаладағы тозығы жеткен үйлердің орнына өз қаражатына жаңа үйлер салуға қызығушылық танытқан құрылыс компанияларының берген ұсыныстарын негізге ала отырып, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаладағы тозығы жетіп, қолданылу мерзімі (ескірген) азайған 55-60 жыл бұрын салынған үйлердегі жеке меншік пәтер иелеріне «Орал қаласында мемлекеттік жеке меншік әріптестік» жобасынын талаптарын түсіндіру бағытында, жеке меншік пәтер иелерімен жиналыс өткізілді. Бұл арада Бөлімнің міндеті, тозығы жетіп, қолданылу мерзімі азайған үйлердегі тұрғындарға, осындай бағдарламаның жүзеге асырылып жатырғанын мәлімет ретінде ақпараттандыру екенін назарыңызға саламыз. Аталған жоба арқылы Сіздің тұрып жатырған жеріңізге жаңа көп қабатты тұрғын үй салу үшін: 1. Тұрғын үй апатты болу керек; 2. Тұрғындардың келісміі; Сондай-ақ, ағымдағы жылы Орал қаласы Гагарин көшесі 1 үйдің орнына 126 пәтер және Құрманғазы көшесі 198 үйдің орнына 64 пәтерлік көп қабатты үйлерді салу жұмыстары басталып кеткенін хабарлайды.


03.05.2017

Болат

Саламатсызба!қалай қарауға болады нешінші номерде тұрғанымды?сайттан таба алмадым 2011 жылы тіркелдім.

Ответ:

Құрметті Болат! Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Сіздің 2008 жылы 09 маусымдағы №А-46 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31669. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


03.05.2017

Орынгул

Саламатсыз ба А.Кульгинов мырза мен сизге осы отинишимди жолдаи отырып комек сураимын .Мен коп балалы анамын жане жалгыз басты анамын.маган бас пана керек менин тургылыкты уйім жок мен акимдерге кирип талаи комек сурадым бырак жылда еститин жауабым биреу ак уй жок комек тесе алмаимыз деген сонда мен 6 баламен каида жане калаи кун коремин озим жумыссыз бын ештжерден ешкандаи комек алмаимын тек мен гос пасобиямен кун корип отырмын не кумис алкамда жок маган комек тесуіңзді сураимын

Ответ:

Құрметті Орынгүл! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Сіздің Орал қаласының ТҮКШ және ТҮИБ-де тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегінде тұрмағандығыңызды хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіздің тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұра аласыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасова көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Қосымша: Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жөнінде: Сізге әлеуметтік көмектерді алу үшін тұрғылықты тұратын жеріңіз бойынша Жаңақала ауданының уәкілетті органына немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге болады. Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың ІІ-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12251 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың ІІ-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8168 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады: 1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi; мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама); 4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.); 5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 6) халық банк шоты. Жұмыс жөнінде: Сонымен қатар, Сіз Жаңақала ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, біліктілігіне қарай жұмыс берушілерден жұмыскерлерге қажеттілік туралы сұраныстар түсуіне орай жұмыс қарастыра аласыз. Сондай- ақ, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығы Сізге лайықты жұмыс таңдаумен қатар, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызмет көрсету арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 3,12 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 93-35-62, 51-44-93.


28.04.2017

Азамат

Ассалаумагалейкум!!! Мен 2009 жылы жерге кезекке туруга арыз берген едим енди интернет аркылы карасам коринбейди казыргы кезде нешинши кезекте турганымды билгим келеди!!! Рахмет

Ответ:

Құрметті Азамат! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, Сіздің хатыңызды көрсетілген 2009 жылғы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмегенін хабарлаймыз. Сонымен қатар өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 15-кабинет, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес қабылданған шешiмге шағым жасау құқығыныз бар екенін жеткіземіз.


28.04.2017

Айнур

Сəлеметсіз бе, құрметті қала əкімі! Бүгін 27.04 түскі сағат 3те Гагарина остановкасынан ПЕШЕХОД арқылы жұмысқа өтіп бара жатырғанда үлкен жылдамдықпен жеңіл көлік басып кете жаздады. Нөмірі:623 BDA. Көлікке тиісті шара қолдануыңызды жəне ГАГАРИНА ОСТАНОВКАСЫНЫҢ ПЕШЕХОДЫН АРНАЙЫ АҚ ЖОЛАҚПЕН БОЯТУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Ақ жолағы көрінбей қалған. Көп көлік басып кете жаздайды. Рахмет! Ісіңізге сəттілік!

Ответ:

Құрметті Айнур! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, бекітілген кесте бойынша ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Достық даңғылының жолына жол таңбалау жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз. Достық даңғылы бойындағы Гагарина аялдамасының маңындағы жаяу өтпесін бояу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, хабарламада көрсетілген, мемлекеттік нөмірі 623 BDA.., белгісіз автокөліктің жүргізушісімен 2017 жылғы 27 сәуірде жол жүрісі қағидаларын бұзғаны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 600 бабына жатады, яғни жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу. Қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті дерекетер және белгісіз жүргізушіні анықтау іс шаралары жүргізілуде. Кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан жағдайда қосымша хабарланатын болады.


27.04.2017

Латифа

Менің сіздерге айтарым менің инвалид балам бар өзім жұмыс істеймын жұмыс орнына кандай анықтама тапсырсам менен подоходнй нолог устамайды. осы туралы заңдарын сосын кандай анықтама тапсырам сол туралы малімет берсеніздер деймін. менің электронный почтам Latipa87@mail.ru

Ответ:

Құрметті Латифа! Жоғарыда көрсетілген өтінішіңіз Орал қаласы әкімдігінің құзіретіне жатпайтындықтан жергілікті атқарушы органына жолығуыңыз сұралады. Ақпарат үшін: Қазалы ауданы әкімдігінің электронды поштасы - kazaly@korda.gov.kz, Телефон: +7(72438)79-2-80, Факс: +7(72438)21-7-78.


25.04.2017

Курметти Аким жолдас бир бир топ Орал каласы Комсомол кошесинин тургындары осы отинишимизди жолдай отырып сиздин комек сураймыз.. Комсомол кошеси Орал каласынын ортасында орналаскан Обылыстык акимшилктин артында орналаскан Достык дангылына колденен орналасып жатыр.. Кошемиз каланын ортадыгында орналасада жарык атымен жок.. Сонымен катар кошемизбен коктем куз айларында журип туру Оте-Оте киын себеби каткыл табанды жол жок .. Комсомол кошеси еки жолакты ортасын арык Болин жатыр бир жагынды каткыл табанды жол бар бир жагынды жол жок.. Кыста кошемиз кардан тазартылмайды.. Осы маселелерди шешип берсениз .. Рахмат

Ответ:

Құрметті Комсомольская көшесінің тұрғындары! Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған ұжымдық өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймыз, Комсомольская көшесінің жолы Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының орынға шығумен тексерілгенін хабарлайды. Шығу барысында аталған көшесінің жолы күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететіндігі анықталды. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманың жоқ болуына байланысты, жоғарыда аталған көшесінің жолына асфальтбетон жабынын салу мүмкіндігі жоқ екендігін мәлімдейміз. Жол жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелер тізімі анықтау кезінде, Сізбен аталған көшені жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарына енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған көшесінің жолына асфальтбетон жабыны бар учаскесіне шұңқырларын бітеу жұмыстары атқарылатындығын, топырақ жабыны бар учаскелерінің жолдарын тегістеу жұмыстары жүргізілетіндігін қосымша хабарлаймыз. Сонымен қатар аталған көшеге жарықтандыру орнату бойынша есептер дайындалғанын хабарлаймыз. Мақсатты қаржыландыру бөлінген жағдайда, аталған мекенжайды алдағы абаттандыру жоспарына енгізу сұрағы қаралатын болады.


25.04.2017

Арайлым

Саламатсызба Алтай ага! мен сiзге акимат алдынан устап алып жолыккан болатынмын Казталов ауданы Жалпактал ауылынан барып сиз мени зам аким Каримовичке жолдадыныз али конкурыс шыккан жок алде осылай бурмаланып дурыс шешимин таппайма биздин БКО да!Анамнын жазган арызына ембек инспекциясы уйыктап ойанып бугин 24.04.17 куни сагат 17.20 да казталовкага жетсiн деп соткасына хабарлады оларга обет ишип кеште шакырындар деген ештемесi жок неге жумыс уакытында келiп маселенi шешпейдi алде районга барып Нургалиевтын шайын ишип асын жеп тексеруди кешки уакытта бастайма оларга командировкага толенеди алдында жазган жауаптары оте кулкiлi iшiнде касiпкер деген создерi бар оздерi не жазгандарын бiлеме екен магынасын менiн анам интернетке кiру бiлмейдi 54 деги адам колданбайды сол себептi мен жазып отырмын мен анамды колдаймын себебi ол кiсi менi осiрдi окытты жетiлдiрдi жалгыз басты анам адам тышып тастаган богына да карайды мен анамнын сол богымын!Каримович Казталов ауданы собез басшысы Нургалиев Кадерге конырау шалды жумысынды таза истемейсинбе неге конкурс шыгармадын дегенде иа шыгарамын деди, озимиздин турып жаткан Жалпактал ауылдык аким Самиголлага звондаганда мен ештеме билмим Казталовка деди Нургалиев озим койдым деди сонда частный мекеме ме собез конкурссыз коятын?конкурс жокпа биздiн бiлгiмiз келгенi?ендi осы енбек инспекциясы жауабын арыздын кошiрмесiмен енбек демалысыма шыгып Президентке апармасак болмайтын сиакты!!!сiзден кандай жауап болады?

Ответ:

Құрметті Арайлым! Сіздің жолдаған өтінішіңіз Орал қаласы әкімдігінің құзіретіне жатпайтындықтан Казталов ауданы әкімдігіне жолығуыңыз сұралады.


21.04.2017

Əсемгүл

Сəлеметсізбе? Менің ұлым Марат Бақтияр Романұлы бала жастан мүгедек.Сіздерден көмек сұраймын...өтініш ұлымның əкесі яғни жолдасым Рамазанов Роман Маратович жер кезегіне 2009жылы тұрыпты.Сіздерден сұрар өтінішім сол кезекте тұрған жерді бере аласыздарма. Өз басымызда үй жоқ пəпер жалдап тұрамыз. Сіздерден көмек сұраймын.

Ответ:

Құрметті Әсемгүл! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Азамат Р.М. Рамазанов (Физкультурная,96) 2009 жылы 05 мамырдағы №Р-58жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 42699. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


21.04.2017

Айгерим

Салеметсиздерме, жер кезегимди калай билсем болады?

Ответ:

Құрметті Айгерім! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Сіздің 2011 жылы 01 желтоқсандағы №К-12237 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 55136. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


21.04.2017

Жайнагул

Салеметсизбе мен 2011жылы жер кезегине турып едим енди оны калай билсем болад тиркелген туралы растайтын кагазымды жогалтып алгам енди тек куалигимди апарсам билип береме екен

Ответ:

Құрметті Жайнагүл! Сіздің 2011 жылы 21 қарашадағы №Н-11750 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 54915. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы есептегі тіркелгендігін растайтын хабарламаны алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 15-кабинет, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


21.04.2017

Анаргул

Сәлеметсізбе Нариман Төреғалиұлы! Мен Д.Қонаев атындағы шағын ауданы, 27 үйдің тұрғынымын, үйімізге биыл кірдік. Негізі үйдін кілтін желтоқсан айында облыс әкімі Алтай Көлгінов табыстап берген еді. Бірақ документтері дұрыс болмай тұрғызбады. Наурыз айынан бастап сол жаңа үйде тұрып жатырмыз. Менің сұрайын дегенім үйімізде не газ жоқ, не лифті жұмыс жасамайды, ыстық суда жоқ, осы мәселелерге қатысты өз кұзіретіңіз шегінде шара қолдануыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Анаргүл! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, 6 шағынаудан, Д.Қонаев көшесі, 27 үй бойынша мердігер мекемемен ішкі және сыртқы газбен жабдықтау жұмыстары аяқталып, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ң Батыс Қазақстан өндірістік филиалының өкілдерімен газбен жабдықтау жүйесін қабылдаған болатын. Аталған үй тұрғындарынан қаражат жинақталған жағдайда газды қосу жұмыстары жүргізіледі. Наурыз және сәуір айларында ыстық суға ақысы төленбегендіктен ыстық су беру уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта ыстық суды және газды қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Қосымша, мердігер мекеме Д.Қонаев көшесі, 27 үйде жедел сатылар қалыпты жағдайда істеп тұрғандығын хабарлады.


21.04.2017

Мади

2004жылдағы жерге тіркелген кезегім қашан келед

Ответ:

Құрметті Мади! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, 2004 жылы 12 қазандағы №К-1677жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 2953. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


19.04.2017

Есенова Данагуль

Салеметсибе аким мырза менин билгим келетини 2004жылы жолдасым жер кезегине турган болатын сол жер кезеги кашан ьерилетинин билгим келеди жəне кезекте нешинши турганын жолдасым Аманшин Рулан

Ответ:

Құрметті Данагуль! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, өтінішіңізде көрсетілген мәселе бойынша келесіні мәлімдейді: Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Сізге тиесілі емес жер учаскесі туралы мәліметті беруге құқығымыз жоқ немесе бұл сұраныс сот органдарынан немесе авдокат конторынан болуы қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қабылданған шешімге шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.


19.04.2017

Сарсен

Саламалейкум мен 2008де жер кезегине турдым казир кай кезектемин соны билип бересиздерме

Ответ:

Құрметті Сарсен! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Сіздің 2008 жылы 06 қарашадағы №Б-440 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 36352. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


blog_akima