Нұржанов Мирболат Санғалиұлы

Нұржанов Мирболат Санғалиұлы 19 мамыр 1982 жылы Чапаев ауданы Первомай ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

2003 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша, ал 2008 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек қызметы:

01.09.2003 – 01.07.2004 -  Орал қаласының білім беру басқармасының Серебряков негізгі мектебінің тарих мұғалімі

30.07.2004 - 18.07.2006- – «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары

18.07.2006- 28.04.2009 – – «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы.

28.04.2009 - 30.09.2010 – «Еңбек Training» ЖШС директорының кеңесшісі

01.10.2010 -06.06.2011  - «Орал Холдинг НСК» ЖШС компаниясы директорының кеңесшісі

06.06.2011 – 11.11.2011 -  «Орал Холдинг НСК» ЖШС компаниясының директоры

14.11.2011- 16.05.2012  – БҚО Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі

14.05.2012- 20.12.2012  – Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

21.12.2012 - 12.08.2013  – Орал қаласы әкімінің кеңесшісі

12.08.2013 – 20.08.2013 – Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің міндетін атқарушы

21.08.2013- 04.01.2017  – Орал қаласының Круглоозерный кентінің әкімі

 

05.01.2017  – Орал қаласы әкімінің орынбасары