Әкім блогы

Сұрақ жауап

07.11.2017

Исламгалиев Ерик

Бокс жалға алып кузов жөндеумен айналысқым келген, ол үшін аренда ақысы, құрал жабдықтар алуға 500 мындай қаржы қажет болып тұрғаны. соған несиені қалай алуға болады?

Ответ:

Құрметті Ерик! Орал қаласы әкімдігі Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған жүгінуіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Бүгінгі күні, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. - жобаларды жүзеге асыру үшін банктермен берілген кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидилау (14 %, оның 7% кәсіпкер төлейді, қалған 7% мемлекет қаржыландырады); - жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банктердің кредиттерін ішінара кепілдендіру (бизнесті жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге 85%-ға дейін кепілдендіру); - өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту; - мемлекеттен сервистік қызметті тегін алу. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында микрокредиттер кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталарына сәйкес, іске асырылатын жобаларға басым тәртіпте және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы негізінде беріледі. - қаржыландырудың жоғарғы лимиті – 8 000 АЕК; - инвестицияларға 5 (бес) жылдан көп емес жылға дейін; - айналымдағы қаражатты толтыруға 3 (үш) жылдан көп емес; - микрокредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды; - жеңілдік кезеңі – кредитор шешімі бойынша микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды; Бағдарламаның қатысушысы болуға ниет білдірген тұлғалар бағдарлама қатысушысының сәйкестігіне тексеру үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Жұмыспен қамту орталығынан мәртебесін айқындағаннан кейін, екінші деңгейлі банктерге шағын несие алу үшін өтініш (жобаның бизнес-жоспарын) білдіреді. Банктер ықтимал бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді және микрокредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Микрокредитті беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін, бағдарламаға қатысушысымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микрокредит беру жөніндегі келісім-шарт жасалады. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, аталған бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу немесе бағдарламаға қатысу үшін: Батыс Қазақстан облысының индустриалдық – инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасына (Орал қаласы, Х.Чурин көшесі 116 (1 қабат) телефоны: 8 (7112) 50-80-09, 51-54-53, E-мail: upiir@bko.gov.kz); «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-на (Орал қаласы, Т.Масин көшесі 67/2, телефоны: 8 (7112) 93-34-54, 93-34-53, 93-34-48) жолығуды ұсынамыз.


01.11.2017

Ulmeken Almaganbetova

Декреттік демалыс тағы адамның орнына келген жұмыскерге емделу пособия сымен жыл сайынғы еңбек демалысы берилема? 

Ответ:

Құрметті Ұлмекен! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған сұранысыңызға сай келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (әрі –Заң) айқындайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабының 2 – тармағы, 10 – тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60-бабына сәйкес: «Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.» Жоғарыда көрсетілген негізде, мемлекеттік қызметі өткеруге мәліметтер бойынша түсініктер беру Орал қаласы әкімінің құзыретіне кірмейтіндігін хабарлаймыз. Сізге, бұл сұрақ бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілеттік органының аумақтық бөлiмшесі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарласуыңызды ұсынамыз.


01.11.2017

Ислам Сағынғали

Мен Кумарова Самал балам Орал қаласы Махамбет Өтемісұлы атындығы Бқму құқықтану мамандығында оқиды 1курс ақылы.Балам ұбтдан 104ұпай жинады бірақ грантқа ілінбеді бірақ қазір əкімнін грантты бөлініп жатыр екен ұбтыдан көп бал жинағандарға сол менін балама неге тимеді мен көп балалы анамын баламнын ақшасын əрен төлеп жүрмін ен болмаса грант емес тегін оқитындай етіп жағдай жасап бересіздерме алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Самал! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сұрағыңыздың шешімі қала әкімдігінің құзыретіне кірмейтіндігін және аталмыш сұрағыңызбен БҚО білім беру басқармасына (26-04-68) жолығуыңыз қажет екенін мәлімдейміз.


27.10.2017

Gulmira Kadissova

Рахмет сізге қазір жылы берілді бірақ бізін труба-стоягымызды ауыстыру керек 35 жыл болган труба іші толып тұр шлактан Біздер акшасын берер едік Бізін трубамыз МАГАЗИН ДЖЕНТЕЛЬМЕН аркылы төменге подвалга өтеді  Может соларда болар акау Ал олар бізді кіргізбейді.

Ответ:

Құрметті Гүлмира! Сіздің Орал қаласы әкімінің жеке блогына жолдаған өтінішінізге орай, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 38 бабына сәйкес егер меншiк иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi. Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кiруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс. Сондай-ақ, Заңның 8-бап, 1-тармағына сәйкес, тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешетінін хабарлаймыз.


26.10.2017

Курмашева Балслу

Саламатсызба тургындардын атынан комек сураймын Подвалда су толып кетти 2=3 рет акша жинап суды тазартык енди тагыда труба жарылып су толып кетти олсуды жинап трубаны жондейтин тургындардан каражат жинай алмай отырмыз кайта кайта жондеуге акшамыз жок Сизден комек сураймыз

Ответ:

Құрметті Балсұлу! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі, техникалық қорытындыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендірілген тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ, себебі бюджеттік классификацияда қаржы бөлу қарастырылмағандығын хабарлайды.


26.10.2017

Марлен Иманғалиев

Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы Мухамбеткалиев Қайрат Қуанышқалиұлы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Бөлім басшысы Тухватов Бауржан Зәйденұлы Орал қаласының №1 с/о Елочка саяжайында тұрғыны Имангалиев Марлен Ғылманұлы «26»қазан 2017ж. Өтініш хат 1.Мәселе.Жол қатынасы.Орал қаласымен Подстепный кентінен шығатын №12 маршырутты автобуспен қатынаймыз. Оның өзі 20-30 минута бір келеді. Келген жағдайда оның өзі толық келеді, ішінде үш автобустың адамы болады. №1-№2 саяжайға аялдамасына кей кезде тоқтамай кетеді.Студентер,оқушылар сабаққа барады, тұрғындар жұмысқа барады. Сағат 07.00-09.00 аралығында қалаға қатынау қиын,сағат 13.00-14.00 және 17.00-20.00 аралығында қаладан қатынау мұмкіндігі болмай отыр. 1 саяжай қаладан 700 метр, 2 саяжай 1300 метрдей жерде орналасқан. Автобустарға айналу мүмкіндігі 2 саяжай аялдамасында кең. №20-шы маршыруттың соңғы аялдамасы автобус бекеті.Соңғы аялдамада 4-5 автобус өз кезегін күтіп тұрады. Егер мумкіндік болса осы соңғы аялдаманы №1-№2 саяжайға дейін ұзартса. Немесе жоғарыда көрсетілген уақыта үлкен автобустар болса жақсы болар еді. 2.Мәселе. Жол. Негізгі жолмен аралық 500-600 метрдей жерді қамтыйды. Күзгі және көктем айларында жер балшық, адамдар екінші аяқкиіммен негізгі жолға шығады.Жедел жәрдем көлігіде саяжайға кіре алмайды . 3. Мәселе Жол жиегіндегі ағаштар кесу.Кіреберістегі жол жиегіндегі ағаштар калың өскен.Осы ағаштар негізгі жолдың екі жағында өскен. Жолды ретке келтіру мүмкіндік болмай отыр.Қыста қарды тазалау,көктемде су ағар жасау мүмкіндік болмайды. Осы ағаштар кесірінен жол ортасында су жиналады да балшық болады.Үлкен техника кіргізе алмаймыз.Жолдың ортасын көтеру үшін. Жол жиегіндегі ағаштар кесу керек.Бұл ағаштар Орман шаруашылығына қарайды. 4.Мәселе.Электро жүйелері. 1980 жылдан бері ауыстырылмаған. Электро жүйелерінің ескі болуына байланысты өрт қауіпсіздігі жие болып тұрады. Электро жүйелерінің ескі болуына байланысты және тұйықталуыннан электро тогын көп жоғалтады.Осы себептердің кесірінен жыл сайын Батысэнергересурссына 900000-1000000 қарыз бережақ болып шығамыз ,халық ішінде түсініспеушіліктер туындайды.Осы саяжай әкімшілігіне сенімсіздік туады. Осы жоғарыда айтылған шешімі табылмаған мәселелердің шешімін табуға көмектесеңіз. №1саяжай с/о Елочка төрағасы Имангалиев Марлен Ғылманұлы 26.10.17 жыл.

Ответ:

Құрметті Марлен Гильманович! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: Конкурстық ережелерге сәйкес, №12 маршрутты «Оралавтотранс» ЖШС қызмет етеді. Күніне маршрутта 15 «ПАЗ» маркалы автобус жұмыс жасайды, жүру аралығы 12 минутты құрайды. Сіздің өтінішіңіз тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен қаралды және жүргізушілермен кондукторларға қозғалыс интервалын сақтау жөнінде ескертпе жұмыстары жүргізілді. №20 қоғамдық көлік маршрутын №1, №2 саяжайға дейін қозғалыс сұлбасына дейін ұзарту сұрағы тасымалдаушы кәсіпорын басшыларына қарастыру үшін жіберілді. Аталған мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, саяжайға дейін ұзарту мәселесі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, №12 маршрутта тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, «Оралавтотранс» ЖШС-нің 25-62-69, 25-62-03 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады. Орал қаласының әкімдігі 2018 жылы жол жөндеу нысандарынан қырып алынған асфальт материалдары нысанның өзіне қайта пайдаланылғаннан және әлеуметтік нысандарына апаратын учаскелеріне төселгеннен кейін, ескі асфальт материалы ауысқан жағдайда, 1-ші саяжайдағы «Елочка» бау-бақша серіктестігінің Сізбен аталған учаскесінің жолына төсеу мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлайды. Сондай ақ, жер учаскелері бау-бақша шаруашылығын жүргізуге арналғандықтан және қала аумағына кірмейтіндіктен, сонымен қатар бюджеттік классификацияда бау-бақша қоғамына қаржы бөлу қарастырылмағандықтан, 1-саяжай қоғамының аумағындағы ағаштарды кесуге және электр жүйелерін ауыстыруға мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.


26.10.2017

али бердешев

Құрметті Мұрат Рахметұлы! Мен Балауса шағын ауданындағы Б.Жанқадамов көшесінің тұрғынымын.Жалпы біздің шағынауданда асфальтті жол мүлдем жоқ.Күз-көктем айларында жұмысқа баратын адамдарға,қарттар мен оқушыларға орталыққа автобуспен қатынау өте қиын.Осыған орай,біріншіден 2018 жылдың қалалық бюджетіне осы аудан бойынша жолға жобалық-сметалық құжатқа қаржы бөліп,асфальтті жол салып беру; екіншіден шағынауданда қатынайтын 6 жəне 7 маршруттардың жүруінің ұзақтығын созуыңызды қарастыруыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Али! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігімен ағымдағы жылы «БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Балауса шағынауданының №6, 7 автобус маршруттары жүретін автокөлік жолдарын қайта құру» жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатырғанын хабарлаймыз. Жоба аясында аталған шағынауданның Радлов, Есет батыр, №10 көше, Шолан батыр, Қашаубаев көшелерін жөндеу қарастырылған. Жобаны бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда алдағы жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Жұмыс көлемінің ауқымдылығына және қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты, бір уақытта жөндеуді қажет ететін барлық учаскелерді камту мүмкін еместігін қаперіңізге саламыз. №6 және №7 маршруттарды конкурстық ережелерге сәйкес, «Ақжол авто» ЖШС қызмет етеді. №7 маршрутта Daewoo BS 090 маркалы - 12 автобус, КІА Cosmos маркалы - 3 автобус, ПАЗ 4234 маркалы - 24 автобус жэне MAN SI 202 маркалы - 2 автобустарымен тасымал жасайды. Таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыттарда 7 маршрут сыйымдылығы жоғары автобустармен қамтылған. Аралық уақыты 6 минутты құрайды. №6 маршрутта 20 автобус күн сайын қатынайды. Аралық уақыты 8 минутты құрайды. №7 және №6 маршрутта тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, «Ақжол авто» ЖШС-нің 33-23-69 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.


26.10.2017

Аян Каражанов

Саламатсызба. Зашаған кентінің Сарытау ш/а, Кеңдала ш/а, Көктем ш/а 1 ай болды күн сайын кеште басталып келесі күні туске дейін көк түтінге батып турады. Дем алу мүмкін емес, уйден шыкпай отырамыз, бірақ үйдін ішіне дейін иіс алып кетеді.MKET Ол әрине қала сыртындағы күл-қоқысты өртеу салдарынан. Бұл денсаулыққа өте зиян түтін (жай ағаштың немесе шөптің жануы емес, тұрмыстық қалдықтар, пластик т.б.). Қазір енді 21 ғасырда күл-қоқысты өртемей басқа жолдармен жоюға болмайма екен.. Халық уланып жатыр.

Ответ:

Құрметті Аян! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Орал қаласы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқаруға алған «ICM Recycling АйСиЭм Рейсайклинг» ЖШС директорына тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының өздігінен өртену салдарымен күресу және алдағы уақытта мұндай салдарды болдырмау жұмыстарын қарқындату бойынша хат жолданғанын хабарлайды. Осыған сәйкес, қолданған шаралар натижесі бойынша Сізге қосымша ақпарат жіберіледі.


23.10.2017

Жамига Гумарова

Құрметті Мұрат Рахметұлы! Астана шағын ауданы, 6 үйде 2017 жыл қазан айының 19-21 күні қазіргі уақытқа дейін 3 подъездің 1 бөлмелік, 2 бөлмелік пәтерлерінде жылу жоқ. Жылу болмауының себебін білу үшін 19 күні КСК Орал-висма меңгерушісі Курноскин мырзаға телефон шалдым. Ол кісі Жайық тепло-дан білдеді. Жайықтеплоға телефон шалдық, олар үйге жылудың тегіс беріліп тұрғаныдығын айтты, біздің кінә емес деді. Одан кейін коммуналдық сұрақтар бойынша 50-56-07 кезекші номеріне хабарластым. Олар 20 күні КСК-ға телефон соғып, мәселенің шешілетінін айтқан болатын. 20 күні таңнан кешке дейін КСК-ға телефон соқтық. Күтіңіздер дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Бірінші қабатта тұрамын, үйімде екі айлық немерем бар. Үйіміз салқындап кетті. Еш жерден жауап алмағасын сізге өтінішімді білдіріп отырмын.

Ответ:

Құрметті Жамиға! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған жылу жүйесіне қатысты өтінішінізге орай, «Урал-Висма» ПИК-нің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда Сіздің мекенжайыңыз бойынша жылумен қамтамасыз ету жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47-бабына сәйкес ПИК-тің жоғары басқару органы- кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы болғандықтан, пәтер иелері кооперативінің басқарма мүшелерін, төрағасын, ревизиялық комиссия мүшелерін сайлау және олардың есебін тыңдап, жұмыстарына баға беру пәтер иелері кооперативінің жалпы жиналысының құзырлығына жататынын және пәтер иелері кооперативімен арадағы талас тудырған мәселелер жалпы жиналыста немесе сот тәртібімен шешілетінін қатеріңізге саламыз. Егер ПИК төрағасының және оның басқармасының үй-жайларды күтіп-ұстауға байланысты жұмысы қанағаттанығысыз деп танылса, тұрғындар кооператив басқармасын және төрағасын қайта сайлай алатынын хабарлаймыз.


23.10.2017

мустафина жайыкгул

Жер кезегимди білсем деймін 2009 жыл

Ответ:

Құрметті Жайықгүл! Сіздің 2009 жылы 12 қазандағы №М-532 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз –44951. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


11.10.2017

Имангалиев Марлен Гилманович

Мұрат Рақметұлы саламатсыз ба мен Имангалиев Марлен Ғылманұлы 1саяжай с/о Елочка тұрғынымын. Мен осы саяжайда тұрғаныма 6 жыл болды. Қәзіргі уақыта мамыр айынан бастап саяжай төрағасының қызметін атқарамын. Біздің шешуін табалмайтын мәселердің шешуін тауып берсеңіздейміз. 1.Жол қатынасы. Орал қаласынан 500 метер жерде тұрамыз. 12 маршырут Подстепный кентінен шығады Орал қаласына әр 30 минут сайын жүреді. Бұл автобусқа міну мүмкін емес. Автобуста үш автобусқа сыйатын адам болады .Әсіресе таңертеңгі уақытта балалар,студентер сабаққа барады, халық жұмысқа барады.Қалаға бару ұшін 2-3 сағат бұрын шығу керек. Егер мумкіндік болса 20 маршыруттың соңғы аялдамасын 1-2 саяжайға дейін созуға болмаспа екен. 2.Сыртқы электро жүйелурін ауыстыруға көмек болса.1980 жылдан бері ауыстырмаған.Жыл сайын жаңа ұйлер бас көтеріп халық саны 800 ге жетті. Қәзіргі мәселердің бірі болып тұр.Жыл сайын 900 000-1000000 теңге Батысэнергеге бережақ болып шығамыз. 3.Жол жиегіндегі ағаштарды кесуге көмек болса дейміз.Жол жөндей алмай отырмыз жиналған су ағатын жері жоқ болғасын күзде көктемде балшық болады да тұрады. Егер мүмкүндік болса келер жылы ескі асфальт қиыршықтарымен жолдың бетін төсеп берсе дейміз.

Ответ:

Құрметті Марлен Гильманович! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: Конкурстық ережелерге сәйкес, №12 маршрутты «Оралавтотранс» ЖШС қызмет етеді. Күніне маршрутта 15 «ПАЗ» маркалы автобус жұмыс жасайды, жүру аралығы 12 минутты құрайды. Сіздің өтінішіңіз тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен қаралды және жүргізушілермен кондукторларға қозғалыс интервалын сақтау жөнінде ескертпе жұмыстары жүргізілді. №20 қоғамдық көлік маршрутын №1, №2 саяжайға дейін қозғалыс сұлбасына дейін ұзарту сұрағы тасымалдаушы кәсіпорын басшыларына қарастыру үшін жіберілді. Аталған мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, саяжайға дейін ұзарту мәселесі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, №12 маршрутта тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, «Оралавтотранс» ЖШС-нің 25-62-69, 25-62-03 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады. Орал қаласының әкімдігі 2018 жылы жол жөндеу нысандарынан қырып алынған асфальт материалдары нысанның өзіне қайта пайдаланылғаннан және әлеуметтік нысандарына апаратын учаскелеріне төселгеннен кейін, ескі асфальт материалы ауысқан жағдайда, 1-ші саяжайдағы «Елочка» бау-бақша серіктестігінің Сізбен аталған учаскесінің жолына төсеу мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлайды. Сондай ақ, жер учаскелері бау-бақша шаруашылығын жүргізуге арналғандықтан және қала аумағына кірмейтіндіктен, сонымен қатар бюджеттік классификацияда бау-бақша қоғамына қаржы бөлу қарастырылмағандықтан, 1-саяжай қоғамының аумағындағы ағаштарды кесуге және электр жүйелерін ауыстыруға мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.


10.10.2017

Какимова Гульшат

Салеметсизбе. Мен Какимова (Ажгалиева) Гульшат Альбековна.Квартирамнын нешинши номерде турганын билейин деп едим.Квартираны калай тездетип алсам болады?Казир менин аягым ауыр,сондыктан босанган уакытка дейин калай алуга болатынын билейин деп едим.Казир квартирадан- квартирага кошип журмин,бирак бала пайда болган уакытта баламан квартирага алмайды.Бир комек колдарынызды созсаныз деп едим.Улкен рахмет.

Ответ:

Құрметті Гүлшат! Сіз 2010 жылы 29 сәуірде «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 441-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 210. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілген. Аталған бағдарламада әртүрлі бағытта пәтер алу мүмкіншілік тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдардың арасында қаралған. Барлығы бағдарламда 4 бағыт бар. 1) ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй; 2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі; 3) «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлері; 4) Жылжымайтын мүлік қорының коммерциялық және сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйлері. Аталған бағдарламаның 2-ші, 3-ші бағыттары бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдар төмендегідей санаттар қатысып тапсыра алады. 1) Көп балалы отбасылар: 2) Толық емес отбасылар: 3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар 4) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) оралмандар; 6) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 7) мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған сұрағыңызға толық ақпаратты Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен мына мекен-жайы бойынша ала аласыз: Некрасов көшесі 30/1, тел: 50-64-31.


10.10.2017

Gulshat Kakimova

Салеметсизбе. Мен Какимова (Ажгалиева) Гульшат Альбековна.Квартирамнын нешинши номерде турганын билейин деп едим.Квартираны калай тездетип алсам болады?Казир менин аягым ауыр,сондыктан босанган уакытка дейин калай алуга болатынын билейин деп едим.Казир квартирадан- квартирага кошип журмин,бирак бала пайда болган уакытта баламан квартирага алмайды.Бир комек колдарынызды созсаныз деп едим.Улкен рахмет.

Ответ:

Құрметті Гүлшат! Сіз 2010 жылы 29 сәуірде «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 441-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 210. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілген. Аталған бағдарламада әртүрлі бағытта пәтер алу мүмкіншілік тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдардың арасында қаралған. Барлығы бағдарламда 4 бағыт бар. 1) ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй; 2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі; 3) «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлері; 4) Жылжымайтын мүлік қорының коммерциялық және сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйлері. Аталған бағдарламаның 2-ші, 3-ші бағыттары бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдар төмендегідей санаттар қатысып тапсыра алады. 1) Көп балалы отбасылар: 2) Толық емес отбасылар: 3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар 4) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) оралмандар; 6) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 7) мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған сұрағыңызға толық ақпаратты Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен мына мекен-жайы бойынша ала аласыз: Некрасов көшесі 30/1, тел: 50-64-31.


09.10.2017

Кадисова Гульмира

Cәләмәтсібе Сізге Орал тұргыны Кадисова Гульмира Набиевна жазып отыр Менің адресім ДОСТЫК 244\2 кв 5. Сізден сурайтыным  менін квартирімді және 2.-8-11пәтерлерді 4 жылдан бері жылу жок тек кухняда бар Бізіін КСК АЛГА-ЖУЛДЫЗ  БАСТЫГЫ- ПОРХОМЕНКО Г. Ф. Стоягымызды ондамай отыр 4 жылдан бері салкын уйге акша төлеп отырмыз БУЛ жагадайдан шыгуга көмек сураймыз ЕШКІМГЕ карызымыз жок

Ответ:

Құрметті Гүлмира! Сіздің Орал қаласы әкімінің жеке блогына жолдаған жылу жүйесіне қатысты өтінішіңіз «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу инспекциясы мамандарымен және «Жұлдыз-Алға» ПИК-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып орынға шығу арқылы қаралғанын хабарлаймыз. Тексеріс нәтижесінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу инспекциясы тарапынан «Жұлдыз-Алға» ПИК-не 2017 жылдың 17 қазанындағы №114 жылу жүйесінің тік құбыры ақауының себебін анықтап, іске қосу жөніндегі ұйғарымның берілгенін мәлімдейміз.


09.10.2017

Gulmira Kadissova

Cәләмәтсібе Сізге Орал тұргыны Кадисова Гульмира Набиевна жазып отыр Менің адресім ДОСТЫК 244\2 кв 5          Сізден сурайтыным  менін квартирімді және 2.-8-11пәтерлерді 4 жылдан бері жылу жок тек кухняда бар Бізіін КСК АЛГА-ЖУЛДЫЗ  БАСТЫГЫ- ПОРХОМЕНКО Г. Ф. Стоягымызды ондамай отыр 4 жылдан бері салкын уйге акша төлеп отырмыз БУЛ жагадайдан шыгуга көмек сураймыз ЕШКІМГЕ карызымыз жок

Ответ:

Құрметті Гүлмира! Сіздің Орал қаласы әкімінің жеке блогына жолдаған жылу жүйесіне қатысты өтінішіңіз «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу инспекциясы мамандарымен және «Жұлдыз-Алға» ПИК-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып орынға шығу арқылы қаралғанын хабарлаймыз. Тексеріс нәтижесінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу инспекциясы тарапынан «Жұлдыз-Алға» ПИК-не 2017 жылдың 17 қазанындағы №114 жылу жүйесінің тік құбыры ақауының себебін анықтап, іске қосу жөніндегі ұйғарымның берілгенін мәлімдейміз.


04.10.2017

Мирбол Мухангалиев

Салеметсизбе, Мен уйдин касынан сауда жасауга ягни бутка коюга 3 те 4 метр жер сурауга Зашаган кентинин акимшилигине барган болатынмын, зашаган акимшилиги осы суракпен калалык акимшиликке жолыгасын деп айткасын калалык акимшиликке барган кезде ешкандай арыз кабылданбайды деп арызымызды кабылдамай жер берилмейтинин айтып шыгарып салган болатын. Осы бутка коюга кишкекентай жерди калай алуга болатынын тусиндирип берсениз. Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Мирбол! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтары сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) берілетіндігін хабарлаймыз. Аталған сұрағыңызға толық ақпаратты «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


28.09.2017

Дуйсенова Асемгуль

Құрметті әкім мырза! Зашаған кентіндегі Болашақ ш/а бекетай көшесіне қашан асфальт төселеді. Осы көшеде тұрып жатырғанымызға он жылдан асты, бірақ ешқандай көшені аббаттандыру болған емес. Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Асемгуль! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, Сізбен аталған Зашаған кентіндегі Болашақ ш/а Бекетай көшесінің жолын жөндеу жұмыстары 2017 жылдың қаланы абаттандыру жоспарында жоқ екендігін хабарлайды. Сондай-ақ, алдағы жылдары жоғарыда аталған көшесінің жолына құмды-қиыршық тас төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастыратындығын қосымша хабарлаймыз.


26.09.2017

Лаура Байгуатова

Саламатсызба,Мурат Рахметұлы. Мен Деркөл ықшам ауданында тұрамын,жұмысым қалада болғандықтан қоғамдық көлікке күн сайын жүгінуімізге тура келеді.Жол қашықтығының,1 сағат бері,1 сағат әрі жүруін айтпағанда сол қоғамдық көліктің,атап айтқанда №7 маршруттын мәселесін айта-айта шаршадық. Жүру кестесін сақтамайды,тиесілі 7 минут интервалды әдейілеп,15-20 ка дейін ұзартып алады.Әсіресе танертенгі 8-9 аралығы мен кешкі 5-7 аралығында автобусқа мінудің өзі қиямет қайың.Кешкі 7 ден сон мулдем сиреп,автобус болмай калады немесе 45 минуттық интервалмен келеді.Кондукторлардын кейбіреулері мүлдем дөрекі.Тек ақша жинап алуды ғана біледі.Қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын жаксартамыз деп уәдені үйіп-төгіп, жол ақысын 80 тг.ге қымбаттатты, оған да көндік.Бірақ жақсарған ештене көрмегеніміз өз алдына,бұрынғыдан да кері кетті...Қарапайым мысал ретінде кеше яғни 25 қыркуйек күні кеште болған жағдайды баяндап берейін.25 қыркүйек кеште жұмыстан сағат 19-00 де шықтым."Банк" аялдамасында 7 маршрутты күтіп, суық кунде 20 минут тұрдым, содан сон 17 маршрут бағытымен жүретін 7 маршрут ПАЗ автобусы келді.Ол автобус ұзаққа бармай "Юбиляр" аялдамасына жетпей,"бұзылып" калды.Жаяу Юбиляр аялдамасына барып,сол жерде тура 30 минут 7 автобусты күттік.Ол автобуспен де үйге жету нәсіп болмапты.№1 ПДП га келіп,күндізгі жүріп жүрген айналма жолмен жүрмей, уақыттың қаранғылығын пайдаланып,жөнделіп жаткан жолдын жабық тұсына келіп,"жаналык ашып" "жолды жөндеуге жауып тастапты, болды осы жерден әрі бара алмаймыз,,"деп №1 ПДП дағы "Дина"аялдамасынан,айдалаға түсіріп кетті.Бугін ертенгісін бірак сол жолмен кері калаға жұмыска шықтым.Байкағаным кешкісін бізді тусіріп кеткен жолдын дәл касында 2 кадам сол жагында айналма жол бар,сол жол айкара ашық жатты.Қысқасы кешкісін бізді айдаладан тастап, сонгы аялдамаға жеткізбей кеткен "Daewoo"автобусы, әдейі жеті каранғы түнде,жолақысын жинап алып,халықты сагат кешкі 22-40-та,айдалада тастап кетіп тұр.Айдаламен көзге түртсе көргісіз қаранғыда,жаяу,өліп-талып кешкі 21-30 да уйімізге шак жеттік.Егер ана жерде кішкентай бала болса, бағыт таппай айдалада адасып, итке таланып өлер еді.Бұл сұмдық ғой.Ешқандай қадағалаусыз кеткен бұл 7 маршруттын тек бір кунгі жәйін айтып отырмын,бұдан былай бұл бағытта тиесілі шаралар қабылдануын және қозғалыс кестесін ретке салынуын бақылауға алуларынызды Сізден өтініп сұраймын.

Ответ:

Құрметті Лаура! Сіздің өтінішіңізге орай, конкурстық ережелерге сәйкес, №7 маршрутты «Ақжол-Авто» ЖШС тасымалдаушы ретінде белгіленді. Казіргі уақытта 7 маршрутта Daewoo BS 090 маркалы - 12 автобус, КІА Cosmos маркалы - 3 автобус, ПАЗ 4234 маркалы - 24 автобус жэне MAN SI 202 маркалы - 2 автобустарымен тасымал жасайды. Таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыттарда 7 маршрут сыйымдылығы жоғары автобустармен қамтылған. Автобус жүретін жолдың жөнделіп бітуіне байланысты автобустардың арақашықтығын 6 минуттан 5 минутқа кысқартып, 7 маршруттағы автобустардың санын көбейту көзделіп отыр. Сіздің шағымданған уақытыңызда яғни 25 қыркүйекте Зашаған кентімен Орал қаласын қосатын автожолдың жөнделу жэне Деркөл кентінің ПДП-1 ауданындағы жолдың жөнделу мезгілінде болған жағдай. Өйткені бұл уақытта яғни 2017 жылдың 25 қыркүйегінен 29 қыркүйекке дейін автобус маршруттарының жол жүру қашыктығы 2 есе ұзарғанына байланысты маршруттағы автобустардың жүру арақашықтығы 8-25 минутка дейін өзгергенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, №7 маршрутта тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, «Ақжол авто» ЖШС-нің 33 23 69 диспетчерлік бөліміне хабарласуыңызға болады.


25.09.2017

Саид Галиев

Қайырлы күн Мұрат Рахметұлы, Сізге жазып отырған себебім: 1. Южный көшесі мен Өзен көшесі қиылысындағы қоқыс салатын жәшіктердің қасына пластикалық бөтелкелер салатын жәшік қойылған болатын. Сол қазір жоқ. Орнына басқасын қойса жақсы болар еді.  2. Келесі жылдың жоспарында Өзен көшесіне жол салу жоспарда бар ма? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Саид! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, қазіргі таңда «ГАМА-реал» ЖШС және «Орал Таза Сервис» ЖШС-мен пластикалық бөтелкелерді жинақтау үшін, қала аумағында арнайы қалдық жәшіктері орнатылып жатырғанын хабарлайды. Аталған жұмыстар «ГАМА-реал» ЖШС-мен 2015 жылы басталып, өз жалғасын тапса, «Орал Таза Сервис» ЖШС-і ағымдағы жылдан бастап қаланың қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер алаңына евро торкөз контейнерлерін орнату жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда осындай контейнерлер қаланың көптеген аудандарында орнатылып, олардың санын одан әрі көбейтуді жоспарланып отыр. Сізбен аталған мекенжай да мамандармен тексеріліп, пластикалық бөтелкелер жинауға арналған контейнер орнату мүмкіндігі қаралатын болады. Сонымен қатар, Өзен көшесіне жол салу жұмыстары келесі жылдың жоспарында жоқ екендігін қосымша хабарлаймыз.


20.09.2017

Карабасов Болат

Құрметті Мұрат Рахметұлы! Менін сұрағым №47 мектепке бастауыш мектеп балаларына алдыңғы есіктен кіргізбейді осы дұрыс па букіл мектепті айналамыз оқитын сыныптары алдыңғы есікке жақын. Рахмет!

Ответ:

Құрметті Болат! 2017-2018 оқу жылы №47 жалпы орта мектепте 1-11 сыныптарда 1965 оқушы, мектепалды даярлық тобында 261 тәрбиеленуші, шағын орталықта 50 бүлдіршін, барлығы 2276 бала білім алуда. Оның бірінші кезеңде 47 сынып және шағын орталықтың екі тобы, яғни 1229 оқушы білім алса, екінші кезеңде 43 сынып, 1047 оқушы оқиды. Осыған байланысты оқушы санының көптігі, сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге келетіндігі ескеріліп, қыркүйек айында мектепте өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында ортаңғы және жоғарғы сыныптар алдыңғы есіктен, мектепалды даярлық тобы, шағын орталық, бастауыш сыныптар мектептің жанындағы есігінен кіретіндігі ата-аналардың келісімімен ұйғарылған болатын. Жалпы №47 мектеп ғимараты бірнеше блоктардан тұрады. Әр блоктың кіреберіс есіктері бар. Бастауыш сынып оқушылары, шағын орталық пен даярлық топ өз блогының есігінен кіріп-шығады. Бұл мектептің ішкі тәртібіне сәйкес кішкентай балалардың тапалып қалмасы үшін, оқушылардың қауіпсіздін, мектеп тазалығын сақтау үшін ескеріліп қабылданған шешім екенін мәлімдейміз.


20 нәтижелер 615
бiрiншiсi алдыңғысы 1-20 21-40 41-60 61-80 81-100 101-120 121-140 келесiсi соңғысы
blog_akima