Келiсiм

Құрметті сайтқа кіруші!

Сіз Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарына өтінішіңізді жолдамас бұрын келесі ақпаратпен мұқият танысыңыз.

Сіздің өтінішіңіз Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 заңына сәйкес қаралатын болады.

Өтінішіңізді жазған кезде өтініш мәтінінде көтерілген мәселе бойынша нақты, айқын, сауатты жазуыңызды сұраймыз, бұл оның өңделуін және жауабын дайындауды тездетеді.

Сұрағыңызға жауапты тезірек алу үшін сұрақтың мәнін анық және толық баяндауыңызды сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын, блог материалдарынан жауап іздеп көріңіз. Сіздің сұрағыңыздың жауабы онда болуы әбден мүмкін, ал қажетті ақпаратты Сіз оңай ала аласыз. Сервисті пайдалану үшін Сізге Келісімді қабылдау қажет.

Келісім

Толтыру үшін талаптар

Қажетті жолдары бар үлгіні толтырған соң, Сізге мемлекеттік органдар басшыларына сұрақ қою мүмкіндігі беріледі:

· Aтыңыз (сұрақ авторы);

· Tегіңіз;

· Жеке e-mail (электронды поштаңыз);

· Елді мекен.

Тегі, аты және аты-жөні мүлдем жазылмаған, әрекет ететін электронды поштасының мекенжайы көрсетілмеген азаматтардың өтініштері қарауға жатпайтынын қаперлеріңізге саламыз. Ол өтініштер тек мәліметтерге қабылдануы мүмкін, оған жауап берілмейді.

Шектеулер

Төмендегі сұрақтар қараусыз қалады:

· жеке жағдайларды қоспағанда, анонимді арыздар;

· балағат сөздері бар мәтіндер;

· оқылмайтын және түсініксіз қысқартулары бар мәтіндер;

· өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн лауазымды тұлғаға жiберiлген сұрақтар;

· арыздардың, шағымдардың, ұсыныстардың нақты мазмұны жоқ өтініш.

Егер лауазымды тұлғаның, сонымен қатар оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығы мен мүлкіне қатер төндіретін, балағат немесе намысына тиетін сөздер болатын, өтініш мәтіні оқылмайтын, арыздардың, шағымдардың, ұсыныстардың нақты мазмұны жоқ өтініш болатын болса, онда ол өтініштің қаралмайтынын естеріңізге саламыз.

Электронды өтінішті жолдамас бұрын сауалнаманы дұрыс толтыруыңызды сұраймыз.

Жолдағаннан кейін өтініш сайт модераторында тексеріледі. Егер сіздің өтінішіңіз дұрыс толтырылған болса, модератор оны тіркеуге сіздің сұрағыңызға сәйкес органға жолдайды.

Премодерация

Өтініш этика нормалары мен дұрыс жазу ережелеріне сәйкес модерацияға ұшырауы мүмкін, содан кейін ғана, алайда келесі түзетулерді шектемей, қоса алғанда, жарияланады:  

Өтініш мәтінінен тіл тигізетін сипаттағы мәліметтер, ар-намыс пен іскерлік беделге зиян келтіретін өсек-жала, әдепсіздік мәліметтері, немесе диффамация мақсатында пайдаланатын өзге де мәліметтер алынып тасталуы мүмкін. 

Өтініштің мәтінінен әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты өршітуге, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына байланысты кемсiтушiлiк болып саналатын әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауға немесе үгiттеуге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, халық қауiпсiздiгiне, өміріне, денсаулығына нұқсан келтiруге бағытталған мәліметтер, оның негізгі құрамы алынып тасталуы мүмкін.

Әдетте, өтініштің модерациясы және оған аралық жауапты дайындау белгілі бір уақытты алады. Осыған байланысты, қайталанған (қайталама) өтініштер не бұрын берілген өтініштердің жарияланбау себебін анықтайтын өтініштер немесе олардың ағымдағы модерациясының жай-күйі жарияланбай қалуы мүмкін.

Қолма-қол шешілуді қажет ететін (шұғыл сипаттағы мәселелер), әсіресе жұмыстан тыс уақытта түскен, қарастыру мерзімдері бар өтініштер бойынша кінә қоюлар қабылданбайды.

Назар аударыңыз! Бірнеше пошта сервистерін пайдаланған кезде өтініштерді қарау барысы туралы хаттар түспей қалуы мүмкін. Солай болғанмен де, сіздің өтінішіңіз белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Сот шешімдеріне шағымдануға қатысты өтініштер жазғанда, келесілерді есте ұстаңыз:

Жергілікті атқару органдары құзыретіне сот шешімдерін бағалау, қайта қарау, шағымдану немесе наразылық білдіру кірмейді. Сот билігі органдары өз бетінше және заңнамалық, атқарушы биліктен дербес әрекет етеді. Сот органдары шешімдеріне заңмен белгіленген процессуалды тәртіппен шағымданады. Қолданыстағы заңнама әділ сотқа жіберу процесіне кез келген араласуға тыйым салады.

Билік органына жазған өтінішіңізде құқығыңызды асыра пайдалануға болмайтынын және осы қоғамдық қатынастар саласында заңнамамен қарастырылған жауапкершілік бар екенін есіңізге саламыз. Егер азамат өтінішінде көрінеу жалған мәліметтер берсе, онда жергілікті атқарушы орган немесе лауазымды тұлға өтініштерді қарауға байланысты тартқан шығындарды осы азаматтан соттың шешімі бойынша өндіріп алуы мүмкін.

Өтініште көрсетілген жеке деректерді өңдеуге келісіміңізді беріп, Орал қаласы әкімдігі сайтына сіздің өтінішіңізге жазылған жауаптарды жариялауға рұқсат етесіз.