Бүгін "Туған жер" атты ауданаралық өнер ұжымдарының гала-концертімен "Қала күні" аясындағы мерекелік шаралар тамамдалды.
Қорытынды концертте сөз алған қала əкімі Мұрат Мұқаев барлық аудан ұжымдарына алғыс білдіріп марапаттады. ЕХРО-2017 көрмесінің жабылуымен тұспа-тұс келген "Қала күні" биыл ерекше сипат алғанын жеткізді.
Гала-концертте қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырəлі Болманов пен Қарақат Əбілдина əн шырқап мерекелік көңіл-күй сыйлады. Əдемі кештің соңы мерекелік от шашумен ұласты. 
#uralskday2017 #URALSKDAY2017 #uralsk


10.09.2017 22:37

Сақтап алу: