Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын дағы өзгерістер туралы ақпарат.

Әділет Министрінің 2017 жылдың 21-маусымындағы №766 бұйрығына сай «Өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылдың 17-сәуіріндегі №219 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» негізінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде 15 күнтізбелік күннен 7 жұмыс күніне өззгертілді:

-         бала тууды бала туылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін мемлекетік тіркеуге өтініш берген жағдайда;

-         атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу;

-         азаматтық хал актілері жазбаларының  электрондық жазбасын қалпына келтіру «АХАЖ» тіркеу бөлімімен болғанда;

-         азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында «Азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою» бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі қызығушылық таныту жағының өтініші бойынша бір ай , сот шешімінің негізінде 15 (он бес) күнтізбелік күн; басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

Мемлекеттік қызмет көрсету қызмет алушының тұрғылықты жері  немесе күшін жояатын акт жазбасының сақталған жері бойынша.

Азаматтық хал акті жазбасының күшін жою үшін қызмет алушы немесе сол жақтан келетін өкілет үшін қажет құжаттар:

1)    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын 1 қосымшасындағы үлгі бойынша өтініш жазу ( әрі қарай өтініш);

2)    Құжат, жеке басын куәландыратын (ЖСН үшін);

3)    Күшін жоятын акт жазбасына негіз болатын куәлік немесе анықтама;

4)    Азаматтық хал актісінінің күшін жоюға негіз болатын құжаттар (болған жағдайда);

5)    Егер де өкілет шағым берген жағдай да, нотаралды шандырылған сенімхат;

Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушыдан қажет құжаттар:

1)    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын 2 қосымшасындағы үлгі бойынша  соттың шешіміне сай өтініш жазу;

2)    Қызмет алушының  жеке басын куәландыратын құжат (ЖСН үшін);

3)    Күшін жоюға арналған соттың заңды күшіне енген шешімі, бұған дейін күшіне енген фактіні немесе акт жазбаны жойылсын немесе жарамсыз деп танылсын деп көрсетілген күшін жоюға жататын акт жазбасы.

Өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қортындысы  азаматтық хал актілері бөлімінде жүргізіледі.



     Орал қ. АХАТ бөлімі


14.09.2017 09:46

Сақтап алу: