Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.

Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kz, https://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir