Евразия даңғылы 35/1 үйінің ауласын абаттандыру жұмыстары.
Ағымдағы жылы 20 аула аумағын абаттандыруға бюджет қаражатынан 507 млн. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда 17 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталса, қалған 3 аула аумағындағы асфальт төсеу жұмыстары қазан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Орал қаласында жаңа бой көтерген шағынаудандардан басқа 386 аула аумағы бар. 2007-2016 жылдары арасында 277 аула аумағы абаттандырылды. Бүгінгі таңда 109 аула аумағы жөндеуді қажет етеді.