Нұртазаев Сәкен Рүстемұлы

Нұртазаев Сәкен Рүстемұлы 1985 жылы дүниеге келген. Отбасылық жағдайы - үйленген.

2007 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін бітіріп (инженер-технолог), Старлинг университетінде (Ұлыбритания) білім алған (менеджмент).

Еңбек жолын 2007 жылы КазТрансГаз «Аймақ» өндірістік департаментінде жетекші маман болып бастаған.

2009 жылы мемлекеттік қызметке келіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы болды.

2010-2011 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (Астана) сектор басшысы. Жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеу өтілі бар: ШҚО әкімі аппаратының бас инспекторы, Шемонаихин аудан әкімі орынбасары, Семей қаласы әкімі орынбасары, Алматы қаласындаға ҚР ҰҚП «Атамекен» филиалы директорының орынбасары.

2015 жылдың желтоқсанынан бастап  Орал қаласы әкімі аппаратында қала әкімінің кеңесшісі, әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы.