Әкім блогы

Сұрақ жауап

13.05.2019

kenzhebek1988k

Теректи ауданы подстепное ауылында неге балага пособья га кужат кабылдамай жатыр.кабылдайтын киси жумыс орнында жок

Ответ:

Құрметті Теректі ауданының тұрғыны! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай көрсетілген мәселе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің құзіретіне кірмейтіндіктен, Сіз тұрғылықты мекенжайы бойынша Теректі ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға қажеттігін хабарлаймыз.


13.05.2019

Айаулым Айдынгалиева

Саламатсыз ба.Мен Айдынгалиева Айаулым 4баланын анасымын.Жолдасым екеумиз патер жалдап тұрғанымызға 12жылдан асты.Үй кезегіне 2018тұрдым.Қалай баспаналы болуға болады айтасызба? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Айаулым! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша 7447-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз – 654. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезегіңіз бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы 2 % несимен үй алу мүмкіндігі қарастырылуда. Толық ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ -ы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мекенжайы: Орал қаласы, С.Датова көшесі, 28-үй, байланыс телефоны: 55-43-00 алуыңызға болады.


08.05.2019

Светлана Кабаева

Меним сурагым мынандай меним инимнин 4 баласы бар казирги уакытта жолдасы 5 балага аяк ауыр болуына байланысты демалыска шыкты оздери пәтер жалдап турады оздери негизинде мемлекеттик мекеме бойынша уйдин тизиминде 2008 немес 2009 дан бастап тур енди коп балалыга неге турмадын деп сурап едим коп балалы жагдаймен уй тізіміне тіркелсен тіркелген куннен бастап карастырады депти барган жери неге уйге мемлекеттик мекеме бойынша тіркелген жылы есепке алынбайды осы жагын карастырып уй алуга комектессеңіз екен деймін әкім мырза коп балалы уйнде жалғыз жолдасы жасап жаткан жумысты ол акша жалдап турып жаткан пәтерінен ауыспайды апасы ретінде уйне балдарына тамак апарып беремін тамкка жетпей кплады акшалары сізден өтінерім бір көмек беріңізші

Ответ:

Құрметті Светлана! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің келініңіз азаматша Жумагуль Утегеновна Аяпбергенова 2015 жылы 20 қарашада тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша 7875-ші нөмірмен кезекке алынған. Бүгінгі таңда аз.Ж.У.Аяпбергенованың кезектегі нөмірі - 6201. (отбасы құрамы 5 адам; жолдасы Косжанов Амандык Маратович, ұлы Марат Ерасыл Амандықұлы, ұлы Марат Нұрасыл Амандықұлы, ұлы Марат Арсен Амандықұлы). Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер аз.Ж.У.Аяпбергеноваға заң жүзінде кезегі бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, аталған Заңның 2-бабының 16-тармағына сәйкес, көпбалалы отбасы- құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, ортаға білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы деп көрсетілген. Азаматша аз.Ж.У.Аяпбергенова отбасымен көпбалалы отбасылар санатына сәйкес келген жағдайда, жеке өтініш беріп аталған санат бойынша тұрғын үй кезегіне есепке тіркелуге құқылы. Есепке тұру үшін аз.Ж.У.Аяпбергенова «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолығуы қажет. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй. Қосымша ақпарат алу үшін Орал қаласының ТҮКШжТҮИ бөліміне (Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1, 6,7- бөлмелерге, байланыс тел.: 50-64-31, 93-33-64) жолығуына болады.


03.05.2019

Гулнур Акмурзина

Орал қаласына 2007 жылы жерге алуға тіркелген едім кезегімді білгім келеді.

Ответ:

Құрметті Гулнур! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз 2008 жылы 25 қыркүйектегі №А-374 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 34482. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


02.05.2019

Гумарова Бибинур

Саламатсызба аким мырза,алеуметтик комек 20789тенге туралы сурайын деп едим.24.04.2019ж горсовезге бала карауында отырган сон алеуметтик комекке тиркелдим,бугин сиз отпей калдыныз деп хабарласты,алатыным 43мын тенге алимент,2айдан бери жумыссызбын.2балам бар ушеумизге болгенде 14мын тенгеден шыгып тур.общяганын 14кв метр болмесинде турамыз,сурагым не ушин мени откизбей тастады?

Ответ:

Құрметті Бибинур! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің айтуыңыз бойынша 2019 жылдың І-тоқсанындағы жан басына шаққандағы орташа табысыңыз кедейшілік шегінің мөлшерінен асып кетеді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2-бабы 1-2-тармағына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі (2019 жылдың ІІ-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 20789 теңге). Осыған байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке келесі тоқсанда жүгінуге кеңес беріледі. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда шағымдануға құқылысыз. Қосымша мәлімет алу үшін Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 161 үй мекенжайы немесе 8 (7112) 93-35-66, 93-35-62 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.


29.04.2019

Шынар Дюсенова

Жер учаскесін білу

Ответ:

Құрметті Шынар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2016 жылы 27 маусымдағы №Д-4961 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 68226. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


29.04.2019

Базарбаева Багдагуль

Тургын уй кезегин билип беруинизди сураймын.

Ответ:

Құрметті Багдагуль! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз (Багдагуль Батырхановна Базарбаева) - 2019 жылы 17 сәуірде тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің толық емес отбасылар санаты бойынша 7522-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз - 6785 .


26.04.2019

Үнзила Ждуанова

Сәлеметсіз бе.Менің жолдасым 2 топ мүгедегі.Қазір Бәйтерек ауданы,Новенький ауылында пәтер жалдап тұрып жатырмыз.Орал қаласына 7 шақырым жерде орналасқан.Жолдасым мүгедектік жәрдем ақы алады.Жолдасым,үш балам бар.Тұрғын үй жинақ банкі сатып алатын үйді залогқа қойып,2 млн 800 теңге көлемінде кредит береді ме.Осы Новенький ауылынан үй ала аламын ба? Сонымен қатар жанұяда бес адамбыз.Өзімнің табысым 42500теңге,жолдасым мүгедектік жәрдемақы алады.Бар кіріс осы.Әлеуметтік қандай көмек көрсетіледі?

Ответ:

Құрметті Үнзила! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі (2019 жылдың ІІ-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 20789 теңге). Қосымша атаулы әлеуметтік көмек жөнінде толық мәлімет алу үшін Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173А мекен жайына келуіңізге және 8 (7112) 30-22-73 байланыс телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.


24.04.2019

Габдуалиева Айгуль

Сәлеметсізбе 2004 ж. арыз бердім жерге сол қашан беріледі екен білгім келеді

Ответ:

Құрметті Айгуль! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2004 жылы 18 қарашадағы №Г-405 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 3974. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


18.04.2019

Гүлжанат Әділханова

Саламатсыз Әкім мырза сізден жаз айларында шагын бизнесімді ашуға жер телімін алуға боладыма? Қай жерге барып жолыксам болады?

Ответ:

Құрметті Гүлжанат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерiнің құқықтары сауда-саттық (конкурстарда, аукциондарда) арқылы берілетіндігін хабарлаймыз. Жоғарыда аталғандай бөлім аукционға шығару үшін бос жер учаскелерін анықтап, келісім алу үшін коммуналдық қызметтер және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жер кадастры және жылжымайтын мүліктің техникалық зерттеу» Департаментіне хат жолданады. Аталған қызметтерден келісілген жер телімдеріне жерге орналастыру жобасы және кадастрлық (бағалау) құны дайындалады. Осыдан соң аукцион өткізілетін күні, уақыты, орны мен оның өткізу шарттары, жер учаскесінің мекенжайы, оның алаңы және жер учаскесін сату шарттары, иеліктен алынатын құқықтың (меншік құқығының немесе жер учаскесін жалдау құқығының) түрі, сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасы, сатып алу бағасы төлеу тәртібі, кепілдік жарнаның сомасы баяндалған хабарлама БАҚ және әкімдіктің ресми интернет-ресурсында (www.uralsk.gov.kz сайтында) жарияланады. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукионға қатысуға өтініш кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатымен қоса тапсырылады.


17.04.2019

Еркингул Карабалина

Саламатсыздарма. Менде сиздерге жалоба. Пугачева районынла турамыз. Уйден 10м жерде мусорные контейнеры турды. Контейнерлар толганнан кейин адамдар мусорды сыртына лактыратын болды. Оган сол жерде туратын адамдар шагымданып вообще мусорды ол жерден алып тастады. Конечно маганда тоже не было бы приятно если мусор уйимнин есигинин алдына дейин шашылып жатса. Если уакытында тазалап турса ондай болмас еди. 2ай жатты мусор сол жерде. Енди мусор тогетин жер таба алмадык уй жактан. Слишком алыс жерде орналаскан баска Контейнерлар. Биздин кошеге койса демеймин. Меннен баска жалобасы бар адамдар коп. Уакытында тазалап туруга ат салыссаныздар деймин.

Ответ:

Құрметті Еркінгул! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Орал қаласының әкімідігі контейнер орнату сұрағы бойынша, алдағы уақытта келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында, аталған аудан тұрғындары контейнерлер орнату орнын алдын-ала кесісе отырып, ұжымдық өтініш жолдауды сұрайды. Сонымен қатар, аталған орынға шығып тексеру үшін, өз мекенжайыңызды нақты көрсетуіңізді сұраймыз.


17.04.2019

Сагирова Айнур Алтаевна

Құрметті қала әкімі мен оның орынбасарлары Некрасов пен лермонтова көшелерінің қиылысындасы қоқыс жәшіктерің тағы да басқа орынға тіпті болмаса сол жерге тек жүретін жолымыздан ары қарай орнатуынызды сұраймыз. Бұл қоқыс жәшіктері асып тасып айналасындағы аумағын бәрін басып кетті. Бізге жүруге кеселдігін келтіреді.Жәшіктерді күнделікті босатқанмен айналасын трактормен жинайтын қызметкерлер толық жинамай жартылай жинап кетеді,сол себепті қоқысты жәшікке рақтыруға жетпей халық айналасына жете алмай тастай салады. Сондай ақ қасына су қорғау аймағы деп қоқыс аланын тап қасына орналастырған және жергілікті адамдардын шығып кіруге жолын бөгеп орнатқан адамдарға ренішіміз орынды, өйткені бала-шағамызбен мусор баспай үйімізден шыға алмаймыз, самосвал келсе жанынан өтуіміз өмірімізге қауіп төндіреді. Ал Жайық жағасы толған ұшкан пакет-қағаз және басқада шірімейтін қатты қоқыстар. Құрметті қала әкімшілігі Некрасов және Лермонтов көшелерінің қиылысындағы қоқыс алаң тазалығы мен оның орынды толық жиналғанын қызметкерлерден талап етуінізді сұраймын. Қоқыс алаңың басқа жерге болмаса ары қарай көшіруге мүмкіндік бар ма?

Ответ:

Құрметті Айнур Алтаевна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай қоқыс контейнерлері аталған аудан тұрғындарының қажеттілігі үшін орнатылғандықтан және басқа көшіру орнының болмауына байланысты, қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалықтарға арналған контейнерлерді көшіруге мүмкіндік жоқ екенін хабарлайды. Сонымен қатар, аталған орын су қорғау аймағына жақын орналасқандықтан, құзырлы мекемелерге қоқыс контейнерлері алаңын уақытылы тазалап тұруға нұсқау берілгенін қосымша хабардар етеміз.


11.04.2019

Тулепберген пайдин

Үй кезегіне койуына сураймын 4 баламен соңғы еки кызым егиз 6ай толды 14 жыл бойына кв жалдап келемин.озим жумыс жасаймын жубайым баламен отырады сол бир баспана болса екен деймин

Ответ:

Құрметті Тулепберген! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз - Орал қаласы әкімдігінің электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепке тіркелмегенсіз. 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" (әрі қарай-Заңның) Заңының 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген Заңның 67, 68-баптарының санаттарына сәйкес келген жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне есепке тұра алатындығыңызды хабарлаймыз. Тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолыға аласыз. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй.


09.04.2019

Танатарова Венера

7-20-25 бағдарламасы бойынша ақпарат қажет, қайда, кімге жолығу керек

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз 2015 жылы 22 маусымда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаты бойынша 7100-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда кезектегі нөміріңіз - 5483 . Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезегі бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми интернет - ресурсында немесе call-орталығы (http://www.nationalbank.kz) және «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ» (http://baspana72025.kz) мәлімет алуға болады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша Орал қаласында екінші деңгейдегі «АТФ Банк» АҚ., «Банк Центр Кредит» АҚ., «Цеснабанк» АҚ., «Евразиялық банк» АҚ., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ., «ForteBank» АҚ., өз жұмыстарын бастады. Толық мәліметті аталған банктерден алуыңызға болады.


09.04.2019

Сәбет Жансая

29 жасқа дейінгі жастарға жалға тұрғын үй беру мәселесі бойынша сұрайын деп едім.Орал қаласында осындай мүмкіндіктер болама?

Ответ:

Құрметті Жансая! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз (азаматша Сәбет Жансая Қайырхожақызы) 2018 жылы 29 қазанда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша 9543-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз – 9414 (отбасы құрамы 2 адам). Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезегіңіз бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған азаматтардан өтініштер қабылданып жатырған жоқ. Аталған бағдарлама бойынша құжаттар қабылданған уақытта әлеуметтік желілерге instagram: uralskakimat (ресми парақшасы), wwwuralsk.kz/. ресми сайтында жарияланатын болады.


08.04.2019

Куракова Жанар

Саламатсыз ба. Баланы неше жастан бастап футбол секциясына қабылдайды?

Ответ:

Құрметті Жанар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Бүгінгі таңда Орал қаласында балаларға арналған «Ақжайық» футбол клубы, «Санлин» футбол академиясы және «Кидс Орал» футбол клубы жұмыс жасайды. 1. «Ақжайық» футбол клубы. Мекенжайы: Құрманғазы көш. 179/5. Тел: 54-57-43, 54-19-95. 2. «Санлин» футбол академиясы, 4-16 жастағы балаларды қабылдайды. Мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы, 194 А. Евразия спорт залы. 3. «Кидс Орал» футбол клубы, 4-12 жастағы балаларды қабылдайды. Мекенжайы: Сарайшық көш. 25/2А. Футбол секциясына жазылу үшін жоғарыда көрсетілген мекенжай мен байланыс телефонына хабарласа аласыз.


05.04.2019

Иманғалиева Айым

Мен Иманғалиева Айым.2балам бар.өзім қазір бала күтімінде отырмын.жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ.үйіміз жоқ.бізге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілеме?

Ответ:

Құрметті Айым! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Cізбен телефон арқылы хабарласу барысында, мекенжай бойынша Орал қаласында тіркеуде тұрғаныңызбен, қазіргі уақытта Жаңақала ауданында тұрып жатқаныңызды және сол ауданнан жолдасыңыз Уразаев Ержанға жұмыс қарайтындығыңызды жеткізген болатынсыз. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жеке басын куәландыратын құжат; еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Сізге «Жаңақала ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолығып, тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқу курстары және атаулы әлеуметтік көмек туралы түсінік-кеңес алуға болатындығын ескертеміз. Толық мәлімет алу үшін Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайы немесе 8 (7112) 30-37-18, 30-35-68 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.


01.04.2019

Ка?арман Не важно

Сәлеметсіздер ме! Мәдениет және спорт министрлігінің құқықтық-геральдикалық басқармасы облыс, қалалардың әкімдік және мәслихат шешімдерімен қабылданған қала гербтерінінің ресми мәртебеге ие бола алмайтынын айтты. Қаншалықты заңды, Орал қаласының гербі заңсыз болып шықты ма?

Ответ:

Құрметті Ерлан Шаяхметұлы! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, 2002 жылы Орал қаласы гербінің ең үздік жобасына конкурс өткізілгендігін хабарлаймыз. Қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі А. Б. Райкулованың Орал қаласы гербінің ең үздік жобасы конкурсының нәтижелері туралы ақпаратын тыңдап және талқылап, әкімдіктің 11.07.02 жылғы №462 Қаулысымен конкурстың қорытындысын шығару үшін құрылған комиссия ұсынылған жобаларды іріктеу және зерделеу бойынша жұмыс жүргізді. Осығай орай, Орал қалалық мәслихаты мен Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы бірлескен шешіміне сәйкес және Орал қаласы гербінің ең үздік жобасына 02.09.2002 жылғы №3 конкурс отырысының негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31 баптарына сәйкес қала Гербі бекітілгенін хабарлаймыз (2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы, мұрағаттық нұсқасы).


01.04.2019

Қанатқалиұлұ Нұргелді

Сәлеметсізбе 2-ші топ мүгедектеріне жекешелендіруге болама болмайма жолдарын айтсаңыз

Ответ:

Құрметті Нұргелді! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабының 8-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйлерді «1 және 2 топтағы мүгедектер» санатындағы азаматтар меншігіне тегін алуға құқылы деп көрсетілген. Сонымен қатар, аталған Заңның 13- бабының 9-тармағына сәйкес азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы. Сондай-ақ, осы Заңның 10-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды; Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса; жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды көрсетілген. Қосымша ақпаратты Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен келесі мекенжай бойынша алуға болады: Орал қ., Некрасова көш. 30/1 үй.


29.03.2019

Балжан Нургалиева

Сәлеметсізбе әкімшілік. Асан ауылында қанғып жүрген иттер өте көбейіп кетті, соған орай бір шешім қолдауыңызды сұраймын. Өйткені 57 жастағы адамның, таңертең жумыска жетуіне кедергі келтіреді. Сол иттердің кесірінен такси шақыруыма тура келеді. Тіпті өзімнің қоршаулы тұрған есіктің алдына, балдарыммен шыға алмай отырмын. Дәл қазір өзімнің үйінің алдында, калитканың ішінде 4 ит жүр.

Ответ:

Құрметті Балжан! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Асан ауылы Айтиева көшесі, 11а үй мекенжайы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын Бәйтерек ауданының ветеринария бөлімі атқарады. Орал қаласы бойынша қаңғыбас (иесіз) иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны атқарады. Кәсіпорын мекенжайы: Мясокомбинат көшесі 7/1; Жұмыс телефоны: 27-50-65


20 нәтижелер 979
бiрiншiсi алдыңғысы 1-20 21-40 41-60 61-80 81-100 101-120 121-140 келесiсi соңғысы
blog_akima