Әкім блогы

Сұрақ жауап

03.04.17 Динара Газизова Cалеметмизбе!Мен кимнен сурарымды билмим.кайда баратынымды да билмим.басынан бастап айтайын.Мен турмыска шыктым.Бир балам бар.Енди жолдасыммен ажыраскым келеди.бирак маган анамда агамда карсы.казир дос курбымнын уйiнде турып жатырмн.балам анамнын уйiнде калып койды.Енди мен бир жерге турактангасын,баламды касыма алгым келеди.бирак жолдасым,анам баламды бермиди.егер мен милициямен барып баламды алам десем.сот мени жактайма?ажырасканда баланы менде калдырама?!нестесем болады?!комектесиниздершi,отинем!!!!!!жауабын кутнм.рахмет! Жауап: Құрметті Динара Айдаровна!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймыз.
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімдері ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70 бабына сәйкесті ата-ана өз баланың денсаулығына қамқорлық жасауға, міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ата-ана баланың дене бітімі, психикалық адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамаз етуге міндетті.
Осыған орай, өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің маманына жолығып, сұрақтарыңыз бойынша ақпаратты алуға болады.
03.04.17 Турсынхан Аккайрова Сəлеметсізбе.мен мұғалім едім.бюджеттегілерге уй берілед деп естідім.оғанда кезекке кайдан тұруға болад.ЖҚКг барсам тіркелейд сайттан караңыз деп шғарып салд ешкім нақты жауап бермед.нұрлы жол бағдарламасы арқылы қалай алсам болад.рахмет.жер кезегімді біліп бересізбе. Жауап: Құрметті Тұрсынхан Әділсейтқызы!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Сіз 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала алады.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін ҚТҮҚЖБ арқылы өтініш білдірілетінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Сіздің 2016 жылы 14 шілдедегі №А-5771 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 68629.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
03.04.17 Жанар Сукургалиева Əкім Н.Төреғалиевке сұрақ:Менің анам 65жастағы зейнеткер былтырдан бері сіздің есігіңізге барып жалтақтап газ бен су мəселесін шеше алмай жүрген жағдайы бар,екінші варианты Каризма мекемесінің беремін деген уəдесі тағы бар,сіз де обл.əкімі Көлгіновте осы мəселені шешіп бір түпкілікті шешім шығарып беретін кез жеткен сияқты ,сіз қалай ойлайсыз?Егерде халыққа көмектесе алмасаңыз не үшін орныңызда отырсыз.сол үй заң жүзінде менікі ал мен болсам 2баламмен пəтер жалдауға мəжбүрмін,себебі жағдайды сіз білесіз жылыту жағдайына байланысты,Мен сонда бұл проблеманың шешуін Президентіміз Назарбаев Н.Ə.жазып шешімін табамын ба? Айтыңызшы????? Жауап: Құрметті Жанар Сукургалиева!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз:
Тұрғын үйге су өткізу үшін «Батыс су арнасы» ЖШС өндірістік–техникалық қосылу нүктесін көрсетумен қаланың осы ауданында салынған жеке су құбыры иелерінен нотариалды куәландырылған келісімін (рұқсатын) ұсынып, техникалық шарт алу қажет. Сондай-ақ, Сіздің мекенжайға жақын жерде орналасқан су құбырының ара қашықтығы 200 метр жерде орналасқанын хабарлаймыз.
Сізбен газ өткізу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесінен өндірістік–техникалық шарт алынған болатын. Тұрғылықты жеріңізден жақын орналасқан газ құбырылының ара қашықтығы 350-400 метр жерде орналасқан болатын.
Жеке тұрғын үйге су, газ өткізуі үкімет тарапынан заңды тұрде қарастырылмаған. Сондықтан, су және газ құбырын тарту, жер қазу мәселесі бойынша техникалық жағынан тұрғындар тарапынан жүргізілетінін мәлімдейміз.
Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға үкімет тарапынан әлеуметтік қалдау түрлері қарастырылған. Соның ішінде, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (2017 ж. 2 тоқсанына 20419 теңгені құрады) қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға), жұмыссыздарға, сондай-ақ айлық жан басына шаққандағы орташа табысы 20 АЕК артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 АЕК және тұрғын үйді газдандыру үшін арнайы комиссия белгіленген мөлшерінде көрсетіледі

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады (ТЖ).
Біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне, Достық даңғылы №161 үй, 23,13 бөлме мекен-жайы бойынша хабарласуға болады (тел.93-35-66).
31.03.17 Айнур Утепова Менің кезегім жылжудың орнына кері шегерілген. Не себептi Жауап: Құрметті Айнұр!
Сіз 2013 жылы 11 наурызда «Толық емес отбасылардың» тізіміне 7408-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз – 4536.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.
31.03.17 Маулен Бахытов Қайырлы күн! Мен Бахытов Маулен Махсотулы Зашаған ауылы, Мұстафа Шоқай көшесінің тұрғынымын. Сіздерден сұрайтыным осы ағымдағы жыл 2017 жылы аталған көшеге қиыршық таспен құм араласқан төсеу жұмыстарын жүргізген кезде соған қоса адам жүретін тротуар салып берсеңіздер бірақ сіздер уәде бергенсіздер осы жылы аталған төсемелер төселеді деп. Сонымен қатар Сарытау жақтан қалаға қатынайтын тағы бір маршрут болса 2 маршруттан басқа, таң-ертең жұмыс уақытында халық автобуста толық болады қысқасы мінетін орын жоқ. Жұмысқа кешігеміз. Назарларыңызға рахмет. Жауап: Құрметті Маулен!
Сіздің қала әкімінің блогына келіп түскен өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Зашаған ауылы, Мұстафа Шоқай көшесінің жолына жолдарды ағымдағы жөндеу аясында құмды қиыршық тас қоспасын төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлайды.
Сіздің ұсынысыңыз тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен талқыланатын болады. Егер мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, қосымша Сізге хабарланады.
29.03.17 Гулнур Кажыгалиева Құрметті жауапты тұлғалар!
Сот ісін орындаушылары Ақсай қаласы бойынша алимент берешек Хасангалиев Т уақытылы неге төлетпейді? Айналысып жатырған жауапты тұлғалардан осы жауапты беруін сұраймын. Мүмкін болса поштама жібереңіздер. Өткен жылдары жауап ала алмай Нұр Отан партиясынпа жүгініп барып алғанмын. Осы жолы тезірек жұмыстансаңыздар екен.

Жауап: Құрметті Гүлнұр Бауыржановна!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз қала әкімдігінің құзыретіне кірмегендіктен Батыс Қазақстан облысының әділет департаментіне қарау (т.51-35-45) және жауап беруге жолданды.
29.03.17 Курмашева Курметти Нариман Толегенулы,Орал к Нурпеисова 14/3кошеси тургындары 2016ж осы коше проблемасы туралы, ягни айналасы орталык базар,ягни оте лас.атап айтканда иесиз гараж туалетке айналгандыгы жане де т.б. маселелер жонинде ешкандай натижели жумыстын журмей турганы жонинде сиз кала басшысы ретинде билип отырсыз ба? Былтыргы теледидардан берген сухбатынызда накты осы уй туралы тиисти органдарга тапсырма бергендиниз жонинде жане осы уй туралы сурактар болса уй улкени, орысша, старшему по дому, маган жолыгуга болады ,- дегенсиз. Алайда бул уй туралы ешбир онды натиже жок. ЖКХ бир бирине силтеп отыр.осы маселени озиниз тикелей тексерип, он шешимин бериниз рахмет.


Жауап: Құрметті Курмашева ханым!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, орынға шығумен Орал қаласы, Д.Нүрпейісова көшесіндегі, 20 пәтерлі №14/3 үй комиссиялық тексеріліп, өтініште орын алған мәселелер анықталды.
Бүгінгі таңда, осы үйде ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын меншік (пәтерлер) иелерінің кооперативі құрылмаған. Аталған үй орталық базардың қасында орналасқандықтан, 1-қабаттағы пәтерлер қайта жабдықтау арқылы функционалдық мақсатының (дүкен, кафе, ателье) өзгеруіне орай бизнес саласына арналған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) Заңның 2-бабының 24-тармағына сәйкес, ортақ мүлікке - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі) жатады.
Жоғарыда баяндалғандарды басшылыққа ала отырып, үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылатындықтан, Орал қаласы, Д.Нүрпейісова көшесі, №14/3 үйдегі меншік (пәтерлер) иелері ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жиналыс өткізіп, сол жиналыста шешулері қажет. Осыған дейін ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті «Нұр» ПИК басқармасы атқарған. Бірақ, тұрғындар тарапынан күтіп-ұстауға қажетті шығындар төленбегендіктен, 2016 жылы «Нұр» ПИК басқармасы қызмет көрсетуден бас тартқанын назарыңызға саламыз.
Сонымен қатар, Д.Нүрпейісова көшесіндегі, №14/1, 14/2, 14/3 үйлердегі аула аумағын абаттандыруға, жоба-сметалық құжаттама дайындалып, ведомстводан тыс сараптама өткізуге құжаттама әзірленуде, сараптаманың оң шешімін алған жағдайда, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін сұраныс жіберілетін болады.
Сондай-ақ, аула аумағындағы гараждардын дәретханаға айналуына байланысты, мүмкіндігінше шешу жолдарын қарастыру үшін жергілікті полиция басқармасына хат жолданды.

29.03.17 Шынарай Орынгаликызы Саламатсызба.Мен жер кезегине 2012жылы кезеке турдын кезек санын билейин деп едим.Жас отбасы багдарламасы кашан болады. Жауап: Құрметті Шынарай!
Сіздің 2012 жылы 2 сәуірдегі №О-3965 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 58281.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.

27.03.17 TEMIRLAN SERIKOV Орал қаласының әкімі Н.Т. Төреғалиевке
Ұжымдық хат!

«Ескі аэропорт» шағын ауданы, Майданов көшесіндегі үйлеріміз суға кету қаупі бар. Қардын еріген сулары үйлеріміздін ауласын және жолдарды басып кетуде. Көліктен бөлек адамдарға да жүретін жол қалмады. Өз тарапымыздан аталған проблемаларды қазіргі таңда шешуге тырысудамыз: ассенизаторларды ақшасына шақыртып еріген қар суын сорғызудамыз.
Алайда судын бәрін сорғызу мүмкін емес және қаржы жағынан тапшылық болып тұр.
Осыған орай, төтенше жағдай орын алмай тұрғанда, су соратын көліктерді аталған көшеге жолдауыңызды және жалпы осы көшенің жолын түзеп беруіңізді (тас жолы немесе құмды-қиыршық тас төсеу) өтіне сұраймыз!
Жауап: Құрметті Темирлан!
Қазіргі уақытта жылдың көктемгі кезеңі түсуіне байланысты қаланың көше жол желісінен еріген қар және жаңбыр суларын сору жұмыстары атқаралып жатыр. Күн сайын желіге 20 данадан кем емес су соратын арнайы техника жұмыс атқарады. Атап өткенде, су сору жұмыстарының басым бөлігі, қала аумағының қатты төсемі жоқ автомобиль жолдарында жүргізіліп жатыр, соның ішіндегі Майданов көшесінде су сору жұмыстарын атқару туралы «Жайық Таза Қала» ЖШС-не тапсырма берілді.

27.03.17 Ерлан Ескендиров Құрметті Нариман Төрегалиевич!Біздің осы ауданда тұрғанымызға 5 жыл болды. Міне,содан бері жолдың жоқтығынан бүкіл аудан тұрғындары қорлықты көріп келеміз.Автобус біздерге дейін көктем, күз айларында жүрмейді. Бүгінде автобус "старый конечный" аялдамасынан тоқтап, бізге кірмей қойды. Ал мектепке баратын балалар,балабақшаға балаларды апару, адам ауырып қалса жедел жәрдем шақыру, жұмысқа бару үшін енді таңғы бесте тұру керек. Біздің аудданға биыл жазда жол салынса екен дейміз және қазіргі уақытта автобустарды жүргізуіңізді сұраймыз.Бұл бір ғана адамның емес бүкіл ауданымыздың тұрғындарының жан айқайы. Жауап: Құрметті Ерлан Сагинбаевич!
Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Зашаған ауылындағы Балауса шағынауданының №6,7 қоғамдық көлік маршрутының жолдарын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарланғанын хабарлайды. Жобалау-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін аталған жобаны қаланы абаттандыру жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Зашаған ауылындағы Балауса шағынауданының жоғарыда аталған көшелеріне құмды қиыршық тасқоспасын төсеу бойынша жұмыстар атқарылатынын қосымша хабарлаймыз.
27.03.17 Айман Сыдыкова Меловые горки саяжайы
Көпбалалы ана ретінде тұрғын уй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар керек.
Жауап: Құрметті Айман Гильмановна!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары туралы» қаулысына сәйкес есепке қою үшін мынадай құжаттарды тізімі қажеттігін хабарлайды.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш.
Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есепке қою туралы өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін не паспорттарын;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерінің көшірмелерін;
4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);
5) есепке қойған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы);
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұрақты тұру мерзімін растау үшін өтініш беруші аталған фактіні растайтын құжаттарды ұсынады;
7) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
8) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты;
9) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады;
10) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін анықтайтын құжаттарын ұсынады.
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмеген не жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан не отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Өтінішті беру «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ (ЦОН) арқылы жүзеге асырылады.


27.03.17 BERIK TEMIRLAN Құрметті Нариман Төреғалиұлы!
Сізден Айтиев көшесінің бойы, «1100 ұсақ» және «На Айтиево» базарларының қасындағы аялдаманың аумағында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршегіне және қараусыз тұрған автокөліктің иелеріне қатысты өз кұзіретіңіз шегінде шара қолдануыңызды сұраймын.
Жауап: Құрметті Берік!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының Жер кодекісінің 14-1 бабының «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті» 3-тармағының «Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шегіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыреті»18-1 тармақшасына сәйкес пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау құзыретіне сәйкес, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі», «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен және Орал қалалық Ішкі Істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Орал қаласы, Айтиев көшесі, «1100 ұсақ түйек» және «На Айтиево» базарлары ауданына шығу барысында сауда дүңгіршегінің заңсыз орналасқандығы және қараусыз автокөлік тұрғандығы анықталды. Сауда дүңгіршегінің иесін анықтау мүмкін болмағандықтан, дүңгіршекке заңсыздықты жою жөнінде хабарлама жапсырылды.
Сонымен қатар, сол мекенжайдағы иесіз тұрған автокөлік қалалық айыпақы автотұрағына жеткізілгенін хабарлаймыз.
Аталған мәселе бойынша тиісті шаралар толығымен аяқталғаннан кейін, Сізге қосымша хабарлайтынымызды қаперіңізге саламыз.
27.03.17 Талап Байжуменов Курметти аким мырза! Мен 2004жылгы жер алу кезегине тиркелген едим.Казирги танда кезекте нешинши боп турмын? Жауап: Құрметті Талап Ешмуканович!
Сіздің 2004 жылы 21 қыркүйектегі №Б-589 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 2492.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
24.03.17 Меңдібек Нұрболатұлы Сұрағым: Орал қаласыңдағы 6 ықшамауданындағы жаңа алаңнан маусымдық сауда-саттық,балалар ойыншығын сату, электрмобильді машиналарды жалға беруге бола ма? Оған рұқсатты кімнен және оның жалға алу құны қанша? Жауап: Құрметті Меңдібек!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, сауда жасағыңыз келіп тұрған Жаңа алаңның аумағы демалыс орны болып табылады, яғни аталған бағыттағы нысандарды орналастыруға және сауда қызметін жүзеге асыруға арналмаған.
Қала тұрғындарынан жабайы сатушыларға қатысты шағымдардың көптеп түсуіне байланысты және заңсыз сауданы жою мақсатында, әкімдік мамандарымен Орал қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады.
2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы негізінде сауда арнайы бөлінген орындарда (дүкен, базар, сауда үй және т.б.) жүргізілуі тиіс екенін хабарлайды.
Жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасаушыларға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-ші бабы көзделген.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 204 бабына сәйкес:
1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарыда аталғандар негізінде Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыру мүмкін еместігін хабарлаймыз. Орал қаласында 25 (жиырма бес) базармен 66 (алпыс алты) сауда үйлер қызмет істеуде, осының негізінде Сіз аталған базарлармен сауда үйлерден орынды жалға алып өз кәсібіңізді жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар екендігін қаперіңізге саламыз.
Егерде Сіздің хатыңызға сәйкес уәкілетті органдар берген жауабымен келіспеген жағдайыңызда, Сізге жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жолығуыңызға болатынын мәлімдейміз.
24.03.17 Дулат Хоренович Курметти Аким!
Менин турып жатырган уймнин касында высоковольтный столба орнатылмаган.Менин колымда 2013 жылы калалык бюджетке енгизилди деген хат бар. Бирак али столба кондырылмады,буган дейнде сизге хат жазганмын али Конкретно жауап жок. Егер жакын арада шешилмесе осы хат аркылы калалык прокуратурага жане Нуротанга шагымдануга мажбурмин.
Жауап: Құрметті Дулат Хоренович!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған 2017 жылғы 24 наурыздағы өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз:
Ағымдағы жылы ақпан айында «БатҚазЭЖТК» АҚ ҚФ мамандарымен орынға шығумен қаралып, тұрғын үйдің құрылысы кезінде тұрғындар өз үйлеріне электрқуатын алу үшін электр желілерінің бағанасын өз еріктерімен орнатқандықтары тексеріс нәтижесінде белгілі болды. (соның ішінде сіздің үй қуат алып отырған КТП 10/04 кВ № А93).
Сондай-ақ, қазіргі танда аталған ауданда жаңа инженерлік желілердің құрылысы қажет етіледі, ал қолданыстағы желілерді қайта жөңдеуден өткізуді қажет етеді.
Сонымен қатар, Орал қаласының Солтүстік – Шығыс бөлігінде орналасқан шағын аудандарда электр желілерінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта «Старый аэропорт» ауданына электрқуаты желілерін жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Алдағы уақытта аталған жұмыстармен Воинов интернационалистов көшесінде электр желілері және көше жарықтары құрылысы жүргізілетін болады.
24.03.17 Лунара Нурлыбековна Сәләматсызба І Нақты қай күні берілетінін айтсанаыз себебі балаларым ауылда осы ІІІ тоқсанга алдыртайық па алде жоқпа.«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құжаттарды алдық ай сайынғы толем ақыны осы айдан бастап төлейміз Бізге нақты жауап керек қашан,қай күні үйді бересіз алдын ала Рахмет

Жауап: Құрметті Лунара!
«Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда 2017 жылдың 28-29 наурызында аталған үйді Бөлімнің теңгеріліміне алғаннан кейін жалдау (жалға) алу шарты және үйдің кілтіне рұқсатнама берілгенін хабарлаймыз.
24.03.17 Зульфия Утепова Салеметсізбе акім мырза.Мен бұл хатты амалым қурыган соң сізге жолдап отырмын.2015жылы енемді құлагер көшесіне бұрылып келе жатырған женіл автокөлік кагып кетті.Автокөлік жургізушісі жап жас бала екен.енем аяғының суегі 2 жерден сынып,ота жасалып аяғына темір салып койды дәрігерлер.Соған карамастан енем Пушкин отелінде еден жуушы болып жумыс жасап жүр.Ойткені дарі-дармектеріне,емделуіне қаражат керек.Ал кагып кеткен бала сол кеткеннен мол кетті.Тіпті хабарласып хал жағдацын сұрауга да жарамады.Сотқа бергенде сот тіпті енемді сот отырысына шақырмай,істі жауып тастады.Жарайды,Алладан құдыретін күшті болмас деп бір Аллага тапсырдық.Енді енем жақында сүрініп қулап темірі тайып кеткен.Ота жасау керек деп жатыр дәрігерлер.Енді жұмыска да шыға алмайтыны айдан анык. Сұрағым енеме пенсия тагайындалады ма?кандай кужаттар жинау керек?енемнің аты жөні Ермекова Алмагул Мендибаевна.
Жауап: Құрметті Зульфия Акилбековна!
Сіздің қала әкімнің блогына жолдаған өтішіңізге орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5 тармағына медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.
Қағидалардың 7 тармағына сәйкес медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
Қағидалардың 9 тармағына сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныл отырып жүргізіледі:
1) пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (088/у нысан);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері.
5) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) –тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда;
6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы);
8) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, мүгедектік тағайындауға негіз болса, тұрғылықты (тіркелген) жеріңіз бойынша медициналық ұйым А.М.Ермекованы медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдауға құқылы.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға келгенде жоғарыда көрсетілген құжаттар толықтай ұсынылуы қажет.
Толық ақпаратты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен (т.50-68-28, 50-06-07) Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжайы бойынша ала аласыз.
24.03.17 Қосай Мажитов Сәламатсызба Нариман Төреғалиұлы Мен Мажитов Қосай Орал қаласы Ғ.Қаращ көшесі 65 үй 2 пәтер тұрғыны. Біздің тұрып жатырған пәтеріміз 3 пәтерлі үй, үйіміздің көше жағы облыстық ауруханаға қарама-қарсы, көшемізде көп жылдар бұрын отырғызылған терегіміз бар, сонымен қатар бұрынғы тұрған тұрғындар теректің қасына тал отырғызған екен. Осы талдар жазғы уақытта көктейді сол уақытта тал мен теректің арасы қуысқа айналып сол маңда тұратын тұрғындар тарапынан күл-қоқыс төгетін жерге айналады. Сонымен қатар облыстық аурухана аумағында орналасқан травмпунктке жедел жәрдеммен әкелінген үйсіз-күйсіз жүрген азаматтардың жиналып арақ ішетін жеріне айналады. Қаншама ескерту жасалғанмен де ешқандай нәтиже жоқ. Қанша жинап тазалап қойсақ та ертеңгі күні үйықтап жатқан үйсіз-күйсіз азаматты немесе түнгі уақытта лақтырылған күл-қоқысты көреміз. Қазіргі уақытта елімізде жасыл желектерді кесуге болмайтынын білеміз, бірақ біздің көше жағымыздағы орналасқан сол талдар қазіргі уақытта бізге осындай мәселе туындатып тұр.Тиісті мемлекеттік органдар тарапынан сол талдарды өзіміздің күшімізбен кесіп шығарып тастауға рұқсат етілсе деп сұраймын. Жауап: Құрметті Қосай!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сізбен аталған мекенжай Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен орынға шығумен тексерілгенін хабарлаймыз. Тексеріс нәтижесі бойынша, аталған ағаш және ағаш көшеттері қаланың жалпы пайдалану аумағында орналасқаны анықталды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 26-4 шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасына» сәйкес, жасыл екпелерді кесу мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
5) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитариялық кесу.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес, Орал қаласының әкімдігі Ғ.Қараш көшесі №65-үй маңында орналасқан ағаштарды және көшеттерді кесудің қажеттілігі жоқ деп есептейді. Сонымен қатар, қала әкімдігінің тарапынан аталған ағаш көшеттерін санитарлық кесіп, ретке келтіруге міндеттенеді.

24.03.17 Мераж Баймуканов Салеметсидерме жер кезегинде нешинши турганымды Жане кашан берилеттинин билейин дегем. Жауап: Құрметті Мераж Баймуканов!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, азамат М.Н. Баймукановтің (Чекленная, 4) 2007 жылы 30 сәуіріндегі №Б-713 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 12851.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.

19.03.17 Лунара Нурлыбековна Құрметті акім мырза 14 дақ уйінің кілтін қашан бересіз. Наурыз айында деп айтылған бірақ әлі хабар жоқ. Жауап: Құрметті Лунара!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда аталған үйді Бөлімнің теңгеріліміне алғаннан кейін жалдау (жалға) алу шарты және кілтті берілетін болады.