Әкім блогы

Сұрақ жауап

23.05.17 Гульбану Абдрахманова Саламатсызба! рахмет менім хатымды жауапсыз қалдырмай көмегіңізді бергенізге. өтінішім мусорный контейнерлерді басқа жерге көшіртуге көмек сурап едім, өкінішке қарай ондай мүмкіндік жоқ деп жауап бердіңіз. енді Сізден тағы өтінішім егерде орын ауыстыруға болмайтын болса стандартқа сай контейнердің айналасын қоршап берулерін және уақытылы осы контейнерлерді босатып тұруларын құзыретті мекемелере айтып, қадағалап, нұсқау беруінізді сураймын, кешіріңіз мен түсінемін сіздің мусорный контейнерден басқа жұмыстарыныз жеткілікті екенін,мен алдағы уақытта осы маңдағы тұрғылықты халықтардын саналарына контейнерлерге қандай қалдақтар салуға болатынын немесе болмайтынын, және де егер тәртіп бұзушылық болған жағдайда қандай жаза қолдануға болатынын, мен қалай, қандай мекемеге шағымдануыма керек екенін білгім келеді. Қандай айғақ, дәлел жеткілікті болады тәртіп бұзушыларға заң жүзінде?. Тағыда көп рахметімді айтамын Сізге өтінішімді қарап арнайы мекемеге нұсқау бергенізге (мусорный контейнердің айналасын жиыстырғанына). тағыда менім өтінішімді жауапсыз қалдырмайды деген сенімдемін. Сау болыңыз! Жауап: Құрметті Гүлбану!
Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі сәйкес қаржыландыру бөлінген жағдайда, ағымдағы жылы Сізбен аталған мекенжай бойынша орналасқан контейнер алаңын қатты негіз және үшжақты қоршаумен жайластыру мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлайды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 26-4 шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасына» сәйкес, жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды (оған құрылыс қалдықтар, жапырақтар, ағаш бұталары, жарамсыз қалған жиһаздар және т.б. жатпайды) жинақтайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
Бұған қоса, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 434-бабына сәйкес, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау түріндегі әрекеттер ұсақ бұзақылыққа жатады және ол жеке тұлғалар үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Аталған әрекеттерге куә болған жағдайда, Орал қаласының ІІБ Жергілікті полиция бөліміне шағым түсіруге болады.
19.05.17 Даулет Жеңісұлы Ассалаумағалейкум Əкім мырза.Ұсынысым бар еді.Мен студентпін менің айтарым маңызды деп ойлаймын.Күн жылыған соң Киров атындағы саябаққа адамдар оның ішінде жастар көп барады.Табиғаты тамаша ,əдемі жер бірақ ол жердің шағын тамақ,сусындар сататын жерлерінің бағасы екі есеге дейін қымбат əсіресе осындай ыстықта көп сұраныста болатын сусындар қымбат осыны реттеуге болама.Жəне тағы бір мəселе көптеген ескі көпқабатты үйлердің алдында шағын қоқыс салатын жəшіктер жоқ.Алдын ала рахмет. Жауап: Құрметті Дәулет!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» МКК келісім шарт негізінде жеке кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін бекітілген тарифтер бойынша сауда орындарын жалға береді.
Жалға алушылар ұсынатын тауарлар бағасын жеке кәсіпкерлер өздері анықтап қояды.
Субъектілердің қаржы (кәсіпкерлік) қызметтерін тексеру Саябақ құзіретіне кірмейтінін ескере отырып, жалға алушылар ұсынатын тауарлар бағасын тексеру мүмкін еместігін хабарлаймыз.
18.05.17 Маулен Бахытов Қайырлы күн, менің сұрайын деген мәселе Зашаған ауылы, мкр. Арман Мұстафа Шоқай көшесіне жолға киыршық тасты қашан төсейсіздер және ол осы ағымдағы жыл боладыма? Рахмет. Жауап: Құрметті Маулен!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, бүгінгі таңда жұмыс көлемінің үлкен болуына байланысты, бір мезетте қаланың барлық проблемалық учаскелерін қамту мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар, Сізбен аталған Зашаған ауылы, Мұстафа Шоқай көшесінің жолына жолдарды ағымдағы жөндеу аясында құмды қиыршық тас қоспасын төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылатындығын қосымша хабарлаймыз.
17.05.17 Эльдар Алибеков Ассалаумағалейкум!
Мен 2007-ші жылы жер кезегіне тіркелдім, 2014-ші жылы Зеленов ауданына қарасты, Асан ауылынан жер сатып алып өз атыма тіркедім. Енді маған жер өз кезегімен беріледіма және нешінші кезекте тұрмын?
Жауап: Құрметті Эльдар Кайыржанович!
Сіздің 2007 жылы 6 маусымдағы №А-1257 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 16305.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабына сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншіккежеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар мөлшерінде тегін беріледі. Сол себептен Зеленов ауданы, Асан ауылы мекенжайы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер (сату-сатып алу, сыйға тарту, ауыстыру т.б.) кезекпен алынатын жер учаскелеріне қатысы жоқ.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
17.05.17 Гулнар Тлепбергеновна Саламатсызба аким мырза.Меним хат жолдап отырган себебим биз орал каласында кала ортасында турамыз.бирак кала жолдары анау 80 жылдарды еске тусиреди.Коктем куз мезгилдеринде журу оте кыйын.Балдарым 25орта мектепте окыйды.Мектепке бару кыйын болып кетеди.Тагы айтайын дегеним мектепте тозыгы жеткен кырык жамаумен тур.Сурайын дегеним осы районда жол кашан жонделеди жане мектепке кашан ремонт жасалады? Жауап: Құрметті Гүлнар Тлепбергеновна!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі Сізбен аталған №25 ЖОББМ аумағындағы жолды жөндеу сұрағы бойынша, ағымдағы жылы «Евразия даңғылынан Деповская көшесіне дейінгі Мельничная көшесінің автомобиль жолын қайта құру» жобасы жүзеге асырылатындығын хабарлайды.
Сонымен қатар 2017 жылы «БҚО Орал қаласындағы Затонная, Ярославская көшесіндегі №4 БЖСМ кіреберіс жолын орнату» бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда екенін қосымша хабарлаймыз. Аталған жоба дайын болғаннан кейін жобаны жүзеге асыру үшін қаржыландыру көздері іздестірілетін болады.
17.05.17 Гибрат Жакупов Құрметті әкімшілік....
Қазіргі танда мектептермен балабақша салу қарқынды жүріп жатыр оған халық риза, Брақ бір нәрсе игерілмеген ол балалардын қауіпсіздігі соған көңіл бөлуді сұраймын. Ол мектеп пен балабақшанын іш-сырты қадағалайтын бине камера жетіспеушілігі кей мектептерде ондай мүлдем жоқ шығар, кей біреулерде дұрыс бағытта көрсетпейді. Рахмет.
Жауап: Құрметті Ғибрат!

Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, қаланың барлық мектептерінде, барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, барлық қосымша білім беру ұйымдарында сыртқы және ішкі бейнекамералар орнатылғанын, және істен шыққан жағдайында уақытылы жөнделінетінін хабарлайды.
16.05.17 Мархаба Кожанова Сәлеметсіз бе? Құрметті кала басшысы Мен Кожанова Мархаба Сергей қызы жетім бала ретінде 2012 жылы жерге тіркелдім апалы сіңлі үш кызбыз әлі берілген жоқ.Үлкен апам тұрмыста 2 баласы бар қазір ауылда тұрат бұрын мешіт болған үй оның да құжаты жоқ жолдасы жұмыс істемейт ауылда жұмыс жоқ өзінің алатыны 15 мың садике төлейді 10000 қалған 5000 ұн келе ме? Жаным ашит анам тастап кеткен ал әкемді танымаймыз нағашы әжем өсірді .Өтінемін ага жерде тіркеуде бармын 2010 жылы отырдым соны қарап алып берсеніз үлкен қылып үй салгызар едім. Апамды сіңілімді осы жерге жинар едім комектесіп жібересізбе құжаттарым бар өтінемін алладан қайтар сізге аға апам үшін озім үшін емес оның балалары үшін өтінемін ағатай жетім көрсең жебей жүр дейді ғой. Біз қазақ жетімін жылатпаган .Жесір ді ұзатпаган халық емес піз бе?... Жауап: Құрметті Мархаба Сергейкызы!
Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сіз 2012 жылғы 23 шілдеде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1170-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-886.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.
Сонымен қатар, Сіздің 2010 жылы19 қазандағы №Қ-15 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 49235.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз.
Сондай ақ, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
16.05.17 Гульбан Құрметті қала әкімі.
1 сажай Виктория с/о (1дачная) аумагында Халык тек канагы бау бакша онимдерин гана егип турмайды ал басым копшилиги көп халык тұрақты мекендеп келеди.
Халык саны коп. Газ, су бар биракта байланыс оте нашар ягни тек канагы теле 2 гана бар ол да дурыс устамайды. Барлык елди мекендерди байланыс интернет жуйестмен камтамассыз етип жатырганда кала аумагындагы жерлерди неге толык байланыска коспаска? Сизден отинип сурарымыз осы аталган жерге Билайн, Актив , теле 2 байланыс тарынын кызметтеринин толыктай интернет желисимен бирге Жумыс жасауына ыкпал етип , халыкка комек корсетуинизди сурайсыз.
Жауап: Құрметті Гүлбану!
Сіздің «Виктория» бағбандық кооперативінің аумағындағы ұялы байланыс пен интернет желісінің сапасының нашарлығы туралы қала әкімінің блогына жазған хатыңызға сәйкес, хатта көрсетілген сұрақты шешу Орал қаласының әкімдігінің құзіретіне жатпайтындығын және аталған сұрақпен Сізге байланыс операторларының орталық кеңселеріне тікелей жолығуыңыз қажет екенін хабарлаймыз.
Алайда, қала әкімдіктің тарапынан «Теле2», «Кселл», «Билайн» компанияларының Орал қаласы бойынша филиалдарының директорлары атына Сіздің хатыңызбен әрі қарай жұмыстануға және шешім қабылдау үшін ұсынылды.
15.05.17 Талпын Доскалиев Курметти Аким жолдас Коп-Коп Рахмат.. Комсомол кошесин жарыктандыру жумыстарын оз колынызга алуынызды сураймыз.. Кошемиз тастай карангы .. Оте-Оте киын.. Жолмызда курдели.. Сизден Отинип сураймыз осы маселеримизди шешип берсениз.. Кошемиз каланын как ортасында орналаскан.. Рахмат.. Жауап: Құрметті Талпын!
Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі қазіргі уақытта Сізбен аталған көшеге жарықтандыру орнату бойынша есептер дайындалғанын хабарлайды. Мақсатты қаржыландыру бөлінген жағдайда, аталған мекенжайды алдағы абаттандыру жоспарына енгізу сұрағы қаралатын болады.
15.05.17 Ерикешева Саламатсыз ба қала әкімі! Біз Конаев шағын ауданы 27 үй тұрғынымыз. үй өте салқын, осы күнге шейін газ жоқ, ыстық су да қосылмады. өтінеміз жаңадан берілген үйдің жағдайы өте төмен балалар қайта-қайта ауырып емхана есігін тоздырудамыз. сол ауданда тұрған жалғыз жаңа үйдің ең болмаса газ мәселесі шешілсе екен. Көп-көп Рахмет! Жауап: Құрметті Ерекешева ханум!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз.
Қонаев шағынауданындағы, 27 үй бойынша мердігер мекемемен ішкі және сыртқы газбен жабдықтау жұмыстары аяқталып, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ң Батыс Қазақстан өндірістік филиалының өкілдерімен газбен жабдықтау жүйесін қабылданған болатын. Аталған үйдің тұрғындардың 70 пайызнан астамы газ қосудағы алдын ала төлемдері толықтай жүзеге асырылғанан кейін тұрғын үйге қосылатын болады.
Наурыз және сәуір айларында ыстық суға ақысы төленбегендіктен ыстық су беру уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта ыстық суды және газды қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, Қонаев шағынауданындағы № 27 тұрғын үйінің қазандығы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгеріміне беру бойынша жұмыстары жүргізілуде. Теңгерімге беру жұмыстары толықтай аяқталғаннан кейін тұрғын үйдегі инженерлік желілердің сұрақтары толықтай шешімін табатын болады.
15.05.17 Аяулы Нажимова салеметсиздерме.мен акимге калаи жолыгума болады отиниш сиздерден Жауап: Құрметті Аяулы Нажимова!

Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, қала әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдауды айына бір реттен кем емес заңнамаға сәйкес жүргізеді. Қала әкіміне немесе оның орынбасарларына жазылу үшін Сізге қала әкімі әкімдігінің (Достық даңғылы, 182/1) №10 кабинетіне жолығу қажет және өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келу керек.
Барлық қажетті ақпаратты 51-28-86 телефоны арқылы білуге болады.
15.05.17 Ерлан Фазылов Сәлеметсiздер ме? Мен Киров атындағы саябаққа велосипед жолы тұсына яғни, көпiрдiң екiншi жағына велосипед көлiгiн жалға беруге қояйын деп едiм қайда жолыққаным дұрыс бұл сұрақпен? Және, орынды жалға алу канша болады? Айтып жiберсеңiздер жақсы болар едi. Көңiл бөлгендерiңiзге көп көп рахмет! Жауап: Құрметті Ерлан!
Сіздің Орал қаласы әкімдігіне жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз,
Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында велосипедтерді жалға беру қызметімен айналысу үшін, Сізге «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жолығу қажет екенін мәлімдейміз. Достық даңғылы, 182/1, тел: 50-52-06.
11.05.17 Анаргул Сәлеметсізбе Нариман Төреғалиұлы! Мен Д.Қонаев атындағы шағын ауданы, 27 үйдің тұрғынымын, осы үндеуімді Сізге осының алдында жазған болатынмын. Алайда еш нәтиже шыккан жоқ. Мен өзім тұратын үйдің ыстық су үйге кіргенен бастап болған жоқ еді, осы мамырдың мейрам күндері берген болатын, алайда салқын су жүретін құбырданда, ыстық су жүретін құбырданда ыстық су ағып қайта 10 мамыр күндері ыстық суды беруін қайта тоқтады, сол мәселені және газ мәселесіне қатысты өз кұзіретіңіз шегінде Өтінішімді қарап, көмек беруге ықпал етуіңізді сұраймын. Жауап: Құрметті Анаргүл!
Қазіргі таңда, Қонаева шағынауданындағы № 27 тұрғын үйінің қазандығы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімне беру бойынша жұмыстары жүргізілуде. Теңгерімге беру жұмыстары толықтай аяқталғаннан кейін тұрғын үйдегі инженерлік желілердің сұрақтары толықтай шешімін табатын болады.
Тұрғын үйдегі газ мәселесі бойынша, тұрғындардың 70 пайызнан астамы газ қосудағы алдын ала төлемдері толықтай жүзеге асырылғанан кейін тұрғын үйге қосылатын болады.
11.05.17 Умирзак Мендешов Осыган дейн турган Жер тизиминдеги кезегимиз сактала ма, болмаса жанадан тиркелу керек пе Жауап: Құрметті Өмірзақ!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған сұрағыңызға орай, тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке тұрғандығыңызды дәлелдейтін хабарлама қолыңызда болған жағдайда Орал қаласының жер қатынастары бөліміне Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столға алып келуіңіз қажет екендігін хабарлаймыз. Аталған тізімде кезек сақталады.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан білуіңізге болады.

11.05.17 Райхан Жанболатовна Салеметсизбе. Менин жасым 30 да менин 5 кызым бар.Биринши кызым 8 де екинши кызым 5те ушиншм кызым 4 те тортинши кызым 3 те бесинши кызым 2 де.Патер жалдап турамыз.Кандай комектериниз бар.Уйге кезекке туруга кандай документтер жинайды. Жауап: Құрметті Райхан!
Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай,
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, аз. Райхан Жанболатовна тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
Есепке қою үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш.
Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есепке қою туралы өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін не паспорттарын;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерінің көшірмелерін;
4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);
5) есепке қойған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы);
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұрақты тұру мерзімін растау үшін өтініш беруші аталған фактіні растайтын құжаттарды ұсынады;
7) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
8) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты;
9) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады;
10) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін анықтайтын құжаттарын ұсынады.
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмеген не жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан не отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
10.05.17 Ерхан Мусин Менің əкем жер кезегінде тіркеуде тұрған болатын..сол жөнінде білгім келеді..нешінші орында тұрғанын жəне қай жылы берілетінін...естіп жатым қазір жер өзі емес сол жерге үй салынып беріледі деп сол қаншалықты шынайылыққа жанасады...əкемнің аты жөні Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы(Мусаевич Жауап: Құрметті Ерхан!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай,
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, Сіздің хатыңызда көрсетілген әкеңіздің жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтініші арнайы есепте тіркелмегенін және Сізге жергілікті атқарушы органға жолығу керектігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес қабылданған шешiмге шағым жасау құқығыңыз бар екенін жеткіземіз.
10.05.17 Назгуль Сагингалиева Саламатсызба мен 2007 жылы мамыр айында жердин кезегине турып едим .сол жер кай кезде бериледи .4 баламен патер жалдап журмиз Жауап: Құрметті Назгуль!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Сіздің 2007 жылы 10 сәуірдегі №С-478 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелгендігін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 9705.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.
10.05.17 Акдарига Ерикешева Құрметті қала әкімi! Мен Кунаев 27 үйдің тұрғынымын. Уй өзіңiз бiлетiндей жаңа,окинишке орай жылы су мен газдың мәселесі шешілер емес. Баламыз кішкентайы аурудан көз ашпай жатырмыз. Тобе толған шұрық-тесiк. Осы сұрақты бир жақты етіп шешип беруиниз суралыды. Жалгыз 1 гана үй гой сол Кунаев шағын ауданында. Өтінеміз газ берілсе екен. Жауап: Құрметті Ақдариға!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз,
6 шағынаудан, Д.Қонаев көшесі, 27 үй бойынша мердігер мекемемен ішкі және сыртқы газбен жабдықтау жұмыстары аяқталып, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ң Батыс Қазақстан өндірістік филиалының өкілдерімен газбен жабдықтау жүйесін қабылданған болатын. Аталған үй тұрғындарынан қаражат жинақталған жағдайда газды қосу жұмыстары жүргізіледі.
Наурыз және сәуір айларында ыстық суға ақысы төленбегендіктен ыстық су беру уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта ыстық суды және газды қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.
10.05.17 Сауле Салеметсизбе?мен коп балалы сна.озим ауылда мал устап .уй алгым келеди.бирак салатын залогка уйим жок.кандай кенес .комек бар.жумыстан кашпаймын.4миллиондай акша алсам. Жауап: Құрметті Сәуле!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай,
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтитын жана бағдарламалар ашылып жатырғанан хабарлаймыз. «Сыбаға» және «Береке» бағдарламалары бойынша несие алуға мүмкіндік бар, бірақ міндетті түрде кепілге қоятын мүлік болуы шарт. Қосымша мәлімет алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуыңызға болады.
Ихсанова көшесі №38, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Батыс Қазақстан филиалы. тел.8 (7112) 24-15-26, эл.пошта zko@fagri.kz
Қосымша, Сіздің сұрағыңызға сәйкес мемлекет тарапынан берілетін несие туралы төмендегіні мәлімдейміз:
Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын несие беру жұмыстары басталуда. Аталған бағдарламаға өз қызметін жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын жұмыссыздар, өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен оның мүшелері қатыса алады. Бағдарлама қатысушылары шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауылшаруашылығы коопертивтерін құру үшін 7 жылға дейін, 6%-дық мөлшерлемемен, несиенің ең жоғары сомасы 16 млн.теңгеге дейін ала алады.
Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіруші әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік бөліміне, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорына, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығуы керек.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама қатысушының міндетті түрде кепілдемесі болуы шарт.
10.05.17 Гулхан Бахтибаевна Сәлеметсіз бе. Мен үй мәселесі бойынша жазып отырмын. Как рассказал аким области Алтай КУЛЬГИНОВ, он побывал на станции скорой помощи в Уральске.
- В прошлом году мы обновили автопарк скорой помощи, закупили 60 единиц автотранспорта. Будем еще закупать в новом году транспорт. Но еще у нас нехватка врачей и бригад скорой помощи, недостаточно квалифицированного медицинского персонала, - сообщил аким области.
Алтай КУЛЬГИНОВ пообещал создать все условия для квалифицированных врачей.
- Мы будем выдавать квартиры, приезжайте к нам, - сказал аким области.
Подробнее: http://mgorod.kz/nitem/v-zko-zovut-vrachej-obeshhaya-vydavat-kvartiry/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на mgorod.kz
БҚО əкімі А.Кулгинов мырза Дəрігерлерге үй беремін деген еді.Бірақ здравоохранегияга жазған өтінішіме


Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Сіздің басқарма басшысының блогна жолдаған сұрағыңыз бойынша хабарлайды.
Тұрғындарды тұрғын ұймен қамту мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатқанымен, басқарма басшылығы тарапынан медициналық кызметкерлерге, соның ішінде дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін үнемі назарда ұстап, облыс басшылығының алдына қойып келеді. Алайда күні бүгін аталған мәселенің шешу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз.
Деген жауап алдым. Үй мәселесінің шешімін қарап беруіңізді өтінемін
Жауап: Құрметті Гүлхан!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай,
Сіз тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұрмағандығыңызды хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сізге кезекке тұру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментіне» (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, Құрманғазы көшесі, 173-үй) жолығуға болады.