Әкім блогы

Сұрақ жауап

09.02.17 Альмира Хабиева Мен осы 761 турганыма неше жыл болды еш жылжымайды сонда калай ол жетим балаларды уймен камтамасыз етемиз дейсиз де очередке орналастырганынызга мазсиздер ешкандай дурыстык жок мен коп куттим берилер деп енди озиме тиесили уйди алу ушин сонда сиздермен миндетти турде соттасып алуым керек пе алде бул тек козбояушылык па ешкандайда уй бермейтин шыгарсыздар омиримизге тугандарымыздын есигин тоздырумен журетин шыгармыз жумыскада кирмей балада окыта алмай маган осы маселемди шешип бериниздер уйімди кезекпен алу ушин мумкин акша немесе мал сурап турсыздар мА. Жауап: Құрметті Альмира!
Сіз 2011 жылғы 13 желтоқсанда «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-761.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.
09.02.17 Керимбаева Айжан Саламатсызба, менің 6балам бар, үй кезегінде мін. маған счет аштыру керек екен, бірақ менде шотқа салар ақшам жоқ, балдардың льготы 30000теңге, мен үйді қалай аламын, жəне кезегім неше, рахмет Жауап: Құрметті Айжан!
Сіздің қала әкімі жеке блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2015 жылы 1 сәуірде «Көп балалы отбасылардың» тізіміне 8450-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 5444.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі
09.02.17 Кожанова Мархаба Сергейкызы Сәлеметсіз бе? Мен 2012жылдан бастап жетім бала ретінде үйде кезекте турмын. 2010жылдан бастап жерде қашанғы бұл кезек козгалар емес қашанғы күту ге болады акиматка қабылдауға баргам казір қабылдап жатқан жоқпыз деп қайтарып жіберді қашанғы табалдырық тоздырамыз соны білім келеді өтінемін сурагымды жауапсыз қалдырмассыз деп үміттенемін. Жауап: Құрметті Мархаба Сергейкызы!
Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сіз 2012 жылғы 23 шілдеде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1170-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-905.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.
Сіздің жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмеген. Өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
09.02.17 Айнұр Ғинаятова Сәлеметсіздерме. Мен жер кезегін білейін деп едім.Қалай қарауға болады? Жауап: Құрметті Айнұр!
Сіздің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №Ғ-11401 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 61631.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
07.02.17 Эльмира Утегалиева Кайырлы кун! жер телымын алуга 2009 жылы тамыз айында тыркелген болатынмын, кезегымды билейын дегем. рахмет Жауап: Құрметті Эльмира!
Сіздің 2009 жылы 26 тамыздағы №Ж-278 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 44343.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
07.02.17 Утешкалиева Алмагуль Сериковна Құрметті Нариман Туреғалиұлы! Орал қаласы Мясокомбинат ауданы Н.Видящев көшесінің тұрғынымын. Ауа райы жаңбырлы күндері, күз, көктем мезгілдерінде осы көшемен жүру қиын. 3 бірдей баланы мектепке баруға аялдамаға апарудың өзі мүмкін емес. Сонымен қатар көшеде жарық шамдар орнатылмаған, күн қарайған кезде көшемен жүру қиынга соғады.Қоқыс жәшіктері атымен мүлдем жоқ. Ұрлық кобейып жатыр. Осы жол мәселесін қарастырып, ықпал етуіңізді сұраймын. Осы хатты Сіздің атыңызға үшінші рет жолдап отырмын, өкінішке орай Сіздің тарапыңыздан ешқандай шара қолданылмай отыр. Жауап: Құрметті Алмагуль Сериковна!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Мясокомбинат ауданындағы Н.Видящев көшесінің жарықтандыру сұрағына қатысты жарықтандырудың есептерін дайындауға және орнатуға техникалық мүмкіндіктерді қарастыру бойынша «Жайық Жарығы» ЖШС-не тапсырма берілгенін хабарлайды. Сонымен қатар, Мясокомбинат ауданындағы Н.Видящев көшесінің жолын жөндеу жұмыстары 2017 жылғы жолдарды ағымдағы жөндеу жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатынын қосымша хабарлаймыз.
Бұған қоса, қоқыс контейнерлерін орнату сұрағына қатысты, қатты төсемі бар жолдардың болмауына байланысты, қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерін орнатуға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдейміз.
06.02.17 Нуржауган Зайлагиева мен 2007ж жерге тиркелип койып едим соны калай билуге болады Жауап: Құрметті Нұржауған!
Сіздің 2008 жылғы 10 қарашадағы №З-36 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 36467.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
06.02.17 Талпын Доскалиев Салеметсиз бе.Биз Орал каласы Комсомольская кошесинин бир топ тургындары осы отиништи жолдай отырып сизден комек сураймыз.Комсомольская кошеси каланын как ортасында Облыстык Акимшиликтин артында орналаскан кошемиз асфальтталмаган жане жарык жок.Кариялар мен балаларга журип туру киын.Осы еки маселени шешип беруинизди сураймыз.Рахмет. Жауап: Құрметті Талпын!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған ұжымдық өтінішіңізге орай, Орал қаласы Комсомольская көшесінің жолы күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді, бірақ аталған көшені жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты, 2017-2018 жылдың жолдарды күрделі жөндеу жоспарына қосу мүмкіндігі жоқ екендігін мәлімдейді.
Сонымен қатар ауа-райы қолайлы жағдай түскеннен кейін, Комсомольская көшесінің жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлім мамандарының орынға шығумен тексеріліп, Орал қаласының жолдарын ағымдағы жөндеу жоспарына қосу мүмкіндігін қарастырылады.
Көшені жарықтандыру сұрағы бойынша, аталған көшені жарықтандырудың есептерін дайындауға және орнатуға техникалық мүмкіндіктерді қарастыру бойынша «Жайық Жарығы» ЖШС-не тапсырма берілгенін хабарлайды. Есептер дайындалған соң, мақсатты қаржыландыру бөлінген жағдайда аталған көшені абаттандыру жоспарына қосу мүмкіндігі қаралатын болады.
03.02.17 Қайсар Ермекбай мен 2011 жылы наурыз айының 16сы жер кезегіне тұрдым. Жерге кезекте тұрғандарға жер берілеме және қандай басқа да бағыттары бар. Мен құжаттарды 2016 жылы көрсетіп бәрі дұрыс делінген. Биылға қандай өзгерістер енгізілген, менің жер алуға қаншалықты күту уақытым кетеді? Рахмет Жауап: Құрметті Қайсар!
Сіздің 2011 жылы 16 наурыздағы тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 50844.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр. Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді.
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден біліуіңізге болады.
03.02.17 Салимова Жадыра Катимгалиевна Сәлематсызба Нариман Төрегалиұлы!
Біз, қозғағалы отырған мәселе жолаушылар тасмалдаушы № 45 маршрут, (№5 емхана мен Зачаган ауылы аралығына қатынайтын) Газель автокөлігіне қатысты. Соңғы кезде қаланың Солтүстік Шығыс ауданында көптеген жаңа ғимараттар салынып, (көп қабатты тұғын үйлер, көп салалық емхана, оқушылар сарайы т.б.) қаламыз көркендеуде, осыған байланысты қызмет істейтін тұрғындар саны да артуда. Жұмысқа шыққан тұрғындармен, мектепке немесе бала бақшаға шыққан кіп кішкентай балалар сағат 07-30 дан жолаушылар тасмалдаушы №45 маршрутқа мінулері мүмкін емес. Маршруттың іші ылғи лық толы болғандықтан аялдамаларға тоқтамайды. Тоқтаған уақытта да жолаушылар екіге бүктеліп, (Газель автокөлігі аласа болғандықтан ) тұру қиындық туғызады. 16 орындық Газель автокөлігіне 25 адамның мінгенін көрсеңіз. Күн аязда ұзақ уақыт аялдамада тұғандықтан, балаларымызға суық тиіп ауырып қала береді. Таксимен жүретін артық қаражатымыз жоқ. Кейбір маршрут шоферлары кішкентай балаларды «Рюкзак-сөмкелеріңмен сыймайсындар» - деп алмай кетіп жатырған кездері болады.
Жолаушылар тасмалдаушы №45 маршруттарының орнына неліктен үлкен автобустар шығарылмайды?
Осы мәселенің шешімін табуға ықпал етіп, бақылауға алуыңызды сұраймыз.
Құрметпен
Жанғалиев,Салимов,Макасов ,Постубаев және т.б. отбасылары
Жауап: Құрметті Жадыра Катимгалиевна!
Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: №45 маршрутты конкурстық ережелерге сәйкес «Батыс Дилижанс» ЖШС қызмет етеді. №45 маршрутында аралық уақыты 5 минутты құрайтын кіші сыйымдылықты 25 автобус жұмыс жасайды. Жолаушылардың көптігіне байланысты, осы маршруттың жүргізушілері жолаушыларды тасымалдауға 100% қамти алмайды, әсіресе қарбалас уақытта, сондықтан Орал қаласы әкімдігімен тасымалдаушы кәсіпорын басшыларына автобус санын көбейту және қозғалыс кестесінің уақытын азайту бойынша тапсырма берілді.
№ 45 маршрут жұмысы бақылауға алынғандығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, №45 маршрутының жүру кестесі сақталмаған жағдайда, «Батыс Дилижанс» ЖШС-нің 21-02-17 диспетчерлік нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
02.02.17 Айсулу Айбасова Саламатсыз ба Нариман Турегалиев. менин есимим Айсулу, 25 жастамын, турмыстамын, 2 жасар кызыммен уйде отырмын. Жолдасым екеумиз уйленген жылы Жилстройсбербанктен уй алайык деп шешкенбиз. Жилстройсбербанктин "доступное желье" сестемасын билетин шыгарсыз?! Уй алу ушин 3 жылга счет ашып, осы уакыт аралыгында уйдин 50% суммасын жинап, калган суммасын 7 жылга банктен 4% пен несиеге береди. Сол кезде 1 болмели патер 4 млн, 2 болме 5 млн, 3 болме 6 млн болган. Жолдасым екеумиз 1 болме болса да озимиздин баспанамыз болсын деген максатпен ЖССБ тен 2012 жылдын май айында 2 млн га договорга отырганбыз. Уакыт отек келе, кызымыз дуниеге келгесин, жагдайымыз жаксаргасын баламен 1 болме тарлык етер, 3 болмели уй алайык деп шештик. 2014 жылдын кыркуйек айында договордын суммасын озгертуге барганымызда казир 3 болмели уй 7,5 турады деп айтты. Биз ладно, баска амал жок. Уй алудын самый дешевый вариаты осы деп келисип , 2 млн га курылган договорымызды 4 млн-га озгерттик. Биз счет ашкан жылы уй кымбаттамайды, кандай суммага договор курсаныз сол сакталып калады деп айтып еди, бирак уйдин суммасы ар жыл сайын осип турды. Енди акшаны жинадык ау, уакытымыз келди ау деп квартира алуга заявка бергенимизде отпей калдык. Акшасы бар адамдардын балл дары да коп болып, ылгый байлар оттип кетти. 2016 жылдын кыпкуйек айында бир 9 этажды уй берилди. Онын тек бир ак подъезди ЖССБ вкладчиктерине, калган подъездтери баска программамен. Сойтип 1005(заявка берген вкладчиктын саны) кисинин ишинен тек 72 адам патер алды. осы берилген уй 7,5 млн нан 8,5 млн ге дейн осипти,бул 3 болмели уйдин суммасы. енди не болады 2016-2017 жылдага уй салу планда жок дегенди естип ан тан болып отканда, 2016 жылдын ноябрь айында ЖССБ уш уй салып жатыр соган конкурс болады деп хабарлады. Биз енди осы жолы точно аламыз деп куанганымыз сол еди, ол куанышымызда су сепкендей тез басылды. Уйдин суммасын катты кымбаттатып жебеипти. Бир болмели патер 5.600000 бен 7.600000 аралыгында, еки болмели патер 8.400000 мен 10.400000 аралыгында, ал уш болмели 11.400000 мен 12.400000 аралыгында. Уйдин суммасы патердин квадрат метрине байланысты (малогабаритный, многогабаритный) ар турли. Сойтип 2012 жылы кв метири 90 мын болган уй, 2016 жылдын аягында 140 мынга дейн котерилди. Уйдин кымбаттауы материалдын осуне байланысты жане де "доступное желье" деген багдарлама битип "нурлы жол"программа басталды деп жауап берди. Ол программанын условиелары да озгерди. Бурынгыдай 50% емес 30% акша жинау керек , калган сумманы 7 жылга емес 20-25 жылга узарттык деди. онын себебин "госудаствога 7 жылга несие берген не выгодно, 20-25 жыл деп озгертилди" деп жауап кайтарды. Биз конгиш халыкпыз гой. Уйдин кымбаттаганына, качестовасынын шамалылыгына, планировкасынын шамалы екенине ундемей келдик. Бурын осындай уйлер тегин берилди гой, Жай уй гана емес подвалдан орын, гараж да коса берилген. ал казир уйдин озин береди, подвалда жок. барин магазин кылып тастаган. Енди осы жасап жаткандары тым шеттен шыгып кетти. суммасын кымбатканымен, жылды узартканымен коймай процентная ставкасын да осирип жеберипти. Уйдин 50% ин жинасан, калган несие 5% пен бериледи. Ал егер 50% болмаса процентаня ставкасы кымбат болады дейди. Февраль айында пятно№4 документ кабылдап бастады, пятно №35 мартта, ал пятно №40 апрель айында документ кабылдайды. Мен озим бармадым, потому что биз по очереди мартта барамыз. Пятно№4 ке откен таныстарымнын айтуы боынша ЖССБ карапаым халыктын канын ишип, без выходное положениеге калдырыпты. Достарымыз 8 млн нын еки болмели уйне отип еди, оларга 25 жылга 60 мыннан толейсиндер депти. Ал уш болмели уйге откен нагашы апама 25 жылга 95 мыннан келип тур деп айткан. Тагы бир танысымыз уй кымбат, уйден отказ жасайм десе , оган ойланыныз деп отказдын арызын кабылдамай кайтарып жеберипти.Бул обычная ипотека болганы ма сонда. 25 жылда ким бар, ким жок. Адам баласы болгасын ауыраты бар, жумыссыз отырып калатыны да бар, баска да жагдайлар болады. Сондай кезде карапайым халык не истемек деген сурак туындайды менде. Но мына нарсе оте шеттен шыккан арекет деп ойлаймын и халык та менимен келиседи деген ойдамын. Барине конип, коз жумып келдик. Бирак процентная ставкасын кымбаттаткандары оте кате нарсе. карапайым халыкка комектесудин орнына, сол халкын тонап отыр гой басшылар. Бай акшасы бар басшыларга 8 млн, 12 млн деген кулкили шыгар, но биз сиякты квартира жалдап откан жас жануяга ол оте киын. 1 болмели патреди 5 жыл бойына 35 мынга жалдап отырмыз. ЖКХ нын арзанга уй алу категорияларына келмеймиз. Мен бурын сонды да жазып едим,осы узыннан шубак жан сырымды жазганга бир еки ауыз созбен жауап катады. менин жазганым басшыларга, Нариман турегалиевичка да жетпейтинин билемин. но все ровно надеюсь, что осы жазганым басшылардын кулагына жетеди деп. уй болмели уй ге 20 жылга 60-60 мыннан толесек екен, 95 мын деген кара халыктын канын ишу. Нариман турегалиевич либо Алтай Сидорович ЖССБ басшысына барып процентная ставканы 5% пен калдыруын сураймын. Ондай жагдай болмаса "питиция " жариалаймын. ЖССБ вкладчиктерин жинап бардыгынын уйден отказ беруине жариялаймын. мени дурыс тусинеди деген ойдамын. Жауап: Құрметті Айсұлу!
Сіздің өтінішіңізде қойылған сауалдарыңыз қала әкімдігінің құзыретіне кірмейтіндіктен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры атына хат жолданған болатын.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жауабын қоса жолдаймыз.
02.02.17 Хиуа Каламанкызы Мен,Утегалиева Х.К
2012 жылы жерге кезеке тұрғам, кезекте нешінші тұрғанымды айта аласыз ба? Рахмет
Жауап: Құрметті Хиуа!
Сіздің тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 62795.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.
01.02.17 Жанболат Құрметті қала басшысы.Сау саламаттығыңызды тілей отырып сіздің бүгін депо мостысын жөндеу жөнінде мостыны келіп көргеніңізді оқып қуана отырып сізге 70 жанұя атынан қояр сауалымыз біздің үйіміздің мостының түбінде тұрған Құрманғалиева 1/1-1/2 тағдыры жөнінде білгіміз келетінін жалына жалпая сұраймыз... Жауап: Құрметті Жанболат!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңзге орай, «Орал қ. Депо аумағындағы жол өтпесін қайта қалпына келтіру» жобасымен аумақтағы ғимараттар мен тұрғын үйлерді бұзу қарастырылмаған.
27.01.17 Хабиева Альмира Куаныновна Салеметсиз бе мен ата анам жоктыгына байланысты патер кезегинде турмын маган кашан бериледи ана жылы коп жетим балдарга берилди го мен жумыс жасамаймын бир кызым бар туысканымнын уйнде турамын кезекте турмыз енди не сурайды уйди алу ушин тусинбедим мен укиметтен болинген уйди беруге кызгана ма алде биз бирдене бери уй алуымыз керек пе олай болмаса 6 жылдан бери карай табалдырыгын тоздырдым натиже жок енди сурайын дегеним маган кандай комек бар патерди ипотекага алуга ен болмаса соган комектесиниз ши ипотекага толеп туратын патер алуга Жауап: Құрметті Альмира!
Сіз 2011 жылы 13 қарашада «Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 761.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін хабарлай отырып, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына
сәйкес-«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша–ЖАО-да кезекте тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1 ), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: (көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi) көзделген адамдардың санаты бойынша азаматтар қатыса алады.
26.01.17 Жакаева Кабира Саламатсыздар ма Нариман Төреғалиұлы!осыдан бұрын да хат жазып едім. Былтыр да қабылдауыңызда болдым. Қазір жасым 95те көзімнің тірісінде Мемлекеттен жалға алған пəтерімді өз атыма аударып алуға мүмкіндігім бар ма? Биыл 95 жасқа толып отырмын сонда арендалық төлем неше жылға жалғаспақ? Өзім тылда жұмыс жасадым, жолдасым ҰОС ардагері, алтын алқа игерімін сонда үкіметтен алған пəтерімді заңдастыра аламаймын ба? Келесі соңғы сұрағым біз жаңадан алған пəтерге ақпан айының басында көшіп келдік. Оған дейінгі жылуға бережақ төленбеген. Əлі күнге дейін ескерту түбіртегі келіп жатыр. Ол бережақты кім төлейді сонда? Жылу қазан айында берілсе, қараша,желтоқсан, қаңтар айының бережағы тұр үстімізде. Ақпан айынан бастап өзіміз төлеп келеміз. Бұл сұрақты Арман Тілекешұлының қабылдауына барып қойғанбыз. Қаржыландыру болғанда аударылады деп еді олмен оғанда жыл жарым уақыт өтті. Бізге дейін бұл пəтерде күзетшілер тұрып келген оған айналамдағы көршілерім куə, олардың жаққан газын, су шығындарын өз қалтамыздан төледік. Бірақ, жылудың қаржысын қалтам көтермей отыр. Осы сұрағымды шешіп берсеңіздер деп едім. Жауап: Құрметті Қабира апай!
Сізге қала әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №235 қаулысы негізінде жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлердің санаты бойынша мекенжайы: Орал қаласы, Зашаған кенті, Арман шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі, 108/1-үйден, 3-бөлмелі 63-пәтер 5-адамға кезек тәртібімен берілген. 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда, күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
7-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, бейбіт уақытта әскери қызмет міндетін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар;
10) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, ішкі істер органдарының қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлері, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы.
Егер де Сізге жоғарыда аталған жеңілдектердің біреуіне сай болған жағдайда, өз пәтерін өтеусіз құнымен жекешелендіре аласыз, бірақ жеңілдіктері болмаған жағдайда ол бұл пәтерді өтеулі (қалдық) құнымен жекешелендіруге құқығы бар екендігіңіз жөнінде назарыңызға саламыз.
Қосымша: Бүгінгі таңда жоғарыда аталған мекенжайдың бережағы жөнінде «Жайықжылуқуат» АҚ-нан хат келгеннен кейін біздің тараптан есептесетінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесі» тұрғын үй көмегінің төлемдері бойынша қызмет көрсетеді:
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысының төлемдері;
тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемдері.
Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы сессиясының № 30-5 шешімімен бекітілген «Орал қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртiбiн айқындау туралы» Қағидасына сәйкес:
Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшiн: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан 7% көлемiнде белгіленеді.
Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ХҚКО) өтiнiшпен келесі құжаттарды ұсынуыңызға болады:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарт;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығына тұрғын үй көмегін тағайындау үшін коммуналдық қызметтерге 2017 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына төленген түбіртектер, отбасының табыстары ұсынылады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде кеңес алу үшін төмендегі мекенжайға жолығуыңызға болады: Достық-Дружба даңғылы 161, жұмыс күні сағат 9-00дан 18-30 дейін, үзіліс 13-00 - 14-30 тел. 93-35-73, 15 каб.
26.01.17 Карлгаш Жаксыгалиевна Даулетбаева Саламатсызба?! Мен Орал қаласы 25-чапаевская дивизия 4, 30 пəтер тұрғынымын. Осы үй тұрғындарының мəселесі салкын судың жоктыгы. Жертөледегі құбырлар шіріп кеткен. Кск "Геолог" акша жинау туралы шешим шыгарган. Ар пәтерден 3000 тенге алайда кейбир тургындар қаражат тапсырудан бас тартып отыр (себеби тургындардын айтуынша осының алдында акша жинап алып бурынгы кск басшысы жеп кеткен). Зашаган кенті əкімшілігіне арыз жазганбыз алайда кск-га силтеп отыр. Комуналдык толемдерди ай сайын уакытылы толеудемиз. Жертоледеги құбырды ауыстыру үшін кандай іс-əрекет жасауга болады? Комек сұраймын. Жауап: Құрметті Қарлығаш Жақсығалиевна!
Сіздің Орал қаласы әкімінің жеке блогына жолдаған өтінішінізге орай, «Геолог» ПИК-нің ақпараты бойынша Сіздің мекенжайыңызда 2016 жылдың қыркүйек айында үйдің инженерлік желілерінің жағдайы жөніндегі пәтер иелерінің жалпы жиналысы өткізіліп, барысында салқын сумен қамтамасыз ету жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдейміз. Қазіргі таңда қосымша арнайы қаражатты 60 пәтер ішінен тек 30 пәтер тапсырған. Қажетті қаражат мөлшері жиналғаннан кейін пәтер иелері кооперативі құбырды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын бастауға әзір. Соған орай, Сізге пәтер иелерінен қосымша арнайы қаражатты жинауға пәтер иелері кооперативінің қызметкерлеріне жәрдемдесуді ұсынамыз.
Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативіне төленетін ай сайынғы күтіп-ұстауға қажетті төлемдер есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Күрделі жөндеу жұмыстары арнайы қаражат жинау арқылы жүргізілетінін мәлімдейміз.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша 2017 жылдың 11 ақпанында сағат 12:00-де Сіздің мекен жайыныз бойынша «Геолог» ПИК-нің бастамашылығымен тұрғындардын жалпы жиналысы жоспарланғанын мәлімдей отырып, аталған жиналысқа түгелдей қатысуыңыз сұралады.
24.01.17 Есалиев Кенжегали Құрметті Нариман Торегалиұлы!Сізден бізге көмек керек. Достық ауылынан жаңа үй салып едім. Газдын трассасын тарттыруға ТОО "Кварц" В.А.Харченкоға 250 мыннан 5 үй ақша төледік. Содан бері 6 ай өтті. Осы мәселемен көмектесуін сұрап ауылдық әкімге және аудан әкімі Жакуповқа желтоқсанның 20 күні барып көмектесуін өтіндік Қаңтардың 20 дейін мәселенің шешілетіндігін айтты. Бірақ, осы күнге дейін ешқандай нәтежие жоқ. Кішкентай немерелерім бар. Үй салқын. Электро жылытқышпен отырмыз. Сізден басқа көмек сұрайтын адамымыз қалмады. Осы мәселеге көмектесуіңізді сұраймыз. Жауап: Құрметті Кенжегали!
Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Сіздің тұрғылықты жеріңізге байланысты Достық ауылы Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданына тиесілі.
Сондықтан, газ өткізу мәселесі бойынша жазған өтінішіңізді Зеленов аудан аппаратына жолданғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Владимир Александрович Харченкоға телефон арқылы Сіздің мәселеңіз ескертіліп, шешу мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.
23.01.17 Сисенгалиева Динара Маратовна Сəлеметсізбе!менің сұрайын дегенім Орал қаласының əкімі Нариман Төреғалиевтің Зачаганск кентінде халыққа есеп беруі қай күні жəне сағат нешеде болады екен? Жауап: Құрметті Динара!
Орал қаласының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің және қаланың селолық округі мен кенттер әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу кестесі Орал қаласы «Жайық үні» 06.01.2017 ж. № 1 (1347), «Пульс города» 06.01.2017 ж. №1 (1270) баспаларында және ТДК-42 теледидарында жарияланған болатын.
Зачаганск кенті әкімі А.Қадыровтың есебі қала әкімі Н.Төрегалиевтің қатысуымен 20 қаңтар күні сағат 17.00 №30 жалпы орта білім беретін мектебінде (Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі, 51) өткенін мәлімдейміз.
Қала әкімі Н.Т.Төреғалиевтің 2017 жылы 14 ақпанда, сағат 16.00-де «Нұр Отан» ғимаратының үлкен залында өтетін кездесуіне (Ж.Молдағалиев көшесі, 19) қатыса аласыз.
20.01.17 Айнур Ерболатовна Салеметсизбе аким мырза. Патер жалдап туратын едим тургын уй кезеги али алыс бирак казирги танда уакытша прописка шыкты. Осы кыс тургызган сон патер иеси тургызбаса укимет тарапынан комек болама ? Жауап: Құрметті Айнұр Ерболатовна!
Сіз 2016 жылы 28 маусымда «Көп балалы отбасылардың» тізіміне 9155-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз – 6196.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі.
Сіздің тіркелімге қатысты сұрағыңыз бойынша, аталған мәселе Орал қаласы әкімдігінің құзыретіне кірмейтіндігін және осы сұрағыңызбен Ішкі Істер департаментіне жолығуыңызға болатынын мәлімдейміз.
20.01.17 Эльмира Сатыбаева Жер кезегімді білу Жауап: Құрметті Эльмира!
Сіздің 2009 жылы 5 ақпандағы № С-92 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 40031.