Әкім блогы

Сұрақ жауап

20.01.17 Гулшат Губашева Мен 2008 жылы жер участогын алуға тіркелдім. Осы кезекте тұрғандарға қай уақыттан бастап жер беріледі?Жауап күтемін. Рахмет. Жауап: Құрметті Гүлшат!
Сіздің 2008 жылы 3 маусымдағы №Г-7 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31510.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.
20.01.17 Serikov Temirlan Орал қаласының әкімі Н.Т. Төреғалиевке, көшірмесі: Орал қалалық мәслихатының № 7 сайлау
округінің депутаты М.Ж. Каженовке

Біз «Ескі аэропорт» шағын ауданы, Н. Майданов және Войнов Интернационалистов көшелерінің тұрғындары, Сізден аталған көшелердің жол мәселесіне назар аударуыңызды сұраймыз. Қазіргі таңда қыс уақытында қардың арқасында еш шағымымыз жоқ. Алайда көктем, күз мезгілдерінде көшедегі балшық, тізеден келетін қар мен жаңбырдың суы, осы жерден өтетін балалар, тұрғындар мен автокөліктердің жүріп тұруына әбден қиыншылық пен ыңғайсыздық келтіруде.
Осыған орай, Сізден осы жылға жоспарланып отырған көшелердің жөндеу жұмыстарының тізіміне Н. Майданов және Войнов Интернацианалистов көшелерін енгізуіңізді сұраймыз. Жаңа асфальт болмасада, ескі асфальт немесе ұсақталған тас (щебень) төсеп беруіңізді өтінеміз.
Аталған мәселенің шешімін табатыныңызға сенеміз.
Хаттың жауабын заңмен белгіленген уақытта жолдауыңыз сұралады.
Жауап: Құрметті Темирлан!
Орал қаласының әкімдігі, бүгінгі таңда «Старый аэропорт» шағынауданы Н.Майданов және Воинов-Интернационалистов көшелердің жолына асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жоспарда жоқ екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар, 2016 жылы Воинов-Интернационалистов көшесінің негізгі бөлігіне құмды-қиыршық тас төсеу жұмыстары орындалғанын хабарлаймыз. Воинов-Интернационалистов көшесінің қалған бөлігіне және Н.Майданов көшесінің жолына құмды қиыршық тас салу мүмкіндігі 2017 жылғы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында қарастырылады.
20.01.17 Ержан Султанов Саламатсызба менім сұрағым Сел хоз назначениеге берілген жерді сатуға болaма Жауап: Құрметті Ержан!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 25 бабына сәйкес, егер осы Кодекс және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандайда бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады.
Яғни, егер жер учаскесі жеке меншікке берілген болса азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға, соның ішінде жерді сатуға толық құқығыңыз бар.
Ал, жер учаскесі жалға берілген болса Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскесін жеке меншікке беру 2021 жылға дейін тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тиым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы.
19.01.17 Алибекова Венера Арендага жер алу ушин кайда жолыгуымыз керек Жауап: Құрметті Венера!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, ҚР Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сәйкес жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi, сұралып отырған пайдалану құқығы басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.
ҚР Жер Кодексінің 44-1-бап 1-тармағына сәйкес мемлекет меншігіндегі, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру мынадай ретпен жүргізіледі:
1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) жер учаскесін алдына ала таңдау;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесін алдын ала таңдауды келісу;
4) жер-кадастрлық жоспар жасау;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауы;
6) уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
7) жергілікті жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу.
Жоғары баяндалған негізде, Сізге толық ақпарат алу үшін «Орал қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-не (т.51-27-29) жолығуыңыз қажет екендігін хабарлаймыз.
17.01.17 Аслан Жаналиев 87075151988 Курметти Аким мырза мен осы кала тургынымын. Осыдан он жыл бурын ауылдан келгенбиз. Содан бери жагдайымыз еш озгермеди. Патер жалдап айтеуир кун корип журик. Анам патер кезегинде тур ели бирак ол кезек келгенше олимнин де кезеги келетин шыгар деп коркамын. Шешеммен карындасымды асырап отырмын. Осы Жана жылга дейин курылыста Жумыс истеп едим. Жумыс токтап казир боспын. Маган осы каладан жаксы туракты табысы жаксы Жумыс тауып беруге тикелей жардем етинизши. Тек жумыспен камту орталыгына жиберип керек емес. Ол жерден еш комек болмайды. Мен жаксы табысы бар Жумыс тапкым келеди. Жагдайымды жаксарткым келеди. Отиниш жумыска туруга тикелей комек етиниз. Керек болса баке саке аркылы шешип бериниз. Казтрансойл КазМунайГаз Кашаган Тенгиз сиакты жаксы жерлерге немесе Орал каласындагы Батыс Мунайгаз Жабдыктары Топан Зенит зауыты сиакты табысы жаксы туракты мекемелерге жумыска кируге комек бериниз. Мамандыгым газэлектрменданекерлеуши. Сизге сенемин. Жауап: Құрметті Аслан!
Сіздің анаңыз аз. Р. Бердешева 2012 жылы 1 ақпанында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдардың тізіміне 551-ші нөмірмен кезекке алынған. Қазіргі таңда аз. Р. Бердешеваның кезектегі нөмірі - 283.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер аз.Р. Бердешеваға заң жүзінде кезек бойынша беріледі.
2017 жылы Сіз жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жолыққан жоқсыз.
Тұрақты жұмысқа жолдамалар жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары (бос мамандықтар) туралы мәліметтер негізінде беріледі.
Қазіргі уақытта шетелдік қатысушылары бар компаниялардан, «КазТрансОйл», «КазМұнайГаз», «Қашаған Тенгиз», «Топан» ЖШС және «Зенит» зауытынан «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәлімет түскен жоқ.
Бүгінгі күнге бос жұмыс орындары қорына дәнекерлеуші жұмысына міндетті рұқсатнамамен «газлектрмендәнекерлеуші» мамандығы бойынша «Құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-нан және сол мамандық бойынша «Казармапром» ЖШС-нен «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сұраныс түсті (жалақысы әңгімелесу кезінде анықталады).
Сондықтан, жұмыспен қамту орталығына Достық даңғылы, 161 үй мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады.
16.01.17 Айлена Турбаева жердин очертин билгим келеди Жауап: Құрметті Айлена!
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмегенін хабарлаймыз. Өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
16.01.17 Кабдрешова Райгуль Салеметсиздерме. Мен 19.09.2011ж жер тургын уй курылысы ушин жер учаскесин алуга кезекке турдым.казир кезегим нешинши болып турганымды билейн деп едим Жауап: Құрметті Райгүл!
Сіздің 2011 жылы 19 қыркүйектегі №К-9060 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 53467.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столданбіліуіңізге болады
16.01.17 Лунара Кусаинова Құрметті Әкім мырза №14 уйді қашан бересіз бақандай 3 жыл уақыт өтті Жауап: Құрметті Лұнара!
Зашаған кентіндегі №14 дақ тұрғын үйдің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, тек сыртқы жауын суын әкету каналының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар келесі аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта тұрғын үйге техникалық паспорт алынып, қалалық тұрғын үй бөлімімен қабылдау-табыстау жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үйді қоныстандыру ақпан айына жоспарланып отыр.
11.01.17 Ботакоз Курмангалиева Жолдасым, Сержанов Алихан Саинулы 2010 жылы жер кезегине турган еди. Казирги уакытта нешинши екен билип бересиз бе? Жауап: Құрметті Ботакоз!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, өтінішіңізде көрсетілген мәселе бойынша келесіні мәлімдейді: Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Сізге тиесілі емес жер учаскесі туралы мәліметті беруге құқығымыз жоқ немесе бұл сұраныс сот органдарынан немесе авдокат конторынан болуы қажет.
Арнайы есептегі жер учаскесіне кезекті тоқсан сайын жаңарып тұратын қала әкімдігінің сайтында мына мекен-жай бойынша uralsk.gov.kz қарай аласыз. Сонымен қатар, Орал қаласы жер қатынастары бөліміне келіп жолыға аласыз: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы 182/1, 4 п кабинет, 5 терезе.
11.01.17 Лукпанова Маншук Каиржановна Облыс басшысы Н.Төреғалиевке Лукпанова Маншук Каиржановадан өтініш хат.
Чапаева 26 мекежайындағы үй “СенІмді сапа» ЖШС нің 2016 жылғы 31 мамырдағы техникалық қортындысына сәйкес апатты деп танылған еді. Сол апатты үйде осы күнге дейін қорқынышпен тұрып келеміз. Үйдің фундаменті күннен күнге төмен түсіп ,үйдің ішіндегі жарық ұлғайып барады.Апатты үйлердің кезегінің жылжып жатқанын көріп жатқан жоқпыз.Мен жалғыз басты анамын,сол себептен де басқа жағдайлар болмас па екен.Бізді басқа бір жерге көшіру туралы өзіңізден көмек күтеміз.Тағы бір өтініш:осы үйде 9пәтерде (психическая больная)жалғыз басты қария тұрады.Сол қария үйдің ішінде қағаздарды пайдалана отырып,от жағады.Бұл жөнінде учасковый мен ЧС хабардар, бірақ жауабын таба алмай келеді.Бір күні өрт болып,жанып кетуіміз де ықтимал.Ауызша айтқан сөзіміз осы уақытқа дейін өтпей келеді,сондықтан жазбаша өтініш жазып отырмын.Көмектерсіз деген үміттемін.
Жауап: Құрметті Маншук Каиржановна!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласы Чапаев көшесі 26 үйі «Сектор строительных услуг «Сенімді сапа» ЖШС-нің 2016 жылғы 31 мамырдағы техникалық қорытындысына сәйкес апатты деп танылған.
Аталған үйдің тұрғындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар санатымен тұрғын үй кезегіне қойылған, атап айтқанда М.К.Лукпанованың бүгінгі таңдағы кезектегі нөмірі-182, Н.А.Морозовтың кезектегі нөмірі-183.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.
Сондай-ақ, апатты үйлердің мәселесін бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы арқылы шешу жұмыстары жүргізіліп жатырған болатын. Жоба аясында үш жақты келісім шарт жасалады: құрылыс компаниясы, тұрғындар және жергілікті атқарушы орган. Жергілікті атқарушы орган құрылыс компаниясына жер учаскесін ұсынып, инженерлік желілер тартады.
Жоба аясында апатты үйлер бұзылып, орына көп қабатты үйлер салынады, бұзылған үйдің тұрғындарына пәтерлерінің шаршы алаңына сәйкес, жаңа пәтер беріледі.
Орал қаласы бойынша аталған бағдарлама арқылы 4 апатты үй бұзылып, қазіргі уақытта Деповская көшесі 18 үйдің орына 90-пәтерлік үй салынуда, сондай-ақ, 2-ой км көшесіндегі 20, 21, 22 үйлердің орнына 135-пәтерлік үй салу жұмыстары жүргізіліп жатырғанын хабарлаймыз.Құрметті Маншук Каиржановна!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласы Чапаев көшесі 26 үйі «Сектор строительных услуг «Сенімді сапа» ЖШС-нің 2016 жылғы 31 мамырдағы техникалық қорытындысына сәйкес апатты деп танылған.
Аталған үйдің тұрғындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар санатымен тұрғын үй кезегіне қойылған, атап айтқанда М.К.Лукпанованың бүгінгі таңдағы кезектегі нөмірі-182, Н.А.Морозовтың кезектегі нөмірі-183.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.
Сондай-ақ, апатты үйлердің мәселесін бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы арқылы шешу жұмыстары жүргізіліп жатырған болатын. Жоба аясында үш жақты келісім шарт жасалады: құрылыс компаниясы, тұрғындар және жергілікті атқарушы орган. Жергілікті атқарушы орган құрылыс компаниясына жер учаскесін ұсынып, инженерлік желілер тартады.
Жоба аясында апатты үйлер бұзылып, орына көп қабатты үйлер салынады, бұзылған үйдің тұрғындарына пәтерлерінің шаршы алаңына сәйкес, жаңа пәтер беріледі.
Орал қаласы бойынша аталған бағдарлама арқылы 4 апатты үй бұзылып, қазіргі уақытта Деповская көшесі 18 үйдің орына 90-пәтерлік үй салынуда, сондай-ақ, 2-ой км көшесіндегі 20, 21, 22 үйлердің орнына 135-пәтерлік үй салу жұмыстары жүргізіліп жатырғанын хабарлаймыз.
09.01.17 Калампыр Канаткаликызы Саламатсыз ба! Нариман Торегалиулы мени сизден аренда уй жайында сурайын дегем. Мен инвалид бала багып уйде отырмын, жолдасым жалгыз жумыс жасайды.бирак
тапкан табысы жалга алган квартирден ауыспайды. Екинши жумыс жасайын десе кызымды садикке апарып алып келетин киси жок.Сосын инвалид балам алсин-алсин судрго устап ауырып калады, болницага жатып каламыз, кызды багатын адам жок. Сондыктан еки жумыс жасай алмай отыр. Озимиз ремзаводта тұрамыз,кызым жд вокзалга садикке барады. Турып жаткан квартиримиз салкын.Пеш косып бир болмеде отырмыз. ЖКГ-да кезекте турмыз. Ипотекага документ тапсырып кордик отпедик еки рет. Отинип сураймын уй бериунизди.
Жауап: Құрметті Қалампыр!
Сіз 2015 жылы 26 қазанда «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылардың» тізіміне 8827-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 5942.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін хабарлай отырып, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына
сәйкес-«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша–ЖАО-да кезекте тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1 ), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: (көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi) көзделген адамдардың санаты бойынша азаматтар қатыса алады.
09.01.17 Карлыга Сапина Мен Сапина Карлыға Аронқызы 2004 жылдың 13 сәуірінде жерге кезекке тұрдым.Қазіргі кезде 507 С-242 болып кезекте тұрмын.Осы кезек бойынша жер қашан беріледі? Жауап: Құрметті Қарлыға!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге 2004 жылы13сәуірдегі №С-242 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 507.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді.
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
09.01.17 Айгуль Отаргалиева Мен көп балалы анамын, екі балам балабақшаға барады, ай сайын 25000 теңгенің үстінде балабақшаға төлем төлейміз. Менің сұрағым: екі баласы балабақшаға баратын аналар үшін жеңілдіктер қарастырылмаған ба? Егер жеңілдіктер болса, қайда жолығу керек? Жауап: Құрметті Айгүл!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтішіңізге орай, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысының14 тарамағына сәйкес «Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшiн ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерi баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді».
Жоғарыда аталған негіздерге сәйкес балабақшаға төленетін төлемақы бойынша бала санына жеңілдіктер қарастырылмағанын мәлімдейміз.
09.01.17 Сагындык Кажгалиев Cаламатсызба. Қазір тұрғын үй кезегін білу үшін. Тұрғын үй кезеги ссылкасын басқанда egov.kz сайты ашылып сол сайттан электронды кілтіңмен қарайтын өзгеріс енгізіпті. Сұрағым сол egov.kz сайтынан электронды кілтіммен кіріп, ИНН теріп кезегімді қарайын десем, менің аты- жөнім egov.kz базасында жоқ дейді. ЖКХ барып тексертсем ЖКХ базасында аты жөнім бар екен. «Бізде шығып тұр, egov.kz сайтынан неге шықпай тұрғанын білмейім» - дегесін, egov.kz операторларына хабарласып сайттын іздеу нәтижесі терезесін фотоскрин жасап жібергенімде. «Данная ошибка выходит в связи с тем что, ГО(Государственный орган) не предоставил актуальную статистику, необходимо обратиться в ГО и отредактировать данные» - деп жауап берді. Енді кезегімді интернет желісінен бақылап қарап отыру үшін, аты жөнімді egov.kz деректер базасына енгізу үшін қандай мемлекеттік органга хабарласуыма болады? Жауап: Құрметті Сағындық!
Тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған кезегіңізге өзгеріс енгізілді, қайтадан кезекте тұрған нөміріңізді е-gov.kz Үкімет сайтынан қарай алатындығыңызды назарыңызға саламыз.
09.01.17 Айганым Салихова Мен осы саитка жаза отырып менин уш балам бар мен озим квартерада журмин базардын ишинде орын кымбат базардын сыртынан напакамды тауып журедим кыста кыс заттары жазда салкындаткан су балмыздак ал менин сурагым келгени менде Арендага акшам жок жакында касипкерлик болимде болдым маган кошеге ип ашуга болама жазда салкындаткан су жане балмуздак сатуга болмаса баскалай жолдары барма болса жолдарын багыттап корсетсениз напака тауп балаларымды халык катарлы катарга косамбадеим меники байу емес кункору хаты окы саныз сизге мын рахмет хабар кутем Жауап: Құрметті Айғаным!
Сіздің қала әкімі блогына жазған хатыңыздағы, қала аумағында салқындатылған сусындар мен балмұздақ сату туралы сұрағыңызға сәйкес, «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі хабарлайды.
2016 жылы 20 мамырда қала әкімдігінің «Орал қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы» қаулысына және кәсіпкерлердің жеке өтініштері негізінде кәсіпкерлерге салқындатылған сусындарды және балмұздақтарды сатуға кәсіпкерлік бөлімінің тарапынан рұқсат қағаздары берілді. Алайда бүгінгі күні аталған қаулының күші жойылды.
Ағымдағы жылы жаз мезгілінде қала аумағында салқындатылған сусындар мен балмұздақтарды сатуға кәсіпкерлерге рұқсат беру мақсатында «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» тарапынан жұмыстар жүргізілуде.
Сондықтан Сіз (қала кәсіпкерлері) аталған сұрақ бойынша ақпарат алу үшін, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап кәсіпкерлік бөліміне 50-52-06 телефонына хабарласу қажет екенін мәлімдейміз.
Сондай-ақ, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жөнінде:
Егерде тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу болған жағдайда әлеуметтік көмектерді алу үшін уәкілетті органға өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады.
Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Осы жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттарды Достық даңғылы №161 үй, 3 бөлме мекен жайына тапсыру қажет:
1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi;
3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама);
4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.);
5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) халық банк шоты.
09.01.17 Магзомов Куаныш Құрметті Нариман Төреғалиұлы менің сұрағым Деркул 2-этаптың "АдияСтройПроект" жасап жатырған жол проектісі қаралып бекітілді ме? жолды биыл 2017 жылы салады ме? сол жөнінде толықырақ жауап бересіз бе? рахмет! Жауап: Құрметті Қуаныш!
Қазіргі уақытта Деркөл кенті (2-кезек) бойынша «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы(2-кезек)» жобасы жасақталуда. Қаржы бөлінген жағдайда жобаны жүзеге асыру қарастырылады.
06.01.17 Хайроллин Куаныш Ерболатулы Саламетсизбе мен Хайроллин Куаныш Ерболатулы 2009жылы жер кезегине турган болатынмын енди сол жер берилмиди деп естип едим еди не истесем болады жануяалы болганыма 3 жыл болды 2 балам бар жолдасым жумыссыз казирги кезде патер жалдап турамыз жас отбасы ретинде кезекке турайык десем ол ушин жолдасым екеумиздин биреумиз мемлекет кызметинде жасаумыз керек екен кимге жугинеримизди билмей отырмыз осы сауалым жонинде комектесуинизди отинемин Жауап: Құрметті Қуаныш!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Сіздің жолдасыңыз қазіргі таңда бала қүтімінде отырған, Ерназарова Жазира Ерназарқызын жұмысқа орналастыру үшін Жұмыспен қамту орталығына (Достық даңғылы, 161, т.93-35-97) өтiнiш жасай алады.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және табысы жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелінеді:
1)жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде).
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Сіздің 2008 жылы 25 желтоқсандағы №Х-305 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 38893.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлайды.
06.01.17 Хайроллин Куаныш Ерболату Салеметсизбе мен 2009 жылы жер кезегине турган едим сол берилеме жолдасым жумыссыз 2 балам бар казирги кезде патер жалдап турамыз алде уйге кезекке туру мумкиндигимиз барма биздин озим ТОО Алина сервис фирмасында жургузуши болып жасаймын. Жауап: Құрметті Қуаныш!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал
топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Сіздің жолдасыңыз қазіргі таңда бала қүтімінде отырған, Ерназарова Жазира Ерназарқызын жұмысқа орналастыру үшін Жұмыспен қамту орталығына (Достық даңғылы, 161, т.93-35-97) өтiнiш жасай алады.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және табысы жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелінеді:
1)жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде).
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Сіздің 2008 жылы 25 желтоқсандағы №Х-305 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 38893.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлайды.
06.01.17 Медет Бисекенов Салеметсіздер ме, Мен Шукулова Аксулу Бибитовна Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жана өмір ауылының тұрғынымын 2008 жылы мен Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысына арналған жер теліміне кезекке тұрып едім. Сол кезегім нешінші екен? Білейін дегем? Жауап: Құрметті Медет!
Сіздің 2008 жылы16 қазандағы №Ш-133 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 35519.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.
05.01.17 Аралбай Менешов Мен өзімнің жер кезегімді қайжерде тұрғанымды білгім келеді Жауап: Құрметті Аралбай!
Сіздің 2008 жылы 16 қырқүйектегі №М-269 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 34413.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.