Әкім блогы

Сұрақ жауап

02.03.17 Бисенқұлов Нурсултан Құрметті Əкім мырза !!!
Біз Сартау шағын ауданы көктем жакындаганда катынау киындык тугызады іні карындасымыз мектепке барарда трассага дейін жету оте киын. Сізге отініш Жол маселесин реттеп берсениз .
Казирги уакытта сарытауда жолдарды кыру жумыстары журип жатыр бугин ягни 1.03.2017 ж сарытауда барлык коше карларын кырды тек жалгыз КАЗАНГАП кошеси кырылмай калды буны калай тусинуге болады ?коше кырылмай осылай калама енди коше халкы наразылыктарын билдируде.
Рахмет ƏКІМ мырза
Жауап: Құрметті Нұрсұлтан!
Сіздің қала әкімі блогының жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының аумағынан қарды тазалау және шығару жұмыстары «Жайық Таза қала» ЖШС-нің күшімен жүзеге асырылып, соның ішінде су басу қаупі бар Сарытау шағынауданында қарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда, аталған ауданда ішкі орам көшелерінің арықтары тазартылып, су басу қаупінің алдын-алу мақсатында Сарытау шағынауданында екі маусымды қар тазалау және еріген қар суларын сору жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған аудан және т.б. су басу қаупі бар аудандар қатаң бақылауда екендігін хабардар етеміз. Бұған қоса, Сізбен аталған көше «Жайық Таза қала» ЖШС-мен тазартылғанын хабарлаймыз.
02.03.17 Назгул Умиталиева Зачаганск кенті бойынша оқушы балалар мектепке бара алмай отыр. Өте алыс жаяу жүріге, 6шы және 7ші автобустар дұрыс жүрмейді. Жол бар, жол жақсы. Соңғы аялдамаға дейін неге бармайды? Тексеру жүргізіңіздерші, өтініш. Жауап: Құрметті Назгүл!
Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз:
Конкурстық ережелерге сәйкес №6 және №7 маршруттарды «Ақжол-Авто» ЖШС тасымалдаушы ретінде белгіленді. Келісім шарттық міндеттемелерге сәйкес, №6 маршрутта аралық уақыты 8 минут болатын 20 автобус, ал №7 маршрутта аралық уақыты 6 минут болатын 34 автобус жұмыс жасайды.
№6, №7 маршруттарда тасымалдаушылар жүру интервалын сақтамаған жағдайда немесе көлік заңнамасының басқа да талаптарын бұзған кезде, «Ақжол авто» ЖШС-нің 33 23 69 , 8771 025 94 35 диспетчерлік бөліміне хабарласуыңыз сұралады.
Сонымен қатар, ҚР-ның 04.07.2003 жылғы «Автомобиль көлігі туралы» №476 Заңының 15 бабының 2 тармақшасына сәйкес, құзыретті мекемеге яғни көліктік бақылау инспекциясына (т.51-00-06) тасымалдаушыны жауапкершілікке тарту үшін және шара қолдану үшін шағымдануыңызға құқығыңыз бар екендігін қаперіңізге саламыз.
Егер осы қабылданған шешімге Сіз келіспеген жағдайда ҚР 12.01.2007 жылғы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, шағымдануға құқылы екендігін хабарлаймыз.
02.03.17 Нурбек Дюсенгалиев Муратович Құрметті Нариман мырза менин жане жолдасым Есмуханова Жанаргул Сериковна жер кезегин билейн дегем рахмет
Жауап: Құрметті Нұрбек Мұратович!
Сіздің 2008 жылы 25 мамырдағы №Д-5 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31414.
Ал, Сіздің жолдасыңыз Ж.С.Есмуханованың 2007 жылы 10 желтоқсандағы № Е-928 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 24866.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
02.03.17 Тиышбай Тұртаев Ассалаумағалейкүм, Нариман Төреғалиұлы!
Сізді көктемнің алғашқы күнімен және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Сізге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс тілеймін. Сіздің қала әкімі болғалы көптеген халық үшін жасаған елеулі істеріңізді көріп, естіп қуанып жүрміз. Мен №25ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын және Республикалық "Спорт жұлдыздары" журналының Батыс Қазақстан облысы бойынша штаттан тыс тілшісімін. Менің сізге айтайын дегенім біздің қаламыздағы мен жұмыс жасайтын №25ЖОББМ салынғалы жөнделмеген. Тек биылғы жыл қыста қары еріп,жазда жаңбыр суы төбеден ішке аққан соң амалсыз аздап жөнделген болды, дей тұрғанмен шыны керек біздің мектеп бастан аяқ жөндеуді қажет етеді. Кабинеттер өте салқын, полы ескі линелуим, ескі сықырлаған есік,терезе,шкафтар.Су ағатын құбырлардың барлығының тозығы жеткен.Компьютер, интеративтік тақта ол екі бастан...Спорт залымыз өте салқын, полы ескі сықырлаған ағаш еден пол,жарынан су ағып сарғайып кеткен,ең сорақысы мұғалімдер кіретін әжетхана да жоқ, оқушылармен бірге...сонда біз 21 ғасырда қаланың қақ ортасында осындай мектепте қалай бала тәрбиелейміз. Дене сабағында балалар, қыздар қыс бойы салқыннан спорт залдың ішінде әзер жүреді.Спорттық құрал-жабдық деген атымен бөлінбейді. Сонда салқын тиіп ауырып жүрген баладан Отанымызды қорғайтын қандай ұрпақ тәрбиелейміз. Жазда жүгіретін спорт алаңы, жалпы мектеп аумағы қоршалмаған, жеңіл машиналар бір шетінен кіріп екінші шетінен шығады. Жыл сайын Санпед, МЧС т.б қаптаған тексерістер мектептің жағдайын көріп жүр, шынымен әкімшілік тарапынан неге көмек жоқ деген ойдамыз. Қаламыздағы №36 секілді мектептер 3-4 жыл айналасында екі рет жөндеуден өтті,әлде біздің мектеп қала мектебінің тізімінде жоқпа? Айта берсе таусылмайтын кемшіліктер. Сондықтан сіздің тарапыңыздан көңіл бөлініп, әкімшіліктен комиссия құрылып келіп қарайма деген өтініш өз көздерімен? Бұл жалғыз менің ғана тілегім емес, бұл әрбір ұстаздың, әрбір Ата-ана мен оқуышының тілегі!? Сол себепті сіздің көмегіңіз қажет.Елдің игілігі үшін қолға алғаныңызды қалаймын.
Жауап: Құрметті Тиышбай Мамытбайұлы!
Сіздің қала әкімінің блогіне жазған хатыңызға орай, Жезказганская,1 көшесінде орналасқан №25 орта мектебі 1987 жылы бой көтерген.Мектепке жаз айларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.2011,2016 жылдары мектеп төбесі ағымдағы жөндеуден өтті.2015 жылы спорт тауарларына 100 мың тенге көлемінде қаражат бөлінді.
№25 ЖОББМ күрделі жөндеудің 2 –ші кезеңінде тұр.Күрделі жөндеуге жобалық –сметалық құжат (ЖСҚ ) жасақтау үшін қаражат сұралды.Егер қаражат бөлінсе, ЖСҚ жасақталған соң күрделі жөндеудің кезегіне тұрады.
01.03.17 Жунусов Бахтияр Құрметті әкімшілік көктемгі қардың еруіне байланысты Зачаганск кенті Қобланды батыр көшесіндегі жолдың бетіндегі қалың қар қашан алындаы екен.автокөлік журуге қиын болып тұр.
27.02.2017 куни сол көшенін жартысын автогрейдер тазалады да жартысына келмей кетип қалды неге?
Қобланды батыр көшесін қыс мезгілі бойынша тазаланбады.
жоқ дегенде осы еріп жатқан қалың қарды бір тазаласа боладығой осындай мүмкіншіліктерініз болса алдын ала рахмет айтамыз!!!!
Жауап: Құрметті Бахтияр!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Орал қаласы әкімдігі, Қобланды батыр көшесін қардан тазарту және оны шығару бойынша жұмыстары «Жайық Таза қала» ЖШС-сі күшімен атқарылғанын хабарлаймыз.
28.02.17 Гулбаршын Суйеугалиева Үй кезегінде нешінші болып тұрғанымды білгім келеді. Жауап: Құрметті Гүлбаршын!
Сіз 2012 жылғы 12 қыркүйекте «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілердің» тізіміне 5008-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-4191.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер азаматша Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.
27.02.17 Аян Пангереев Курметти обылыс Акими Алтай Сейдирулы мырза! Сизге кабылдауынызга калай кируге болады? Жагдайымды ауызбен созбен жеткизсем дегем. Мен 2-топтагы мугедек жанмын. 2016 жылы кукык коргау органында когамдык тартипти коргайм деп реки кози жанарыма ок тиген болатын. Бул ерликке КР кез-келген азаматы барам еди. Сол ерлигимди Елбасы елеп *Ерлиги ушин* медалимен марапатталган болатынмын. Сизден тургын уй маселси жонинде женилдиктер болса? Жауап: Құрметті Аян!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал
топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ге дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, аталған мәселемен Сіз қала әкімінің орынбасары А.Қайсағалиевтің жеке қабылдауына жазылдыңыз, қабылдау күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады. Анықтаманы 51-28-86 телефон арқылы алуыңызға болады.
27.02.17 Лунара Чапаева Сәлеметсіз бе! Мен жер кезегіне, сұраныс берейін деп едім. Ол үшін қандай құжаттар керек? Және қайда барып сұраныс берем?

Жауап: Құрметті Лунара!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтішіңізге орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 15-кабинет, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «... жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады» деп көрсетілгенін мәлімдейміз.
24.02.17 Болат Карабасов Нариман Торегалиулы!Менин сизден отинишим №47 Зашаган кентиндеги мектеп алдында ертенгисин балаларымызды толган машиналардын алдынан мектеп ауласына азер киргиземиз, балаларымыз машина астына тусип кетеме деп заремиз кетеди.Ол жерде ешкандай автотурак жок, ата-аналар машиналарымен бордюрден отип кетип тура мектеп ауласына келип турады, жер тайгак аягымыз тайганап озимз азер отемиз машина арасынан. Бугинги Алматы облысында 1 сынып окушысын машина кагып олтиргесин амалсыздан жазып отырмын. Ен болмаса машиналарын жол бойына койса жон болар еди. Рахмет. Жауап: Құрметті Болат!
Зачаған кентінде орналасқан №47 ЖОББМ мектебінің айналасында бір жол кедергісі мен бір машинаның жылдамдығын тежейтін жол белгісі және үш жаяу жүргінші жол белгісі орналасқан. Алайда, таңертеңгілік мектепке келетін оқушылардың саны көп болғандықтан, жергілікті тұрғындардың барлығына жуығы балаларын автокөлікпен жеткізіп тастай отырып, жол кедергісін жасайды. Мектепке балаларын алып келген ата-аналардың машиналары М.Мөңкеұлы көшесіне келіп тоқтайды.Ол көше тар және екі бағытта №7 маршрут жүреді. Барлығы қатар келіп жол кептелісін жасайды. Мектеп аумағының алдыңғы кіреберіс жағында автотұрақ жасалмаған. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі тарапынан да жалпы ата-аналар жиналыстарында бұл мәселе туралы ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілген.
Мектеп оқушыларына сынып жетекшілер арқылы «Оқушылардың өмір қауіпсіздігі», «Жолда жүру ережесінің бағдарламасы» бойынша сынып тәрбие сағаттары жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, аталған учаскеде жол қауіпсіздігін сақтау және қадағалау мақсатында Орал қаласы ІІБ ӘПб жұмыстану және жауап беру үшін жолданғанын хабарлаймыз.
23.02.17 Гулшат Абишева Саламатсызба 17 сәуір күні 1728 болып турған едім бүгін маған 33766 болып турсыз деп хабарлама келді түсінбей отырмын жауабын беріңізші Жауап: Құрметті Гүлшат!
Сіздің 2004 жылы 04 тамыздағы №Ә-6 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 1728.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
23.02.17 Жолдыбаева Алтынай Мен жер кезегимди билсем деймин. Жауап: Құрметті Алтынай!
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін және Сіздің аты-жөніңіз толық көрсетілмегеніне байланысты толық мәлімет жолдай алмайтынымызды хабарлаймыз.
Толық ақпаратты алу үшін осы мекенжайға жолығуыңызға болады: Достық-Дружба даңғылы,182/1-үй, 4п-кабинет, 2-үстел, өзіңізбен бірге: жеке куәлік, жер кезегіне тұрғандығын дәлелдейтін үзінді болу қажет.
22.02.17 Нурлан Мендешов Менің немерем Тілекқайыр Айару Мейрбекқызы Орал қаласында балабақшадағы кезек нөмірін білгім келеді. Жауап: Құрметті Нұрлан!
Сіздің өтінішіңізге орай, 2014 жылы туған Тілекқайыр.А №50 «Заңғар» МдҰ-да 2014 жылы туған балалар арасында №58 кезекте тұр.
Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қызмет мектепке дейінгі ұйымдардағы бар орын санымен шектеледі.
Бірінші кезекте орын алуға:
мүгедектердің балаларының;
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың;
жетім балалардың;
көп балалы отбасынан шыққан балалардың;
жеңілдіктер және кепілдемелер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдардың балаларының құқығы бар.
2014 жылы туған Тілекқайыр. А кезегімен жолданатынын назарыңызға саламыз.
21.02.17 Маулен Бахытов Қайырлы күн. Өтініш сіздер ул. М.Шокай, п Зачаганск осы аталған көшеге 19 қазанда 2016 жылы қиыршық тас пен құмды қоспа төсейміз деп уәде берген едіңіз сол өтінішімді ұмытып кетпеулеріңізді сұраймын және қай уақыттан бастап кірісезідер? Жауап: Құрметті Маулен!
Сіздің өтінішіңізге орай, ағымдағы жылы Зашаған ауылы М.Шоқай көшесіне жолдарды ағымдағы жөндеу аясында құмды-қиыршық тас төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлаймыз.
21.02.17 Айгуль Отаргалиева Cаламатсыз ба, менің сұрағым:балабақшаларға бюджеттен ақша бөлінеді,ол қызметкерлердің жалақысына кетеді,басқа қандай мақсаттарға жұмсалады, оқытуға, ойнатуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бөліне ме? Жалпы ойыншықтар,ертегі кітаптар қаншалықты жиі алынуы тиіс?Ата-аналар ертегі кітаптар, оқу құралдарын,сауат ашу кітаптарын сатып алуға міндетті ме, оған қаржы қаралмаған ба? Жауап: Құрметті Айгуль!
Сіздің жолдаған сұрағыңызға орай, мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен қаражат балабақша қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік салыққа, коммуналдық төлемдерді төлеуге, дәрі-дәрмектер алуға, ғимартатты жөндеуге, ойыншықтар мен жиhаздар алуға бөлінеді.
Сонымен қатар, тәрбиешілерге балалармен жұмыс істеу үшін мүмкіндігіне сай ертегі кітаптарына, дидактикалық және әдістемелік оқу құралдарға қаржы бөлінетіндігін мәлімдейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы "22" қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтаудың нормасына сәйкес оқу кешендері, соның ішінде сауат ашу кітаптары қарастырылмаған, сондықтан балабақшаларда қаржы қарастырылмайды. Бірақта ата-аналардың өз тарапынан баланың ой өрісін, қабілетін дамыту үшін өздері әкеледі.
20.02.17 Гулдана Талгатовна Салематсызба.?Біз жас отбасымыз 2 баламыз бар.жас отбасыларга укімет тарапынан уй алуға қандай көмектер болады жəнеде қандай құжаттар жинау керек.көмектесуінізді сұраймын.рахмет Жауап: Құрметт Гулдана Талгатовна!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізде тегіңіз көрсетілмеуі себепті толық ақпарат беруге мүмкіндік болмай отырғанын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес 3 топ қарастырылып, Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей:
1) I топ, оның ішінде:
«ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар;
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
оралмандар;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:
1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.
2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты;
3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты:
кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы.
Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, бүгінгі таңда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы тұрғын үйлер салынуда. Егер, III топ «Жас отбасылар» санаты бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады.
20.02.17 Жанылсын Кажимуратовна Сәлеметсіздерме? мен 2008 жылы желтоқсан айында жер кезегінде тұрғанмын. Сол жер кезегім кашан кай уақытта келеди екен.əлі неше жыл күтемін. Жауап: Құрметті Жанылсын Кажимуратовна!
Сіздің 2008 жылы 3 желтоқсандағы №А-703 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 37696.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді.
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.
20.02.17 Аяулы Нажимова Салеметсизбе мен аким мырзадан комек сурайн дегем.еки баланын анасымын.улкени 3.5жарымда.кишкентаим 1жас 2аи болд.улкен балам дцп аурумен аурад.алматы каласындагы максат емханасына апаргым келед.каражаттан киналам.акшасы дари дармектен ауспаид.кв.турам.жолдасым тастап кетти.сиздерден комек ктлын созса екен деим.баланын киналганын коргим келмид.сиздерге отиниш колдан келген комек корсетсе екен деим.рахмет Жауап: Құрметті Аяулы!
Сіздің қала әкімінің богына жолдаған өтінішіңізге орай, әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН-і болған кезде өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады.
Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады:
1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi;
3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама);
4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.);
5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) халық банк шоты.
Сондай ақ, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 шешімен бекітілген «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
- Жеке куәлік (көшірме)
- Халық банкіден есеп-шот
- Дәрігердің қорытынды анықтамасы (ДКК) (түпнұсқа)
- Баланы бағып-күту бойынша жәрдемақы анықтамасы (ЗТЖМО)
- мекен-жай анықтамасы
- Мүгедектік туралы анықтама (көшірме)
Біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балаларға емделуге табыстарын есепке алмай, арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 1-қабат 3 бөлме, 2-қабат 23 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 93-35-62, 93-35-66.
Тұрғын үй мәселесі бойынша, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, аталған мәселемен Сіз қала әкімінің орынбасары М.Нұржановтың жеке қабылдауына жазылдыңыз, қабылдау күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады. Анықтаманы 512886 телефон арқылы алуға болады.
20.02.17 Гулнур Куватова Саламатсыздарма? менин сурагым 3 балам бар еди жолдасыммен арамыз суып ажырасып журик.енди барар жерим де калмады.жолдасым окпесине салкын тиип ауырып содан емделмей балама жугып енди баламды Ивушкага беру керек деп жатр емделуине.баламды Ивушкага берип калага жумыс жасайын десем артында егиз кызым бар.оларды багысатын да адам жок.ата енем алып кет дейди.озимнин анам ауырып партал кутип жатыр.енди маган кандай комек болады.пособия ешкандай акша алмаймын укиметтен.отиниш пəтер жағынан көмек керек.жер кезегімді де біле алмай отырмын. Жауап: Құрметті Гүлнүр Самиголлиевна!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН-і болған кезде өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады.
Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады:
1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi;
3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама);
4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.);
5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) халық банк шоты.
Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 3 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 93-35-62.
Сонымен қатар, аталған сұрақпен Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолыға алатыныңызды хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.
Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.
Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.
20.02.17 Талпын Доскалиев Курметти Аким жолдас! Биз, бир топ Орал каласы Комсомол кошесинин тургындары,осы отиништи жолдай отырып,Комсомол кошеси каланын как ортасында орналасса да ,коктем ,куз айларында улкен-киши адамдарга журип туру оте киын.Комсомол кошеси еки жолакты.Бир жолагында асфальт бар, бир жак жолагында асфальт жок.Сизден отиниш осы кошемиздин жолын дурыстап берсениз.Рахмет! Жауап: Құрметті Талпын!
Сіздің өтінішіңізге орай Орал қаласының әкімдігі, ауа-райы қолайлы жағдайы түскеннен кейін, Комсомольская көшесінің жолын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақтау мүмкіндігін қарастыру үшін Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен орынға шығумен қаралатындығын хабарлайды.
17.02.17 ВЕНЕРА АЛИБЕКОВА СӘЛЕМЕТСІЗБЕ ДЕРКУЛ 2ЭТАПТА 8 кошемен 18 көше киылысы АРЕНДАГА БЕРИЛЕТИН ЖЕР 4 ЖЫЛДАН БЕРІ БОС жатыр не себеппен цон аркылы арыз жаздым колданыска берілмейді дид неге/ Жауап: Құрметті Венера!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, өтінішіңізге төмендегідей жауап жолдаймыз:
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес өтінішіңіздегі аталған Деркөл кентіндегі жер учаскелерінің құқықтары сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, аталған сұрағыңызбен «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша жолығуыңызға болады.