Әкім блогы

Сұрақ жауап

14.12.16 Жакаева Кабира Менің жасым 95 жаста. Қазіргі таңда үкіметтен жалға үй алып, тұрып жатырмын. Өзім соғыс уақытында тылда жұмыс жасадым, жолдасым соғыс ардагері. Соғыстан жараланып оралды. Енді əкімге қояр сұрағым: мені бір ретте болсада құттықтап келген емес. Ең болмаса 9 мамырда өткізілетін шараларға неге шақырмайды? Хал қуатым жақсы өзім жүріп, тұрамын. Күнделікті көгілдір экрандағы жаңалықтардан хабардармын.Қанша қарасамда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді, əкім өз қабылдауына шақырыпты дегенді де естіп жатамын. Сондай шақыртуларға да ілікпеймін. Мұның бəрін жиен келініме жаздырып отырмын. Алтай Сейдірұлының құлағына тиер деп сенемін. Жауап: Құрметті Қабира!
Сізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің биік белестерді бағындыруына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта Орал қаласында ардагерлердің қатысуымен ұйымдастырылатын мәдени көпшілік шараларға міндетті түрде Сізге хабарланатын болады.
Сонымен қатар, қосымша ақпаратты 511571 телефон нөмірі арқылы Орал қалалық ішкі саясат бөлімінен алуыңызға болатынын қаперіңізге саламыз.
12.12.16 Төлепберген Төлегенұлы Мамандығым орта билим Ауыл шаруашылыгын механикаландыру. Жумыс тажирибеси жок. торт жыл 5517 әскери болимде жумыс жасадым. Жауап: Құрметті Төлепберген Төлегенұлы!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және табысы жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде тіркеледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелетіндігі айқындалған.
Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2- тармағына сәйкес, жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Қазіргі таңда базалық дерекқорда Сізге лайықты жұмыстар болмағандықтан жұмыс берушілерден Сіздің біліктілігіңізге сәйкес қажеттілік туралы сұраныстар түскен уақытта қолайлы жұмыс орындары ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Сізге қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары және 1-ші бағыт Жол картасы -2020 бағдарламасы бойынша жұмыстар және кәсіптік оқуға кеңес бере аламыз.
Толық мәлімет алу үшін Орал қаласы, Достық даңғылы 161 мекен-жайында орналасқан қалалық Жұмыспен қамту орталығына каб 9, тел.51-44-93 жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.
12.12.16 Улдай Балтабаевна Əкім мырза 14 пятно зашаған кентіндегі қашан беріледі тым созылып кетті құрылыс басына барсақ адам сенгізсіз дағдай жылдың аяғында беріледі деуге келмейді. Нақты қашан беріледі қабылдауыңызға осымен үш рет жазылдым еш жауап жоқ күтіңіз дейді.Күтуден басқа амал барма айтыңызшы? Жауап: Құрметті Ұлдай Балтабаевна!
Қазіргі уақытта «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ жаңа шағынауданындағы көп қабатты құрылыста 5 қабатты 90 пәтерлік №14 дақ тұрғын үйдің құрылысы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы шартқа және жұмыс өндірісінің графигіне сәйкес құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2017 жылдың ақпан айында.
09.12.16 Ерахметов Сұлтанбек Орынғалиева Гүлнар жерге кезегін біліп бересіз бе? Жауап: Құрметті Сұлтанбек!
Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Сізге тиесілі емес жер учаскесі туралы мәліметті беруге құқығымыз жоқ немесе бұл сұраныс сот органдарынан немесе авдокат конторынан болуы қажет.
Сонымен қатар, Сіздің 2007 жылы 28 қарашадағы №О-223жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 24446.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
09.12.16 Альмира Хабиева Салеметсиз бе мен тургын уй кезегинде турмын 7 жыл болды жетимдигим бойынша ендм маган кашан уй бериледи бир балам бар маган казир киын Жауап: Құрметті Альмира!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2011 жылы 13 желтоқсанда кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 803.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.
09.12.16 Уксукбаева Данагуль Сәлеметсіз бе, құрметті әкім!
мен 2010 жылы үйге кезекке тұрған кезде жұмыс жасайтын жерім Жәңгір хан атындағы БҚАТУ бюджеттік мекеме болып саналған еді. 2016 жылы қыркүйек айында үй алуға құжаттар тапсырғаннан кейін, сіздің жұмыс жасайтын орныңыз (БҚАТУ) бюджеттік мекемеден (саладан), АҚ-ға айналды сол себептен тұрғын үй алуға қатыса алмайсыз деген хабарландыру (уведомление) келді. Қайтсем болады. 6 жыл кезекте босқа тұрғаным ба? осы мәселені шешетін қандай жолдары бар екен немесе кімге, қалай жолығуым керек. мекеменің АҚ болып кететінін білмедік... осындай жағдайдың кесірінен үйге кезектен шығып калу мүмкін бе? Рахмет
Жауап: Құрметті Данагүл!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2016 жылғы 14 қыркүйектегі «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (мекенжайы: Орал қаласы, Д.А.Қонаев шағынауданында орналасқан 3-бөлмелі пәтерге) берген өтінішіңіз бен құжаттарыңыз қалалық комиссиясы отырысында қаралды. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша, тұрғын үй алуға үміткер І топ бойынша: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес қалыптастырылған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алудың жеке тізімдерінің кезек тәртібін сақтай отырып, 2016 жылғы 19 қазандағы /№19 хаттама/ шешіміне сәйкес, Орал қаласы, Д.А.Қонаев шағынауданында орналасқан 3-бөлмелі 27-пәтерге 12.11.2009-11.03.2010 жылдары тұрған азаматтардың өтініштері мақұлданды.
Ал, Сіз қала әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі 629 қаулысы бойынша «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» тізіміне 1807-ші нөмірмен кезекке алынғандықтан өтінішіңіз қанағаттандырылмады. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-1216.
Сондықтан, Сіз төмендегі бағдарлама бойынша кеңінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.
09.12.16 Ринад Мусагалиев жер теліміне өтініш берген сәтте мекен-жайым өзге болды. Соны жаңарту мүмкіндігі? Жауап: Құрметті Ринат!
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы есептегі тіркелген мекенжайды ауыстыру үшін мекенжай анықтамасын Орал қаласының жер қатынастары бөліміне Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелге алып келуіңіз қажет (51-24-96).
09.12.16 Альмира Хабиева Курметти аким мырза мен тургын уй кезеги бойынша жетимдер санатында кезекте турмын жыл сайын кужаттарымды тапсырып отырмын бир кызым бар маган осы айдын ишинде уй бериле ме отиниш комек колын созынызшы казир жумыс жасамаймын апамнын отбасымен бирге мен кызым жане 2 топ мугедеги туган агам барымиз бир уйдемиз амамнын колына карап отырмыз оку битирдим енди оз алдыма адам болып аякка тургым келеди Жауап: Құрметті Альмира!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2011 жылы 13 желтоқсанда кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 803.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.
07.12.16 Айнара Кусесова Жұмыс мәселесі Жауап: Құрметті Айнара!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорына сәйкес Кусесова Айнара Узакбаевна Сырым аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» ММ-де 04.07.2016 жылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не жастар тәжірибесінен өтуге жолданған.
06.12.16 БАТЫРБЕК ИХСАНОВ жеримнин очередин билгим келеди Жауап: Құрметті Батырбек!
Сіздің қала әкімнің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2007 жылы 16 мамырдағы №И-499 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 14425.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.
06.12.16 Ешниязова Женискул Жеткер Саламатсыз ба? Сізге қояр сұрағым Мен Оралда оқыған кезімде 2009ж жерге арыз жазғанмын соның кезегі келген келмегенін білейн деп едім жəне басқа облыста турсамда сол жерді ала аламын ба? Жауап: Құрметті Женискул Жеткербаевна!
Сіздің 2009 жылы 09 сәуірдегі №Е-138 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 42126.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га тегін мөлшерде беріледі және ҚР ЖК 44-1 бабының 8-тармағында « ...жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі» делінген. Ал, басқа облыста тұрып, басқа облыстан жер алу-алмау туралы Кодексте қарастырылмаған.
05.12.16 Мустахим Деркөл - 2 кезеңдегі көшелерге асфальт жол қашан салынар екен, көктем-күз және қыс кезінде жүруге жақ еңболмағанда әзірге барлық көшелерге щебеночное покрытие жасауға болмайма екен. Жауап: Құрметті Мустахим!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, қазіргі таңда Орал қаласының әкімдігімен, «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы 2 кезек» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Қаржыландыру сұрағы оң шешімі табылған жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, Деркөл ауылы 2-ші кезеңнің 17-ші маршрут жолына құмды-қиыршық тас қоспасымен тегістеу жұмыстары атқарылғанын қосымша хабарлаймыз.
05.12.16 Динара Құрметті облыс әкімі Алтай Көлгінов мырза! сіз Қала әкімі болған кезде кейін облыс әкімі қызметіне келгенде Орал облысының халқы және өзім қатты қуанып мақтан тұтамын, неге десеңіз сіз халықтың мұң мұқтаждығын, тұрмыс тіршілігін жақсартуға әрдайым бар ынтаңызды саласыз, әсірісе жастарға көп көңіл бөліп жатасыз.Мен өзім Тарих Факультетінің Магистратурасын Үздік Қызылға бітіріп қазіргі таңда Орал қаласының №41 мектебінде еңбек етіп жатырмын, жолдасым Атырау каласында Тенгизде шетелдік компанияда еңбек етіп жатыр бірақ біз осы кезге дейін квартирда тұрып келе жатырмыз, үй алуға кезекте тұрмыз.Отбасымызда жолдасым, қызым. Отау құрғанымызға 4 жыл болады. Еңбек ақымызды 3 мізге шаққанда жеткілікті. Ел басы жолдауы бойынша көптеген бағдарламалар жүріп жатыр. Әрдайым үй алу программаларына қатысып жүрміз, бірақ әлі үй ала алмай жүрміз. Сізге деген өтінішім биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаймыз өзім Тәуелсіздіктің құрдасымын соған орай жылдамырақ үй алп бір ғажап болуына сіз тікелей септігіңізді тигіссеңіз нұр устіне нұр болар еді.Алдын ала көп рахмет. Жауап: Құрметті Динара!
Сіздің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (мекенжайы: Орал қаласы, Д.А.Қонаев шағынауданында орналасқан 3-бөлмелі пәтерге) берген өтінішіңіз бен құжаттарыңыз қалалық комиссиясы отырысында қаралып, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша, тұрғын үй алуға үміткер І топ бойынша: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес қалыптастырылған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алудың жеке тізімдерінің кезек тәртібін сақтай отырып, 2016 жылғы 19 қазандағы /№19 хаттама/ шешіміне сәйкес, Орал қаласы Орал қаласы, Д.А.Қонаев шағынауданында орналасқан 3-бөлмелі 27-пәтерге 04.03.2010-24.12.2010 жылдары тұрған азаматтардың өтініштері мақұлданды.
Ал, Сіз 2016 жылғы 13 маусымда «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» тізіміне 8427-ші нөмірмен кезекке алынғандықтан өтінішіңіз қанағаттандырылмады. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-7656.
Сондықтан, Сіз төмендегі бағдарлама бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 172 қаулысымен бекітілген «Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы төмендегідей баяндаймыз.
Қатысушыларды іріктеу тәртібі «ҚТҚЖБ» АҚ ішкі құжаттарымен балдық жүйе негізінде айқындалады. Қатысушыларды іріктеу кезінде ҚТҚЖБ айқындайтын бағалау көрсеткіштеріне және/немесе іріктеуге қатысатын салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының өзге де сапалық сипаттамаларына қарай неғұрлым көп балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларына сатып алудың басым құқығы беріледі.
Бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үйді сату және бөлу шарттары «ҚТҚЖБ» АҚ мен ЖАО арасындағы келісіммен айқындалады.
Құрылыс объектісінде ЖАО арқылы салынған кредиттік тұрғын үйдің кемінде 50 %-ы ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекті тұрғандар арасында қатысуға өтініш берген не төлемге қабілеттілігін растаған кандидаттар саны жетіспеген жағдайда, тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшыларының қатарынан басқа өтініш берушілердің арасында бөлінеді.
ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;
2) ҚТҚЖБ ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен төлемге қабілеттілігін растау;
3) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынатын жалға берілетін тұрғын үйінің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің (бірлескен ортақ меншік, осы тармақта көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің тұрғын үй бірлігі ретінде бірлескен (үлестік) ортақ меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес) болмауы, бұған мыналар:
жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуы;
тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық күйдегі, құлау (қирау) қаупі бар саман және қаңқалы-қамысты типтегі тұрғын үйдің болуы кірмейді;
4) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының),
сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жылдың ішінде өзіне меншік құқығында тиесілі болған тұрғын үйді айырбастау немесе иеліктен шығару жолымен тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы.
ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаждық мәртебесін растау талап етіледі.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
02.12.16 Ляззат Жолдаскаликызы Курметти Алтай Сейдирулы салематсызба. Сизге коп рахмет бириншиден 7 ши автобусты Пдп 2 ге жургизгенизге. Бирак олар уакыт аралыгы тым узак 20-25минут. Сол уакыт аралыгын азайтуынызды сураймыз. Кыстын куни тым узак,жумыстан шаршап шыккан халыкка обалго оны неге ойламагансыз.Сизге хат жазу аркылы жаксы болады деп ойладык. Бирак олай емес болып тур. Халыктын барин шатастырып 7. 17деп жазылып тур автобус сыртында буны калай тусинуге болады. Осы сурактарыма жауабын жазсаныз. Зачаганскиден киси толып келеди,кейбир аялдамадан сыймайда калып жатыр.Енди сыймай калу мен автобусты кутудин кокеси енди болдыма? Жауап: Құрметті Ляззат!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 01.12.2016 жылдан бастап «Пассажир-Авто» ЖШС-мен жолаушылар тасымалымен айналысатын №17 «Базар - «Үміт» ш.а.» маршрутының келісім шарты бұзылғандығын хабарлаймыз.
Сол себептен, тұрғындарды үздiксiз тасымалдауын қамтамасыз ету мақсатында, аталған маршрут бойынша жаңа конкурс өткiзілгенге дейiн «Ақжол-Авто» ЖШС тасымалдаушы ретінде белгіленді.
№17 маршруттың газель маркалы шағын автобустары алынып тасталғандықтан, орнына №7 маршруттың ПАЗ маркалы автобустары іске қосылды.
01.12.2016 жылынан бастап «Ақжол-авто» ЖШС-мен №7/№17 маршруттардың жұмыс кестесі іске асырылып жатыр. Сол кесте бойынша Деркул ауылының ПДП 2 аумағына күніне әр 4-ші кесте бойынша, 24 минут сайын автобустар жүріп жатыр.
Сондықтан аялдамада ұзақ уақыт тонып тұрмау үшін, Сізге қосымшада көрсетілген маршрут кестесі бойынша аялдамадаға уақытымен келуіңіз сұралады.
Қосымша: №7/№17 маршрутының жұмыс кестесін жолдаймыз.
02.12.16 Исмагулова Арайлым Құрметті Алтай Сейдірұлы,сізге қояр сұрағым менiн атам 2002 жылдан берi 1 топ мугедеги ретінде уй кезегінде тур, мен озiм бюджетiк кызметкер ретiнде 2015 жылы турдым, енді атам менi оз кезегіне қосқысы келеді бул мумкинбе?? Сол жөнінде сизден комек сурап отырмын Жауап: Құрметті Арайлым!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 21-бабына сәйкес үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келiсiм бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 70-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
Тұрғын үй бойынша толық ақпаратты Сіз тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1-үй (дс-жм сағ. 9-00 ден 13-00-ге дейін, 6 каб) ала аласыз.
02.12.16 Аккайырова Турсынхан Адилсейткызы Сəлеметсіздермей.нұрлы жол бағдарламасына құжаттарды қайта тапсыруға болады.жəнеде қандай құжаттар.менің бұл бағдарламаны пайдаланғым келеді Ағам мен жеңгеме ағам жұмыста табысы аз.жеңгеме жұмыссыз.квартир жалдап тұрғаына 5жыл болды ауыспайд.жауап бересіздерме.ЖҚКО барған да осы сұрақты оқып едім беріп жатқан жоқ уй деп шығара жіберді. Ал жаңалықтар да уй беріп жатыр.толық жауап берсеңіздер.рахмееет кеп коп Жауап: Құрметті Турсынхан!
Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдардың санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында /1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар;9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады/ аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Жоғарыдағы санаттарға сәйкес келген жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне (Орал қаласында тұрақты тіркеліміңіз болса) тұруға құқылысыз.
Сондай-ақ, "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасына сәйкес 3 топ қарастырылып, Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей:
1) I топ, оның ішінде:
«ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар;
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
оралмандар;
мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:
1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.
2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты;
3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты:
кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы.
Ескертпе: I және III топтардың Бағдарламаға қатысушылары үшін тұрғын үйді өткізу рәсімдері төмендегідей: бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру жарияланады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 172 қаулысымен бекітілген «Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы төмендегідей баяндаймыз.
Қатысушыларды іріктеу тәртібі «ҚТҚЖБ» АҚ ішкі құжаттарымен балдық жүйе негізінде айқындалады. Қатысушыларды іріктеу кезінде ҚТҚЖБ айқындайтын бағалау көрсеткіштеріне және/немесе іріктеуге қатысатын салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының өзге де сапалық сипаттамаларына қарай неғұрлым көп балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларына сатып алудың басым құқығы беріледі.
Бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үйді сату және бөлу шарттары «ҚТҚЖБ» АҚ мен ЖАО арасындағы келісіммен айқындалады.
Құрылыс объектісінде ЖАО арқылы салынған кредиттік тұрғын үйдің кемінде 50 %-ы ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекті тұрғандар арасында қатысуға өтініш берген не төлемге қабілеттілігін растаған кандидаттар саны жетіспеген жағдайда, тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшыларының қатарынан басқа өтініш берушілердің арасында бөлінеді.
ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;
2) ҚТҚЖБ ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен төлемге қабілеттілігін растау;
3) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынатын жалға берілетін тұрғын үйінің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің (бірлескен ортақ меншік, осы тармақта көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің тұрғын үй бірлігі ретінде бірлескен (үлестік) ортақ меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес) болмауы, бұған мыналар:
жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуы;
тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық күйдегі, құлау (қирау) қаупі бар саман және қаңқалы-қамысты типтегі тұрғын үйдің болуы кірмейді;
4) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының),
сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жылдың ішінде өзіне меншік құқығында тиесілі болған тұрғын үйді айырбастау немесе иеліктен шығару жолымен тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаждық мәртебесін растау талап етіледі.

Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені және Бағдарламалардың бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО –жергілікті атқарушы органдар
ҚТҚЖБ–«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
02.12.16 Жетписова Айнур Ерболатов Салеметсиз. Аким мырза сизге кабылдауынызга калай кируге болады? Жагдайымды ауызбен созбен аитсам деимин. Коп балалы анамын казирги танга деин патер жалдап биыл жумысыздык салдарынан патер акымды толеу киынга согады. Ен болмаса укиметтин жанынан аз толеп туратын патер болама?жана уй меним балдарым осип онгенде берилетин тури бар. Жауап: Құрметті Айнүр!
Сіз 2016 жылы 28 маусымда көп балалы отбасылардың тізіміне 9155-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 6280.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.
30.11.16 Нәйла Бакушева Салеметсиз бе!
Жер кезегимди билейин дегем. Сайтта жок. Жер кашан бериледи. 2004 жылы арыз бергем.
Жауап: Құрметті Нәйла!
Сіздің 2004 жылы 27 қыркүйектегі №Б-65 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 2609.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.
Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.
30.11.16 Магзомов Куаныш Құрметті Нариман Төреғалиұлы Деркул 2-этапта жолды және мектепті қашан салады Жауап: Құрметті Қуаныш!
Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Деркөл кенті (2-кезек) бойынша «БҚО Орал қаласы Деркөл кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысы (2-кезең)» және «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы(2-кезек)» жобалары жасақталған. Аталған жобаларды 2017-2018 жылдары іске асыру жоспарланған.
Орал қаласының әкімдігі, қазіргі таңда Деркөл ауылы 2-ші этаптың 17-ші маршрут жолына құмды-қиыршық тас қоспасымен тегістеу жұмыстары атқарылығандығы туралы хабарлайды.
28.11.16 Жандос Есендьяров Жер учаскесіне кезегімді білуіме рұқсат етіңіз Жауап: Құрметті Жандос!
Сіздің 2007 жылы 11 сәуірдегі №Е-140 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 9875.