Әкім блогы

Сұрақ жауап

20.08.2018

Досмагамбетов Талгат

Қайырлы күн! Мен Деркөл шағын ауданы Даль көшесі 14 үй 8-ші пәтер тұрғыны, Досмағамбетов Талғат Хамидуллиевич боламын.2017 жылы жер телімін жекешелендіру туралы, құжаттар тапсырған болатынбыз. Көп пәтерлі үйде тұрғындар болып. сол уақыттан бастап құжаттар алі дайын емес. Не себептен екенін білуге боларма екен. Тұрғында атынан құжатпен айналысып жатқан Есетов Болат деген зейнеткер болатын. Мен сіздерден өтінерім. Маған осы құжаттарға байланысты, толық мәлімет берсеңіздер. Асыға күтемін, Құрметпен Талгат Досмагамбетов ұялы телефон нөмерім +77056722314

Ответ:

Құрметті Талғат! Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған сұрағыңыз бойынша жауап және анықтама алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастар бөлімінің 5п кабинетіне келуіңіз сұралады.


16.08.2018

Досмагамбетов Талгат

Қайырлы күн! біздер деркөл шағын ауданы, Даль көшесі 14 үй тұрғындары.Жер аумағын жекешелендіруге құжат тапсырғанбыз.2017 жылы тамыз айында. Содан хабар жоқ осы уақытқа дейн.Не болып жатқанын қалай білуге болады?

Ответ:

Құрметті Талғат! Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған сұрағыңыз бойынша мәлімет және анықтама алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастар бөлімінің 5п кабинетіне келуіңіз сұралады.


13.08.2018

Асан

Ассалаумагаликум Желаевтагы карьерага неге саябак салмайсыз олжер жаксы демалыс орынга айналады.каламызга демалатын орындар керекко

Ответ:

Құрметті Асан! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған ұсынысыңыздың шешімі қала әкімдігінің құзыретіне кірмейтінін мәлімдейміз. Желаевтағы карьераның жер тілімі Зеленов ауданына жатады. Сондықтан аталған сұрағыңызды Зеленов ауданының әкімі (zel_ob_otdel@mail.ru, http://zelenov-bko.gov.kz.) немесе БҚО әкімінің (http://bko.gov.kz) электронды поштасы арқылы жолдауыңызға болады.


13.08.2018

Жанылсын Вахитова Хакимжановна

Жер теліміне2011ж кезекте тұрған едім.енді ол жер болып беріледі ме?əлде үй ретінде беріледіме?сол туралы мəлімет берсеңіздер екен?!сонымен қоса тел.анықтамасын жəне ары қарай қайдан алу керектігін айта кетсеңіздер.egov.kz сайтынан таппадым.

Ответ:

Құрметті Жанылсын Хакимжановна! Сіздің 2011 жылы 24 қазандағы №В-10651 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 54314. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное кентінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


13.08.2018

Жанат Умбеткалиев

Ассалаумагалекум,Алтай Сейдирулы.Мен Умбеткалиев Жанат Саинулы 23.08.2012 жылы камелетке толганга дейинги ата-анасынан айырылган жиырма тогыз жаска толмаган жетим балалар мен ата-анасынын камкорлыгынсыз калган балалар тизимине 1202 номиримен есепке алындым.Отбасымда жолдасым жумыссыз,еки балам бар,балам уште кызым бир жаста..Жалдамалы патерде турамын. Жасакталган патер кезек бойынша бериледи деген болатын,содан 6 жыл отседе кезектеги уй берилмеди.Казирги танда 28 жастамын кезектеги уй сонда кашан бериледи.

Ответ:

Құрметті Жанат! Сіз 2012 жылы 23 тамызда «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1202-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 875. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.


09.08.2018

Ануарбекова Гульдана Маликкызы

Салеметсиз бе.Мен жер кезегине тиркелип едим.Казирги танда нешинши орында турганымды билсем болама

Ответ:

Құрметті Гүлдана! Сіздің 2012 жылы 21тамыздағы №А-10027 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 60989. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


06.08.2018

Ақерке Жалғас

Саламатсызба. Біз мункеулы 83/3үйінің тұрғындары, қаңтар айында жаңа үйге кірдік. Сол кезде жкх мекемесінде А. Қайсағалиев мырза жиналфс жасап, үйдің дворын шілде айының соңына бітіріп береді деп уәдесін берген болатын. Шілденің соңында дворды жасап жатқан ТОО "ТОБИ" компаниясына хабарласқанымызда, тамыздың соңына деп тағы "уәде" берді. Міне тамыз ортасы жақын. Дворымызда 2айдан бері ешқандай құрылыстың дыбысы жоқ. Асфальттың тек 1 қабытын маусымда төседі. Болды. 8айдан бері тұрғындар қоқыс салатын контейнерлерсіз, скамейкасыз, балаларға арналған алаңсыз отырмыз. Тоо "Тоби" жауап беруден қашқақтап, телефонмен жөнді сөйлеспей тастай сап отыр. Нақты жауап жоқ. Енді кімге? Қайда жолығуға болады? Бұл не деген бітпейтін уәделер? Жауап берсеніз алдын ала рахмет

Ответ:

Құрметті Ақерке! М.Мөңкеұлы көшесі 83/3 үйді абаттандыру және инженерлік желілермен қамту «БҚО Орал қаласы Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыс салудағы 9 қабатты төрт тұрғын үйге №5 белгі, №6 белгі, №33 белгі, №43 белгісіне инженерлік желілерді салу және абаттандыру» жобасы бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған үйді электрмен, газбен, жылумен жабдықтау жұмыстары толығымен орындалды. Сонымен қатар, аталған үйге кіреберіс пен автотұраққа асфальтобетонды жабынның 1 қабаты жасалды. Қазіргі таңда кіші архитектуралық пішіндерді қою жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айының соңына дейін асфальтобетонды жабынның екінші қабатын салу жоспарланып отыр. Сол себептерден аталған үйді абаттандыру жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


06.08.2018

Кенжегулова Алтын

Үй кезегін білгім келеді.Әр-түрлі бағдарламаға қатысып кезектен тыс үй ала аламын ба?

Ответ:

Құрметті Алтын! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасова көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған Үкімет» МК, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


30.07.2018

Тлепбергенов Ержан

«Көктем» мөлтек ауданындағы М.Мөңкеұлы 856 үйдің тұрғындары тіркеуге тұра алмай жүр. Себебі ЦОН-ның базасында жоқ дейді.ЦОН БТИ-ға БТИ Акиматқа сілтейді

Ответ:

Құрметті Ержан! Бүгінгі таңда Сіздің сұрағыңыз бойынша Орал қаласы әкімдігі мен Орал қаласы, Көші қон полициясы бірлесе жұмыстанып, аталған олқылықтар бойынша жұмыстанып жатырғанын хабарлайды. Сондай-ақ, тіркелім сұрағы бойынша Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» МК, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй және Ч. Набережная көшесі, 84-үйге) жолыға аласыз.


24.07.2018

Бакаев Альбек

Сәлеметсізбе Мен, Бакаев Альбек Талгатұлы осы кезге дейін кезекте жоқпын. Бірақ Нұрлы Жер бағдарламасы бойынша жаңа үйге өтуге кезекке тұру үшін Жер кезегінде тұрған (2009.01.15) анамның кезегін өз атыма ауыстыруға бола ма?

Ответ:

Құрметті Альбек! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңізді сыйға тарту, отбасы мүшелерінің орнына жақын туыстарын (ата-анасы, ұлы, қызы т.б.) арнайы есепке енгізу Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде қарастырлмағандығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Сіз Орал қаласы бойынша жергілікті атқарушы органда (ЖАО) тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегінде тұрған жоқсыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған Үкімет» МК, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес 3 топ қарастырылып, Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: 1) I топ, оның ішінде: «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар; «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. 2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты; 3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты: кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, бүгінгі таңда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы тұрғын үйлер салынуда. Егер, III топ «Жас отбасылар» санаты бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады.


19.07.2018

малтабарова замзагуль

Өтініш мәтіні жер телімінің кезегін білу

Ответ:

Құрметті Замзагуль! Сіздің 2008 жылғы 19 ақпандағы №М-265 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 27820. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


18.07.2018

Райымбек Шампаев

Ассаламуалейкум, алдыңғы қойған сұрағыма дұрыс түсінбеген сияқтысыздар.Жыл сайын Орал-Тасқала бағыты жол бойындағы қалалық қоқыс төгетін орынның басқа жаққа ауыстырылатын және қаладан алысырақ аумақтан арнайы полигоннан жер бөлінгендігі жөнінде айтылған болатын, сол қашан көшіріледі.Аталған қоқыс өртенбесе де жел сол бағыттан болғанда иіс келеді.Бүкіл қаланың қоқысы төгілетін орын неге қалаға жақын орналасқан,қашанғы қоқыс иісімен демаламыз, қашан көшіріледі соған жауап берсеңіздер?

Ответ:

Құрметті Райымбек! Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны Орал-Саратов тас жолы бойынша қаладан 8 км жерде, 1975 жылы құрылған, жалпы ауданы 35,9 тыс.кв.м-ді құрайды, полигон құрылған күннен бастап 40 жыл өтті. 2000 жылы аталған полигон қолдану ұзақтылығы 2025 жылға дейін ұзартылды. Жылына көмелі жағынан ұлғаю көрсеткіші жылына 0,6% артады. 2017 жылы ҚТҚ полигоны сенімерлік басқарумен «АйСиЭм Ресайклинг» ЖШС-не берілді. «АйСиЭм Ресайклинг» ЖШС-не полигон сенімгерлік басқаруға берілді. Ағылдағы жылдың екінші жартыжылдығында «АйСиЭм Ресайклинг» ЖШС-гі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау линиясын салу жұмыстары дайындалуда. 2017 жылы БҚО Орал қаласындағы жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысына техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Ағымдағы жылы аталған жана полигон техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарлануда.


12.07.2018

Шампаев Райымбек

Ассаламуалейкум, мен Зашаған кентінің тұрғынымын, атап айтқанда ПДП-8,9 аумағында қысы-жазы бітпейтін түтін, Орал-Саратов тас жолы бойында орналасқан қалалық қоқыс төгетін орын өртеніп соның иісі аталған аумаққа қатты таралады,жазғы мезгілде терезе аша алмаймыз, жыл сайынғы есеп беру жиналыстарда осы мәселені Зашаған тұрғындары талай мәрте көтерген болатын,нәтиже жок. Бір естігенім сол қазіргі қоқыс төгетін орынның уақыты бітті басқа полигонға ауыстрамыз деген. Бұл қолқаны қабатын түтін иісінен қашан құтыламыз. Рахмет!

Ответ:

Құрметті Райымбек! Сіздің орал каласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Орал қаласының тұрмыстық-қатты қалдықатар полигоны аумағындағы өздігінен өртену салдарымен күресуге 10 данадан астам техника жұмылдырылды, оны ішінде 2 погрузчик, 1 экскаватор, 1 бульдозер, 6 самосвал. Кәзірге таңда полигондағы өрт сөндірілді және де «АйСиЭм Ресайклинг» ЖШС-не атаған мәселе бойынша өрт салдарын болдырмау жұмыстарын қолға алу қажеттілігі қаперіне салынды.


12.07.2018

Шампаев Райымбек

Ассаламуалейкум, мен Зашаған кентінің тұрғынымын, атап айтқанда ПДП-8,9 аумағында қысы-жазы бітпейтін түтін, Орал-Саратов тас жолы бойында орналасқан қалалық қоқыс төгетін орын өртеніп соның иісі аталған аумаққа қатты таралады,жазғы мезгілде терезе аша алмаймыз, жыл сайынғы есеп беру жиналыстарда осы мәселені Зашаған тұрғындары талай мәрте көтерген болатын,нәтиже жок. Бір естігенім сол қазіргі қоқыс төгетін орынның уақыты бітті басқа полигонға ауыстрамыз деген. Бұл қолқаны қабатын түтін иісінен қашан құтыламыз. Рахмет!

Ответ:

Құрметті Райымбек! Сіздің орал каласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз, Орал қаласының тұрмыстық-қатты қалдықатар полигоны аумағындағы өздігінен өртену салдарымен күресуге 10 данадан астам техника жұмылдырылды, оны ішінде 2 погрузчик, 1 экскаватор, 1 бульдозер, 6 самосвал. Кәзірге таңда полигондағы өрт сөндірілді және де «АйСиЭм Ресайклинг» ЖШС-не атаған мәселе бойынша өрт салдарын болдырмау жұмыстарын қолға алу қажеттілігі қаперіне салынды.


09.07.2018

Бисембиева Таңнұр Тұраққызы

Жер кезегі кезекті тоқсан сайын өзгермейді,неге?Жылдын басында калай тұр солай тұр

Ответ:

Құрметті Таңнұр! Сіздің 2010 жылғы 29 сәуірдегі №Б-120 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз– 47313. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


09.07.2018

Мурадым Батыргалиев

Саламатсыз ба?.Астана 9 шағынауданы жанындағы Еуропа кафесі өртенгенін білесіздер!.Енді сол кафені тұрғындардың қарсылығына қарамастан,қайтадан жасап жатыр.Ол аз дегендей Назель магазинінің жанынан монша салуда!.9-үйдің қарсы бетінен пекарныйдың құрлысы басталғалы тұр.Сонда 9 үйдің тұрғындары көк түтін мен жағымсыз иістің ортасында қалайын деп тұр.Экологиялық жағдай мүлдем ескерілмей отыр.80 патерлік тұрғын үйдің адамдарына өте қолайсыз!.Мен өзім бирінші этажда тұрамын.Терезе ашып ауа жұту мүмкін емес.Күндіз -түні иіс.Үйде үлкен кісі,кішкентай балалар бар!.Сондықтан мен талап етемін!Құрлыс жұмыстарының тоқтатылуын!Бұрын да,бұл маселе туралы жазғанмын.Натиже жоқ!.Егер де енді натиже шықпаса жоғарыға жазып шағымданатынымды ескертемін!.Өйткені менде зиянды ауаны жұтып отыратын денсаулығым да,емделетін қаражатым да жоқ!.арине жеке касипкерлікке қарсылығым жоқ,салсын бизнесін жасасын!Бирақ айналадағы адамдарға қолайлы болуын ескерсін!Сиздеден жауап күтемін!

Ответ:

Құрметті Мурадым! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесідей хабарлаймыз. Астана ш/а, 9/1 мекен жайындағы «Еуропа» кафесін салудың заңдылығына байланысты сұрағыңызға, құрылысшы А.Басарованың барлық заңды құжаттары бар екендігінін және екінші қабаттағы ғимараттың құрылысына Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімімен рұқсат берілгендігін мәлімдейміз. Астана ш/а, 4N1 «НазЭл» сауда үйі жанындағы жүргізіліп жатырған құрылыс жөнінде келесі анықтама ұсынамыз, «НазЭл» ЖШС сауда үйі сол ауданның бекітілген ЕТЖ-на сәйкес және барлық рұқсат құжаттарымен спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуде. Астана ш/а «Мастер» сауда үйі артындағы наубайхана құрылысы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатырғанын және жеке кәсіпкерде қажетті құжаттар мен рұқсаттар бар екенін хабарлаймыз.


09.07.2018

Абишева Гулшат

2004 жылы 3 тамызда жер участкесіне кезекке турдым қай уақытта жер беріледі

Ответ:

Құрметті Гүлшат! Сіздің 2004 жылы 04 тамыздағы №Э-6 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 1700. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


03.07.2018

Венера Бакишева

Салеметсизбе мен 2015жылы жер кезегине турып едим нешинши болып тур екем жанеде берилеме екен торт баламен патер жалдап турамыз сол жагын карастырып берсениз

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің 2015 жылы 26 қазандағы №Б-8617 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 67217. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


03.07.2018

водитель 103

бізде жедел жәрдем станциясында 30дан астам жургізуші қысқартып жатыр. шындыгында казіргі танда жүргізушілер жетпей кунде жумыска шығып жур. Ембек демалысында жүрген жургізушілерді де жумыска шақыртып жатыр. вызовтар 2-3сагатка кешігіп барамыз. бұрын 23 бригада болса казіргі танда 17ге дейін қысқартты. бұрын қалалық жедел жәрдем болғанда ембек ақымызды уақытында алатынбыз, дефоплата дегенде болатын. мейрам күндері премия алатынбыз. қазір Облыстық жедел жәрдем болғалы жалақымызды кешіктіріп және екіге бөліп беретін болды премия жане дефоплата дегенді мүлде ұмыттық осынын барлығы заңдыма біліп беруінізді сураймыз

Ответ:

Құрметті қала тұрғыны! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіздегі сұрағыңыз қала әкімдігінің кұзыретіне кірмегендіктен Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарау үшін жолданды. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Водитель 103» авторынан түскен шағымды қарастырып, келесіні хабарлайды. «103» пультіне келіп түскен барлық шақыртулар 4 жеделділік санатына (4 категории срочности) бөлінеді. 1-3 жеделділік санатының шақыртулары шұғыл болып табылады (10 минуттан 30минутқа дейін), 4-ші жеделділік санатының шақыртулары кезек күттірмейтін шақыртулар санатына жатады (неотложная медицинская помощь) және бір сағаттың ішінде (60 минут) қызмет көрсетіледі. 4-ші жеделділік санатының шақыртуларының басым бөлігі қала емханаларының жанындағы кезек күттірмейтін көмек қызметіне жолданады. Жедел медициналық жәрдем жұмысын оңтайландыру мақсатында бригадаларды 25-тен 18-ге дейін қысқартылды. Қазіргі уакытта қала бойынша әр ауысымда 18 жедел бригадасы және 8 медициналық алғашқы санитарлық көмек жанындағы кезек күттірмейтін бригада (в поликлиниках) жұмыс істейді (барлығы 26 бригада). Шақыртуларға 2-3 сағатқа кешігіп бару ақпараты анықталмады. Еңбек демалысында жүрген 10 жүргізушілер өздерінің келісімдерімен жұмысқа қайта шақыртылғаны анықталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» тарапынан қаржыландыру бойынша кідірістер болғандықтан, еңбекақының 50%-ын айдың аяғына дейін, қалған 50%-ын Ұжымдық шартқа сәйкес келесі айдың 10-ына дейін төленіп отыр. Қаржыландырудың жетіспеулігіне байланысты кредиторлық берешектер қалыптасып, ынталандыру (дифференцированная оплата) және сыйақы (премия) төлеу мүмкіндіктері болмай тұр. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында қалыптасқан жағдайлар бойынша облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау министрлігіне хат жолданғанын хабарлаймыз.


03.07.2018

Аягоз Габбасова

Салеметсизбе?! Токай кошесине биыл ремонт жургиледиме жокпа? Параллель жаткан кошелерде ремонт жургизилди биздин коше неге калып кетти? Алдын ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Аягоз! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңіздегі Ғ.Тоқай көшесінің жолы, «Орал қаласындағы Достық даңғылы бойындағы Е.Пугачев көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес Достық-Дружба даңғылымен 50 метр қиылысатын жолы қарастырылған. Бүгінгі таңда, аталған нысан бойынша Достық-Дружба даңғылымен Ғ.Тоқай көшесінің қиылыс жол жұмысы аяқталғандығын каперіңізге саламыз. Сонымен қатар Ғ.Тоқай көшесі бойынша ағымдағы жөндеу жүргізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Егер осы қабылданған шешімге Сіз келіспеген жағдайда ҚР 12.01.2007 жылғы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, шағымдануға құқылысыз.


blog_akima