Әкім блогы

Сұрақ жауап

20.02.2017

Аяулы

Салеметсизбе мен аким мырзадан комек сурайн дегем.еки баланын анасымын.улкени 3.5жарымда.кишкентаим 1жас 2аи болд.улкен балам дцп аурумен аурад.алматы каласындагы максат емханасына апаргым келед.каражаттан киналам.акшасы дари дармектен ауспаид.кв.турам.жолдасым тастап кетти.сиздерден комек ктлын созса екен деим.баланын киналганын коргим келмид.сиздерге отиниш колдан келген комек корсетсе екен деим.рахмет

Ответ:

Құрметті Аяулы! Сіздің қала әкімінің богына жолдаған өтінішіңізге орай, әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН-і болған кезде өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады. Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады: 1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi; 3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама); 4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.); 5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 6) халық банк шоты. Сондай ақ, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 шешімен бекітілген «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады: - Жеке куәлік (көшірме) - Халық банкіден есеп-шот - Дәрігердің қорытынды анықтамасы (ДКК) (түпнұсқа) - Баланы бағып-күту бойынша жәрдемақы анықтамасы (ЗТЖМО) - мекен-жай анықтамасы - Мүгедектік туралы анықтама (көшірме) Біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балаларға емделуге табыстарын есепке алмай, арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 1-қабат 3 бөлме, 2-қабат 23 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 93-35-62, 93-35-66. Тұрғын үй мәселесі бойынша, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, аталған мәселемен Сіз қала әкімінің орынбасары М.Нұржановтың жеке қабылдауына жазылдыңыз, қабылдау күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады. Анықтаманы 512886 телефон арқылы алуға болады.


20.02.2017

Гулнур

Саламатсыздарма? менин сурагым 3 балам бар еди жолдасыммен арамыз суып ажырасып журик.енди барар жерим де калмады.жолдасым окпесине салкын тиип ауырып содан емделмей балама жугып енди баламды Ивушкага беру керек деп жатр емделуине.баламды Ивушкага берип калага жумыс жасайын десем артында егиз кызым бар.оларды багысатын да адам жок.ата енем алып кет дейди.озимнин анам ауырып партал кутип жатыр.енди маган кандай комек болады.пособия ешкандай акша алмаймын укиметтен.отиниш пəтер жағынан көмек керек.жер кезегімді де біле алмай отырмын.

Ответ:

Құрметті Гүлнүр Самиголлиевна! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН-і болған кезде өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады. Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады: 1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi; 3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама); 4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.); 5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 6) халық банк шоты. Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 3 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 93-35-62. Сонымен қатар, аталған сұрақпен Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолыға алатыныңызды хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.


20.02.2017

Талпын

Курметти Аким жолдас! Биз, бир топ Орал каласы Комсомол кошесинин тургындары,осы отиништи жолдай отырып,Комсомол кошеси каланын как ортасында орналасса да ,коктем ,куз айларында улкен-киши адамдарга журип туру оте киын.Комсомол кошеси еки жолакты.Бир жолагында асфальт бар, бир жак жолагында асфальт жок.Сизден отиниш осы кошемиздин жолын дурыстап берсениз.Рахмет!

Ответ:

Құрметті Талпын! Сіздің өтінішіңізге орай Орал қаласының әкімдігі, ауа-райы қолайлы жағдайы түскеннен кейін, Комсомольская көшесінің жолын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақтау мүмкіндігін қарастыру үшін Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен орынға шығумен қаралатындығын хабарлайды.


17.02.2017

ВЕНЕРА

СӘЛЕМЕТСІЗБЕ ДЕРКУЛ 2ЭТАПТА 8 кошемен 18 көше киылысы АРЕНДАГА БЕРИЛЕТИН ЖЕР 4 ЖЫЛДАН БЕРІ БОС жатыр не себеппен цон аркылы арыз жаздым колданыска берілмейді дид неге/

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, өтінішіңізге төмендегідей жауап жолдаймыз: Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес өтінішіңіздегі аталған Деркөл кентіндегі жер учаскелерінің құқықтары сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, аталған сұрағыңызбен «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша жолығуыңызға болады.


17.02.2017

жанат

сәламатсызба.мен 2010 жылы жер кезегине турганмын кезегимди кайдан карауга болады

Ответ:

Құрметті Жанат! Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін және Сіздің аты-жөніңіз толық көрсетілмегеніне байланысты толық мәлімет жолдай алмайтынымызды хабарлаймыз. Толық ақпаратты алу үшін осы мекенжайға жолығуыңызға болады: Достық-Дружба даңғылы,182/1-үй, 4п-кабинет, 2-үстел, өзіңізбен бірге: жеке куәлік, жер кезегіне тұрғандығын дәлелдейтін үзінді болу қажет.


16.02.2017

Жамал

Саламатсызба аким мырза! Мен сизден сурайын дегеним 2004 жылы жер кезегине турган едим.Нурлы жер багдарламасы бойынша жер емес уй салып бериледи дегенди естидим.Сол жонинде толык акпарат беруинизди отинемин.

Ответ:

Құрметті Жамал! Сіздің 2004 жылы13 қазандағы №С-713 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 3019. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


16.02.2017

Дамира

Өтініш мәтіні Тұрғын үй және жер кезегін білгім келеді

Ответ:

Уважаемая Дамира! Сіз 2016 жылы 14 қазанда «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылардың» тізіміне 9371-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 6359. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Сонымен қатар, Сіздің 2008 жылы 27 наурыздағы №Е-207 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 29009. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


16.02.2017

Айнурбек

Орал каласы Жерге 2008 жылы тіркелгем кезегім нешінші кашан беріледі.

Ответ:

Құрметті Айнұрбек Максутович! Сіздің 2008 жылы 21 қазандағы №М-373жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 35645. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


16.02.2017

Алия

Саламатсызба? Сізден бір көмек сұрайын дегем. Мен торт баланын анасымын. Ен кенже екі улым бір жастан асты енді төлем ақылар төленбтді. Тек алатыным көп балалы отбасы болғанымыз үшін 8800тг былай ойлап қарағанда ол ақшаға бір қап үн ғана келеди. Ал торт баланы тек нан мен асырау мүмкін емес екендігін сіз де бізде жаксы білеміз. Сондықтан сурап тұрған комегім мені қалалық №6 емханадан жұмыс тауып беруіңіз. Мен декреттік демалысқа дейін қалалық жедел жардем станциясында жумыс жасағам, қазір ол жерге жұмысқа шығуға мумкіндігім жоқ. Өйткені түнгі ауысым кезінде төрт баламды тастай алмаймын.Акеміздің 50мын теңгесіне кун көру торт баламен мүмкін болмағандықтан сізден өтініш сурап отырмын.Фельдшер мамандығы бойынша. №6 емхана дал уйіміздің алдында жақын. Отінімді жерге қалырмассыз деген оймен сізге зор үміт артып отырмын. Рахмет алладан қайтсын.

Ответ:

Құрметті Алия! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді. Орал қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жолыққан жағдайда Сізге мамандығыңыз бойынша жұмысқа жолдайтынымызды хабарлаймыз. Егерде тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу болған жағдайда әлеуметтік көмектерді алу үшін уәкілетті органға өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады. Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады: 1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi; 3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама); 4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.); 5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 6) халық банк шоты. Сонымен қатар, біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (20565 теңге) төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін уәкілетті органға жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін Достық даңғылы №161 үй, 3,9,13 бөлме мекен-жайына хабарласуға болады, телефон 51-44-93,93-35-62, 93-35-66.


15.02.2017

Куралай

Кымбаттыда ардакты Нариман Торегалиулы.Кешеги сиздин халыкка есеп беру есебинизди тикелей эфирден корип.Халыктында Сурактарына накты жауап бергенинизге куанып отырмын.Сизди жаксы коремиз.Енди сизге койар сурагым.Кеше жаналыктарды карап отырсам 2017 жылы касипкерлерди колдауга касип ашам деген азаматтарга.Кепилсиз 16 миллионга дейн неси бериледи деп естип едик.Калада да ауылдагы касипкерлерге бериледи деп Казакстан ултык арнасынан естидик.Сол тургылыкты распа.Рас болса оны калай ала аламыз.Жолдасым Хайруллин Сабыржан Багданивич.Сол несие алгысы келген.Онын Ип сы бар шагын касиппен айналысады.Орталык Мирлан базарында.Ешкандай нологы ешкандай карызы жок.Барин уакытылы толеп отыр.Ип сында нологында и патентинде.Барлык кужаттарыда тугел.Жасыда 35 теги ер азамат.Несие алып касибимизди улгайтсак деп едик.Куленария,монша жане улке дукен ашсак деп едик.РТС (Достык)ауылына сол жерден 12 соттык жер алып койган едик.Сол алган жеримизде дукен де монша да жок жанадан салынып жаткан шагын аудан.Алган жеримиз жанымызда тагы 12 сотык жер сатылады.Соны сатып алып Сол жерге моншада куленарияда дукенде салып касибимизде улгайтсак халыккада жумыс болар еди.Сол несиени алуга комектесинишши.Кайда барып жолыксак болады.Касип ашам деген адамга колдау корсетеди деп сенем.Сизге алдын ала рахмет.

Ответ:

Кұрметті Куралай Казбековна! Сіздің мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға берілетін несие туралы сұрағыңызға сәйкес төмендегідей мәлімдейміз. Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын несие беру жұмыстары басталуда. Аталған бағдарламаға өз қызметін жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын жұмыссыздар, өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен оның мүшелері қатыса алады. Бағдарлама қатысушылары шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауылшаруашылығы коопертивтерін құру үшін 7 жылға дейін, 6%-дық мөлшерлемемен, несиенің ең жоғары сомасы 16 млн.теңгеге дейін ала алады. Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіруші әр-бір азамат тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік бөліміне, «Даму»


15.02.2017

Айнура

Қайырлы күн Нариман Төреғалиұлы! Деркул ауылы (ІІ кезең) тұрғындарынан атынан өз шағын ауданымызда осыған дейін жасалған игі істеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, шағына ауданымызды көң-қоқыс аймағына айналдырмау мақсатында, мүмкіндік болса, маршруттық көлік жолының бойына қоқыс жәшіктерін қою туралы өтінішіміздің орындалуына ықпал етуіңізді сұраймын. Алдын-ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің өтінішіңізге Орал қаласының әкімдігі, Деркөл кенті ТЖЖ-2 шағынауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерін орналастыру – қоқыс шығаратын арнайы техникалардың ауыр болуына байланысты, қазіргі таңда қоғамдық көлік қатынайтын қиыршық тасты жолдың бұзылуына әкеліп соқтыру мүмкін екендігін хабарлайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Орал қаласының құрылыс бөлімімен «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы (2-кезең)» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Аталған жоба жүзеге асырылған жағдайда, Деркөл кенті, ТЖЖ-2 шағынауданы бойынша қоқыс контейнерлерін орнату мүмкіндігі қарастырылатын болады.


15.02.2017

Мулдир

Жер теліміне 2008жылы тіркелгем кезегін біле аламба?

Ответ:

Құрметті Мулдир Мажитовна! Сіздің 2008 жылы 31 қаңтардағы №Ж-86 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 26857. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелденбілуіңізге болады.


14.02.2017

Айнур

Сәлеметсіздерме? жер кезегіне тұру үшін қандай құжаттар керек және аптаның қай күндері қабылдайсыздар?

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сұрағыңызға келесіні мәлімдейді: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 15-кабинет, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қос тапсырылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».


14.02.2017

Лунара

Салематсызба, 14 тұрғын үйге қоныстандыру ақпан айының соңындама алде наурыз айында ма? Рахмет.

Ответ:

Құрметті Лунара Нурлыбековна! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтішіңізге орай, «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда барлық жіберілген жас отбасылар төлем қабілеттілігін анықтап, қосымша келісімшарт жасап бөлімге келгеннен кейін, жалдау (жалға) алу шарты және кілтті берілетін болады.


13.02.2017

Инкар

Салеметсиз бе , менин есимим Инкар, 2012 жылы ипотекага 15жылга 60мыннан айына еки болмели уй алган едим 5 кабаттан Актюбинская 218 уйден (казирги танга дейин толеп кеоемин)сол алган уйимнин тобесинен 2жылдан бери су кетеди, КСК адамына жолыгып едим еш шара колданбай отыр, озиниз жондеп алыныз деп, ол уйдин шатыры барине ортак емес пе ? Алдагы уакытта соргалап аккан судан орт шыгу каупиде бар, жумыс кезинде жанбыр жауса астындагы кабаттагы патирде зардап шегеди.Жондеу жасауга менин жагдайым жок, жолдасым кайткан кызыммен турамын.Уйде суык .Осындай жагдайда кандай комек коресете аласыздар ?

Ответ:

Құрметті Инкар! Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Сіздің тұрып жатқан үйіңіздің шатырын жөндеп беру бойынша, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендірілген тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндік жоқ, себебі бюджеттік классификацияда қаржы бөлу қарастырылмағандығын хабарлайды. Сондай-ақ, Орал қаласы Актюбинская 218 үй 1985 жылы салынған. Стандарқа сәйкес үйдің шатыры тегіс төселген (мягкая кровля) қызмет көрсету уақыты 10 жыл болса, шифер қапталған шатыр болса қызмет көрсету мерзімі 30 жыл екенін хабарлаймыз. Соған байланысты аталған мекенжайдың шатырын күрделі жөндеуды қажет етеді. Бүгінгі таңда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жаңғырту және дамыту 2011-2020 жж» арналған бағдарламасы аясында 2011-2016 жылдары аралығында қала бойынша 80 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соған байланысты жоғарыда аталған бағдарлама арқылы өзіңіздің тұрғын үйіңізді шатырын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатынын мәлімдейміз. Сонымен қатар, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жж.» арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарым негізінде үйді күрделі жөндеуге қажетті қаражат бөлініп, арнайы белгіленген мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы бағдарлама арқылы жөндеу жүргізу үшін тұрғындардың көпшілігінің келісімі қажет болады және қандай жөндеу жұмыстарын жүргізуді тұрғындар шешетінін хабарлаймыз. Аталған бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ-ге (50-06-08), Некрасов 30/1 мекенжайы бойынша жолығуыңызға болады.


13.02.2017

Гүлнара

Жер кезегін білу

Ответ:

Құрметті Гүлнар Мақсотовна! Сіздің 2010 жылы14 сәуірдегі №М-123 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 47118. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


09.02.2017

Альмира

Мен осы 761 турганыма неше жыл болды еш жылжымайды сонда калай ол жетим балаларды уймен камтамасыз етемиз дейсиз де очередке орналастырганынызга мазсиздер ешкандай дурыстык жок мен коп куттим берилер деп енди озиме тиесили уйди алу ушин сонда сиздермен миндетти турде соттасып алуым керек пе алде бул тек козбояушылык па ешкандайда уй бермейтин шыгарсыздар омиримизге тугандарымыздын есигин тоздырумен журетин шыгармыз жумыскада кирмей балада окыта алмай маган осы маселемди шешип бериниздер уйімди кезекпен алу ушин мумкин акша немесе мал сурап турсыздар мА.

Ответ:

Құрметті Альмира! Сіз 2011 жылғы 13 желтоқсанда «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-761. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.


09.02.2017

Керимбаева Айжан

Саламатсызба, менің 6балам бар, үй кезегінде мін. маған счет аштыру керек екен, бірақ менде шотқа салар ақшам жоқ, балдардың льготы 30000теңге, мен үйді қалай аламын, жəне кезегім неше, рахмет

Ответ:

Құрметті Айжан! Сіздің қала әкімі жеке блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2015 жылы 1 сәуірде «Көп балалы отбасылардың» тізіміне 8450-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 5444. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі


09.02.2017

Кожанова Мархаба

Сәлеметсіз бе? Мен 2012жылдан бастап жетім бала ретінде үйде кезекте турмын. 2010жылдан бастап жерде қашанғы бұл кезек козгалар емес қашанғы күту ге болады акиматка қабылдауға баргам казір қабылдап жатқан жоқпыз деп қайтарып жіберді қашанғы табалдырық тоздырамыз соны білім келеді өтінемін сурагымды жауапсыз қалдырмассыз деп үміттенемін.

Ответ:

Құрметті Мархаба Сергейкызы! Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сіз 2012 жылғы 23 шілдеде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1170-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-905. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге заңға сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі. Сіздің жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмеген. Өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


09.02.2017

Айнұр

Сәлеметсіздерме. Мен жер кезегін білейін деп едім.Қалай қарауға болады?

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №Ғ-11401 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 61631. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


blog_akima