Әкім блогы

Сұрақ жауап

09.01.2017

Магзомов Куаныш

Құрметті Нариман Төреғалиұлы менің сұрағым Деркул 2-этаптың "АдияСтройПроект" жасап жатырған жол проектісі қаралып бекітілді ме? жолды биыл 2017 жылы салады ме? сол жөнінде толықырақ жауап бересіз бе? рахмет!

Ответ:

Құрметті Қуаныш! Қазіргі уақытта Деркөл кенті (2-кезек) бойынша «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы(2-кезек)» жобасы жасақталуда. Қаржы бөлінген жағдайда жобаны жүзеге асыру қарастырылады.


06.01.2017

Хайроллин Куаныш

Саламетсизбе мен Хайроллин Куаныш Ерболатулы 2009жылы жер кезегине турган болатынмын енди сол жер берилмиди деп естип едим еди не истесем болады жануяалы болганыма 3 жыл болды 2 балам бар жолдасым жумыссыз казирги кезде патер жалдап турамыз жас отбасы ретинде кезекке турайык десем ол ушин жолдасым екеумиздин биреумиз мемлекет кызметинде жасаумыз керек екен кимге жугинеримизди билмей отырмыз осы сауалым жонинде комектесуинизди отинемин

Ответ:

Құрметті Қуаныш! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Сіздің жолдасыңыз қазіргі таңда бала қүтімінде отырған, Ерназарова Жазира Ерназарқызын жұмысқа орналастыру үшін Жұмыспен қамту орталығына (Достық даңғылы, 161, т.93-35-97) өтiнiш жасай алады. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және табысы жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелінеді: 1)жеке басын куәландыратын құжат; 2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде). Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетіледі. Сіздің 2008 жылы 25 желтоқсандағы №Х-305 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 38893. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлайды.


06.01.2017

Хайроллин Куаныш Ерболату

Салеметсизбе мен 2009 жылы жер кезегине турган едим сол берилеме жолдасым жумыссыз 2 балам бар казирги кезде патер жалдап турамыз алде уйге кезекке туру мумкиндигимиз барма биздин озим ТОО Алина сервис фирмасында жургузуши болып жасаймын.

Ответ:

Құрметті Қуаныш! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Сіздің жолдасыңыз қазіргі таңда бала қүтімінде отырған, Ерназарова Жазира Ерназарқызын жұмысқа орналастыру үшін Жұмыспен қамту орталығына (Достық даңғылы, 161, т.93-35-97) өтiнiш жасай алады. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және табысы жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелінеді: 1)жеке басын куәландыратын құжат; 2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде). Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген тұлғаға ол тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде, оған лайықты жұмысты таңдау арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетіледі. Сіздің 2008 жылы 25 желтоқсандағы №Х-305 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 38893. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлайды.


06.01.2017

Медет

Салеметсіздер ме, Мен Шукулова Аксулу Бибитовна Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жана өмір ауылының тұрғынымын 2008 жылы мен Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысына арналған жер теліміне кезекке тұрып едім. Сол кезегім нешінші екен? Білейін дегем?

Ответ:

Құрметті Медет! Сіздің 2008 жылы16 қазандағы №Ш-133 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 35519. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.


05.01.2017

Аралбай

Мен өзімнің жер кезегімді қайжерде тұрғанымды білгім келеді

Ответ:

Құрметті Аралбай! Сіздің 2008 жылы 16 қырқүйектегі №М-269 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 34413. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады.


05.01.2017

Болат Шамгон

Нариман Төреғалиұлы! Мен тұрып жатырған үйімнің ауласындағы бос жерге жеке кәсіппен айналысу үшін (шағын кондитерлік цех) құрылыс жүргізуге, инженерлік желілер тартуға заңмен рұқсат беріле ме?

Ответ:

Құрметті Шамғон! Қала әкімінің блогына жолдаған өтішіңізге орай, ҚР Жер Кодексінің 49-1 бабы бойынша, Сізге алдымен жер учаскесінің нысаналық мақсатын өзгерту қажет, тек содан кейін ғана инженерлік желілер тарту үшін қажетті кәсіпорындардан техникалық шарт алу керек. Аталған сұрағыңызға толық ақпарат алу үшін Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіне аласыз (Достық-Дружба даңғылы 182/1, т.51-27-29).


05.01.2017

Нұрсұлтан Карамулдин

Сәлеметсизбе Мен курылыста жумыс жасаймын. Жолдасым студент.Еки балам бар.Пәтер жалдап турамыз.Мемлекеттик жумыс жагынан комектессениз жаксы болар еди.Пәтер кезегине тура аламын ба.

Ответ:

Құрметті Нұрсұлтан! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан,Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады. Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу болған жағдайда әлеуметтік көмектерді алу үшін уәкілетті органға, уәкілетті орган болмаған кезде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен және құжаттармен жүгінуге болады. Атап айтсақ: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2017 жылдың І-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 12339 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2017 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8226 теңге), атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Жұмыс жөнінде: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес,жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Сондай- ақ, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген жағдайда, Жұмыспен қамту орталығы лайықты жұмыс таңдаумен қатар, жолдасыңызға қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын және тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызмет көрсету арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Толық ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ, Достық - Дружба даңғылы 161, № 9-12 қабылдау бөлмесіне жолуығыңызға болады, байланыс телефоны: 8 (7112) 50-56-67.


04.01.2017

Нурушева Мөлдір

Сәлеметсіз бе?! Менің әкем, Койшыгалиев Махмет Мухтарович, 2004 жылы жерге кезекке тұрған болатын, 13 жыл болды!Кезегіміздің номері қанша?? Қазіргі уақытта нешінші номерлі кезекке жер беріліп жатыр? Шамамен, қай уақытта кезегіміз келеді? Алдын ала жауабыңызға рахмет!!

Ответ:

Құрметті Мөлдір Махметқызы! «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сілтеме жасай отырып, өтінішіңізде көрсетілген мәселе бойынша келесіні мәлімдейді: Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Сізге тиесілі емес жер учаскесі туралы мәліметті беруге құқығымыз жоқ немесе бұл сұраныс сот органдарынан немесе авдокат конторынан болуы қажет. Арнайы есептегі жер учаскесіне кезекті тоқсан сайын жаңарып тұратын қала әкімдігінің сайтында мына мекен-жай бойынша uralsk.gov.kz қарай аласыз. Сонымен қатар, Орал қаласы жер қатынастары бөліміне келіп жолыға аласыз: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы 182/1, 4 п кабинет, 5 терезе.


27.12.2016

Айнагуль

Салеметсызбе!Сызге кояр сурагым бар еды. Озым мектепте жұмыс жасаймын. Жалакым 30 мын. Быр кызым бар. Жолдасым бюджеттык кызметте жұмыс жасайды. Озым кантар айында екыншы балага декреттік демалыска шыккалы журмын. Жолдасымнын табысы 55 мын. Озымыздын уйымыз жок. Алла каласа екыншы балалы кейн жолдасымнын табысы мен баланын ай сайынгы акшасы 4 кысыге болгенде жетпейтын сиякты. Әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыруға болама? Әлеуметтік көмектің молшері кандай?Кандай құжаттар қажет?

Ответ:

Құрметті Айнагуль! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Орал қаласы әкімдігі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жөнінде хабарлайды: Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2016 ж. ІV-тоқсанына - 13018 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы алуға құқығы бар. Жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіш. Осы жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттарды Достық даңғылы №161 үй, 3 бөлме мекен жайына тапсыру қажет: 1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi; 3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік (жалғыз басты аналарға №4 анықтама); 4) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (өткен тоқсанға жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, алимент, шәкіртақы, жолақы, ж.т.б.); 5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 6) халық банк шоты. Біржолғы әлеуметтік көмек жөнінде: Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен (21697 теңге) төмен қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға), арнайы комиссия белгілеген мөлшерде төленетін жәрдемақыларды алуға құқығы бар. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады. Біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне, Достық даңғылы №161 үй, 3,13 бөлме мекен-жайы бойынша хабарласуға болады (тел.93-35-60, 93-35-61).


27.12.2016

Мейрам

2004 жылы жерге кезекке отырган әкем Алипкалиев Нурлан кезегі кашан болады шамамен айта аласызба?

Ответ:

Құрметті Мейрам! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, азамат Н.Алипкалиев 2005 жылы13 қаңтардағы №А-42 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 5755. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


27.12.2016

Нұрайна

№34 балабакшада нешинши кезекте турганын билу туралы.

Ответ:

Құрметті ғаламтор пайдаланушы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, 2014 жылы туылған Мұрат Нұрайна №34 «Балбұлақ » МдҰ-да 2014 жылы туылған балалар арасында №48 кезекте тұрғанын хабарлайды. Толық ақпаратты Орал қаласының білім беру бөлімінен (т.51-35-09) ала аласыз.


27.12.2016

Сагирова Айнур Алтаевна

Салематсыз ба,Мен Некрасова мен лермонтов көшелерінің қиылысындағы қоқыс алаңы бойынша шағым айтудамын. Бұл қоқыс алаңың су жағалауын қорғау аймағында және біздің тура жаяу жүргінші жүру жолымызға салынған. Жайық жағалауы күз-көктем қоқысқа қатты толады,қоқысты басып үйімізге ішек-құрт ауруларын жұқтырып аламыз ба деген қауіп бар менде.Некрасова мен Лермонтова көшелерінің қиылысындағы қоқыс алаңың Жайық жағалауынан алыс орынға ауыстыруға бола ма? Бұл мәселемен қоңырау шалғаңымда мәселеңізді қараймыз, бірақ ол салынып койған алынбайтын шығар деп жауып қайтарылды! (ауызша) Қоқыс алаңың қалай басқа аймаққа көшіруге болады? мәселемді шешуге бола ма? Рахмет.

Ответ:

Құрметті Айнүр! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы қала бойынша 125 қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерінің алаңы жайластырылғанын хабарлайды, оның біреуі сол аудан тұрғындарының өтініштері бойынша Сізбен аталған мекенжайда орналастырылған болатын. Аталған контейнер алаңы бюджет қаржысы есебінен және сол аумақтағы тұрғындардың қажеттілігі үшін жасалғанын, контейнер алаңын көшіру қосымша қаржыны талап ететіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 127-бөліміне сәйкес, су қорғау аймақтарының шегінде тыйым салынатын нысандар мен жұмыстар қатарына қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлері алаңдары жатқызылмаған. Жоғарыда аталғандарға сәйкес, қазіргі таңда контейнер алаңын басқа орынға көшіруге мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.


26.12.2016

Серікбол Қасымов

Қадірлі Əкім мырза, Самал көшесін шұғыл түрде жарықтандыру қажет! Көше бойындағы үйлерге түн қаранғылығын пайдаланып ұры түсу фактісі көбейіп кетті! Жəне атаулы көшеде ешқандай жол белгісі орнатылмаған, сондықтан жүрген көліктер жоғары жылдамдықпен жүйткіп, жаяу жүргіншілерге қауіп тудыруда! Сізден өтініш осы мəселелерді өз бақылауыңызға алып тез арада шешуге қол ұшын берсеңіз? Рақмет!

Ответ:

Құрметті Серікбол Қасымов! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, қала әкімдігі аталған көшені жарықтандырудың есептерін дайындауға және орнатуға техникалық мүмкіндіктерді қарастыру бойынша «Жайық Жарығы» ЖШС-не тапсырма берілгенін хабарлайды. Сондай-ақ, жол белгілерін қоюға, учаскі орындарын БҚО ІІД анықталып, өкім бойынша орындалатынын хабарлаймыз. Осыған орай, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген сұрағыңыз БҚО ІІД-не карау үшін жолданды (т.92-18-12, т.92-18-10).


26.12.2016

Исатай Сериков

Құрметті Нариман Төреғалиұлы!Менің анам 2004 жылдың қарашаның айының 17-нде жер кезегіне тұрған еді бірақ əлі жер берілмеді не себептен? Сізден астарлы жауап күтеміз.

Ответ:

Құрметті Исатай! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізде анаңыздың аты-жөні толық көрсетілмеуіне байланысты бүгінгі таңдағы кезегі туралы толық мәлімет жолдай алмайтынымызды хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселесі қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін мәлімдейміз.


26.12.2016

Айнагуль

Салеметсызбе!Озым мектепте жұмыс жасаймын.Жалакым 30 мын.Бұйырса кантар айында екыншы балага декретке шыгамын.Быр кызым бар.Жолдасым бюджеттык кызметте жумыс жасайды. 55 мын енбекакы алады.Баска табысымыз жок. Уйымыз жок, квартирада турамыз. Бызге әлеуметтік көмекке құжат тапсыруға болама.

Ответ:

Құрметті Айнагуль! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз: Атап айтсақ: «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2016 жылдың ІV-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 13018 теңге) төмен болған жағдайдағы жәрдемақы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінің мөлшерінен аспаған жағдайда (2016 жылдың ІV-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 8679 теңге), атаулы әлеуметтік көмек, сонымен қатар Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен (21697 теңге) төмен қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға), арнайы комиссия белгілеген мөлшерде төленетін жәрдемақыларды алуға құқығы бар. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады. Біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Достық даңғылы №161 үй, 3, 23 бөлме мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.


26.12.2016

Хабиева Альмира

Салеметсиз бе мен тургын уй кезкгинде турмын осы жылы жетим отбасыларга патер бериле ме екен

Ответ:

Құрметті Альмира! Сіз 2011 жылы 13 желтоқсанда кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізіміне 1024-ші нөмірмен кезекке алынған. Бүгінгі таңда кезектегі нөмірі- 768. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз.


22.12.2016

Жунусов Бахтияр Жалгасови

Құрметті акімшілік!!! сіздерге жазып отырған себебім, жазғы тамыз айларында көктем шағын ауданындағы Қобланды батыр көшесінде жургізілген қазу жұмыстарынан кейнгі, сол көшелердің тазалау, тегістеу жұмыстары жүргізілмеді. Және де биылдан бері 2016 жылы сол көшелердің қарын ашу жұмыстары мүлдем жүргізілмеді. Осы өтінішімнің жауабын беруін сұраймын. көп көп рахмет!

Ответ:

Құрметті Бахтияр Жалгасович! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, қала әкімдігі Қобыланды батыр көшесінде жүргізілген жерасты жұмыстардан кейін, пайда болған кемшіліктерді сол мекенжайда жұмысты жүргізген мердігер ұйымға аталған ескертпелерді жою жөнінде тапсырма берілгендігін хабарлайды. Аталған ескертпелер орындалмаған жағдайда, жұмысты жүргізген мердігер ұйымға әкімшілік шара қолданылатын болады. Сонымен қатар, аталған көшені қардан тазарту бойынша, «Жайық Таза қала» ЖШС-не тапсырма берілгендігін қосымша хабарлаймыз.


22.12.2016

Замзагул

жер учаскесіне тізімінде тұр едім. соны қалай білуге болады.

Ответ:

Құрметті Замзагүл! Қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сіздің 2008 жылы19 ақпандағы №М-265 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 27849. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-столдан біліуіңізге болады


21.12.2016

Айбек

Саламатсызба, мен Сарманов Айбек Орал қаласы, Деркул шағын ауданына қарасты "Тамарикс" саяжай-кооперативінің тұрғынымын, осы кооператив аумағындаға электр энергиясының тарифінің бағасын қадағалауды өтінемін, себебі меннен 1 кВт үшін 21,4 теңге көлемінде ақы және есептегіш көрсеткішінен қосымша трансформатор жұмысы үшін 800 теңге ай сайын талап етеді. "Батыс Энерго Ресурсы" ЖШС-не қоңырау шалғанымда олар тариф бағасы 11,2 теңге екенін айтты, бірақ жоғарыда аталған мәселе жөнінде сұрағыма жауап бермей телефонды қойып тастады. Осы пробелманы қарастыруды өтінемін.

Ответ:

Құрметті Айбек! Сіздің қала әкімінің блогына жазған саяжай-кооперативінің аумағындағы электр қуатының тарифі туралы сұрағыңызға келесіні хабарлаймыз: Тұтынылған электр қуаты үшін төлемақы келісімшарттың Қосымшасында көрсетілген коммерциялық есептеу құралының көрсеткішіне сәйкес есептеледі. Тариф «Батыс энергоресурс» ЖШС-ның 2015 жылғы 01 қыркүйектен күшіне енген баға прейскурантының «Тұрғындар» тарифі бойынша 1 кВт/сағ. тұтынылған электр қуаты үшін ҚҚС-пен 11,02 теңгені құрайды. Сіздің бау-бақша қауымдастығының 1 қосалқы трансформатор станциясы мен электр желілері саяжай-кооперативінің теңгерімінде тұрғандықтан, «Бат Қаз ЭЖТК» АҚ ҚФ қосалқы трансформатор станцияларының қуаттылығына қарай тұрақты шығын кестесін жасақтайды, аталған тұрақты шығын мен тұрғындар тұтынған құбылмалы шығын үшін төлемақыны «Батыс энергоресурс» ЖШС есептеп, шот ұсынады. Барлық төлемдер туралы тұрғындар саяжай төрағасындағы шот-фактуралардан білуге құқылы. Сонымен қатар, Сіздің өтінішіңіз Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖ бөлімімен, Орал қалалық бау-бақша қауымдастығының төрағасымен және «Тамарикс» саяжай-кооперативі төрағасымен бірлесіп қаралды. Қарау нәтижесінде Сіздің аталған саяжайға қоныстанған 2010 жылдан бері саяжай кооперативінің құрамына енбегеніңіз және мүшелік жарна төлемегеніңіз анықталды. Кооператив тұрғындарының жалпы жиналысы кезінде кооперативтің ағымдағы мәселелерін қараумен, соның ішінде қысқы мезгілде электр қуатын ұрын қосатын, тұтынған электр қуаты үшін төлем төлемейтін, есептеу құралдарының көрсеткіштерін бұрмалайтын тұрғындармен күресу мақсатында, құрамына тұрғындар мен «БатҚазЭЖТК» АҚ ҚФ инспекторы кіретін комиссия құрылып, әр көше бойынша жауапты төраға сайланған. Аталған комиссия мүшелері саяжайдағы үйлерге шығып, есептеу құралдарының пломбалануын тексеріп, электр қуаты үшін қарыз тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Сіздің үйіңізге, үй иелерінің болмауына байланысты комиссия мүшелері кіре алмаған. Сонымен қатар, кооператив казынашысының 25 қарашада алған есептеу құралының көрсеткіші 1207 кВ болса, Сіздің желтоқсан айының басында берген көрсеткішіңіз 880 кВ, яғни, тұтынылған электр қуатының азаюы мүмкін болмайтындықтан, есептеу құралының көрсеткіші бұрмаланғаны белгілі. Сондықтан жақын уақытта Сізге есептеу құралын тексерту қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің есептеу құралыңыз жұмысқа жарамсыз деп танылып, қазан айынан бері тұтынған электр қуаты тұтынылған қуаттылығы бойынша есептеліп, шот ұсынылады. Шот бойынша төлем жүргізбеген жағдайда, төлем жүргізу қажеттілігі туралы ескерту (уведомление) ұсынылады. Ескерту назарға алынбаса, Сізді электр қуатынан айыру туралы акт жасалады.


21.12.2016

Қайрат

Аса құрметті Алтай Көлгінов Мырза сізге өтінішім бар еді.Сіз спортқада өте қатты мән бересіз, өйткені өзіңіз салауатты өмір салтын қатты ұстанатыныңызды білемін. Менің іншегім бар өзіміз Зеленов ауданы Достық ауылында тұрып жатырмыз, яғни ол ауылда бокс секциясы бар, енді менің айтайын дегенім сол іншегім 2-сыныптан бері сол боксқа қатысып келе жатыр, қазір жасы 24 те спорт шебері атағы бар, Көптеген Ұлтаралық турнирдың жеңімпазы, Ресей қалаларындағы әлем чемпиоттарының жүлдегері, 8-дүркін облыс чемпионы,Бокстан Қазақстан Республикасының 2014 жылғы чемпионы және 2005, 2006, 2007, 2009, 2010 жылдардағы Бокстан Қазақстан чемпионатының күміс, қола жулдегері және Қазіргі 2016 жылғы РИО-дағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы жерлесіміз Елеусинов Даниярмен тең дәрежеде өнер көрсетіп журген спортшылардың бірі, қазіргі кезде оның замандастары боксты қойып кеткен болса ол әлі кунге дейін 25-шақырымға жалғыз өзі жүгіріп өзін формада ұстап жүреді, өте ерінбейтін еңбекқор адам мен өзім бірнеше қайтара бұл бокс саған ештене бермейді оданда дұрыс жұмысқа орналас деген кездерім болды, соған қарамастан күні бүгінге дейін боксты тастаған емес, Бекзат Саттарханов ағамыздың өмір баянын оқыған едім сонда Бекзат ағамыздың бас бапкері ол кісі жалғыз өзі спортзалда тренировкасын жасайтын , жалғыз өзі 30 шақырымға жүгіріп кете беретін еді деген сөздері есіме түсіп іншегімді сол Бекзат ағамызға ұқсатам. Енді спорт шеберін алған адамға ай сайын жалақыға отырғызып сол боксын жалғастыратындай жағдай туғызса баратын жарыстарына Мемелекеттен бөлінген қаражатты дұрыс жағына пайдаланса біздің өңірімізден талай жақсы Олимпиада чемпиондары шығатыны сөзсіз. Олимп деген спорт барып жүрді онда да бәрі өз таныстарын жібереді жарыстарға, спорт мектебіне де бердік ол жердегі бапкері Ищанов Бейбіт деген азамат саған қарап сенімен жаттығу жүргізбейді дейді, тек өзінің ғана балдары болады дейді, бір 5-6 бала Орал қаласында жаттығу жасап жүрген тек соларға көңіл бөліп солармен жаттығу жүргізеді дейді, ал ауыл жақтан келгендерді менсінбей дұрыс қарамайды дейді, сондықтан ол жерден шығарып алдық, Спорт шеберін алу керексін сосын сені жалақыға отырғызамыз деп уәде берген, енді міне спорт шеберін алды әлі де ешқандай жалақыда, ештеңеде жоқ. Менің інім сияқты жігіттер көп шығар таланттары ашылмай қалған, қазіргі кезде мен тек інім үшін жауап беріп отырмын, сондықтан іншегім секілді жігіттерге аса көңіл бөлсе біздің өңірімізден талай Олимпиадада Қазақстан туын желбірететін батыр чемпиондары көп болатыны сөзсіз, егер оны 1-жыл кәдімгідей көңіл бөліп барлық жарыстардан қалдырмай бөлінген қаражатты дұрысымен жұмсаса ол үздіктердің ішінен көрінетіні сөзсіз.Орал қаласында ешкім спортшыларды көтермелемейді талай жақсы боксшы балдарымыз басқа қалалардың атынан шығып жүр, өйткені Оралда спорттан көтеріле алмайсын дейді, яғни бізде спортқа аса қатты мән бермегеніма? Қарасаңыз Даниярда Астанаға көшіп кетті сосын барп көтерілді аты шығып, бұл жағдай осылай жалғаса берсе біздің өңіріміздің жастарының ешқайсы спортқа мән бермей кетеді деген қауіп бар. Спорт шеберін алған іншегімді жалақыға отырғызып бокспен шұғылдануына жақсы жағдайлар тудырса Олимпиада чемпионы болатыны сөзсіз, өйткені мен мұндай аса боқсқа деген ынталықты бұрын соңды көрмедім, бірақ жаңағыдай кедергілер сағын сындыратын шығар ойымда бар, сондықтан Алтай Көлгінов Мырза өзіңіз осыған қатты мән беріп осы сұрағыма жақсы шешім тауып берсеңіз алғысым шексіз. Аты-жөнін айтпай отрғаным егер ешқандай нәтиже болмаса бапкерлері телефон соғып немесе іншегіме кедергісін тигізедіме деп ойлап отрмын, егер бұл сұрақ шешетін жағдайда сізге барлық іншегімнін құжатттарын және де жеткен жетістікерінің құжаттарын көрсететін боламын. Алдын ала рахмет сізге осындай мүмкінді тудырғаныңызға шағым тілектеріміз болса тікелей өзіңізге жаза алатынымыз үшін.

Ответ:

Құрметті Қайрат! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге байланысты «Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 45 бабының 2 тармағына сәйкес спортшылардың әлеуметтік қорғалуы: Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді. Егер, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген інішегіңіз осы талаптарға сәйкес келетін болса, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жолығуыңызды сұраймыз. Толық ақпаратты 505272 нөмірі арқылы біле аласыз.


blog_akima