Әкім блогы

Сұрақ жауап

25.07.2015

Аты және Тегі*

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Мен Елбасымыздың саясатын қолдаушы және Сіздің іс-әрекетіңізді қолдаушы қала тұрғынымын. Сіздің еңбегіңіздің арқасында сүйікті қаламыздың күн санап көркейіп және үлкейіп келе жатырғанына ризамын. Ал мына кемшілікке мен немқұрайлы қарай алмадым. Мен мына суретті Сіздің жасап жатырған игі істеріңізге нұқсан келтіру деп санаймын. Бұл автобекет маңында Сырым көшесі мен Гагарин көш қиылысында орналасқан биллборд ешкімнің (әлеуметтік желі, пресса, жалпы айтқанда, недоброжелателей) көзіне түспей тұрғанда шара қолданыңыз.Биллбордта "Бірлігімізбен этносаралық келісімді сақтау БІЗДІҢ ПАРАЗЫМЫЗ" деп қате жазылған. Өкінішке орай суретін жібере алмадым,егерде электрондық поштаңызды білгенде жіберетін едім. Алдын-ала рахмет. Жұмысыңызға сәттілік, басыңызға амандық тілеймін.

Ответ:

Құрметті ғаламтор пайдаланушы! Елбасының саясатын қолдай отырып, ел игілігіне жасалып жатырған істерді халық арасында кеңінен насихаттаушы азаматтардың арамызда көп болуы қуантады. Орал қаласының көркеюі жөніндегі мәселеге немқұрайлы қарамай, азаматтық белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз. Шаһар көшелерінің тазалығына, жол жиектерінің жасыл желекпен көмкерілуіне, абаттандырылуына және келбетінің жақсара түсуіне қала жұртшылығы да өз үлестерін қосып отырса, қаламыздың гүлдене түсері сөзсіз. Осы орайда, С.Датұлы және Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан баннерде жіберілген қателіктің жойылғанын хабарлаймыз.

22.07.2015

Инкар

Құрметті Алтай Сейдірұлы !Мен Құсфабрикасы яғни дачный участок тұрғынымын. Біздің жаққа шағын аудан атағын беруді қарастыруыңызды сұраймын және де тұрғын үйлер жылдан жылға көбейіп келе жатыр ал халыққа қатынас қиын. Тек қана 36 маршрут жүреді. Сонымен қатар Құсфабрикасын басқа жаққа көшіреді деген.қаншалықты рас. Осы барлық жағдайдын шешімін күтеміз.

Ответ:

Құрметті Инкар! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Зачаганск кент аумағындағы құс фабрикасы тұсындағы жер тұрғындарға 2006 жылы Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен бау-бақша өсіру мақсатында бөлінген. Осы мақсатта жер пайдаланушыларға барлығы 1450 жер телімі бөлініп, бүгінгі күні жерді иемденушілер 1000 үй тұрғызып, үлкен бір елді мекенге айналып отыр. Қазақстан Республикасының «Архитектура, сәулет және құрылыс қызметі туралы» Заңының 54 бабында бұл аймақ ауылшаруашылығы саласы бойынша жерді пайдаланады деп көрсетілген. Жолаушы тасымалы қызметімен №36 маршрутты мердігер «Пассажир Авто» ЖШС кәсіпорыны жүргізуде. Бүгінгі таңда маршрутта сыйымдылығы 30 орындық 10 ПАЗ, 25 Газель маркалы шағын автобусы қызмет атқаруда. Өткен жылдан бері тұрғындарға қоғамдық көлікпен қатынауға жағдай жасау мақсатында серіктестік ішіндегі көше жолдары тегістеліп, оған ескі жол жабындылары төселіп, автобус қатынасы серіктестік аумағы арқылы қозғалуда. «Құс фабрикасы» ЖШС қаладағы тауық еті мен жұмыртқа өнімдерімен тұрғындарды қамтып отырған бірден бір ірі кәсіпорын, оны басқа жерге көшіру туралы мәселе күн тәртібіне қойылған емес. Тек құс тезегін сақтайтын және қалдықтарды залалсыздандыратын орынын басқа жерге көшіру қарастырылуда.

20.07.2015

Имя и Фамилия*

саламатсыз ба құрметті Алтай Көлгінов мырза, мен орал қ. Телеграф көшесі үйдін тұрғынымын. Үйіме су кіргізу үшін 2015 жылы "Водоканал" -ға арыз бергенмін, бірақ ол мекеме Карбышев көшесі бойындағы су құбыры тек қана Абулхайыр хан данғылынан Партизанская көшесіне дейн тартылғанын айтып су өткізуден бас тартып сол жердегі жеке адамдардые су құбырынан, құбыр тартумды айтып хат жіберді, ол кісілер өте көп қаржы сұрап отыр. Соған байланысты сізден болашақта Карбышев көшесіне ауыз су құбырының қашан тартылатының білейн деп едім немесе болашақта жоспарда бар ма, 2 рабочий ауданына су тарту және абаттандыру. Үйлерінде су жоқ адамдар (әйел адамдар, балалар)өте алыстағы колонкалардан су тасуда.

Ответ:

Құрметті Нұр! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, бюджетте жеке тұрғын үйлерге су құбырын кіргізуге қаражат қарастырылмаған және ауыз су құбырын тарту жоспарда жоқ екенін мәлімдеміз. «Батыс су арнасы» ЖШС су құбыры желілерін жобалауға техникалық шарттарды беруге түскен өтініштерді қарастырған кезде келешекте сумен жабдықтаумен даму есебімен, қаланың белгіленген ауданының тұрғын үйлері орталықтандырылған сумен жабдықтауға алғашқы қосылу нүктесін қарастырып және осы аудандағы басқа үйлердің тұрғындарының жеке құбырға қосылу рұқсаты міндетті. Қаланың осы ауданында су құбырының қалалық желілері жақын манда болмағандықтан, ең алдымен абонентке қаланың осы аудан тұрғын үйлеріне бұрын салынған әрбіреуінен бөлек немесе тұрғындардың ішінен аға кооператив төрағасынан нотариалды куәландырылған келісім (рұқсат) алу ұсынылады. Қазіргі уақытта Сіздің өтінішіңізге сәйкес 2015 жылдың 15 шілдесінде «Батыс су арнасы» ЖШС-мен 08-08/2396 техникалық шарттары дайындалып тіркелді. Сізге Карбышев көшесі бойындағы су құбырына өз қаражатыңыз есебінен қосылуды немесе су колонкаларын пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Сіздің ауданда абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланбағанын хабарлаймыз.

14.07.2015

Байгелов Бауыржан Жанабек

Кайырлы кун! Меин озим кишигирим КАЗАКСТАНДЫК компания да жумыс жасайм.Бир сурагым бар еди неге осы биздин Казакстанда жасалган продукцияларды имменно строительный материалдарды биздин курылыстарга колданбайды?Бизге Ресей жакын болгандыктан сол жактан барлык компаниялар заттарын алып келеди ал биздин КАЗАКСТАНДЫК ТОВАРЛАР ШЕТТЕ КАЛЫП ОТЫР. Ел басымыз Жолдаган жолдауында ен биринши Казакстандык заттарды колданындар деп айтып откен.Бирак оган карамастан биздин Компаниялар арзан Ресей заттарына жугинбек.Осы маселени карап шыксаныздар??? т

Ответ:

Құрметті Бауыржан! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдай отырып, барлық сауда желілерінде отандық тауарлардың секцияларын ашып, қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды сатып алуды айту туралы көтерген бастамасына орай Орал қаласы әкімдігімен «Қазақстанда жасалған» - «Сделано в Казахстане» акциясын түсіндіру мақсатында жергілікті тауар өндірушілермен кездесулер ұйымдастырылды. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларының шеттен әкелінуіне тосқауыл болу мақсатында барлық үлкен супермаркеттер мен сауда орындарында отандық өндірушілердің өнімдері орналасқан сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» - «Сделано в Казахстане» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар қойылды. Бұл қазақстандық өнімді ерекшелеп, сатып алушылар үшін тартымдылығын арттырды. Сонымен қатар Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімімен «Ел-Ырысы» базарында «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қаладағы ірі сауда орындарында қазақстандық өнімдерді жарнамалайтын арнайы тақтайшалар мен логотиптер ілінген. Бүгінгі күні қала әкімдігімен, кәсіпкерлік бөлімімен отандық өнімді саудалауға басымдық беру туралы түсінік жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Нысандарды жобалауға арналған тапсырмада Отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалануды және отандық өнім жеткізушілерді қолдану көрсетіледі. Сонымен қатар, Орал қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілген кезде СТ-KZ сертификаты болуы талап етілетіндігін қосымша хабарлаймыз.

13.07.2015

Галия

Саламатсыз ба, Алтай Сейдірұлы! Сарытау шағын ауданында тұратын қарт ата-анамның жағдайын ойлап, жаным ашып сізге өтінішімді жазып отырмын.Сарытаудың маңында жаңа асфальт салынып, қазіргі таңда №2 маршрут жүретініне өте риза болдык, осы жүргізген жұмыстарыңызға мың алғыс! Бірақ айта кететін жайт бар, сол биік асфальттан түсіп-мінуге шағын көпірдің салынбағаны дұрыс болмады. Егерде сәті болып өзіңіз көрсеңіз калай сол жердің тұрғындары қолдан жасалған қауіпсіздікке жатпайтын көпірден өтіп жүргенін. Тіпті бұл ағаштан жасалған көпір сынып кетіп, адамдар құлап зардап шеккен кездеріде болған. Жана шағын көпір салу құрылысын назарынызға алып қолдау беруіңізді сұраймын.Тағыда айта кететін мәселе - сол тас жолдың үстінде ешкандай маршрут аялдамасының салынбағаны. Сарытау тұрғындарының тілегі және менің өтінішім жерде қалмайды деген ниеттемін.

Ответ:

Құрметті Ғалия! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Қазіргі таңда қаланың үлкеюіне және автобус маршруттарының ұлғаюына байланысты аялдама павильондарының қажеттілігі біразға көбейді. Зашаған кентіндегі жаңа шағынаудандарда аялдама павильондарын орнату үшін жалпы қаражат есебі 36 млн.теңгені құрайды: бір аялдама павильонын дайындауға және орнатуға бюджет қаражаты есебінен 900 мың.теңге қажет етеді, шамамен аялдама павильонының қажеттілігі – 40 бірлік. Байтұрсынов көшесі бойындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, №2 маршрутының қозғалыс сұлбасын Аймауытов көшесінен Байтұрсынов көшесіне өзгерту жоспарлануда. Осыдан кейін аялдама павильондарын орнату жоспарда бар. Аталған Аймауытов көшесіндегі жол жылдам қозғалысты жүзеге асыратын жол категориясы жататынын хабарлаймыз. Осыған орай, аялдама павильон орнату жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ. Жаяу жүргіншілердің көпір өтпесін салу қаланы абаттандырудың 2015 жылғы жоспарында болмауына байланысты, аталған жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, ұсынысыңыздың алдағы жылға жоспарда ескерілетінін назарыңызға саламыз.

09.07.2015

Nur Almas

Саламатсыз ба құрметті Алтай Көлгінов мырза, мен Орал қ. Телеграф көшесі 11 үйдін тұрғынымын, үйіме су кіргізу үшін 2015 жылы "Водоканал"- ға арыз бергенмін, бірақ ол мекеме Карбышева көшесі бойындаға су құбыры тек қана Абулхайыр хан данғылынан Партизанская көшесіне дейн тартылғанын айтып су өткізуден бас тартып сол жердегі жеке адамдардын су құбырынан құбыр тартуыма кенес берді, ол кісілер су тарту үшін көп қаржы сұрап отыр. Соған байланысты сізден болашақта Карбышев көшесіне ауыз су құбырынын қашан тартылатынын білейн деп едім, немесе болашақта жоспарда бар ма 2 рабочий ауданына су тарту және абатандыру. Үйлерінде су жоқ адамдар (әйел адамдар, балалар) өте алыстағы колонкалардан су тасуда.

Ответ:

Құрметті Нұр! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, бюджетте жеке тұрғын үйлерге су құбырын кіргізуге қаражат қарастырылмаған және ауыз су құбырын тарту жоспарда жоқ екенін мәлімдеміз. «Батыс су арнасы» ЖШС су құбыры желілерін жобалауға техникалық шарттарды беруге түскен өтініштерді қарастырған кезде келешекте сумен жабдықтаумен даму есебімен, қаланың белгіленген ауданының тұрғын үйлері орталықтандырылған сумен жабдықтауға алғашқы қосылу нүктесін қарастырып және осы аудандағы басқа үйлердің тұрғындарының жеке құбырға қосылу рұқсаты міндетті. Қаланың осы ауданында су құбырының қалалық желілері жақын манда болмағандықтан, ең алдымен абонентке қаланың осы аудан тұрғын үйлеріне бұрын салынған әрбіреуінен бөлек немесе тұрғындардың ішінен аға кооператив төрағасынан нотариалды куәландырылған келісім (рұқсат) алу ұсынылады. Қазіргі уақытта Сіздің өтінішіңізге сәйкес 2015 жылдың 15 шілдесінде «Батыс су арнасы» ЖШС-мен 08-08/2396 техникалық шарттары дайындалып тіркелді. Сізге Карбышев көшесі бойындағы су құбырына өз қаражатыңыз есебінен қосылуды немесе су колонкаларын пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Сіздің ауданда абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланбағанын хабарлаймыз.

05.07.2015

Утешев Талант

Ассалаумагалейкум, Алтай Сейдірұлы! Биыл біздің Жұлдыз шағынауданында, ағымдағы жолды жөндеу кезінде, жол-құрылыс материалдары қосылып жолдар тегістеледі деп жаздыңыз. Сол берген уәдеңіз әлі күнге дейін орындалған жоқ. Қала бойынша ағымдағы жолдарды жөндеу әлдеқашан аяқталып кетті. Біздің шағынауданымыздың орталық көшелеріне щебенка, асфальттың қалдықтарын төсеп тыстасада бізге көктем күз мезгілдерінде көлікпен кіруге мүмкіндік болар еді.

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі Орал қаласы Жұлдыз шағынауданындағы жолдарды Орал қаласының жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуге шешім қабылданғанын хабарлайды. Сізбен аталған жұмыстарды орталық және магистральді көшелерде жұмыстар аяқталған соң жүзеге асыру жоспарланған.

02.07.2015

Абдугажиева Асем

Сәлеметсіз бе, Менін білгім келгені мынау: Зашаған кенті, Балауса мөлтек ауданына асфальт жол төсеу кай жылдардын жоспарында қарастырылған? Рахмет.

Ответ:

Құрметті Асем! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі қазіргі таңда жалпы ұзындығы 2 шақырымдай автокөлік жолын қайта құрумен Орал қаласы Зачаганск кенті Болашақ және Балауса шағынаудандарында еріген және жаңбыр суларын әкетуге жобалау-сметалық құжаттама бар екенін хабарлайды. Аталған жобаны жүзеге асыру алдағы жылдарға жоспарланған.

29.06.2015

Жаннат

Салематсызба, Алтай Сейдірұлы! Менің сізден сұрайын дегенім Ахмедияр Құсайынов көшесінің жаяу жүргіншілер жүретін жол жиегіне осыдан 2 жыл бұрын тастөсемдер төселген еді. Сол тастөсемдердің қазіргі жағдайын кім бақылайды екен? Себебі ("Алекс" дүкені маңы) сол төселген төсемдердің шеттерінің сетінеп жатқанын байқадым. Сол кемшілікті жол жөндеген мердігер жөндесе екен деген тілегім бар. Екінші айтпағым сол ауданда былтырғы жылдан бері велосипедті жалға беретін орындар бар. Қала көшелерінде ондай тұраққа рұқсат бар ма, себебі сол маңдағы жаяу жүргіншінің жолынан ерсілі-қарсылы жүрген велосипедшілерді көресің, баламен жүрсең тіпті мазаң кетеді.

Ответ:

Құрметті Жаннат! Сіздің өтінішіңіз бойынша, Орал қаласы әкімдігімен, Құсайынов көшесі бойынша бұзылған учаскелерді қалпына келтіру сұрағына қатысты, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жол құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымға кепілдік міндеттемелерді орындау шеңберінде анықталған ескертулерді жою бойынша нұсқау берілді. Сонымен қатар, қала әкімдігімен қала аумағында велосипедті жалға беру қызметін көрсету үшін арнайы орын белгіленбеген. Аталған қызмет түрін көрсететін кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шара қолдану үшін Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімімен Орал қаласының ішкі істер басқармасына хат жолданғанын хабарлаймыз.

24.06.2015

Балерке Дуйсенгалиева

Сəлеметсізбе Алтай Сейдірұлы мен орал қаласында сізге мың мұқтажымды жазып едім го менім жағдайымды шешіп беруіңізді өтінемін 3 кішкентай баламен квартир жалдап тұрам сонда біздің жағдайымыз кім қарайлайды бір жауабын шешіп беруіңізді өтінемін

Ответ:

Құрметті Балерке! Сіздің өтіңішіңіз «Строительная инициатива» ЖШС қызметкерлерімен бірге қаралды. Сіздің жолдасыңызбен болған жазатайым оқиғасы болған сәттен бастап ЖШС Сізге материалдық және моралдық жағынан қолдау көрсетті (емдеу,қайтқаннан кейін жерлеу), сонымен қатар, күні бүгінге дейін тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай қаражатты ай сайын бөліп отыр. Қазіргі таңда серіктестік асыраушысын жоғалтқан оқиғасы бойынша жәрдемақыны төлеу және сақтандыру бойынша құжаттардың рәсімделуін аяқтады. Еңбек заңнамасы аясында кәсіпорынмен жазатайым оқиғаның есесін қайыру бойынша барлық шаралар алынды. Қазіргі таңда кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап болуына байланысты Сізге пәтер сатып алып беруге «Строительная инициатива» ЖШС-тің мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сізге тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сізге кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Орал қаласында тұрақты тіркеліміңіз болса әлеуметтік көмек (он сегіз жасқа дейінгі мемлекетті балалар жәрдемақысы, материалдық көмек) алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-сіне жолығуыңызға болады. Ай сайынғы кіріс көзі жан басына шаққанда, азық-түлік себетінің құнынан (2015 жылдың IІ-тоқсанына -10293 теңге) төмен болған жағдайда, он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет (құжаттардың түпнұсқалары, куәландіру үшін қажет болады): 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі және ЖСН-і; 3)өтініш берушінің және зайыбының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерін растайтын құжат (ХҚКО-нан анықтама); 5) отбасы мүшелерінің табыстары туралы әлімет(еңбекақы, зейнетақы, алимент, жолақы, шәкіртақы, еңбекпен қамту орталығынан анықтама); 6) жалғыз басты ана екендігін растайтын құжат (Форма№4), ажырысқандығы туралы куәлік; 7) халық банкінен немесе Қазпоштасынан жинақ кітапшасының көшірмесі. Мекен жайы: Достық даңғылы №161 үй, 1 қабат, №3,4 бөлме,тел.93-35-62. Сонымен қатар, Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 бекітілген «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне, осы шешімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №31-4 Орал қалалық маслихатының шешіміне сәйкес; Әлеуметтік төлем төленетін азаматтардың жекелеген санатына- табысы күнкөріс деңгейінен төмен (17155 теңгеден аспаса / тоқсан сайын өзгеріп отырады/) немесе өмірдегі белгілі ауыр жағдайларға байланысты әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрмысы төмен отбасылар жатады. Біржолғы материалдық көмек алу үшін төмендегі құжаттарды ҚЖҚ және ӘББ мамандарына Достық көшесі, 161үй, 1 қабат, №13 кабинетке тапсыру қажет: 1) жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат); 2) халықтық банктегі немесе «Қазпочта» АҚ БҚОФ есепшот нөмері көшірмесі; 3) әлеуметтік төлемді тағайындау жөнінде өтініш; 4) азаматтарды тіркеу мекен-жайы туралы ХҚКО-нан анықтама; 5) өткен тоқсандағы отбасы табысын растайтын құжаттар;

22.06.2015

Талгат Досмагамбетов

Мен, Досмағамбетов Талғат Орал қаласы Деркөл кенті Даля көшесі 14-шіүй 8-ші пәтерде тұрамын.Көршім Берюков.Н жеке үйде тұрады. Шошқа ұстайды қанша екенін білмеймін. Сол шошқаның исі сондай жағымсыз. Үйде отыру мүмкін емес. Шошқаның нәжісін сірә тазаламайды. Ешқандай дизенфикция жасалмай. Соған әкімшілік қарауынан қандай шара қолдануға болады екен? Келіп қарасаңыздар исінің қандай жағымсыз екенін.Балдар сыртқа емін еркін шығып ойналмайды.Мен өзім қазір жұмыстамын телфен номерім 87056722314. Тез хабар күтемін.

Ответ:

Құрметті Талғат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңіз Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі және Орал қалалық ветеринарлық станциясы мамандарымен тексеріліп қаралды. Деркөл шағын ауданы, Ульяновская көшесі № 8 үй мекен-жайы бойынша азамат Н.Бирюков тұратынын және ауласында он бас шошқа малын ұстайтыны анықталды. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік ветеринарлық дәрігері М.Курмашевтың және ШЖҚ «Орал қалалық ветеринарлық станциясы» МКК мал дәрігерлері А.Сариев пен М.Суханберлиевтің қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, азамат Н.Бирюковқа ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтауы туралы ауызша ескертіліп, қайталанған жағдайда қатаң шара қолданылатыны жөнінде хабардар етілді.

29.05.2015

Султанов Темыржан Есекешұ

Құрметті Алтай СЕЙДІРҰЛЫ! Мен Сұлтанов Теміржан Есекешұлы Орал қаласының тұрғыны, Ауған соғысының ардагерімін. 2004 жылдан бері Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер санаты бойынша үй кезегінде тұрамын. Менің білейін дегенім, осы кезегім келген кезде үйді ала аламын ба? Себебі менің атымда бір бөлмелі (28 шаршы метр) баспанам бар. Отбасымда 11 жасар қызымыз өсіп келеді. Тұратын үйімнің көлемі отбасы мүшелеріне 15 шаршы метрден жетпегендіктен, заңды түрде үйді жақсарту (кеңейту) үшін кезекке тұрғанмын. Бірақ қазіргі бағдарлама бойынша ешбір елді мекенде, республика бойынша үйің болмауы керек. Себебі үй кезегіндегілер қатысқан бағдарламаға да өтпедім. Сондықтан да мені осындай ой көп мазалайды. Егер де мүмкіндік болса, ең болмаса тағы да үй кезегіндегілер қатысатын бағдарламаға қатысуға көмек берсеңіз деп өтінемін. Себебі кезегім өте баяу жылжиды. Сізден жауап күтемін. Алдын ала сізге рақмет айтамын.

Ответ:

Құрметті Теміржан! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Сіз қала әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсанындағы №1731 қаулысы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдардың тізіміне 586-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 215. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 69-бабының 1 тармағына есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмауы тиіс. Аталған Заңның 72-бабына сәйкес, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны: 1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны; 2) оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы; 3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi; 4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi; 5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

22.05.2015

Балерке Дуйсенгалиева

Менім жолдасым ТОО СТРОИТЕЛЬНАЯ инициатива жұмыс жасайтын еді.Сентября айында құлап басынан операция жасалып еді бірақ тұрып кетпеді. декабрь айында қайтыс болды.Артында үш баламыз қалды үлкені үшке толады кішісі не 2 ай болады компания үй береміз деп еді əн береміз міне береміз деп созып жүр мен озим квартир жалдайды енді жалдайтында ақша жоқ жалдап отырған квартирміз шығындар деп отыр енді үш баламен қайда барамын сізден көмек сұраймын өтінемін бір жағына шығарып беруіңіз өтінемін.

Ответ:

Құрметті Балерке! Сіздің өтіңішіңіз «Строительная инициатива» ЖШС қызметкерлерімен бірге қаралды. Сіздің жолдасыңызбен болған жазатайым оқиғасы болған сәттен бастап ЖШС Сізге материалдық және моралдық жағынан қолдау көрсетті (емдеу,қайтқаннан кейін жерлеу), сонымен қатар, күні бүгінге дейін тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай қаражатты ай сайын бөліп отыр. Қазіргі таңда серіктестік асыраушысын жоғалтқан оқиғасы бойынша жәрдемақыны төлеу және сақтандыру бойынша құжаттардың рәсімделуін аяқтады. Еңбек заңнамасы аясында кәсіпорынмен жазатайым оқиғаның есесін қайыру бойынша барлық шаралар алынды. Қазіргі таңда кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап болуына байланысты Сізге пәтер сатып алып беруге «Строительная инициатива» ЖШС-тің мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сізге тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сізге кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Орал қаласында тұрақты тіркеліміңіз болса әлеуметтік көмек (он сегіз жасқа дейінгі мемлекетті балалар жәрдемақысы, материалдық көмек) алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-сіне жолығуыңызға болады. Ай сайынғы кіріс көзі жан басына шаққанда, азық-түлік себетінің құнынан (2015 жылдың IІ-тоқсанына -10293 теңге) төмен болған жағдайда, он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет (құжаттардың түпнұсқалары, куәландіру үшін қажет болады): 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі және ЖСН-і; 3)өтініш берушінің және зайыбының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерін растайтын құжат (ХҚКО-нан анықтама); 5) отбасы мүшелерінің табыстары туралы әлімет(еңбекақы, зейнетақы, алимент, жолақы, шәкіртақы, еңбекпен қамту орталығынан анықтама); 6) жалғыз басты ана екендігін растайтын құжат (Форма№4), ажырысқандығы туралы куәлік; 7) халық банкінен немесе Қазпоштасынан жинақ кітапшасының көшірмесі. Мекен жайы: Достық даңғылы №161 үй, 1 қабат, №3,4 бөлме,тел.93-35-62. Сонымен қатар, Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 бекітілген «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне, осы шешімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №31-4 Орал қалалық маслихатының шешіміне сәйкес; Әлеуметтік төлем төленетін азаматтардың жекелеген санатына- табысы күнкөріс деңгейінен төмен (17155 теңгеден аспаса / тоқсан сайын өзгеріп отырады/) немесе өмірдегі белгілі ауыр жағдайларға байланысты әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрмысы төмен отбасылар жатады. Біржолғы материалдық көмек алу үшін төмендегі құжаттарды ҚЖҚ және ӘББ мамандарына Достық көшесі, 161үй, 1 қабат, №13 кабинетке тапсыру қажет: 1) жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат); 2) халықтық банктегі немесе «Қазпочта» АҚ БҚОФ есепшот нөмері көшірмесі; 3) әлеуметтік төлемді тағайындау жөнінде өтініш; 4) азаматтарды тіркеу мекен-жайы туралы ХҚКО-нан анықтама; 5) өткен тоқсандағы отбасы табысын растайтын құжаттар;

16.05.2015

МОЛДИР САПИОЛЛА

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Әбілқайырхан даңғылы 155 үйдің тұрғынымын.Наурыз айында жолдаған хатыма, сіздердің берген жауаптарыңызда сәуір айында подьездге жөндеу жұмыстары жүргізіледі делінген болатын.Алайда қазіргі уақытқа дейін ешқандай жөндеу жүргізілмеді. Подьезге еркін кіріп-шығу мүмкін емес. Айнала қақырық пен нәжіс қалдықтары және қолқаны қағатын жағымсыз иіс.Балаларымызбен еркін сыртқа шыға алмаймыз. Денсаулықтары үшін алаңдаймын."Управдом" ПИК бірнеше мәрте терезені ашу туралы өтініш айтылса да ешқандай шара қолданбай отыр. Осы мәселенің шешілуіне көмек етуіңізді сұраймын. Алдын-ала алғыс білдіремін.

Ответ:

Құрметті Мөлдір! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге қатысты "Управдом" ПИК-тің мәліметіне сәйкес Әбілхайр хан даңғылы 155 үйдің дәлізін (подъезд) жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілген. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетін болады. Құрметті Мөлдір! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге қатысты "Управдом" ПИК-тің мәліметіне сәйкес Әбілхайр хан даңғылы 155 үйдің дәлізін (подъезд) жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілген. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетін болады.

07.05.2015

Марина

Саламатсыз ба Алтай мырза меирамынызбен денинизге саулык узак омир тилеимин менин бир сауалым бар еди менин торт балам бар квартирде турамыз озим жакында обл ауруханага жумыска турдым кишкентаиым 2де жумыска шыгуга тура келди 2007 жылы жерге арыз берип едим балалармен квартирден квартирге кошу оте киын жолдасым курылысшы кыста жумыс болмаи калып киналдык квартирге кошкен саиын машинага квартирге акша керек осы жер кашан бериледи жане каи жерден алдын ала рахмет

Ответ:

Құрметті Марина! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына тұрғын үй салу үшін жер учаскесі туралы жолдаған өтінішіңізде өзіңіз жайлы (аты-жөніңіз, тегіңіз) толық түрде мәлімет болмағандықтан арнайы есеп тізімі бойынша қарау мүмкін болмай отыр. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Сізге кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Арнайы есеп тізімін uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Толық мәліметті мына мекенжай бойынша білуіңізге болады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастары бөлімі, 5 терезе.

04.05.2015

Утешев Талант

Саламатсызба! Жұлдыз ш/а-ның ағымдағы жол жөндеу кезінде жол-қүрылыс материалдарын қосып тегістеледі деп жауап жазып едіңіз. Бірақ біздің ауданға ешқандай жол-құрылыс материалы төселмей тек грейдермен тегістелді. Щебенка немесе асфальттын қалдықтарын болсада орталық көшелерімізге салуды сұраймыз. Жаз кезінде 11 көше арқылы саяжайға көп көлік жүреді. Соның салдарынан қатты шаң көтеріледі. Кешкі уақытта су шашатын мүмкіндік барма екен?

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі Жұлдыз шағынауданындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуге шешім қабылданғанын хабарлайды. Аталған жұмыстар қаланың орталық және магистральді көшелерінің төсемін щұңқырлық жөндеу бойынша жұмыстар аяқталған соң жүргізілетін болады. КСМК жол пайдаланушы кәсіпорнына Жұлдыз шағынауданындағы көшелерін су шашу кестесіне еңгізу және дер кезінде жұмыстарды атқару туралы тапсырма берілді.

03.05.2015

Жумина Сандигул

Жолдасым Амиров Амангали 2004 жылы жер тізіміне тіркелген болатын сол жерді қашан береді. Биыл жер берілу жоспарда бар ма

Ответ:

Құрметті Сәндігүл! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Жолдасыңыз А.О. Амиров 2004 жылы 8 қарашада тіркеу № А-917 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 3625. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...». Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Арнайы есеп тізімін uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Толық мәліметті мына мекенжай бойынша білуіңізге болады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастары бөлімі, 5-терезе.

29.04.2015

Диярова Аймгул

Құрметті Алтай Сейдірұлы!Біздер, Құрманғазы көшесі 82 үй тұрғындары, 27 сәуір күні осы үйдің № 8 пәтер тұрғындарының біздің келісімізсіз ауладан септик салғалы жатқанына шара қолдануыңызды сүрап өтініш берген едік. Осыған дейін № 5 пәтер иелері де рұқсатсыз екі септик салып алған болатын.( №15270001400003201, №15270001400003200). Үйіміз аптты жағдайда тұрған, салынғанына ғасырдан артық уақыт өткен ескі үй, мемлекет бақылауындағы үй. Біздің және ауладағы "Жас ұрпақ" орталығы қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан көршілер септикті салып болуға қалды. Сонда біздің және орталыққа келген балалар жаз уақытында қалай демалмақшы? ЖКХ ға да, Архитектуралық құрылыс бақылау басқармасына және СЭС ке жазған өтініштеріміз жауапсыз қалды. Сізден өтінішімізді қарап, бізге көмек көрсетуіңізді сұраймыз! Алдын ала рахмет !

Ответ:

Құрметті Аймгүл! Сіздің қала әкімі блогына жазған арызыңыз негізінде «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің мамандарымен орынға барып тексеріс жүргізілді. Тексеріс кезінде Құрманғазы көшесі 82, 8 пәтер тұрғыны В.Б. Сиговаровпен адамның тұтыну қалдықтарын төгуге арналған шұңқырды рұқсатсыз орналастырып жатырғаны анықталды. Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-нің «Заңсыз құрылыс» 319-бабына сәйкес өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу бойынша әкімшілік шара қолдану үшін, БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жолданған болатын. Заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

20.04.2015

Мейрам Мыңбаев

Құрметті Алтай Сейдірұлы, мен өзім тұратын Елизаров көшесіне қашан жөндеу жұмысының жүргізілетіндігі жөнінде білгім келеді.Мен осыдан бұрында, яғни, 2014 жылы осы көшенің жай-күйі жөнінде Сіздің блогыңызға жазған едім, Сіз қөшеге 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүгізілетіндігін, ал, алдағы жылдарда күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық жоспары жасалатындығын ескерткен едіңіз, бірақ өкінішке орай 2014 жылы көше тұрғындарының қуана күткен жөндеу жұмыстары белгісіз себептерге байланысты істелінбеді.Мен тағыда Сізге осы көшенің көктем-күз айларында қар мен жаңбыр суы жиналып, батпаққа айналатындығын, жаяу жүргіншілер мен көліктер жүруге жайсыздық тутыратындығын ескерте отырып, мүмкіндігінше тезірек жөндеу жұмыстарын жүргізуге өз септігіңізді тигізсеңіз екен деген өтініш білдіремін.

Ответ:

Құрметті Мейрам! Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай, ағымдағы жылы 2014 жылы басталған нысандар, оның ішінде Есқалиев, Казталовская, Алматы, Некрасов, Лермонтов көшелері бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейміз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы М.Маметов көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі Достық даңғылы, Чагано-Набережная көшесінен Рубежинская көшесіне дейінгі Ықсанов көшесі, сонымен бірге Әбілқайыр хан даңғылынан Московская көшесіне дейінгі №3 көшесіне жөндеу жүргізу жоспарланып жатқанын хабарлаймыз. Елизаров көшесінің жолын жөндеу ағымдағы жылы қарастырылмаған. Ауа-райының қолайлы жағдайы басталысымен, жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша қажетті материалдарды қосумен аталған көшелердің жолдарын қырып-тегістеу жұмыстары жүргізілетін болатын.

16.04.2015

Жумина Сандигул

Сәлеметсіз бе менім жолдасым Амиров Амангали Орынгалиевич 2004жылы жер тізіміне тіркелген болатын сол жерді қашан бересіздер қазір 2 баламыз бар жасымыз 30 да. 3625 А-917 Амиров А.О. Циолковский, 18-45

blog_akima