Әкім блогы

Сұрақ жауап

01.04.2015

Досжанова Т.Е.

Салеметсіздер ме? Жергілікті атқарушы органдардың есебінде тұрғандарға мемлекет жанынан тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға алу үшін 2015 жылға өтініш жазу қай уақытта басталады?

Ответ:

Құрметті Толқын! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіз 2010 жылғы 7 қыркүйекте «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» тізіміне 3163-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда кезектегі нөміріңіз-2892. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге кезек бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, назарыңызға: Сіз 2012 жылғы 23 сәуірде «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» тізіміне тұру үшін екінші қайтара өтініш беріпсіз. Осы жағдайды реттеу үшін Сіз «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңыз қажет. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады.


28.03.2015

дина достангалиева

Кымбатты Алтай Сейдирулы!Бириншиден сизге елдин жаксы омир суру ушин коптеген жагадайлар жасап жаткынынызга улкен рахметимди жолдаймын!Сиздин денсаулыгыныз мыкты болуына тилектеспин! Ендиги ретте Деркол ауылында накты айтканда Мастерской жанында туратын тургындар атынан хат жолдаганбыз.Биз электр желилеринин ески екенин айтып,электр жарыгынын жел,боран болса сонип тогымыздын напрежениеси ойнап туратын айтканбыз.Сизден жауап алдык подстанция салынатыны туралы жане ески столбаларды ауыстыратыны туралы.Меним уйимнин дал касында электр столбасы как ортасынан болинип тур катты желде уйге кулайма деп корумен откиземин кунимди.Калай кимге айтарымды билмей сизге жазып отырмын. Себеби Жайык уни газетине фотосымен апардым куте куте шаршадым шилде айында бердим али шыгармады. Алдын ала алгыс билдиремин!

Ответ:

Құрметті Дина! Сіздің тұрып жатырған ауданыңыз «Батыс Қазақстан Электр таратушы компаниясы» АҚ мамандандырылған кәсіпорынмен тексеріліп, Лазо көшесі 142 учаскесінде С55 КТП-дан ВЛ-0,4 кВт тіреудің бұзылғаны анықталды. Сәуір айының соңына дейін тіреу ауыстырылатын болады. «Батыс Қазақстан Электр таратушы компаниясы» АҚ-ның 54-35-21 телефон нөмірін қосымша хабарлаймыз.


27.03.2015

Жұлдыз

Құрметті Алтай Сейдірұлы, сізге осы хатты жазудағы себебім анам 2010 жылы тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде тіркелді. Ал 2014 жылдан бастап мен жалғыз басты анамын,бір отбасындағы екі бірдей жалғыз басты анаға тұрғын үй жөнінен қандайда бір жеңілдік болама? Рахмет

Ответ:

Құрметті Жұлдыз! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізде анаңыздың және өзіңіздің аты-жөніңіз, тегіңіз толық түрде жазылмағанына байланысты қойылған сұрағыңызға жауап беруге мүмкіндік болмай тұр. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 14 496 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең бөлінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі.


25.03.2015

Жаннат

Сәлематсызба, Алтай Сейдірұлы! Мен С.Есқалиев көшесі 178 үйдің тұрғынымын. Өзіңіз білесіз 2014 жылы Еуразия даңғылының жолы, 2013 жылы Достық даңғылы қиылысынан А.Құсайынов көшесінің жолы да Киров паркіне дейін жөнделгені белгілі. Алайда сол А.Құсайынов көшесі мен Еуразия даңғылының аралығындағы С.Есқалиев көшесінің жолы өте нашар. Күні кеше Наурыз мерекесі тойланды мереке Сырым алаңында болғандықтан автобус қатынайтын орталық көше жабылды да, сол маңмен жүретін қалаішілік автобустардың барлығы С.Есқалиев көшесімен жүрді, сол уақыттағы көшенің түрін сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Менің сізге айтар өтінішім биылғы жол жөндеу жұмыстары кезінде осы айтылған (А.Құсайынов көшесімен Еуразия даңғылының аралығындағы "Ахмедияр батыр" аялдамасы маңы) С.Есқалиев көшесінің жолы ескерілсе екен.

Ответ:

Құрметті Жаннат! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі келесіні хабарлайды, 2014 жылы «Ықсанов көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі Есқалиев көшесің қалпына келтіру» нысаны бойынша жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Есқалиев көшесінің Еуразия даңғылынан Ықсанов көшесіне дейінгі аралығы, қала жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілгенін хабарлаймыз.


08.03.2015

Батыр Хайруллин

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Мен Хайруллин Батыр Избасарұлы 2002 жылы жауынгер-интернационалист ретінде тұрғын үй мәселесі жөнінде өтініш берген болатынмын, Жолдасым екеуміз мұғалім болып жасаймыз, 3 балам бар еді. Үлкен балам үйленді. Жанұяда 6 жан бармыз. Пәтерде тұрудан шаршап кеттік. Сізден көмек сұрауға мәжбүрмін.

Ответ:

Құрметті Батыр! Сіз қала әкімдігінің 2002 жылғы 7 ақпандағы №43 қаулысы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдардың тізіміне 475-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 139. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 14 274 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең бөлінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі.


03.03.2015

Айтбаева Лаура

Уважаемый Алтай Сейдірұлы! Я Айтбаева Лаура инвалид 1группы по зрению хотела бы обратиться к Вам с таким вопросом. Мой муж Айтбаев Аскар инвалид 1группы по зрению встал в очередь на получение жилья в 2002году, прошло уже 13лет.На сегодняшний день наша очередь по списку 114.Живем мы в однокомнатной малогабаритной квартире,с нами проживает старший сын с женой и внуком, наш второй сын учится в школе в 8классе.Так как мало места у сына слабая успеваемость в школе и внук растет.Хотели бы, чтобы Вы помогли нам решить этот квартирный вопрос.Очень просим Вашей помощи!

Ответ:

Уважаемая Лаура! На Ваше обращение сообщаем, что Ваш супруг Айтбаев А. был взят на учет в список категории инвалидов 1 и 2 группы постановлением акимата №114 от 14 марта 2002 года под номером- 210. В настоящее время номер его очереди - 114. Согласно п. 1 и п. 3 ст. 74 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16.04.1997 года жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется гражданам, состоящим на учете нуждающихся, в порядке очередности, установленной списками, с момента подачи заявления со всеми необходимыми документами. Права граждан, включенных в указанные списки, признаются равными. Никто не имеет преимущественного права, за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны, а также детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, на получение жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде перед другими, включенными в данный список, если иное не предусмотрено настоящим Законом. На сегодняшний день в ОЖХКПТиАД г.Уральска существует 13 категорий очередности, где состоят 14337 нуждающихся в жилье. Жилище из государственного коммунального фонда выделяются пропорционально численности раздельных списков. Государством уделяется особое внимание строительству доступного жилья для граждан. В связи с этим, за последние годы идет интенсивное строительство жилья, соответственно, и очередь на жилье будет продвигаться намного быстрее, чем в предыдущие годы. Благоустроенная квартира Вам будет предоставлена в порядке очереди. Информацию о состоянии очереди на жилье Вы можете посмотреть на сайте www.uralsk.gov.kz.


25.02.2015

Айханым

Кайырлы күн!Жолдасым екеуміздің де жасымыз 31 де.4 жасар ұлымыз бар.Қалада пәтер жалдап тұрамыз.Екеумізде жеке ЖШС қызметкерлеріміз.Атымызда ешқашан үй болган жоқ.Үйге кезекте тұрган жоқпыз.Қазіргі мемлекеттік бағдарламалар бойынша бізге қандайда бір жеңілдікпен баспаналы болуымызға мүмкіншілік барма?Алдын-ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Айханым! Сіздің тұрғын үй мәселесі жөніндегі Батыс Қазақстан облысы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз Орал қаласының әкімдігінде қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас отбасылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын пәтер алу үшiн бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: III топ: Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша «жас отбасылар» санатына арналған жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау қайтадан басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады. Соңымен қатар, қазіргі уақытта «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» санаты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына қатысу үшін жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту сұрағы қаралып жатырғанын Сіздің назарыңызға жеткіземіз. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шенберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысу үшін берген өтініштердің негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының ішінен қалыптастырады. Сондықтан, Сіздің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына (мекенжайы: Орал қаласы, М.Мәметова көшесі, 111-үй) жолығуыңызды қажет екенін назарыңызға саламыз.


20.02.2015

Қайрош Айымгүл Қайрошқызы

Құрметті Алтай Сейдірұлы мен Қайрош Айымгүл жасым 24те 5балам бар жолдасымнын тұракты жұмысы жок тұрғын үй кезегине тиркелу үшин жолдасымнын 12айлық дахотысын сұрайды мен өзим баламен үйде отырам ал жолдасым жалдамалы жұмыста жүреди оралда Самал 143/1 мекен жайында тіркеуде турмыз патер жалдауға қиын болды жолдасыма жұмыс болмағасын Сырым ауданы Жымпитыда ата-енемнин касында тұрып жатырмыз.Сізден өтинерим бізге тұрғын үй мәселесин шешип беринизші алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Айымгүл Қайрошқызы! Сіздің тұрғын үй мәселесі жөніндегі қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 2) - 6), 8) - 12) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін ұсынылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар; 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68,74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондықтан, жоғарыда көрсетілгендей Сіз тұрғын үй кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын санат бойынша тапсырған жағдайда соңғы 12 айлық жалпы табысы туралы мәліметі (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары санатын қоспағанда) сұратылатынын хабарлаймыз. Тұрғын үй мәселесі жөнінде толық ақпарат алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.


18.02.2015

Уразгалиева Орынаш

Құрметті Алтай Сейдірұлы! А. Молдагулова көшесіндегі 1 үйдің адам тұратындай еш кейпі жоқ. Қабырғалар құлап, төбеміз түсіп жатыр. тұруға жарамсыз үйлердің қатарында тұрсақта еш жылжу жоқ.Сізді келіп қарауыңызды сұраймыз үй тұрғындарының атынан.

Ответ:

Құрметті Орынаш! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазіргі таңда Орал қаласында апатты деп танылған, 321 пәтері бар (1130 тұрғын) 32 тұрғын үй бар. Апатты үйлер мәселесін пилотты режимдегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы арқылы шешу жоспарланып отыр. Үш жақты келісім болады: бір жағынан құрылыс компаниясы, екінші жағынан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және жергілікті атқарушы орган. Жергілікті атқарушы орган жер телімін ұсынып, инженерлік коммуникациялар өткізеді. Апатты үйлер бұзылып, босаған жер телімінде құрылыс компаниялары жаңа 9 қабатты үйлер салады, пәтерлердің бір бөлігі бұзылған үйлердің тұрғындарына беріледі. Қазіргі уақытта №8 мектеп ауданындағы Деповская және 2-ші километр көшелеріндегі 4 апатты үйлер анықталды, олардың орнына жаңа 9 қабатты үйлер салу жоспарлануда. Аталған үйлердің үшеуіне жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, мердігер мекемелер анықталды (тұрғын үй құрылыс комбинаттары). Сіздің тұрып жатқан үйіңіз Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі №1 үй, «АрхСтройПроект-А» ЖШС лицензиялы арнайы мекеменің 2010 жылғы қазандағы №8/98-10.10 қорытындысына сәйкес апатты деп танылып, бұзылатын үйлер тізіміне енгізілді. Осы үйдің тұрғындары 2010 жылдың тамыз айынан бастап жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтардың тізіміне кезекке алынды. Болашақта құрылыс компанияларға қалған апаттық үйлер ұсыналатын болады, соның ішінде Сіздің Ә.Молдағұлова көшесіндегі №1 үй.


14.02.2015

Айбар Сүндетқалиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Біздер, Е.Ниетқалиев көшесі тұрғындары, көшеміздегі электр жарығы жоқтығынан қиыншылықтарға кездесудеміз. Қазіргі жағдайда көшемізде 13 дана электр бағандары орналасқан, олардың жетеуінде жанбай тұрған жарықшамдар бар, сол қолданыстағы қалған 6 дана электр бағандарға қосымша жарықшамдар орнатып және қаланың жарықтандыру жүйесіне қостыруға тиісті орындарға тапсырма беруіңізді өтінеміз. Оқушы балалардың қараңғыда мектепке барып, келуіне қолайсыз болып отырғандығын көше тұрғындарын алаңдатып отыр. Сонымен қатар жол мәселесі де көкейкесті болып, жаяу жүргіншілерге де жол жоқтығынан (тротуар) қолайсыз болып отырған жағдайы бар, әсіресе күзгі-көктемгі кездердегі (еріген су, жаңбыр, балшық) ахуал өте нашар. Осы жағдайды ескеріп жол мәселесін биылғы жылдың жоспарына енгізуді сұраймыз. Үстіміздегі жылы еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отыр, сол себептен Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиев атындағы көшені абаттандыруға мүмкіндігінше қолдау көрсетілсе, бұл Отан қорғауда өмірін берген ардагеріміздің рухына құрмет болар еді деп ойлаймыз.

Ответ:

Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңіз Орал қаласы әкімдігімен қаралды. Орал қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстары негізгі сұрақтардың бірі болып отыр. Ағымдағы жылы Московская көшесіне қатарлас орналасқан Лиственная және С.Датұлы көшесіне қатарлас орналасқан Г.Рамаев көшелерін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалды. Е.Ниетқалиев көшесін жөндеу алдағы уақытта жоспарға енгізіліп, жоспарлы түрде қаралады. Сонымен қатар, Ниетқалиев көшесін жарықтандыру үшін арнайы мамандармен орнатылған бағандардың техникалық мүмкіндіктері қаралып қажетті есептер жүргізілетін болады.


14.02.2015

Утешев Талант

Жұлдыз шағынауданының жолдарын 2015 жылы ағымдағы жөндеу, яғни жол-құрылыс материалдарын қосумен тегістеу жұмыстары барысы кезінде, келесі орталық үш көшеге алдыңғы кезекте көңіл бөлуіңзді сұраймыз. Олар; 11, 4, 2 көшелер.

Ответ:

Сіздің қала әкімі блогына жолдаған ұсынысыңызға орай Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласы жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсы жарияланды. Аталған конкурс аяқталғаннан кейін және мемлекеттік сатып алулар келісім шарты жасалып, ағымдағы жөндеу жұмыстары басталатын болады. Сонымен қатар, Сізбен аталған көшелер ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілген кезде ескерілетін болады.


13.02.2015

Асланбек Жұмағалиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Сізден "Речник" бағбандар қоғамында табиғи газ өткізу жөніндегі мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Егер табиғи газ өткізілсе, онда Жайық өзені бойындағы ағаштар отынға кесілмей өсер еді, электржарығын үнемдеуге мүмкіндік берер еді, тұрғындары көбейіп, ғимараттар салынып жаңа кәсіпкөздері ашылар еді (дүкен, шаштараз, т.б). Осы мәселені оң шешеді деген үміттемін.

Ответ:

Құрметті Асланбек! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған хатыңызға орай, «Речник» бағбандар қоғамына табиғи газды сол жердің тұрғындары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан техникалық шарт алып, кооператив құру арқылы қаражат жинап, мердігерді таңдау негізінде өткізуге болатындығын назарыңызға саламыз. Толық ақпаратты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан 28-42-71 телефон нөмірі арқылы немесе Гагарина, 29 мекенжайынан алуыңызға болады.


26.01.2015

житель дачного общества К

Пишем Вам с такой просьбой,хотели бы узнать будет ли газификация 2 Дачной. Дело в том что именно на 1 и 2 Дачных зимует огромное количество людей.Нам обещают каждый раз что будет газификация,но никаких действий нет.Просим Вас прояснить сложившуюся ситуацию.Заранее благодарны.

Ответ:

В ответ на Ваше обращение на блог акима города сообщаем, что на сегодняшний день разработана проектно-сметная документация по газоснабжению дачного общества «Колос». Подрядчиком является АО ЗКФ «КазТрансГаз Аймак». Строительные работы проводятся за счет средств жителей дачного общества. Строительство по газификации планируется завершить во ІІ полугодии 2015 года.


26.01.2015

Венера Каменова

Турестанская,Вишновая,Колхозная,Мангистауская көшелерінде асфальт төселмеген.Балаларға сабаққа баруға қиын. Көктем,күз айларында қатты балшық болады.Қашан асфальт төселеді.Автобус аялдамасы алыс.Әлеуметтік көлікпен қамтамасыз етілмеген.

Ответ:

Құрметті Венера! venera-manarbek@mail.ru Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай Орал қаласының әкімдігі, келесіні хабардар етеді. Бүгінгі таңда, Орал қаласы автокөлік жолдарының 50% қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау кезінде орталық және магистральді көшелерге, сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысы жүзеге асырылатын көшелерге баса назар аударылады. Өтініште көрсетілген көшелер қолайлы ауа-райы жағдайының басталысымен, Орал қаласы жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша 2015 жылғы жұмыс өндірісі жоспарына енгізу мақсатында тексерілетін болады.


16.01.2015

5-ықшам аудан,7-үй,4-подь

Құрметті Алтай Сейдірұлы!Біз 5-ықшам ауданы,7-үй,4-подьезд,тұрғындарымыз.Осы уйдің 60-шы пәтерін қысқа мерзімге(сағатқа немесе тәулікке)жалға береді,сол пәтер жалдаушылар түнімен бірнеше рет тыныштық тәртібін бұзып(музыка түнімен,ішімдік ішіп)подьезге шылым шегіп,алкоголь шөлмектерін лақтырып тастап кетіп жүреді.Аудандық сақшыға шағымдануға пәтер иесі,пәтерді жалға берушілер туралы еш ақпарат білмейміз.60-шы пәтерді жалға беруші туралы біздің білетініміз тек қана ұялы телефоны 87776941732 және үй иесінің телефоны 87771800371.Жеке сөйлесуге бізбен ешқандай байланысқа шықпайды.Осы тәртіп бұзушылыққа байланысты пәтер иесін немесе пәтерді жалға берушіні тексеріп,әкімшілік шара қолдануыңызды сұраймыз.

Ответ:

Құрметті 5-ықшам аудан, 7-үй, 4-подьезд тұрғындары! Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады. Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ, аталған Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы. Сондықтан, Орал қаласы, 5-ші шағынауданы, 7-үйдегі, № 60 пәтер тiркеу органында тiркелген кезден бастап, жеке меншікте болғандықтан, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің құзырлығына Сіздердің өтінішіңізде көрсетілген мәселені қарау кірмейді. Сол себепті, өтінішіңіздегі мәселе бойынша Ішкі істер органдарына жолығуыңызға болатынын назарыңызға саламыз.


16.01.2015

Утешев Талант

Саламатсызба!!! Жұлдыз ш/а жол керек. Бұған дейін Сізге бірнеше рет жаздық осы мәселе бойынша. Өзіңізбен жеке кездестікте. Қайтаратын жауаптар бір, жоба әзір қаржыландыруды күтеміз деген. Бірақ ол қаржы қашан болады белгісіз. Біз қанша уақыт күтуміз керек? Ол жобаның құны үлкен болғандықтан, бірнеше жылға бөліп болсада жұмыстарды 2015 жылы бастауын қарастыруыңызды сұраймыз. Ең болмаса бір-екі көшесінде дұрыс жол болса, қоғамдық көлік ш/а ішіне кіріп, қоқыс контейнерлерін қою мүмкіндігі пайда болар еді. Халықта риза болады. Биыл ауданымызда Шағанға су әкететін канал салынды. Ол каналга бірнеше машина түсіп үлгерді. Ешқандай жол белгілері қоймай қазып тыстаған. Өткенде Желтоқсанда ауа райы төмен болып қар ерігенде сол каналмен су ауылдың 6-көшесінен бастап кетті. 11-көше бойынша "Дулат" дүкенінің алдында және сол 11-көшенің басында су көп жиналды. Каналдың көмегі бар, бірақ толық емес сонымен ол тек бір жылға деп ойлаймын. Қалай-солай қазылған канал емес, дұрыс арықтарымен жолдар қажет.

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі Жұлдыз шағынауданындағы жолдарды қайта құрумен еріген және жаңбыр суларын әкету жобасын жүзеге асыру қаланың абаттандыру жоспарына енгізілгенін хабарлайды. Қазіргі таңда қаржыландыру көздері іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жұлдыз шағынауданының жолдары 2015 жылы ағымдағы жөндеумен қамтылатын жолдар тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз, аталған жұмыстарды жүргізу кезінде жол-құрылыс материалдарын қосумен тегістеу жұмыстары жоспарлануда.


15.01.2015

Гульдана

Салеметсиздерме.менин кояр сурагым биз жолдасым екеумиз чапай ауылына жумыс бабымен коныс аударганбыз.мен дипломмен ауылга жобасы бойынша жумыс жасап жатырмын.улымыз балабакша кезегинде калада тур.улымызды чапай ауылына балабакшасына калай ауыстыруымызга болады.жолдасым аудандык ишки истер болиминде.оган ходотайства берилсе сол аркылы орналастыру жарайма

Ответ:

Құрметті Гүлдана! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Чапай ауылында балабақша кезегіне қою үшін Орал қаласының білім беру бөлімінің №8 кабинетіне келіп, қаладағы балабақшаның кезегінен шығару қажет (т.51-35-09). Мектепке дейінгі ұйымдарға директорларының баянаттарына сәйкес, мектеп жасындағы балалар шыққаннан кейін босаған орындарға балалар жолданады. Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, жеңілдік алуға құқығы бар санаттағы азаматтардың балалары кезектен тыс жолданады.


15.01.2015

айдос

Ассалаумағалейкүм Алтай Сейдірұлы. Мен Деркөлдің ПДП-2 аумағында тұрамын. Соңғы жылдары мұнда халық саны көбейді. Аллаға шүкір газ бен жарық бар, бірақ бір мәселе қинайды. Мектеп жоқ. Кеше теледидардан естігем біздің аумаққа мектеп салынады деген ақпарды. Бұл іс қолға алынса ПДП-2 аумағына салынса деген тілегімді айтамын. Өйткені мына жақтан Селекционный мектебіне жету балалар үшін өте қиын. әсіресе қыс пен көктемгі балшықта. бұл менің жағыз өзімнің ұсынысым емес, осы елді мекенде тұратын жұртшылықтың ойы. соны жерге қалдырмассыңыз деп ойлаймын.

Ответ:

Құрметті Айдос! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен 2014 жылы «БҚО Орал қаласы Деркөл кентіндегі (1-кезек) 600 орындық мектеп құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды, құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда басталады. Деркөл кенті (2-кезекке) 600 орындық мектеп құрылысына 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға конкурс жариялау жоспарлануда.


14.01.2015

Кизагалиев Акан

Құрметті Алтай Сейдірұлы, жаңа жылыңызбен, жаңа жыл табыс акелсін! сізге қояр сұрағым, мен 2004 жылы жерге арыз берген едім, оны растайтын құжаттардың түпнұсқасы қолымда, алайда кезегімді білейін деп барғанымда менің тізімде жоқ екендігімді айтты. Өзімнің тұрақты жұмысым жоқ болгандықтан жер сатып алуға мүмкіндігім де жоқ, қолымда ата-анам бар, әкем ҚР білім беру ісінің үздігі, анам "Алтын алқа иегері", екеуі де зейнеткер. Өзімнің анықтамада көрсетілген тіркеу нөмірімді, өтініш берген жылымды ескеріп қайта қалпына келтіру мүмкін бе, анықтауға Сіздің араласуыңызды өтінемін. Мен не істеуім керек қазыргі таңда? Алдын-ала алғыс білдіремін.

Ответ:

Құрметті Ақан! Сіз 2004 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмеген. Осыған орай, өз құқығыңызды қорғау үшін сот органдарына жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.


10.01.2015

сариева мухлиса

Сәлеметсізбе ! 2007 жылы жер кезегіне тіркелген едім, кай кезекте тұрганымды білейін деп едім

Ответ:

Құрметті Мұхлиса! Сіздің қала әкімінің блогына тұрғын үй салу үшін жер учаскесі туралы жолдаған өтінішіңізде аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы толық түрде мәлімет болмағандықтан арнайы есеп тізімі бойынша қарау мүмкін болмай отыр. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Сізге кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Арнайы есеп тізімін uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Толық мәліметті мына мекенжай бойынша білуіңізге болады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастары бөлімі, 5-терезе.


blog_akima