Әкім блогы

Сұрақ жауап

15.01.2015

айдос

Ассалаумағалейкүм Алтай Сейдірұлы. Мен Деркөлдің ПДП-2 аумағында тұрамын. Соңғы жылдары мұнда халық саны көбейді. Аллаға шүкір газ бен жарық бар, бірақ бір мәселе қинайды. Мектеп жоқ. Кеше теледидардан естігем біздің аумаққа мектеп салынады деген ақпарды. Бұл іс қолға алынса ПДП-2 аумағына салынса деген тілегімді айтамын. Өйткені мына жақтан Селекционный мектебіне жету балалар үшін өте қиын. әсіресе қыс пен көктемгі балшықта. бұл менің жағыз өзімнің ұсынысым емес, осы елді мекенде тұратын жұртшылықтың ойы. соны жерге қалдырмассыңыз деп ойлаймын.

Ответ:

Құрметті Айдос! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен 2014 жылы «БҚО Орал қаласы Деркөл кентіндегі (1-кезек) 600 орындық мектеп құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды, құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда басталады. Деркөл кенті (2-кезекке) 600 орындық мектеп құрылысына 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға конкурс жариялау жоспарлануда.


14.01.2015

Кизагалиев Акан

Құрметті Алтай Сейдірұлы, жаңа жылыңызбен, жаңа жыл табыс акелсін! сізге қояр сұрағым, мен 2004 жылы жерге арыз берген едім, оны растайтын құжаттардың түпнұсқасы қолымда, алайда кезегімді білейін деп барғанымда менің тізімде жоқ екендігімді айтты. Өзімнің тұрақты жұмысым жоқ болгандықтан жер сатып алуға мүмкіндігім де жоқ, қолымда ата-анам бар, әкем ҚР білім беру ісінің үздігі, анам "Алтын алқа иегері", екеуі де зейнеткер. Өзімнің анықтамада көрсетілген тіркеу нөмірімді, өтініш берген жылымды ескеріп қайта қалпына келтіру мүмкін бе, анықтауға Сіздің араласуыңызды өтінемін. Мен не істеуім керек қазыргі таңда? Алдын-ала алғыс білдіремін.

Ответ:

Құрметті Ақан! Сіз 2004 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмеген. Осыған орай, өз құқығыңызды қорғау үшін сот органдарына жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.


10.01.2015

сариева мухлиса

Сәлеметсізбе ! 2007 жылы жер кезегіне тіркелген едім, кай кезекте тұрганымды білейін деп едім

Ответ:

Құрметті Мұхлиса! Сіздің қала әкімінің блогына тұрғын үй салу үшін жер учаскесі туралы жолдаған өтінішіңізде аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы толық түрде мәлімет болмағандықтан арнайы есеп тізімі бойынша қарау мүмкін болмай отыр. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Сізге кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Арнайы есеп тізімін uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Толық мәліметті мына мекенжай бойынша білуіңізге болады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастары бөлімі, 5-терезе.


07.01.2015

Кадирова Сулуфан Адилбекқ

Саламатсыз ба,Алтай Сейдірұлы!Мен Сулуфан Адилбекқызы Орал қаласында 1999 жылдан бастап Ульяна Громовой 2/1,жатақханада,бесінші қабатта,56 пәтерде жолдасым Самғат Мамытбайұлы және үш баламмен бірге тұрамыз.Біз тұрған жатақхана өте ескі,қабырғалары жарылып құлағалы тұр,қар,жаңбыр жауса төбеден су ағады.Ең үлкен балам студент,екінші балам мектепте,үшінші балам жасы бірде.Бәріміз бір бөлмеде тұрамыз.Жолдасым Самғат Мамытбайұлы арматурный заводында 1999 жылдан бастап жұмыс жасайды.Біз тұрған жатақхананың бір бөлмесін жекеге өз атымызға сатып алғанымызбен бесеумізге тарлық етеді,салқын,жылы су мүлдем жоқ әрі өте ескі үй болғандықтан тұруға қиын.Сондықтан бізге мемлекеттік тұрғын үй немесе арендалық тұрғын үй кезегіне тұруға немесе басқалай көмектесуіңізді сұраймын.Өтінішімізді жауапсыз қалдырмайды деп ойлаймын.

Ответ:

Құрметті Сұлуфан! Сіздің тұрғын үй мәселесі жөніндегі қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар; 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68,74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекен-жайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: дүйсенбі – бейсенбі сағ. 09.00-13.00-ге дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекен-жайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


07.01.2015

мамбетоа а

Здравствуйте!!! Мая мама Мамбетова Ж.Х много лет лежит в психиатрической больнице, но я её уже не видела больша месяца так как у неё состояние плохое, но несколько раз были такие случии когда она там просто лежала в сеняках и мне её просто непоказавали под предлогом у неё состояние плохое или же она сейчас спит,прошу сфотографировать мне её но это им не положено.как мне убидиться в том что с ней все хорошо,я врачам уже неверю,сколько времени там лежит но в её лечение невижу никакого результата. Она в год домой выходит только 2-3раза и только на 7-10дней даже в больнице её увидить неможем.как быть? Кому можно обращаться чтоб проверяли больних?так как её там бьют,больные между сабой деруться,они и так больные и если их еще и будут бить...как быт? Просто помаму очень скучаю на новый год даже не увидела!!!

Ответ:

Уважаемая Мамбетова! На Ваше обращение сообщаем, что вопросы здравоохранения не входят в компетенцию акимата города Уральска. Но, тем не менее, акиматом направлено письмо на имя руководителя в Управление здравоохранения ЗКО для рассмотрения и предоставления Вам ответа. О результатах рассмотрения Вам дополнительно будет сообщено.


26.12.2014

Асель Жангалиева

Құрметті Алтай Сейдірұлы!  Мен Жангалиева Асель Асылбеккызы; Біз,жас отбасымыз,жалга берилетин тұрғын үй бағдарламамсына катысу мумкiншiлiгiмiз барма.жолдасым жумыста.озим мугалiммiн казиргi танда бала кутимiне байланысты уйде отырмын.некеде 2жылдан кетти турганымызга.1баламыз бар, тургын уй жинак курлыс банкинде жинактамамыз бар.биздин бул багдарламага катысуымызга кандай мумкiншiлiгiмiз бар.2015 жылдын кай айынан бастап кужат кабылдайды.құжат тапсырсак оте аламыз ба.рахмет

Ответ:

Құрметті Асель! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған жас отбасылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерден пәтер алу үшiн бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. Назарыңызға: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауда айтылған жалға берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізілгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарына бағдарламаның бағыттары туралы ақпарат кенінен берілетіндігін хабарлаймыз. Сондай-ақ, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша «жас отбасылар» санатына арналған жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау қайтадан басталған жағдайда «Пульс города» газетінде және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.


25.12.2014

Кенесова М.

Сәлематсызба Алтай Сейдірұлы! Біз Меловой бағытындағы саяжай тұрғынымыз. Қозғағалы отырған мәселе жолаушылар тасмалдаушы №36 маршрут. Жұмыстан шыққан тұрғындармен мектептен немесе бала бақшадан шыққан кіп кішкентай балалар сағат 18:00 ден кейін қалса сағат 20:00-сіз жолаушылар тасмалдаушы №36 маршутқа мінулері мүмкін емес. Күн аязда балаларымызбен тоңып тұруға тура келеді. Маршруттың іші ылғи лық толы болғандықтан аялдамаларға тоқтамайды. Кейде 10-ыншы маршрутқа дейін өткізіп жатырған кездеріміз болды. Салқынға тоңғандықтан балаларымыз суық тиіп ауырып қала да береді. Таксимен жүретін артық қаражатымыз жоқ. Жолаушылар тасмалдаушы №36 маршруттарының орнына неліктен үлкен автобустар шығарылмай. Кейбір маршрут шоферлары кішкентай балаларды сөмкелеріңмен симайсыңдар деп кеш қараңғыда алмай кетіп жатырған кездері болады. Осы мәселе қалай және қашан шешіледі екен?

Ответ:

Құрметті Кенесова! Қазіргі уақытта № 36 маршрутында 35 астам шағынавтобустар жұмыс істейтінін мәлімдейміз. Қозғалыс интервалы 3-4 минут құрайды. Қосымша бұларға қоса күн сайын ПАЗ маркалы 4 автобус жұмыс істейді. Автобустарды қосу жұмыстары келесі жылы қарастырылатын болады. Балаларды тасу жөнінде қарсылық білдірген жүргізушілердің тәртібін қарастыру үшін, уақытын, мезгілін және болған жерін көрсетуіңіз қажет болатын. Соған байланысты, орын алған жағдайда жолаушы тасымалдау секторына хабарласуыңызға болады (тел. 50-04-02). Қалалық әкімдігімен №36 маршрутының жұмысы бақылауға алынды.


25.12.2014

Жанылсын Аскарова

Мен Аскарова Жанылсын Кажимуратовна 2008 жылы желтоқсан айында жерге арыз бергенмін. Кезегім нешінші,қашан қай уақытта береді екен.Сайтта көрсетпей тұр.Хабар болса хабарласыңызшы тел:8-702-795-72-59.еmail:janilsin89_89@mail.ru

Ответ:

Құрметті Жанылсын! Сіздің 2008 жылы 3 желтоқсанда тіркеу №А-703 тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 37696. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін табыстауға арналған алаңдарға инженерлік желілердің, коммуникациялардың және жолдардың құрылыстарын жүргізуге көп уақыт талап етеді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады.


23.12.2014

Лукпанова Дина

Саламатсыздар ма,Келе жатқан 2015 жыл құтты болсын. 2004 ж. жер кезегңнде тұрғандарға қашан жер берілетінін білгіміз келіп еді. Келесі жылда жер бөлу мәселесі қалай қаралатынын білгім келеді. Жауап күтемін.

Ответ:

Құрметті Дина! Сіздің 2004 жылы тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз –1269. Жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегіне арнайы есепті www.uralsk.gov.kz сайтынан білуіңізге болады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар, аталған тармаққа сәйкес жер учаскелері инженерлік инфрақұрылым болған жағдайда ғана беріледі. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды.


19.12.2014

Ергалиева

менин сурагым былай:16-желтоксан каламыздын төрінде керемет теннис залы ашылды,сонда кеткен бир олкылык дейн бе,жауапсыздык дейм бе мейрам куни бир әнұран ның шыркалмаганы калай? мундай кате кетпеу керек,кеткен шара колдану керек кой. менин сурагымды жауапсыз калдырмайтынынызга сенем.

Ответ:

Құрметті Ергалиева ! Мемлекеттік рәміздерді қолдану Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы саладағы қаулылары бойынша реттеледі. Теннис залының ашылуында Мемлекеттік Гимннің шырқалуы осы Заң шеңберінде орындалуы тиіс. Алайда, аталған шараның ұйымдастырушысы – Батыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады (басқарманың қабылдау бөлмесі тел.: 50-43-46). Сіздің ұсынысыңыз алдағы уақытта ескеріліп, қалалық деңгейдегі өткізілетін іс-шаралар барысында Мемлекеттік рәміздерді Заңға сай қолдану іске асырылатын болады.


12.12.2014

Ольга

Акиму г. Уральска, Западно-Казахстанской области В департамент юстиции г. Уральска Западно-Казахстанской области От Исаковой О.Р. проживающая по адресу: 188525, Россия, Ленинградская область, Ломоносовский район, С. Копорье, дом 6 кв.40, Паспорт выдан ТП № 119 ОУФМС России по Санкт-Петербургу и Ленинградской области в Ломоносовском районе Дата выдачи 18.04.2012 Серия 4111 номер 426582 Контактный телефон: 8-911-779-98-59 Электронный адрес: flower-queen@mail.ru Обращение На основании судебного приказа от 12 августа 2013 года № 2-10080/2013, судьей г. Уральска ЗКО Сапаровой Ф.С. вынесено решение о взыскании алиментов с Бияханова Сержана Сабитовича, 02.08.1973 года рождения, уроженца Жанибекского района ЗКО, проживающего по адресу: ЗКО, г. Уральск, пр. Достык-Дружбы д. 240 корп. 1 кв. 35 в пользу Исаковой Ольги Рамазановны, проживающей по адресу: Россия, Ленинградская область, Ломоносовский район, с. Копорье дом 6 кв.40 на содержание дочери Бияхановой Лауры Сержановны, 13.07.2002 г.р., начиная с 08.08.2013 года. Но за весь этот период с 08.08. 2013 г. по настоящий момент 11.12.2014 г. денежные переводы производились всего два раза (в начале года и летом). За этот период судебным приставом-исполнителем не предприняты надлежащие меры для исполнения судебного приказа. Бездействие судебного пристава-исполнителя приводит к нарушению моих прав как взыскателя и причинению мне убытков. Учитывая вышеизложенное, руководствуясь законодательными актами Республики Казахстан, а также в связи с тем, что должник не исполняет постановления судебного пристава-исполнителя, а судебные приставы г. Уральска не соблюдают должностные инструкции и не принимают соответствующие меры по отношению к должнику для исполнения судебного приказа ПРОШУ Вас вмешаться в данный процесс бездействия судебного пристава-исполнителя, которому в настоящее время поручено исполнительное производство и прошу проконтролировать работу руководителя Территориального отдела по взысканию алиментов находящиеся по адресу: г. Уральск, ул. К. Аманжолова, дом 174. С благодарностью за содействие Исакова О.Р.

Ответ:

Уважаемая Ольга Рамазановна! Согласно Постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» - Министерство юстиции Республики Казахстан (далее - Министерство) является государственным органом Республики Казахстан, в пределах своей компетенции осуществляющим правовое обеспечение деятельности государства, поддерживающим режим законности в работе государственных органов, организаций, должностных лиц и граждан, обеспечивающим защиту прав и законных интересов граждан и организаций, а также обеспечивающим своевременное исполнение исполнительных документов. На местах территориальные органы юстиции, осуществляют реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов. В связи с этим, Ваше письмо направлено для рассмотрения в Департамент юстиции ЗКО, по адресу г.Уральск, проспект Достык-Дружба 208. Результаты рассмотрения будут дополнительно доведены до Вас.


11.12.2014

Ергалиева Гульфия

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Біз балаларымызды балабақшаға кезекке бергенбіз, бірақ балабақшаның кезегі 2-3 жылсыз келмейді, кезек келгенше жеке тұрғын үйіміздің болмауына байланысты мекен жайымызды өзгерткенде балабақша тым алыстап кетеді, сол мәселенің шешімін жас отбасылардың көбі таба алмай жүр,сізден көмек сұраймыз

Ответ:

Құрметті Гүльфия! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес, балаңыз туралы мәлімет көрсетілмеуіне байланысты толық жауап беру мүмкіндік болмай тұр. Қажетті ақпарат алу үшін Орал қаласы білім беру бөлімінің №8 кабинетіне жолығуыңызға болады (Достық даңғылы, 145, тел.51-35-09). Сонымен қатар қалада 50 мектепке дейінгі ұйым, 28 шағын орталық, 4 жеке балабақша, 3 жеке шағын орталық мектепке дейінгі тәрбие беретінін қатеріңізге береміз.


07.12.2014

тамара Мендибайкызы

Саламатсызба Алтай Сейдирулы мырза.2015жылы жалга бнрилетин Колжетимди баспана багдарламасына,кужаттар кай кезден бастап кабылданады?Алдын -ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Тамара Мендыбайқызы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған жас отбасылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін Тұрғын үйден пәтер алу үшiн III топ Бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы. (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. Назарыңызға: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауда айтылған жалға берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізілгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарына бағдарламаның бағыттары туралы ақпарат кенінен берілетіндігін хабарлаймыз. Сондай-ақ, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша «жас отбасылар» санатына арналған жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау қайтадан басталған жағдайда «Пульс города» газетінде және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.


07.12.2014

Уразова Тойган

Мен Уразова Тойган, жасым 73 те.Жер кезегінде тұрғаныма 10 жылдан асып барады.2004 жылы тіркелген едім.Кезектің қозғалуы өте жай.Көзімінің тірі уақытымда үкіметтен көмек болар деп ойлаймын.Жер кезегім қашан жетеді екен?

Ответ:

Құрметті Тойған! Сіздің 2004 жылы 18 қарашадағы тіркеу №У-286 тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 286. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін табыстауға арналған алаңдарға инженерлік желілердің, коммуникациялардың және жолдардың құрылыстарын жүргізуге көп уақыт талап етеді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады.


06.12.2014

Исакова Ольга Рамазановна

Здравствуйте! Пишет Вам мама ребенка-инвалида, которые проживают в России, Ленинградской области. Отец ребенка, Бияханов Сержан Сабитович, гражданин Казахстана, фактический проживающий в г. Уральск своевременно не оплачивает алименты на содержание дочери Бияхановой Лауры Сержановны. Проживая в другой стране, мне приходиться систематический звонить судебным приставам, чтобы узнать почему не осуществляется решение суда, но до сих пор продуктивного ответа не получаю. Есть судебный приказ от 12 августа 2013 года № 2-10080/2013 о взыскании алиментов с 08.08.2013 г. Но за весь этот период с 08.08. 2013 г. по настоящий момент 25.11.2014 г. - денежные переводы производились всего два раза (в начале года и летом). В связи с вышеизложенным, находясь в трудной жизненной ситуации, прошу Вас вмешаться в данный процесс и проконтролировать работу руководителя Территориального отдела по взысканию алиментов находящейся по адресу: г. Уральск, ул. К. Аманжолова, дом 174. А также хотелось бы узнать, сумму долга по алиментам. Буду искренне благодарна Вам за помощь.

Ответ:

Уважаемая Ольга Рамазановна! Согласно Постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» - Министерство юстиции Республики Казахстан (далее - Министерство) является государственным органом Республики Казахстан, в пределах своей компетенции осуществляющим правовое обеспечение деятельности государства, поддерживающим режим законности в работе государственных органов, организаций, должностных лиц и граждан, обеспечивающим защиту прав и законных интересов граждан и организаций, а также обеспечивающим своевременное исполнение исполнительных документов. На местах территориальные органы юстиции, осуществляют реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов. В связи с этим, Ваше письмо направлено для рассмотрения в Департамент юстиции ЗКО, по адресу г.Уральск, проспект Достык-Дружба 208. Результаты рассмотрения будут дополнительно доведены до Вас.


06.12.2014

Лунар Канатбаева

егер атымда бір бөлмелі жатақхана болса, үй алуға кезекке тұра алмаймын ба?

Ответ:

Құрметті Лунар! Сіздің тұрғын үй мәселесі жөніндегі қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; 3) осы елді мекенде олардың тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса; 4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады. Аталған Заңға сүйене отырып, егер тек қана меншік иесінде тұрғын үй меншігі тіркелсе, онда кезекке қоюға негіз жоқ болады.


03.12.2014

Биғали Шаманов Кутмаганбе

Сәлеметсіздер ме? Мен Шаманов Биғали Орал қаласының тұрғынымын. Орал қаласындағы Жәңгірхан көшесіндегі жол бойынан автосербис салу үшін жерді жалға немесе 5-49 жылға жекеге қалай алуға болады? Рахмет!

Ответ:

Құрметті Биғали! ҚР Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сәйкес «Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi көрсетiлуге тиiс. Жоғарыда баяндалған негізде Сізге өтінішіңізді Орал қаласының әкім атына жолдау қажеттігін және қосымша мәлімет алу үшін қабылдау уақыты 9:00-13:00 дейін «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не 2 кабинетіне жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.


02.12.2014

Марс Әмірханұлы

Құрметті Алтай Сейдірұлы! 3 қараша 2014 жылы Сіздің атыңызға Орал қаласы, Жәңгір хан және Свободная көшелерінің қиылысынан 0.12 га жер телімін спорт зал құрлысын салу үшін бөлу туралы арыз берген едім. (Талон саны 142710001400008366) Сол себепті Сізден осы арызымның тағдыры не болып жатыр екен, жер телімін беруге қандай да бір кедергілер бар ма, арыз қаншалықты ұзақ қаралуы мүмкін деген сұрақтарға жауап алғым келеді.

Ответ:

Құрметті Марс! Сіз Орал қаласының әкімінің атына спорт зал құрылысы үшін Зачаганск кенті, Жәңгірхан мен Свободная көшелерінің қиылысындағы жер учаскесін сұрап өтініш білдіргенсіз. Аталған өтінішіңіз қала әкімдігінің жанынан құрылған жер комиссиясының 2014 жылғы 20 қарашадғы № 42 хаттамалық отырысында қаралып, қорытындысына сәйкес, сұралып отырған жер учаскесі орман қорының жерлеріне жатқандықтан жер учаскесін беруден бас тарту туралы қорытынды шығып және Орал қаласының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы әкімдік отырысында қаралып № 3272 жер учаскесін беруден бас тарту туралы қаулы қабылданған. Сізге Орал қаласының жер қатынастары бөлімі тарапынан 2014 жылдың 24 қарашасында № 1-24/7664 жер учаскесін беруден бас тартылғаны туралы хат жолданды. Жоғарыда жазылған негізде Сізге қаулының түпнұсқасын алып кетуге және қосымша мәлімет алу үшін қабылдау уақыты 9:00-13:00 дейін «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не 4 п кабинетіне жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.


28.11.2014

Бигали

Ассалаумағалейкум, Алтай Сейдірұлы! Жангір хан көшесіндегі жолдың бойынан (жанынан) автосервис блоктарын салу үшін жекеге жер 5-49 жыл мерзімге жалға беріліп жатыр, қазыр сол жерде жер алғандар құрлыстарын бастап кеткен. Сізден сұрайтын сұрағым: Осы жерді қалай алуыма болады? Соны түсіндіріп берсеңіз екен, өтінемін.Толық ақпарат алу үшін Акиматтың басқа бөлім қызметкерлерінің көмегі керек болса осы хатымды соларға жодасаңызекен, аяқсыз қалмауын немесе тек шығарып салу үшін жауап берілмеуін тілеймін. Алдын-ала Рахмет! Сізге амандық, үлкен жетістіктер тілеймін.

Ответ:

Құрметті Биғали! ҚР Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сәйкес «Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi көрсетiлуге тиiс. Жоғарыда баяндалған негізде Сізге өтінішіңізді Орал қаласының әкім атына жолдау қажеттігін және қосымша мәлімет алу үшін қабылдау уақыты 9:00-13:00 дейін «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не 2 кабинетіне жолығуыңызға болатындығын хабарлаймыз.


24.11.2014

Аты және Тегі*

Курметти Алтай Сейдирулы, бул меним Урал калалык акимине жолдап отырган 6ншы хатым, билмеймин бул хатым жетеме жетпеиме дегенменде жетеди деген умитпен тагыда жолдап отырмын, меним сизгедеген отинишим Онер туралы, Меним тусинбеитиним отдел култура,обл култура,филармония,ОНМЦ т.т.б.неге кереги бар, егерде олар жок дегенде 2 жылда 1 онерпазды улкен сахнага(республикалык денгейге)шыгара алмаса. ........осыдан 25-35жыл бурын бир обл културанын басшысы калалык онер сайысын ойлап тауып, 1ші орынга марапаттау кагазын берип ертенгісін газеттерге аты жонін жазып куттыктады... Ал содан бері каншама басшы ауыссада жанадан ештене озгермеді, сол баягы сахына сол баягы марапат кагазы, сонда биз кашан осемиз!!! Он тустік сол тустік деп ешкимді болмейак койайын, біракта неге сол олкенін онерпаздары улкен сахнада баршылык та ал оз олкемізден ешкім ЖОК, НЕГЕ??? бар кіна озімізден ! Сондыктан менім усынысым ! обылыс аралык улкен ан байкауын откізіп, 1ши 2ши 3ши орындарга комакты каржылай сыйлык усынып ал гран-при иегерин Астана каласында 1жыл бойына улкен сахнада онерин корсетеди. Бул шарага "Нурлан мен Мурат" продюсерлик орталыгы жанеде Алматылык OIN-studio кепілдік корсетеді, Бул шарага аділказы болып Медеу Арынбаев, Женіс Искакова,Улыкпан Жолдасов жане Мурат Хожа сынды танымалы анші кыз-жігітеріміз катысады, жанеде Хабар агентігі кунделік ретінде барша казакстанга корсетеді. Егерде сіз бул шараны керектеп тапсаныз, смета жене отетін уакытын белгілерміз. Куметті Алтай Сейдірулы, сізді осы хатка улен жауапкершілікпен карайды деген уміттемін Озінізге деген курметпен "Нурлан мен Мурат" ПЦ продюсері Нурлан Амиров.

Ответ:

Құрметті Нұрлан! Сіздің Орал қаласының әкімінің блогына келіп түскен ұсыныс хатыңызға байланысты бүгінгі күні 2015 жылға арналған қала бюджеті қабылданып, бекітілгендігін хабарлаймыз. Алайда, Сізден ұсынып отырған байқауды келесі жылы өткізу мүмкіндігін қарастыру үшін сметаңызды ұсынуыңызды сұраймыз. Жалпы Батыс өңірі, соның ішінде Орал қаласы өнерге бай, есімдері Қазақстанға әйгілі, танымал тұлғалардың туған өлкесі. Жыл сайын қаламызда жаңа дарындардың есімдерін ашу мақсатында қалалық, облыстық «Дала дарындары», Ескендір Хасанғалиев атындағы әншілердің республикалық байқауы, термешілер мен күйшілер т.б. байқаулар оздырылып тұрады. «Дала дарындары» байқауының жеңімпаздары түрлі номинация бойынша халықаралық «Шабыт» байқауына қатысып жүр. Біздің жас әртістеріміз (атап айтқанда Тарас Жауымбаев, Назира Хибашева және т.б.) республикалық «Жас қанат» байқауына қатысты. Жаңылсын Хасанова, Дәурен Мерғалиев, Дәурен Сейтжанов, Айнара Айтқалиева және т.б. әншілеріміз біздің мақтанышымыз. Сіздің өнер жолындағы жанашырлығыңыз бен ұсынысыңызға ризашылығымды білдіреміз.


blog_akima