Әкім блогы

Сұрақ жауап

19.11.2014

Актоты

Здравствуйте!Я мать одиночка,у меня двое детей.Могу ли я подать документы по программе доступное жилье 2020,своего жилья у нас нету пришлось продать,чтобы заняться торговлей.Сейчас снимаем квартиру за 70000тн в месяц,в связи с большой конкуренцией вырученных денег хватает только на аренду магазина,на питание и на аренду квартиры.Чем снимать,хотелось бы платить за аренду своего жилья.

Ответ:

Уважаемая Актоты! На Ваше обращение на блог акима Западно-Казахстанской области по жилищному вопросу сообщаем, что в настоящее время в г.Уральске по Программе «Доступное жилье – 2020» строительство жилья реализуется по 3 направлениям: - Жилье для очередников в местных исполнительных органах; - Жилье для очередников через местные исполнительные органы по линии «Жилстройсбербанк»; - Жилье по линии акционерного общества «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для всех категорий населения и для молодых семей. Актоты, так как Вы в своем обращении не указали полные личные данные (ФИО) посмотреть наличие Вас в списке очередников, нуждающихся в жилье, не представляется возможным. Если Вы не состоите в списках очередников, нуждающихся в жилье, то сообщаем, что согласно п.2. ст.74. Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16.04.1997 года местные исполнительные органы района (города областного значения), города республиканского значения, столицы ведут раздельные списки учета нуждающихся в предоставлении жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде: 1) инвалидов и участников Великой Отечественной войны; 1-1) детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей; 2) социально уязвимых слоев населения, указанных в подпунктах 1-1) – 5), 7) – 11) статьи 68 настоящего Закона; 3) государственных служащих, работников бюджетных организаций, военнослужащих, кандидатов в космонавты, космонавтов, сотрудников специальных государственных органов и лиц, занимающих государственные выборные должности; 4) граждан, единственное жилище которых признано аварийным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. Сообщаем, что в ст. 68. данного Закона перечислены категорий граждан относящихся к малоимущим социально защищаемым слоям населения. К социально защищаемым слоям населения относятся: 1) инвалиды и участники Великой Отечественной войны; 1-1) лица, приравненные к инвалидам и участникам Великой Отечественной войны; 2) инвалиды 1 и 2 групп (за исключением лиц, ставших инвалидами в результате совершенного ими преступления); 3) семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов; 4) лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом в установленном законодательством порядке; 5) пенсионеры по возрасту; 6) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы; 7) оралманы; 8) лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера; 9) многодетные семьи; 10) семьи лиц, погибших при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка; 11) неполные семьи. При соответствии указанным категориям в ст. 68, 74. Вы можете встать на очередь как нуждающаяся в жилье. В соответствии со ст.71 п.1 Закона РК «О жилищных отношениях» от 16.04.1997 года учет граждан Республики Казахстан, которым может быть предоставлено жилище из коммунального жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, осуществляется по месту жительства местным исполнительным органом района, города областного значения, города республиканского значения, столицы. То есть, на учет нуждающихся в улучшении жилищных условий могут встать граждане, которые прописаны в городе Уральске. Благоустроенная квартира предоставляется гражданам относящимся к малоимущим социально защищаемым слоям населения состоящим на учете нуждающихся в улучшений жилищных условий в отделе жилья и приватизаций ОЖКХПТ и АД г.Уральска в порядке очередности. Разъяснение по вопросу постановки на учет Вы можете получить в «ОЖКХПТ и АД г.Уральска» - сектор жилья и приватизации, дни приема: понедельник-четверг с 9.00 до 13.00 по адресу: город Уральск, ул. Фрунзе 127/1, и «Центр обслуживания населения органа Министерства юстиции Республики Казахстан» по адресу: г.Уральск , ул. Жамбыла, дом 82/2. Также сообщаем, что для граждан, состоящих на учете нуждающихся в жилье, есть возможность принять участие в следующей программе. В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева, данного от 27 января 2012 года в Послании народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация - главный вектор развития Казахстана» и Постановлением Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правил реализации местными исполнительными органами Республики Казахстан, в рамках программы «Доступное жилье – 2020» от 21 июня 2012 года № 821, по направлению «Жилье для всех категорий населения» по категории лиц, предусмотренных подпунктами 1-1), 2), 3) пункта 1 статьи 67 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» с 17 ноября по 5 декабря 2014 года, будут приниматься документы. (на построеные дома по адресу: г.Уральск, с/о Зачаганск, 9-ти этажный дом пятно №9 (64 квартир в том числе 1-но- 20 квартир, 2-х -24 квартиры, 3-х- 20 квартир), (по адресу: г.Уральск, с/о Зачаганск, 9-ти этажный дом пятно №10 (72 квартиры в том числе 1-но- 24 квартиры, 2-х -28 квартиры, 3-х- 20 квартир), (по адресу: г.Уральск, с/о Зачаганск, 9-ти этажный дом пятно №16 (48 квартир в том числе 1-но- 12 квартир, 2-х -16 квартир, 3-х- 20 квартир) по линии ЖССБК необходимо подтвердить платежеспособность по обслуживанию займа для выкупа жилья через систему жилстройсбережений или по накоплению жилищных сбережений с учетом арендных платежей по арендному жилью с последующим выкупом. Прием документов в рабочие дни с понедельника до пятницы с 9.00 до 17.00 перерыв с 13.00 - 14.30 часов. Уполномоченный орган по реализации жилья, ГУ «ОЖКХПТиАД» г.Уральска (сектор жилья и приватизации ул.Фрунзе, 127А, каб. 21Б). Дополнительно доводим до Вашего внимания, что для участия в программе реализации жилья по линии Акционерного Общества «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для всех категорий населения Вам необходимо обратиться в ЗКОФ АО «Жилстройсбербанк Казахстана» по адресу: г.Уральск, (ул. М.Маметова, дом 111), так как формирование пула покупателей и распределение жилья по указанному механизму возложено на этот банк.


16.11.2014

Кенжебаев Нурсултан

Уважаемый Алтай Сейдирович! Когда планируется проведение хотя бы щебеночных дорог по улицам п.Деркул в новом микрорайоне (в народе этот микрорайон называют 2-этап, за цыганским поселком)

Ответ:

Уважаемый Нурсултан! На Ваше обращение сообщаем, что в текущем году акиматом города разработана проектно-сметная документация по объекту: «Строительство внутриквартальных проездов и водоотведение талых вод ПДП п.Деркул ЗКО (1-очередь)». Проектировщик – ТОО «Консорциум-СтройПроект». В проекте предусмотрено строительство автомобильной дороги, внутриквартальных проездов, пешеходных тротуаров и водоотведение талых вод. Общая протяженность дорог – 14,753 км. Продолжительность строительства -18 месяцев. При финансировании из республиканского бюджета строительство планируется начать в 2015 году. Также разрабатывается проектно-сметная документация по объекту: «Строительство внутриквартальных проездов и водоотведение талых вод ПДП п.Деркул ЗКО (2-очередь)». Проектировщик – ТОО «Адия Строй Проект». Проект находится на рассмотрении в госэкспертизе.


14.11.2014

Гүлназ Шарипова

Сәлеметсіз бе Нұрлан Асқарұлы! Менің сізге қояр сұрағым, Орал қаласы ішінде жолаушылар тасмалдаушы № 2 автобус Сарытау ш/а ішімен жүреді. Осы автобустың жұмыс жасауы біздің яғни тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. Өйткені № 2 қала ішінде жолаушылар тасмалдаушы автобусың арасындағы уақыт 10-13 минут яғни бір аытобустан кешігер болсаң, келесі аытобусты 10-13 минут күтіп тұруға тура келеді. Ол біз үшін өте тиімсіз жағдай. Аялдамаға келіп тұрып алатыны тағы бар. Әсіресе таңғы мезгілде тұрғындарға қиындық туғызып отыр. Бір ғана жолаушы тасмалдаушы автобус болған соң, тұрғындар автобусқа шамадан тыс мініп баратын жерлеріне баруға мәжбүр. Бұл жағдай "қалта ұрлығына" әкеп соқтығуы әбден мүмкін. Алдымызда қыс мезгілі яғни суық аяз келе жатыр мектепке, бала бақшаға баратын бүлдіршіндер үшін де қиын. Осындай мәселелер бізді көп алаңдатуда, сол себепті Сарытау ш/а қатынайтын тағы бір (Достық даңғылымен жүретін)жолаушылар тасмалдаушы атобусын бөлуіңізді және № 2 жолаушы тасмалаушы автобустың жүру уақытын жиелету мәселелерін қарауыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Гүлназ! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. №2 маршрутта Зачаганск кентінде «Сарытау» шағынауданы арқылы екі бағытта үлкен класты МАЗ маркалы 30 автобус жұмыс істейді. Қарбалас сағаттарда автобустардың қозғалыс интервалы 4-5 минут құрайды, күндізгі уақытта интервал 6-7 минутқа дейін көбейеді. Кешкі уақытта қоғамдық белсенділік уақытының аяқталысымен, автобустардың біртіндеп желіден шығуы басталады және қозғалыс интервалы 15 минутқа дейін көбейтіледі. №2 маршруттың автобустары GPS - навигаторымен жабдықталған. Автобустардың уақыт режиміндегі қозғалысын «infobus» сайтынан қрарауға болады. Сіздің өтінішіңіз автобустардың қозғалыс интервалын сақтау бойынша шарарлар алу үшін «УралТехСервис» ЖШС басшылығына жеткізілді.


14.11.2014

Малика

Сəлеметсіз бе? Орал қаласы айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. Жолдары жөнделуде, əлеуметтік құрылыс нысандары жөндеуден өткізілуде, т.б.халық игілігіне арналған шаруалар жасалуда. Аллаға шүкір тəуелсіз елде тыныш та тату өмір сүрудеміз. Осының барлығы басшысы жақсы ел игілігіне болып жатырған дүние. Жыл сайын көптеген баспаналар бой көтеріп, біраз жанұялар шаңырақ тойын да тойлады. Қуаныштымыз. Енді қозғағалы отырған мəселем осы баспана жайы. Біз жолдасым екеуміз жас отбасылар қатарынанбыз. Шаңырақ құрғалы екі жыл болды.жер кезегіне тапсырғаныма екі жыл ғана болды. Екі сəбиіміз бар. Жолдасымның ата-анасымен тұрып жатырмыз.Ата-анамызда үш ұл. Үлкен ұл жолдасым. Барлығымыз бір үйдеміз. Мен баламен үйде отырмын, жолдасым темір жол маманы. Бірақ қалалық вокзалда жұмыс орны болмағандықтан жұмыссыз. Үйде тек анамыз жұмыс жасайды, əрине бір адамның жалақысы 8адамды асыруға жетпейтіні анық. Енді сұрағым келгені қандай жағдайда баспана алуымызға болады, көмектесе аласыздар ма? Жолдасыма жұмыс орнын қалай табуға болады? Жеке бизнес ашуға көмек етесіздер ме? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Малика! Сіздің тұрғын үй мәселесі жөніндегі қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған жас отбасылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін Тұрғын үйден пәтер алу үшiн Бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: 1) Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берген кезде ерлi-зайыптылардың екеуi де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның iшiнде ажырасқан, жесiр (тұл ер) ата-ананың бiреуi тәрбиелеп отырған толық емес отбасы болуы; 2) толық емес отбасыны қоспағанда, өтiнiш берген сәтте кемiнде 2 жыл тiркелген некеде болуы; 3) отбасының құрамына ерлi-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлi-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады; 4) Бағдарламаның шеңберiнде тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылатын елдi -мекенде (Орал қаласында) Бағдарламаға қатысушының тiркеуде болуы қажет; 5) Бағдарламаға қатысушы да және оның отбасы мүшелерiнде сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйге қоныстану үшiн Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген елдi -мекенде меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы; 6) соңғы 5 жыл iшiнде ерлi-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактiлерiнiң болмауы; 7) өтiнiш берердiң алдындағы соңғы 6 ай үшiн отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте: а) ең төменгi – Алматы, Астана қалалары үшiн төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 4 есе мөлшерi, басқа қалалар үшiн – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi; б) ең жоғарғы – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 12 есе мөлшерiнен артық емес. 8) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесi. Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес, келген жағдайда, «жас отбасылар» санаты бойынша Сіз құжат қабылдау кезінде құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Сондай-ақ, ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi дегеніміз, 19966*3=59 898 теңге. Сондықтан жас отбасының отбасылық табысы 59 898 теңгеден төмен болмауы қажет. Сонымен қатар, Сіздің кредитіңіз болсада құжат тапсыра аласыз. Себебі, Бағдарламаға қатысушының төлем қабiлетiн бағалауды банктiң iшкi құжаттарына сәйкес «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» жүзеге асырады. Назарыңызға: Бүгінгі таңда «жас отбасылар» санаты бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау аяқталды. Қайтадан басталған жағдайда «Пульс города» газетінде және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz. хабарландыру болып жарияланады. Сондықтан, Сізге тұрғын үй мәселесі жөнінде ақпарат алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңыз қажет. Жас отбасыларға арналған тағы бір бағдарлама бар - «Ақжайық-Жас отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Жас отбасыларға тұрғын үй салу» жобасы. Толық ақпаратты мына мекенжай бойынша біле аласыз: «Ақжайық-Жас отау» ЖШС «Жаңа орда» ықшам ауданы 11/1 дәріхананның мекемесінде, 2 қабат, 1 кеңсе. Байланыс тел.25-55-23 жұмыс уақыты 9.30-18.30. Е-mail. jasotau@mail.ru. Сіз «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жолыққан жағдайда, жұмыссыз ретінде есепке тіркеуге алынып, тұрақты, әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары, қайта даярлау курстары ұсынылатын болады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығына» (Достық даңғылы, 161, тел.51-11-71) жолданатындығыңызды туралы хабарлаймыз. 2011 жылдан бастап облыста ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шағын несиелендіру 2013 жылдаң бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ арқылы 4,5 жылға дейінгі мерзімге, 3 млн. теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін беріледі. 2014 жылы Батыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 995,998 млн. теңге бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін, Орал қаласы Ықсанов көш., 38 мекенжайы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ-на +(7112)241568, +(7112)241578 телефондары арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде келесі бағыттар бойынша іске асырылады: - кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (номиналды ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді оның 7%-дан аспайтындай мөлшерін кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді); - кредит бойынша ішінара кепілдік беру (50%-ға дейін); - өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту; - мемлекеттік гранттар инновациялар енгізуші жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне 3 млн. теңгеге дейін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі; - бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу.


13.11.2014

Аты және Тегі*

Салеметсізбе әкім!Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке 22.05.2014ж №5356 болып тіркеліп едім, күнде сайттан кезегімді қарап отырамын, кезек жылжудың орнына күннен күнге өсіп барады, қазір кезегім 5600 болып тұр, бүны қалай түсінуге болады? күннен күнге азаюдың орнына осылай өсе бере ме сонда, соны түсіндіруіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Гүлзипа! Сіз 2014 жылы 22 мамырда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлі, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізіміне 5880-ші нөмірмен кезекке алындыңыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 5598. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13 455 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең бөлінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер Сізге кезек бойынша беріледі.


11.11.2014

Манабвев Кайрат Алимкулов

Ассалаумалейкум Алтай Сейдирович. Мен бизнес ашайын дегем,бирак коптеген киындыктврга тап болдым. Маган спецтехника керек болды .Мен лизингтик компанияларга барсам ,ИП кем дегенде 2 жыл жумыс жасаган болу керек дейдi.Алгашкы жарнасына 30% каражатым бар,ал техниканын багасы 12 млн тенге . Даму фондына бардым,олар тек субсидия бере алады егер мен лизингке техника алган жагдайда .Кандай комек жасай аласыздар ? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Қайрат Әлімқұлұлы! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңіз бойынша Орал қаласының әкімдігі келесіні мәлімдейді: Орал қаласы аумағында орналасқан несиелеу мекемелерінің мақсаты ауыл шаруашылығын қаржыландыру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін, несиелеу мекемелердің жарғыларына сәйкес негізгі талабы ауыл шаруашылығы мақсатында жерлері болуы болып табылады. Орал қаласының әкімдігі - алқалы атқарушы орган болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке беру мәселесі бойынша қызмет көрсетпейтінін хабарлайды.


05.11.2014

Жасулан

Құрметті де аса мәртебелі Нұрлан Асқарұлы! Мен Сайқын ауылының тұрғыны Жасұлан Аліпқалиұлы Хайруллин. Жасым 29-да Білімім орта, мектептен кейін. Інім мен қарындасымды оқытып алайын деп жүріп қалдым. Бірақ өзімнің жақсы көретин жүргізуші маманмын. Аудандарға жаңа автобустар берілген. Өзіңіз білетіндей біздің жолымыздың нашарлығынан автобусымыз шыдай алмай тоқтатылды. Бірақ та, неге Жәнібек, Жаңақала және т/б аудандарында ол автобустар әлі күнге дейін жүріп жатыр? Мениң өтінішім мен арманым, ауылымның адамдарын және қонақтарын бұрынғыдай үлкен автобеспен тасымалдау.

Ответ:

Құрметті Жасулан! Облыс әкімінің атына жазылған сұрағыңыз қала әкімінің блогына түсті. Өтінішіне орай, ауданаралық маршруттарға қызмет көрсету мәселесін қарау Орал қаласы әкімдігінің құзырына кірмейтіндіктен, БҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарап, жауап беру үшін жолданғанын мәлімдейміз.


04.11.2014

Куаталиева Ләззат Мусиров

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Мен 2004 жылдың 28.10. күні жер алуға кезекке тұрған едім. Содан бері 10 жыл уақыт өтті.10 жыл бойы пәтер жалдап тұрып жатырық .Жер алушылардың кезегінде тұрмыз. 2004 жылдың қаңтар айынан маусым аралығындағыларға әлдеқашан жер берілді. Ал қалғандарына жер тізімінде тұрғандарға жер қашан берілетін білгім келеді. Әлде енді жер мүлдем берілмей ме? Нақтысын өзіңізден білгім келеді. Рахмет.

Ответ:


01.11.2014

Сәкен

Ассалаумағалейкум, Алтай Сейдірұлы! Мен Лесовод 3, яғни Хлебзаводтың арғы жағында орналасқан саяжайдың тұрғындарының атынан Сізге хат жолдап отырмын. Есіңізде болар 2011 жылы көктемде Омега, Плодовощной, Омеганың маңындағы гараждар және сол жақтағы саяжайларды су басқан. Ол су кететін шлюздардың істен шыққанының кесірі болған. Ресейден жіберілген су шлюз арқылы ары қарай кету керек еді. Бірақ су кетпей, жағадан тасыған болатын. Осы жағдай қайталанбас үшін сол шлюздардың оңдалуын қадағалауыңызды сұрап отырмыз. Саяжай тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз.

Ответ:

Құрметті Сәкен! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сауалыңызға Шаған гидротехникалық құрылысы түзетілген жағдайда тұрғанын және 2015 жылы тасқын суларды өткізуге дайын екенін хабарлаймыз.


29.10.2014

сауле

Сәлеметсіз бе, Птицефабриканы басқа ауданға ауыстыру қарастырыла ма? Қай жылдары? Өйткені қала кеңейіп келеді, үйлер салынуда, ол аудандағы жағымсыз иіс ыңғайсыздық тудырады.

Ответ:

Құрметті ғаламтор пайдаланушы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге сәйкес, «Орал Құсфабрика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылы құрылып, бүгінгі күні, қала тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Аталған мекемені басқа ауданға көшіру қомақты қаражатты талап етеді. Алайда, қала тұрғындарының жағымсыз иіске шағымданып жазған өтініштері бойынша Орал қаласының әкімдігі, құс тезегін сақтайтын орынды қала аумағынан көшіру үшін жер телімін бөлу қарастырылып жатырғанын хабарлаймыз.


27.10.2014

Усенов Куаныш Саянұлы

сіздерден сұрайтын сауалым бир киоска ашсамба деп едим. сол ушин жерді қалай алуға болады? ол жерді алу үшін қандай құжаттар керек? озімнін тандаған жерім бар, алғаннан кейін мен қандай төлемдер жасаймын? жерді алу үшін қайда баруым керек?

Ответ:

Құрметті Қуаныш! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. ҚР Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сәйкес, «Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi көрсетiлуге тиiс. Толық ақпарат алу үшін Сіз Орал қаласының саулет және қала құрылыс бөліміне жолығуыңызға болады. Бөлімнің орналасқан мекенжайы: Достық данғылы 182/1, 2 кабинет, телефон нөмірі 51-27-29.


25.10.2014

Доскулова Айгуль

Саламатсыз ба! Мен Орал каласында тазалыкта,тыныштыкта тургым келеди!22казанда осы жылдын ЖылуКуат АК-нын адамдары келип тереземнин алдына кул-кокыс контейнерин коямыз деп цемент плитасын, кум, куректерин алып келди. Колдарында еш руксат кужаттары болмады. АК-нын бастыгына Жунисов к.186 ,184,Маметова 54/2уй тургындары болып, "уйлердин ортасына,балалар ойнайтын аланга кул-кокысты койманызшы" деп барганымызда,Солодилов мырза "сендердин кул-кокыстарын маган керек емес" деп айкаймен шыгарып салды.Дегенмен кул-кокысты аулага куруын токтатты. Уйиме келип,акимшиликке Кайрат Абуовка "жогарыдагы суракпен кимге хабарласуга,кимге арыз жазуга болады" деп хабарластым.Ол адам еш консултация бермеди,орнына "маган звондамасыншы,андагы жигиттер баскаша тусинип калады " жауабын естидим. Орал адамдары осындай маселемен кайда хабарласа болады?Сонымен катар Абуовка менин тарапымнан артык ангиме айтылмады,барлыгы жумыс бабында болды. Осы сауалыма жауап беринизши!

Ответ:

Құрметті Айгүл! Сіздің 2014 жылғы 28 қазандағы Орал қаласы әкімінің блогына жазған хатыңызға, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі, аталған факті бойынша орынға шығумен «Жайық Жылу Қуат» АҚ-мен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды, содан кейін «Орал Таза Сервис» ЖШС-не күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру туралы өкім берілді. Күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру сұрағы бойынша, ауызша немесе жазбаша түрде Орал қаласы, Фрунзе көшесі 127а мекен-жайы бойынша орналасқан «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сіне (т.510114, 506272) жолығуыңызға болатынын хабарлаймыз.


22.10.2014

Дина Шангереева

Құрметті қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаға!Қаламызда "Астана" шағын ауданында орналасқан №46 ЖОББМ-не тас жол салынуын сураймын,мектеп оқушыларына мектепке барып келу қиындық туғызып отыр,сырттай қарағанда бастауыш сынып оқушылары өте аянышты, балшыққа батып жарты жолда жылап тұрғанын көрсеніз жүрек қанжылайды. http://s015.radikal.ru/i331/1410/61/673e7e1655c5.jpg

Ответ:

Құрметті Дина Шамгоновна! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен сұрақтарыңызға сәйкес, қазіргі таңда Орал қаласы әкімдігімен, Орал қаласының 7-9 шағынаудандағы ішкі орам жолдары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлайды. Аталған жобамен № 46 ЖОББМ-ке кіре беріс жол салу қарастырылған. Осы жұмыстардың 2014 жылғы қаланы абаттандыру жоспарында жоқ болуына байланысты, жұмыстарды орындауға мүмкіндік жоқ екендігін хабарлаймыз. Аталған жобаны жүзеге асыру 2015 жылға жоспарланған.


22.10.2014

Тургумбаева Үмітай

Құрметті Айтай Сейдірұлы! Мен көп балалы ана, күміс алқа иесімін. Зейнеткермін. 2014 жылдың 20 қазан күні "Жұлдыз" шағынауданында танертенмен техника жұмыс жасаған. Жұмыстары менің түсінігімше көктемгі қар суын ағызу бойынша жыр салу деп түсіндім. Бұл жыра кейбір жер тілімдерінің үстінен, менің үйімнің түбінен жасалған. Аталмыш ауданның 8 көшесінде тұрам. Көше бойына арықты техника (автогрейдер) жасағанда менің үйіме келіп тұрған су шұңқырын бұзып кеткен. Соның салдарынан бүгінге дейін сусыз отырмын. Сол күні "БатысСуарнасын" шақырғам, Олар құбырды орталықтан айырып, қалғаны біздің шаруа еместігін айтып кеткен. Сол күні "ДЭП" кәсіпорнына хабарласқанда сол күні жұмыс жасағанын мойындаған. Келесі күні келіп жалғайтындарын айтқан. Екінші күні, яғни 21 қазан күні аталмыш мекеменің басшылығына аяқтай барып ескерткем, бірақ жасаған жұмыстарын мойындамай басқа мекемелерге сілтеді. Басшы орынбасары су құбырын кешке дейін өткізіп беретіндігін айтып, мені шығарып салды. Үщінші күн күтудемін. Енді өз қаражатыма жасатуға тура келеді деп ойлап отырмын. Сізден өтінерім, бұл сұранысыма кім жауапты? Бұзылған су құбырымды кім жасап береді? Сонымен қатар, "Жұлдыз" ш-ауданында қандай рұқсатпен көшені без берекетсіз қазу жұмысы жүргізілді?

Ответ:

Құрметті Үмітай! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге Орал қаласы әкімдігі Жұлдыз шағынауданында қазылып жатқан шұңқырлардың су тасқыны болуының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің шешімімен іске асып жатқандығын мәлімдейді. КСМК жол пайдалану кәсіпорнына жол тегістеу жұмыстарын орындаған кезде бұзылған су құбырын қайта қалпына келтіру жөнінде нұсқау берілген. Сонымен қатар, Сіздің зақымдалған су құдығыңыздын қақпағы толықтай жөнделіп қалпына келтірілгенін хабарлаймыз.


14.10.2014

дария дарын

Бiз Орал газ, мунай жане салалык технологиялар колледжiнiн 1 топ окытушылары бiздiн колледжде болып жатырган келенсiз жагдайларды баяндаймыз. Бiздiн басшымыз С.Х.Мухамбеталиев бул колледжге, колледж ужымына ойына келгенiн жасап отыр. Атап айтсак,бiрiншiден барлык туган -туыстарын жумыска алып болды. Сонын iшiнде, кызын (декреттiк демалыста)мен куйеу баласын жане достарын. Ал бiздiн ул-кыздарымыз жумыссыз жур. Екiншiден, колледж озинин бизнес аланына айналып кеттi. Атап айтсак толем кабылдау, когамдык тамактану орны, кагаз басып шыгару т.б . Ушiншiден, колледждi жемкорлык жайлаган. Окытушылар арасында оршiп тур. Бул жагдайды басшымыз биледи бiрак ешкандай шара колдана алмайды. Колледжде бiлiм сапасы оте томен. Окуга тусу 100000-200000 тенге аралыгы, оку сессиясы мен окуды бiтiргенiне де директордын нускауымен дипломга деп жыл сайын акша жиналады. Окытушыларга премия деп кол койгызып алады, алып жаткан премия жок.каламакымыздын жартысын алады.Бул жасап отырган iстерi каншалыкты занды? Аким мырза биздин колледжге бухгалтериясынан бастап,тубегейлi тексерiс керек. Бул шагымымыз жауапсыз калса президент акiмшiлiгiне, букаралык акпарат куралдарына, кузырлы органдарга хабарлап, тексерiс жургiзуiн талап етемiз! Жауап кутемiз!

Ответ:

Құрметті Дария! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз қала әкімдігінің құзіретіне жатпағандықтан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жұмыстанып тиісті шаралар алу үшін жолданғынын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Сіздің өтінішіңіз аталған басқарманың кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінде қаралуда, нәтижесі Сізге хабарланатын болады.


08.10.2014

Аты және Тегі*

Құрметі Алтай Сейдірұлы біз "Арман" шағын ауданында тұрамыз, халық оны қазақ ауылы деп атап кеткен. Ол жерлер 2000 жылдарда берілген содан бері жылдар өтседе жол мәселесі әлі шешілмей келеді. Бар-жоғы 4-5 көшесі бар ауылдың тұрғындары, әсіресе, бала-шаға, зейнеткер жасындағы үлкен кісілері күз, көктем кездерінде өте қиын жағдайға тап болып жүр. Көшелерде асфальт мүлдем жоғы былай тұрсын, айда-жылда бір қырылады. Қаланың іргесінде тұрсақта, өркениетке қол жеткізе алмай жүрген джайымыз бар. Көктем, күз айларында №2 маршрут жүк көліктері өтетін трассамен жүреді, ол кезде мектеп оқушыларына тіптен қиын, жүк көліктері жылдамдықты асырып жұйытқып өтіп кетеді. Осы жол мәселесі қашан шешіледі екен, Зашаған кентінің әкіміне айта-айта жауыр болды, бірақ мәселеміз шешілер емес. Тағы бір мәселе қоқыс салатын контейнерлер тек Брусиловский көшесінде ғана ауылдың шет жағындағы тұрғындарға ол жерге қоқыс тасуға мүмкіндік жоқ. Кейбір тұрғындар ағаш арасына апарып тастайды. Сондықтан жылдан-жылға сол тұстағы аштардың арасы қоқыс алаңына айналуға жақындап келеді. Алдын-ала рахмет. Жауабыңызды міндетті түрде күтеміз.

Ответ:

Құрметті Айша! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы ұзындығы 1500 метр болатын Жакупов көшесінен Айткулов көшесіне дейінгі Брусиловский көшесін қайта құру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлайды. Жобамен көшенің жүретін бөлігін қайта құру, жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар қарастырылған. Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарын қосумен Аймауытов көшесін тегістеу бойынша жұмыстар орындалды. Арман шағынауданының жолдарын жөндеу сұрағына қатысты, ағымдағы жылы Орал қаласы әкімдігімен қаланың 25-тей көшесі қамтылғанын, сәйкес қаржыландыру болған жағдайда, аталған шағынаудан алдағы жылғы қаланың абаттандыру жоспарына енгізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мамандармен тексерілетінін хабарлаймыз.


30.09.2014

Айман Султанова

Анамыз Алимгазиева С.А. 01.09.2004 жылы № А-654 жерге кезекке тұруға өтініш берген болатын, өкінішке орай анамыз 2011 жылы дүниеден озды. Енді оның орнына кезекпен жерді баласы алуға бола ма? Қандай құжаттар керек?

Ответ:

Құрметті Айман! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішті сыйға тарту, отбасы мүшелерінің орнына, жақын туыстарын (ата-анасы, ұлы, қызы т.б.) арнайы есепке енгізуге ҚР Жер Кодексінде қарастырылмаған. Бірақта, Сіз аталған сұрақпен сот органдарына жүгіне аласыз, сот шешімі болған жағдайда тиісті шешім қабылданатын болады.


21.09.2014

Тасболатова Эльвира Марс

Құрметі Алтай Сейдірұлы cізден өттініп сұрарым Селекцены Орал тас жолында абиез жол бар сол жолға су шашу керек уиткені көлк журеді өте шан турып демалып журуге қыиын 7 маршрутка журетен жерлерге су шашпаиды

Ответ:

Құрметті Эльвира! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен арызыңызға орай, Орал қаласы әкімшілігі «Тех Строй ЗКО» ЖШС және жол пайдалану кәсіпорнына айналып өту жолына уакытылы су шашу жөнінде тапсырма берілгендігін хабарлайды.


15.09.2014

Хайруллин Біржан

Құрметті Алтай Сейдірұлы Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы, 1-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган «білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады» делінген. Осыған орай, Сізден Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданында орналасқан №46 мектепті кешкі уақытта пайдалануға көмектесуіңізді сұраймыз.

Ответ:

Құрметті Біржан! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Орал қаласы әкімдігімен аула аймақтарын абаттандыруға, тұрғындарға арналған спорттық объектілер құрылысына көп көңіл бөлінуде. Дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында ашылған «Намыс» спорт клубының теңгерімінде қаланың барлық аудандарында 31 спорттық алаңқайлар бар. Жаңа орда, 6 шағын ауданы 21,22, 66-үй мекен-жайлары бойынша шағын футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорттық алаңқайларда спортпен айналысу мүмкіндігі бар. Сондай ақ, қала мектептерінің спорт залдары тек қана оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналғандығын және сабақтан тыс немесе кешкі уақытта қандайда болмасын бөгде адамдардың пайдалануына беруге болмайтындығын ескертеміз.


12.09.2014

Асланбек Жұмағалиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы! "Речник" бағбандар қоғамына көгілдір газ тарту мәселесі қашан шешімін табады екен?

Ответ:

Құрметті Асланбек! Сіздің өтінішіңізге бағбандар серіктестігі мен кооперативтері жерлері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабына сәйкес азаматтарға бағбаншылықпен айналысу үшін берілетінін хабарлаймыз. Саяжай құрылыстарында тұру мезгілдік болуға тиіс, себебі бұл жерлер қаланың тұрғын аудандарына жатпайды. Жер бағбандар қоғамдары, яғни, кооператив немесе серіктестік мүшелерінің қарауында болғандықтан осы телімдерді мемлекет тарапынан газбен қамсыздандыру да сумен, электрмен қамсыздандыру сияқты қарастырылмаған. Бағбандар қоғамында газ өткізу үшін Сіз мердігер ұйымды таңдауыңыз қажет. Толық ақпаратты Гагарин көшесі, 29 үй мекенжайы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚӨФ барып біле аласыз.


blog_akima