Әкім блогы

Сұрақ жауап

25.01.2019

Шынар Бауыржанкызы

Саламатсызба. Мен венера дачный участогында турамын кыс басталгалы жауган кар жолды жауып тастайды. Шынымды айтсам 1аптада 1 2рет озимиз акша толеп трактормен аштырамыз. Балалар садикке сабакка барады. Киын. Венерага техника жиберуге болмайма кар аштырауга кашангы калтамыздан акша шыгара беремиз тракторлар 12мындап сурайды. Айналадагы корши уйлер бари бермейды акша. 3кун бурын аршыды карды. Бугин тагы жауып тастады. Натиже болса екен. Комектессениздер деймин сурарым осы. Мен айналамдагы уйлердин атынан жазып отырмын. Кск дейтиндерди кормедик типти. Арким озинше жагдай жасайды.

Ответ:

Құрметті Шынар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес «Жайық Таза қала» ЖШС-не қарды тазарту жөнінде өкім жолданғанын хабарлайды.


25.01.2019

Дина Достангалиева

Құрметті қала əкімі! Деркөл ауылы. С.Лазо көшесінде Мастерской остановкасында орналасқан үйлерС.Лазо 23, 25,25/1,18 жəне Строителей көшесінен бір азғантай үйлерде кішкене жел болса свет сөніп қалады. кешегі боранда айналамызда барлық жерде свет бар ал біздер сағат кешкі 10нан таңертеңге дейін светсіз отырмыз əлі қашан беретіні белгісіз. Ал уйде кішкентай немерелеріміз. балдарымыз бар. балдарымыз салқыннан аурып жатыр. кəзіргі пештер светсіз жүрмейді. Амалымыз құрып отып. Осы мəселемен көмектесіңізші!

Ответ:

Құрметті Дина! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ауа райының қолайсыз жағдайына орай, 35/10 кВ «Деркул» ҚС-ның 10 кВ әуе желісінде автоматты қорғаныс әсерінен электр энергиясымен қамтамасыз ету тоқтатылғанын хабарлайды. Аталған ақау аталған күні 15 сағат 23 минутта «БатҚазЭТК» АҚ ҚФ мамандарымен қалыпқа келтірілді.


24.01.2019

хайрова гулдана

Саламатсизбе. кезек орнын білгім келеді

Ответ:

Құрметті Гулдана! Сіздің қала әкімінің блогынажазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің (С.Датұлы көшесі, 17, 177-178) 2007 жылы 22 мамырдағы №Х-292 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 14971. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады. Үй мәселесі бойынша Сіз 2015 жылы 18 тамызда «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілердің» санаты бойынша кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз – 5730. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге кезек тәртібі бойынша беріледі.


23.01.2019

Ақторғын

Сəлеметсізбе Сіздерлен сұрайын дегенім БҚО-ның Қырқорпа ауылы Д.Нұрпейісова көшесі 10үй тұрғынымын. Қырқопа ауылында үйіміз болды қазіргі таңда ол үй апатты жағдайда болғандықтан отбасылар баспаналарын тастауға мəжбүр  болды қазір пəтер жалдап жүрміз. Қазіргі таңда үйдің  шатыры құлап қалды. Енді сол үйді апатты жағдайдағы үй деп құжат жүзінде танып үкіметтен үй берілсе дейміз.Бір шатыр астында 5 отбасы тұрдық енді сол отбасылардан үйді құжат жүзінде апатты деп тану үшін əр отбасы 10000 тенге беру керек  делінді бырақ үй тұрғындарының жағдайлары орташа болғандықтан ол қаражатты жартысы таба алмай отыр.Енді сол үйді ақшасыз қалай қаладан тексеріс шақыртып үйді апатты  деп таныуға болады ?Үкімет жанынан үй беріледіма?  Көмек боладыма?Үй апатты жағдайды болғандықтан газ бен светті өшірді. Ал енді еш көмек жоқ. Қазір үйдің шатыры құлап қалды.Оралдан тексеріс шақыртып үйді тексереді деді бырақ міне 2019жыл басталды еш өзгеріс жоқ.

Ответ:

Құрметті Ақторғын! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы Орал қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі болып саналмайтындығын хабарлаймыз. Осыған орай, мәселеңіз бойынша жергілікті әкімдікке жолығуға кеңес береміз.


21.01.2019

Рахмет Зауреш

Жер телімінің кезегін біле алмаймын

Ответ:

Құрметті Зауреш! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2007 жылы 25 шілдедегі №Р-254 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 19773. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


17.01.2019

Багдатова Арайгул

Салеметсизбе! Жер телімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға жер телімдері қашан беріледі? Жалпы кезек жылжып жатырма? Қазір қандай деңгейде қай жылы кезекте тұрған азаматтарға беріліп жатыр?Кезекте тұрғанымызға 10 жылдан асты.Қалдырған өтінішімді жауапсыз қалдырмассыздар деп сенемін! Рахмет!

Ответ:

Құрметті Арайгул! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Сіздің өтінішіңіз «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қаралып, қосымшаға сәйкес жауап жобасын жолдаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


16.01.2019

Шынар Бауыржанкызы

Саламатсызба. Биз венера дачасында турамыз. Ен киыны баланы садикке мектепке апарамыз но кар жауса комилип каламыз. Осымен 3рет оз акшамызга аштырдык. Колмен аштык жолды. Кашангы солай журемиз. Уй салуга жер бергеннен кейин кадагаласаныздар деймин. сурарым сол. Кишкентай баламен больницага бару ушин такси шакырса жол жок деп келмиди. Остановкага дейин карга белге дейин батып барамыз. Айналамызда уй жетерлик мектепке баратын балалары бар.дача венерага техника жиберуге болама? Жауап кутемин.

Ответ:

Құрметті Шынар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, аталған хат «Жайық Таза қала» ЖШС-не жұмыс үшін жолданғанын хабарлаймыз.


14.01.2019

Нурболат Салимгереев

Саламатсызба менин айтайын дегеним номер 3 багыттагы автобустар уактылы журмейди кеште ерте токтап калады жумыстан шыгып таксиге минуге мажбур боламыз кыскаша айтканда танертен жумыска жете алмаймыз, кеште уйге дурыс журмейди нестеуге болады кандай комек бере аласыздар.

Ответ:

Құрметті Нурболат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: №3 қалалық қоғамдық көлігіне конкурстық ережелерге сәйкес «№1 Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС қызмет етеді. Қазіргі кезде 3 маршрут бойынша күнделікті 22 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Автобустардың жүру арақашықтығы 8 минут. Автобустардың бұзылып, желіден шығуына байланысты кейбір автобустардың арақашықтығы уақытша 12 минутқа созылуы мүмкін. Бұл маршрут бақылауға алынғанын хабарлаймыз.


14.01.2019

Хайруллина Асемгуль Нурлановна

Құрметті әкім!Орал қаласында биыл 2019жылда 7-20-25 бойынша тұрғын үй сертификатын алу ушін денсаулық сақтау қызметкері бас есепшіге беріледіме.жас отбасы жанұяда үш адам.бұрын тұрғын үйіміз болмады.қазіргі уақытта үйді жалдап тұрудамыз.от басы болғснымызға төрт жыл болды.

Ответ:

Құрметті Асемгуль Нурлановна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Сіз - Орал қаласы әкімдігінің электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепке тіркелмегенсіз. 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Аталған Заңның 68-бабында халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген Заңның 67, 68-баптарының санаттарына сәйкес келген жағдайда Сіз тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне есепке тұра алатындығыңызды хабарлаймыз. Тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолығуыңызға болады. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй. Сонымен қатар, «7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер бөлу Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құзыретіне кірмейді. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми интернет - ресурсында немесе call-орталығы (http://www.nationalbank.kz) және «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ» (http://baspana72025.kz) мәлімет алуыңызға болады. Аталған бағдарлама бойынша Орал қаласында екінші деңгейдегі «АТФ Банк» АҚ., «Банк Центр Кредит» АҚ., «Цеснабанк» АҚ., «Евразиялық банк» АҚ., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ., «ForteBank» АҚ., өз жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, осы бағдарламаға сәйкес тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесі дайындалу үстінде екенін назарыңызға саламыз.


11.01.2019

Куанышкали Есенгалиев

Саламатсыз ба. Құрметті әкімдік, 3 маршруттын орнына желігі желтоқсанның 5 күні шығатын 22 маршрутыңыз қане. 1 ай болды ғой. Сіздер әлде бұны жай жауып қоя салдыңыздар ма? Дәл осы сәтте маршрутты күткеніме 30 мин болды. Ертең жаңалықтан көресіздер теле арнаны шақырамын. Жедел жауап беруіңіздіэ және шара қолдануыңызды сұрамаймын талап етем.  Вторник, 11 декабря 2018, 10:20  С уважением, Джанаев Дарын Саматович

Ответ:

Құрметті Куанышкали! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: №3 қалалық қоғамдық көлігіне конкурстық ережелерге сәйкес «№1 Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС қызмет етеді. Қазіргі кезде 3 маршрут бойынша күнделікті 22 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Автобустардың жүру арақашықтығы 8 минут. Автобустардың бұзылып, желіден шығуына байланысты кейбір автобустардың арақашықтығы уақытша 12 минутқа созылуы мүмкін. Қазіргі уақытта №22 маршруттың кестесін Меловые горки кентіне созу мүмкіндігі жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығы тарапынан қарастырылып жатқаның хабарлаймыз.


11.01.2019

Жуманиязов Арман

Ассалаумағалейкум! Құрметті Орал қаласының әкімдігі менің ата анам Жуманиязов Хамит пен Жумагалиева Нурғаным жер кезегі бойыншы 2007 жылдың қыркүйекте отініш берген еді. Сол жер кезегі бойынша нешінші турғанын және де ол жерлер берілеме екен деген сұрақтары бар.Сол жөнінде толығырақ ақпарат берсеңіздер. Рахмет

Ответ:

Құрметті Арман! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Азамат Х.Жуманиязовтың 2007 жылы 05 қыркүйектегі №Ж-962 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 21355. Азаматша Н.Жумагалиеваның 2007 жылы 05 қыркүйектегі №Ж-963 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 21356. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


09.01.2019

Куспанов Бакытканым

 жер участкесіне кезекті билу 

Ответ:

Құрметті Бакытканым! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2011 жылы 04 мамырдағы №К-3553 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 51269. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


09.01.2019

Тиыштыкбаева Гулназ

Саламатсыз ба,Мурат Рахметулы!Менин маселем ”City Center"ойын-сауык орталыгында орналаскан балаларга арналган "Funcy Town"ойын орталыгынын карточкаларды акшамен толтыруда койылган лимит жонинде. Ягни ойындармен ойнау ушин карточкана 3000 тенгеден кем емес сомма толтыру керек. Бул лимитти азайтуга болмай ма?Жанеде осы карточкада калган акша келеси келгенде белгисиз себептермен азайып калады.

Ответ:

Құрметті Гулназ! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: «City Center» СОО орналасқан, «Funky Тown» балаларға арналған аттракциондар қызметі әкімшілігімен жұмыс тәртібіндегі әңгімелесу жүргізді. Ойын орталығы басшылығы, карточкаларды толтыруда ешқандай лимит қойылмайтынын, сонымен қатар, бонустық жүйе қарастырылғанын айтты. Сіз айтып отырған, карточканы 3000 теңгеден кем толтырмау жөніндегі талап қызметкерлер тарапынан болуы мүмкін. Бұл жөнінде орталық басшылығы қызметкерлерімен ішкі ережеге сай түсінік жұмыстарын жүргізетінін жеткізді және карточкаға салынған қаржыны қай аттракционда, қашан жұмсағаны жөнінде тексеру мүмкіндігі бар екенін хабарлады.


08.01.2019

Сарсенова Сандугаш

саламатсызба? мен жер кезегінде тұрғам 31543 кезекті нөмірімен, ешқандай жылжымалы нөмірді көрмедім. көпбалалы ана ретінде күміс алқасымен кезек нөмірі көтеріледі ме? немесе жер кезегіне үй беріледі ме? сұрақтарыма жауап алайн дегенмін. рахмет!!!

Ответ:

Құрметті Сандугаш! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2008 жылы 06 маусымдағы №С-32 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31524. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер кезегінде тұрған азаматтарға ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Қосымша ақпаратты және жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан немесе мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


08.01.2019

Габдуллина Дина

Саламатсызба. Ардайым кандай да бир маселемен жолыккан жагдайда барлыгын шешип нуктесин койып бересиз. Сизге коп коп рахмет. Тагы бир маселе бар еди. Меним тургын жеримде Магистральная 7/1 алсин алсин жарык кози ошип калады.отопительный сезон басталган уакытта оте киын уйде бала бар, улкен кисилер бар. Жылыту кубыры автомат тек светпен жумыс жасайды. Шаммен отырамыз. Кеш болдыма ошип калады. Шаршатты. Кашангы осы маселе шешилмей отырамыз. Казирги уаытта жарык кози болмайды деген не маскара. Осы маселени шешип беруинизди сураймын отиниш сизге.

Ответ:

Құрметті Дина! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге сәйкес Орал қаласының әкімдігі Мичурино ауылы, Магистральная көшесі бойындағы электр желілері тұрғындардың күшімен салынғанын және апаттық жағдайлар кезінде «БатҚазЭЖТК» АҚ ҚФ мамандарымен жөндеу жұмыстарды атқарылатынын хабарлайды.


04.01.2019

Жубандыкова Индира

сәлеметсіздер ме, жер телімі кезегімдібілу кандайқұжаттар керек

Ответ:

Құрметті Индира! Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2004 жылы 15 қарашадағы №Ж-481 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 3852. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


03.01.2019

Жубандыкова Акбилек Аманбаевна

Саламатсызбе! ЖЕРДЕ КЕЗЕКТЕ НЕШИНШИ ТУРМЫН БЛИП БЕРЕСИЗБЕ

Ответ:

Құрметті Акбилек Аманбаевна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сізге 2010 жылы 21 шілдедегі №Ж-147 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 48220. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


25.12.2018

Бисенгалиева Орынжамал

Саламатсызба ! Мен қала тұрғынымын 2007 жылы жерге кезекке тұрдым. Кезегімді күтіп, ақша жинақтап үй салғым келеді. Оған себеп екі балам бар. Оларда өсіп жетіліп келеді. Жағдайымды жақсартып, балаларымды енбекке баулау басты мақсатым. Сол себептен кезектегі жер қашан беріледі екен. Осы 2007 жылғы кезек қашан жылжиды. Өтініп сұрайтыным толық мардымды ақпарат

Ответ:

Құрметті Орынжамал! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2007 жылы 13 сәуірдегі №Б-222 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 8196. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Бүгінгі таңда дайындалған тәптіштелген жоспарлау жобасының және инженерлік инфрақұрылымы тартылған алаңдардың болмауына байланысты жер учаскесін беру жұмыстары тоқтатылып тұр.Орал қаласы бойынша соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 2012 жылы, 2004 жылдың 1 (бірінші) тоқсанында кезекке тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


25.12.2018

Абакова Нуржамал

Қала әкімі - Мұқаев Мұрат Рахметұлына Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Саратов көшесі 24-үй,  48-пәтер, 1 этаж тұрғыны Абакова Нуржамал Изимгереевнадан Тел.: 8-777-195-01-17 Дом.: 8-7112-30-85-41 Шағым Құрметті Мұрат Рахметұлы!  Мен Саратов көшесі 24 үй, 48 пәтер тұрғынымын, бірінші этажда тұрамын. Бір жұмадан бері үйден туалет иісі кетпей сасып кетті, балаларым тамақ іше алмай құсып аурып жүр үйдің иісі сасып жатыр. КСК "Геолог" звандап жағдайды айттық, бірақ олар бізден ешқандай қателік жоқ барлық жағдайды істеп жатырмыз, водаканал жұмыс істемейді солардың кесірінен осылай жағдай болып жатыр деп түсіндірді. Амалым қалмағасын сізден көмек сұрап жазып отырмын. Осы жағдайды болдырмауды және бұл жағдайға кінәлі болғандарға тиісті шара қолдануыңызды сұраймын. 25.12.2018

Ответ:

Құрметті Нұржамал! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің мекенжайыңыз бойынша сыртқы кәріз жүйесі құдығының бітелу себебінен жертөлені су басу фактісі орын алған. Осыған орай, «Батыс Су Арнасы» ЖШС тарапынан қажетті шаралар алынғаннан кейін үйдің кәріз жүйесінің жұмысы қалыпты жұмыс атқаруда екенін мәлімдейміз.


24.12.2018

Айгерим Мараткызы

Менин атам тыл ардагери. Сол кисиге кандай комек немесе кандай да Бир жагдай жасалама?

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржылғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық емделуді алуды ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 161 үй, 1,2-қабат, 13,4 бөлмеге, жолығуыңызға болады (тел.93-35-66, 93-35-57).


blog_akima