Әкім блогы

Сұрақ жауап

16.05.2016

Амиров А.О

2004ж қараша айында жер тізімінде тұрған болатынмын сол жер қашан беріледі

Ответ:

Құрметті А.Амиров! Сіздің 2004 жылы 8 қарашадағы №А-917 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 3625. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, арнайы есептегі жер учаскесіне кезегіңізді Сіз тоқсан сайынғы жаңартылып отыратын қала әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз, сонымен қатар Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша, 4п кабинеті, 5-терезе Орал қаласының жер қатынастары бөліміне тікелей жүгіне аласыз.


15.05.2016

Рустам Жалмухатов

Саламатсызба??мен сизден сурайын дегеним казир мен жерде нешинши болып тиркелип турмын жане естуим бойынша жердин орнына уй берилеме екен?

Ответ:

Құрметті Рустам! Сіздің 2009 жылы 12 қаңтардағы №Ж-7 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 39007. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу кезегінде тұрған тұлғаларға тұрғын үй беру қарастырылмаған. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, арнайы есептегі жер учаскесіне кезегіңізді Сіз тоқсан сайынғы жаңартылып отыратын қала әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз, сонымен қатар Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша, 4п кабинеті, 5-терезе Орал қаласының жер қатынастары бөліміне тікелей жүгіне аласыз.


05.05.2016

айнур жетписова ерболатов

Салеметсизбе. Алтай мырза.Тургын уйге кезекке туруга тек арендага гана тапсырма кажетпе? Коп балалы анамын жалгыз бастап.

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында /1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар;9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады/ аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне (Орал қаласында тұрақты тіркеліміңіз болса) тұруға құқылысыз. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені және төмендегі бағдарламаның бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады.


28.04.2016

Калиева Динара

Салематсызба,мен балабакша мугалимимн наурыз айында 3ши багдарлама бойынша мемлекеттик кызметке тест тапсырып сертификат алдым.Конкурса катысуга бари мемлекеттик мекемеде истеун керек дер жакындаткысы келмейди.Не истесем болады.Сизден комек сураймын?

Ответ:

Құрметті Динара! Қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге қатысты төмендегіні мәлімдейміз: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңы қабылданды. Аталған Заң бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің сатылы өсу моделіне көшу бағытындағы құқықтық негіз айқындалған. Бұл моделді енгізу келесі механизмдер арқылы жүзеге асырылатын болады, олар: Мемлекеттік қызметшілерді өсіру төмен тұрған лауазымдарда жұмыс өтілі болған жағдайда және ішкі конкурстар өткізу (әңгімелесу) арқылы іске асырылады. Бірінші кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызметкерлері арасында өткізіледі. Сай келетін үміткерлер болмаған жағдайда ішкі конкурстық іріктеу барлық мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізіледі. Егер де ішкі конкурстар өткізу кезінде үміткерлер табылмаған жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша жеке немесе квази мемлекеттік секторда салыстырмалы жұмыс өтілі бар азаматтар арасында жалпы конкурс өткізілуі мүмкін. Жалпы конкурс жарияланған жағдайда және сол конкурстың бекітілген біліктілік талаптарына сай келсеңіз, конкурстық іріктеуге қатыса аласыз. Ішкі конкурстар мен жалпы конкурстар өткізу туралы хабарландырулар тиісті мемлекеттік органның және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің интернет-ресурстарында жарияланады. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдана алады. Толық ақпарат алу үшін Орал қаласының әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне жолығуыңызға болады (т.51-26-33).


27.04.2016

Бекназарова Тойдык

Салеметсізбе акім мырза!2015жылдың 16желтоқсан тəуелсіздік күні дүниеге сəби акелдім.Сұрайын дегенім 16желтоқсан тəуелсіз күні дүние есігін ашқан сəбилерге үкімет тарапынан сыйақы берілеме?гцвп,цон бармаган жерім жок ештеме айтпады.осы сураққа толық жауап берсеңіз.алдын ала Рахмет.

Ответ:

Құрметті Тойдық! Сіздің кала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні дүниеге келген сәбилерге әлеуметтік көмек қарастырылмағанын мәлімдейміз.


20.04.2016

Мурат

Құрметті қала әкімі, Деркөл кенті ПДП-II, 2-ші кезеңге жол құрылысы қашан басталатының білейін деп едім. Астанада берген сұқбатында облыс әкімі жол құрылысы 2016 жылы басталады деп еді. Жол қандай қабаттардан салынатыны, жол ПДП-2 нің аумағын түгел қамтима, әлде тек автобус маршруты жүреді деген жолға жол қабаты салынама? Мүмкіндігінше жаттанды-жалпылама сілтеме жасамай, нақты, толық мағлұмат берсеніз екен.

Ответ:

Құрметті Мұрат! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Деркөл кенті (2-кезек) бойынша «БҚО Деркөл ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы» жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Көше жолдарының жалпы ұзынды - 45 679 м құрайды. Жолдар III категорияға жатады. Жолдар көшелер жүйесін қалыптастырып, Орал қаласымен байланысты қамтамасыз етеді. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары қаражат қарастырылған жағдайда жүргізіледі.


19.04.2016

Молдыр Сапиолла

Қайырлы күн. Өткен 2015 жылы ақпан айында жазған хатыма берілген жауапта Абулхайрхан даңғылы 155 уйдің 6 подьезіне жөндеу жұмыстары наурыз айында жүргізіледі делінген болатын. Кейін хабарласқанымда маусым айына жүргізетіндігі туралы айтылды. Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Жаз мезгілі келе жатыр қолқаны қағатын нәжістің иісі қайтадан көтеріледі, кішкентай балаларымызды сыртқа шығару қиын болады. Жұмыстың орындалатындығы туралы ресми жауап хат келсе де, КСК тарапынан ешқандай жұмыс істелмейді. Осы жұмыстың шешімін табуына көмек етуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Мөлдір! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішінізге орай «Управдом» ПИК-нің мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 мамырына Сіздің үйдің күтіп ұстау жұмыстарына тұрғындардың 518 889 теңге бережағы бар екені анықталды. Ол да сәйкесінше подъездерге ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстарын және өзге жұмыстарды уақытылы жүргізуге қиындықтар тудырып отыр. Аталған бережақтар төленген жағдайда «Управдом» ПИК кіреберістерге ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге әзір екенін хабарлайды.


18.04.2016

Көнеева Гүлжан Абайқызы

Құрметті Нариман Төреғалиұлы біріншіден қаланың тыныс-тірлік тізгінін қолға алып, әкім лауазымын арқалаған қызметіңізге құтты болсын айтамын! Елдің сенер ері болыңыз. Екіншіден өзім "Қазақстан-Орал" телеарнасында 15 жылға жуық қызмет етіп келемін. Елдің жақсысына сүйініп, қиындығына бірге күйінетін кезіміз аз емес. Осы жылдың наурыз айында Облыстық телеарнадағы "Әдемі әлем" авторлық хабарыма 8-наурыз мерекесіне орай көп балалы жас аналарды шақырып, мерекелік хабар жасағанбыз. Орал қаласының тұрғыны 6 баланың анасы Өтегенова Гүлжамал Қуанышқалиқызы да қатысты. 2015 жылдың желтоқсан айында Алтай Сейдірұлының қолынан "Күміс алқасын" алған батыр Ана. Өкінішке орай Гүлжамал Өтегенова осы күнге дейін Күміс алқаны алғанмен 6 балаға тиесілі жәрдемақыны ала алмай жүр. Оған себеп тұрғылықты жерге қалада тіркелгенмен, арзан пәтер болмаған соң Зеленов ауданының Чувашкин ауылында уақытша арзан пәтер жалдап тұруы. Жұбайының тұрақты жұмысы жоқ. Зашаған кентіндегі ағасының үйінде жергілікті жерде қалалық тіркеуде тұр. Енді жәрдемақыға құжат жинауға осы Зашағаннан қандай да бір акт керек екен. ол қағазсыз Зашаған әкімінің орынбасары Ақеділ Қалиұлы ешқандай анықтама берілмейді деген уәж айтады. Сонда үй де, жер де жоқ жандарда қайдан акт болады? Мемлекеттік жәрдемақыны алуға неге сонша жас аналар үшін қиындық туындауы керек? Ұрпақ өсіріп отырған жас анаға тиесілі жәрдемақысын алуға көмектессеңіз екен. Бұл салғырттыққа, немқұрайдылыққа жауап беретін жан бар ма? Қорғаны жоқ қаншама жас ана осындай құқықтарын қорғай алмай отыр? Айтпақшы жәрдемақы небәрі 12 мың ғана ай сайын. Енді ол өткен айлардың жәрлемақысын ала ала ма? Осы мәселенің анық қанығына көз жеткізіп, аяқсыз қалдырмайды деп сенемін. Қосымша мәліметтер қажет жағдайда менің поштам жоғарыда.

Ответ:

Құрметті Гүлжиян Абайқызы! Сіздің қала әкімінің блогына көп балалы ана, "Күміс алқа" иегері Утегенова Гүлжамал Қуанышқалиқызының тұрмыс жағдайы туралы жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2016 жылдың ІI-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 11246 теңге) төмен болған жағдайдағы отбасылардың балаларға арналған жәрдемақы алуға құқықтары бар. Азаматша Г.Утегенова 2016 жылға дейін балаларға арналған жәрдемақыны алып келген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидасының» 4-бабы, 72-тармақ, 6-тармақшасына сәйкес, балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады. Сонымен қатар, осы баптың 81-тармағына сәйкес, азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комисссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және акт жасайды. Өтініш беруші күнтізбелік бір жылдың ішінде қайталап жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді делінген. 2016 жылдың 6 сәуірде Зачаган ауылдық округтың учаскелік комиссиясына азаматша Г.Утегеноваға тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді. Учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын тексеру жүргiзу барысында өтініш берушінің көрсетілген Зачаган кенті, Құлманов көшесі, 38 үй мекенжайында тұрмайтынын анықтады. Жеңгесі Тоқсанбаева Самалдың айтуынша бұл мекен жайда тұрмайды, Зеленов ауданы, Чувашкин ауылында тұрады. Сол себептен азаматша Г.Утегеноваға балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мүмкіндігі жоқтығын хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысымен бектілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жалпыға міндетті оқу қорынан көп балалы отбасының оқушылары ретінде көмек алу үшін балалары оқып жатырған мектеп әкімшілігіне жолығуы қажет. Тұрғын үй мәселесі бойынша, Гүлжамал Қуанышқалиқызы Өтегенова 2013 жылғы 28 қаңтарда Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын «көп балалы отбасылар» тізіміне 610-шы нөмірмен кезекке алынған. Қазіргі таңда кезектегі нөмірі-502. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Жасақты пәтер аз. Гүлжамал Қуанышқалиқызы Өтегеноваға кезек бойынша берілетін болады.


15.04.2016

Тулешов Рамзат Сарсенгали

Ассаламу алейкум! Ага мен уй кезегинде жетим ретинде турганын. Наурызда барып билгенимде, кезекте 44 болып турсыз деди, мамырда бериледи деген еди. Енди кеше хабарласам Оралда аким ауысты билмеймиз кашан?кимге? Берилетиндерин деди. Осы жылы уй кай уакытта бериледи?жане мен илигемин ба?

Ответ:

Құрметті Рамзат Сарсенгалиевич! Сіз қала әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы №3012 қаулысы негізінде мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылардың тізіміне 271-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз- 44. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз. Қазіргі уақытта Орал қаласы, Зашаған кентінен, 180 пәтерлік, 1 үй (Пятно №3) салынып жатыр. Құрылыс біткен жағдайда пәтерлерді қоныстандыру жүзеге асырылатынын болады.


14.04.2016

Алмагуль

Орал қаласы Мясокомбинат ауданы Николай Видящев көшесінің тұрғынымын. Ауа райы жаңбырлы күндері, күз, көктем мезгілдерінде осы көшемен жүру қиын. 3 бірдей баланы мектепке баруға аялдамаға апарудың өзі мүмкін емес. Сонымен қатар көшеде жарық шамдар орнатылмаған, күн қарайған кезде көшемен жүру қиынга соғады.Сонымен қатар қоқыс жәшігіде орнатылмаған. Осы жол мәселесін және жарықшамдарды орнатуға ықпал етуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Алмагүл! Сіздің қала әкімінің блогына жазған хатыңызға орай, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Жайық Жарығы» ЖШС-не жарықтандыруды өткізудің техникалық шарттарын қарастыру және есептер дайындау туралы тапсырма берілгенін, сондай-ақ қаражат мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда, алдағы жылдарға өндіріс жұмыстарының жоспарына енгізілетінін хабарлайды. Сонымен қатар, Сізбен аталған көше 2016 жылдың жолдарды ағымдағы жөндеу жоспарына енгізу мәселесі қарастырылатын болады. Қоқыс жәшігі орнату мәселесі бойынша, қазіргі таңда «Орал таза сервис» мамандырылған кәсіпорнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ет комбинаты ауданы тұрғындарымен шарттар жасалып жатырғанын және аталған іс-шаралар атқарылғаннан кейін қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.


12.04.2016

Көнеева Гүлжиян Абайқызы

Құрметті Нариман Төреғалиұлы! Мен ҚР азаматшасы бола отырып, қоғамда өмір сүрген әр замандасымның өзекті мәселесіне бей жай қарай алмайтын қасиетке иемін. Бұл қасиетке менің мамандығымның да қатысы бар. Қолымыздан келгенше жылы сөзбен демеп, мүмкін болар көмекті көрсеткеніміздің айыбы жоқ деп ойлаймын. Журналистік қызметіме байланысты Орал қаласының тұрғыны 6 баланынң анасы, жас ана Өтегенова Гүлжамал Қуанышқалиқызын наурыз айының 4-де "Әдемі әлем" атты авторлық хабарыма шақырған едім. Сол кезде азаматша Өтегенова 2015 жылы қала әкімі болған Алтай Сейдірұлының қолынан "Күміс алқаны" алғанын, өзі қалада тұрғылықты жерге тіркеуде екенін бірақ әлі күнге 6 балаға тиесілі жәрдем ақысын ала алмай жүргендігін айтты. Алайда қалалық ішкі саясат мамандарымен сөйлесіп көмек қолын созуын өтіндік. Бірақ сол өтініш жерде қалып отыр. Дәл қазіргі уақытта Өтегенова Гүлжамал қалада тұрғылықты жерде тіркеуде болғанмен, пәтер жалдау қымбат әрі қиын болғандықтан қалаға жақындау Зеленов ауданы Чувашкин ауылында арзан пәтер жалдап тұрып жатыр. Міне осыған орай тиесілі жәрдемақы берілмей отыр, өйткені ол кісі қалада емес ауылда тұрып жатыр, балалары да ауылда оқиды деген желеумен құзырлы әрі жауапты орындар әрі итеріп, бері жығып, балалар 2016жылдан бері нәпақасынан қағылып отыр. Анығырақ айтсақ 6 балаға заңды түрде тиісті жәрдемақы әлі күнге жас ананың қолына тимей келеді. Өзінде үй жоқ жанда қайдан жердің актісі болады. Зашаған кенті әкімінің орынбасары Ақеділ Қалиұлымен сөйлескенде Өтегеновадан акт талап етеді. Сонда ғана жәрдемақы жинауға қажетті құжаттың бір парасын беретінін айтады. Менің түсінбейтінім тек қана тиесілі 12 мың-ақ жәрдемақыны алу үшін адамды осынша сергелдеңге салуға бола ма? Үй күй жоқ Өтегенова қалада пәтер қымбат болса, жалдайтын арзан пәтер іздеуге тиісті емес пе? Осы бір жас анаға көмектессеңіз. Сіздің азаматтығыңызға, іскер басшы екендігіңізге сенім білдіре отырып, осы істі аяқсыз қалдырмасаңыз дейміз. Өзі жұмыста жоқ. Күйеуі арзанқол жұмыс жасайды. 6 баланың Үкіметтен бөлінген жәрдемақысын кедергісіз алуға ықпал етсеңіз деген зор өтінішім бар. Қосымша мәліметтер керек жағдайда көмектесуге әзірмін.

Ответ:

Құрметті Нариман Төреғалиұлы! Мен ҚР азаматшасы бола отырып, қоғамда өмір сүрген әр замандасымның өзекті мәселесіне бей жай қарай алмайтын қасиетке иемін. Бұл қасиетке менің мамандығымның да қатысы бар. Қолымыздан келгенше жылы сөзбен демеп, мүмкін болар көмекті көрсеткеніміздің айыбы жоқ деп ойлаймын. Журналистік қызметіме байланысты Орал қаласының тұрғыны 6 баланынң анасы, жас ана Өтегенова Гүлжамал Қуанышқалиқызын наурыз айының 4-де "Әдемі әлем" атты авторлық хабарыма шақырған едім. Сол кезде азаматша Өтегенова 2015 жылы қала әкімі болған Алтай Сейдірұлының қолынан "Күміс алқаны" алғанын, өзі қалада тұрғылықты жерге тіркеуде екенін бірақ әлі күнге 6 балаға тиесілі жәрдем ақысын ала алмай жүргендігін айтты. Алайда қалалық ішкі саясат мамандарымен сөйлесіп көмек қолын созуын өтіндік. Бірақ сол өтініш жерде қалып отыр. Дәл қазіргі уақытта Өтегенова Гүлжамал қалада тұрғылықты жерде тіркеуде болғанмен, пәтер жалдау қымбат әрі қиын болғандықтан қалаға жақындау Зеленов ауданы Чувашкин ауылында арзан пәтер жалдап тұрып жатыр. Міне осыған орай тиесілі жәрдемақы берілмей отыр, өйткені ол кісі қалада емес ауылда тұрып жатыр, балалары да ауылда оқиды деген желеумен құзырлы әрі жауапты орындар әрі итеріп, бері жығып, балалар 2016жылдан бері нәпақасынан қағылып отыр. Анығырақ айтсақ 6 балаға заңды түрде тиісті жәрдемақы әлі күнге жас ананың қолына тимей келеді. Өзінде үй жоқ жанда қайдан жердің актісі болады. Зашаған кенті әкімінің орынбасары Ақеділ Қалиұлымен сөйлескенде Өтегеновадан акт талап етеді. Сонда ғана жәрдемақы жинауға қажетті құжаттың бір парасын беретінін айтады. Менің түсінбейтінім тек қана тиесілі 12 мың-ақ жәрдемақыны алу үшін адамды осынша сергелдеңге салуға бола ма? Үй күй жоқ Өтегенова қалада пәтер қымбат болса, жалдайтын арзан пәтер іздеуге тиісті емес пе? Осы бір жас анаға көмектессеңіз. Сіздің азаматтығыңызға, іскер басшы екендігіңізге сенім білдіре отырып, осы істі аяқсыз қалдырмасаңыз дейміз. Өзі жұмыста жоқ. Күйеуі арзанқол жұмыс жасайды. 6 баланың Үкіметтен бөлінген жәрдемақысын кедергісіз алуға ықпал етсеңіз деген зор өтінішім бар. Қосымша мәліметтер керек жағдайда көмектесуге әзірмін. Құрметті Гүлжиян Абайқызы! Сіздің қала әкімінің блогына көп балалы ана, "Күміс алқа" иегері Утегенова Гүлжамал Қуанышқалиқызының тұрмыс жағдайы туралы жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасы он сегіз жасқа дейінгі балалары бар және отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2016 жылдың ІI-тоқсанына азық-түлік себетінің құны 11246 теңге) төмен болған жағдайдағы отбасылардың балаларға арналған жәрдемақы алуға құқықтары бар. Азаматша Г.Утегенова 2016 жылға дейін балаларға арналған жәрдемақыны алып келген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидасының» 4-бабы, 72-тармақ, 6-тармақшасына сәйкес, балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады. Сонымен қатар, осы баптың 81-тармағына сәйкес, азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комисссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және акт жасайды. Өтініш беруші күнтізбелік бір жылдың ішінде қайталап жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді делінген. 2016 жылдың 6 сәуірде Зачаган ауылдық округтың учаскелік комиссиясына азаматша Г.Утегеноваға тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді. Учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын тексеру жүргiзу барысында өтініш берушінің көрсетілген Зачаган кенті, Құлманов көшесі, 38 үй мекенжайында тұрмайтынын анықтады. Жеңгесі Тоқсанбаева Самалдың айтуынша бұл мекен жайда тұрмайды, Зеленов ауданы, Чувашкин ауылында тұрады. Сол себептен азаматша Г.Утегеноваға балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мүмкіндігі жоқтығын хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысымен бектілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жалпыға міндетті оқу қорынан көп балалы отбасының оқушылары ретінде көмек алу үшін балалары оқып жатырған мектеп әкімшілігіне жолығуы қажет. Тұрғын үй мәселесі бойынша, Гүлжамал Қуанышқалиқызы Өтегенова 2013 жылғы 28 қаңтарда Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын «көп балалы отбасылар» тізіміне 610-шы нөмірмен кезекке алынған. Қазіргі таңда кезектегі нөмірі-502. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Жасақты пәтер аз. Гүлжамал Қуанышқалиқызы Өтегеноваға кезек бойынша берілетін болады. Сіз Орал қаласының әкімі Н. Төреғалиевтің жеке қабылдауына жазылғаныңызды хабарлаймыз. Қабылдау күнін 51-27-65, 51-28-86 телефондар арқылы білуіңізге болады.


10.04.2016

Алижанова Бақытгүл

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Сізге қояр сауалым, "Жас отау" бағдарламасы бойынша кезекке тұру науқаны қашан ашылады?

Ответ:

Құрметті Бақытгүл! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасына сәйкес бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағында көрсетілген ЖАО-да кезекте тұрған тұлғалар қатысады. Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша мынадай қатысушылар көзделеді: 1) I топ, оның ішінде: «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар; «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. 2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты; 3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты: кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. Сондықтан, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандарға, жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Сонымен қатар, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені және төмендегі Бағдарламаның бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады. Ескертпе: "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасының 5-ші бөлімнің 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес, I және III топтардың Бағдарламаға қатысушылары үшін тұрғын үйді өткізу рәсімдері төмендегідей: бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жарияланады. Жоғарыда баяндалғандарды назарыңызға сала отырып, «жас отбасылар» санаты бойынша, тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі қарастырылмағанын хабарлаймыз. Қазіргі таңда мемлекеттік "Жас отау" бағдарламасы жабылғанын қаперіңізге саламыз. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы


07.04.2016

айнур жетписова ерболатов

Салеметсизбе Алтай сейдурулы.коп балалы анамынкол жетимди багдарламамен уй ала аламынба патер жалдап турамын бир болмели.

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында /1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар;9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады/ аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне (Орал қаласында тұрақты тіркеліміңіз болса) тұруға құқылысыз. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені және төмендегі бағдарламаның бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады. Сондай-ақ, "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасына сәйкес бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағында көрсетілген ЖАО-да кезекте тұрған тұлғалар қатысады. Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша мынадай қатысушылар көзделеді: 1) I топ, оның ішінде: «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар; «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. 2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты; 3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты: кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандарға, жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы


05.04.2016

Утешев Талант

Кайырлы кун. Биыл Жулдыз ш.а. жолдарымен кандай жумыстар жургизиледи? Былтыр битирилмеген жумыстар жалгасама? Биыл ертерек бастап, ш.а. жолдарын ретке келтирип беруинизди сураймыз.

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, бүгінгі таңда Жұлдыз шағынауданындағы көшелерінің жолдарына қиыршық құмды тас салу жұмыстарын орындауына бюджеттік өтінім берілгенін хабарлайды. Қаржыландыру сұрағы оң шешімін тапқан жағдайда, аталған жұмыстар орындалатындығын мәлімдейміз.


31.03.2016

Имя и Фамилия*

Ассалаумагалейкум аким мырза. Отбасын кургалы 1 жыл болды жагдайым киын. Патерди 13жыл жалдап келем. Жер алып уй салып алгым келеди. Тапкан табысым жетпейди. Комектесетин ешкимим жок. Акем касымда аурады. Жалгыз озиме киын болып жатыр. Комектесинизши отинем. Бир жер болса калганын озим жасап алар едим. Рахмет.

Ответ:

Құрметті ғаламтор пайдаланушы! Сіз қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізде аты-жөніңізді көрсетпегендіктен тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінің арнайы есебінде бар жоғыңыз туралы толық ақпарат беру үшін мүмкіндік болмай тұрғанын ескертеміз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұрған азаматтарға жеңілдіктер көрсетілмеген. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін табыстауға арналған алаңдарға инженерлік желілердің, коммуникауиялардың және жолдардың құрылыстарын жүргізуге көп уақыт талап етеді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


24.03.2016

Назгуль Сагингалиева

Курметти әкімшілік.мен уш баланын анасымын пәтер жалга жалдап турамыз .жер уй сатып алуга жагдайымыз жок .2007 нің май айында кезекке турдым сол жерді кай уакытта береди екен.уздерiнiзден жауап кутемин

Ответ:

Құрметті Нәзгүл! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі жақын арада берілмейді. Сонымен қатар, арнайы есептегі жер учаскесіне кезегін тоқсан сайынғы жаңартылып отыратын қала әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз немесе Достық-Дружба даңғылы,182/1-үй мекенжайы бойынша, 4 кабинеті, 5-терезе Орал қаласының жер қатынастары бөліміне тікелей жүгіне аласыз.


02.03.2016

Маржан

Курметти Алтаи Сеидирович! Менин должностым официант.казир орал каласында коптеген кафелкр меирамханалар ашылды.неге жогардагы шенеуликтер сол меирамхананын хозяиндарын тексермеиди.ешкандаи кужатсыз жумыска алады.пенсионныи жок.акшаларын толыктаи толемеиди.сонын себебинен биз жогарга шагымдансакта ештене шешеалмаимыз оз паидамызга.себеби трудовои договор болукерек деиди далелдеитин.енди сизден комек сураимыз.казыр частныи предпринимательдер коп.бирак биреуиде трудоаои договорсыз жумыска алады.соны кадагаласаныз.мысалы.Аи-луна. Эльдивино тунги клубтары т.б.

Ответ:

Құрметті Маржан! Сіздің қала әкімі блогына жазған хатыңызға сәйкес, қала аумағында орналасқан мейрамханалар мен кафелердің басшыларының, жұмысшыларды еңбек келісімі шартсыз жұмысқа қабылдауы туралы сұрағыңызға келеcіні хабарлаймыз. Еңбек келісім шарттары еңбек заңнамаларына сәйкес жасалады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодесінің 191-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады (Сарайшық 44/2, тел.50-04-82). Сонымен қатар, Сіздің аты-жөніңіз бен қандай кафеде жұмыс жасағаныңыз жөнінде толық ақпарат болмағандықтан, аталған сұрақты одан әрі қарастыру үшін жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемеге жолығуыңыз сұралады.


10.02.2016

Ерғазы Хайроллаұлы ЖАҚСЫЛ

Ассалаумағалейкум, Алтай Сейдірұлы!!! Сіздің есеп беру жиналысыңыз туралы хабарламаны көріп, сізге хат жолдап отырмын. Өзіңіз білесіз, әр жас отбасыларын толғандыратын үй мәселесі. Менде сол жас отбасыларының бірімін. Жақында баспасөз беттерінен «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы туралы мақаланы көріп қалдым. Бұл мақалада көрсетілгендей 2016 жылы баспана көп беріледі деп жазған. Түсінбеген себебім, кезекте тұрған адамдарға ма, әлде конкурстан өтіп үй құрылысы бітпеуіне байланысты күтіп отырған жандарғама? Осы ретте есеп беру жиналысыңызда жоғарыда көрсетілген мәселеге кеңірек тоқталып кетсеңіз... Рахмет,.. -- Ergazi Zhaksilikov

Ответ:

Құрметті Ерғазы Жақсылықов! Сіздің қала әкімдігінің электрондық поштасына жолдаған сұрағыңызға келесіні хабарлаймыз. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: Тұрғын үй құрылысының бағыттары Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысының мынадай негізгі бағыттары көзделеді: 1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй бағыты бойынша- Орал қ. ТҮКШЖКжАЖБ-де кезекте тұрған тұлғалар қатысады. 2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй: 1) халықтың барлық санаты үшін- ЖАО-да Орал қ, ТҮКШЖКжАЖБ-де кезекте тұрған тұлғалар және Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылары; 2) жас отбасылар үшін- кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. 3. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша– ЖАО-да Орал қ, ТҮКШЖКжАЖБ-де кезекте тұрған тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған жағдайда, аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына теңестіріледі; Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрғандар санатына жататындар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған бағыты бойынша, Орал қаласында тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатырғаның хабарлаймыз. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы щенберінде, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Сондықтан, бағдарламаның бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуына болады. Ескертпе: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес жас отбасы-ерлі зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы екенін назарыңызға саламыз. Қорытындылай келе, 2016 жылы тапсырылатын үйлерге тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар құжаттарын тапсыра алады. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы


01.02.2016

ибрагимова турсын

Саламатсызба шагын аудан арман мурат мункеулында орналаскан уйди 2020багдарламасымен алдык.уй алалмай жургендер каншама 15 жылдай уй жкхнын карауында емеспе.Сизге кояр сурагым коршимнин жолдасы 3баласы бар.Бирак олар кейде келеди уйге.Ал жолдасы жумыссыз унеми ишеди 5рет 102ге звандап шакырттым.ебеби тунги тыныштыгымды бузды.Кундизде Уйнде жатып ишеди оленди бар дауыспен косады.102 кызметкерлери коршилерден сурастырса ешким естимедик деп жауап беред.Себеби квартир жалдаушылар турады.Неге жкх тексермиди.Уй алалмай жургендер каншама.

Ответ:

Құрметті Тұрсын! Сіздің «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында алған үйдің нөмірі нақты жазылмағандықтан, Сіздің сұрағыңыз бойынша пәтерді тек қана өзі, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелерімен бірге тұру мақсатында пайдаланбаған көршіңізді анықтауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан Сізден үйдің, пәтердің нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз. Назарыңызға: «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің мамандарымен 2015 жылғы желтоқсан айында мекенжайы: Орал қаласы, Зачаганск ауылы, «Көктем» ш/а, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, 108/2, 108/4, 81, 81/1-үйдегі пәтерлерге шығу арқылы бақылау жүргізілді. Бақылау барысында пәтер жалдаушы тұратыны анықталып, акт толтырылды.


01.02.2016

Жакаева Бибигул

Салеметсиз бе. Мен 2010ж жерге кезекке турганмын. Кезекте нешинши боп турганымды билгим келеди.

Ответ:

Құрметті Бибигүл! Сіздің 2010 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмеген. Сондықтан, аталған сұрағыңызбен Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша Орал қаласының жер қатынастары бөліміне және өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жолығуыңызға болатындығын назарыңызға саламыз. Жер учаскесіне кезегін тоқсан сайынғы жаңартылып отыратын қала әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз, сонымен қатар Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша, 4п кабинеті, 5-терезе Орал қаласының жер қатынастары бөліміне тікелей жүгіне аласыз.


blog_akima