Әкім блогы

Сұрақ жауап

29.01.2016

Жаксылык Хамитов

Курметти Алтай Сейдирулы! Сизге койгалы отырган сауалым, жас отбасыларга арналган колжетимди тургын уй багдарламасы бойынша, кужаттары кабылданатын умиткерлердин жас ерекшелигинде. 2014 жылдын 11 карашадагы Елбасы жолдауындагы озгертулер туралы. Накты сауалым: Жас отбасылар жасы 35 жаска деийн узартылдыма? Молодые семьи до 35 лет в Казахстане смогут претендовать на квартиры в рамках новой жилищной программы. Об этом во время заседания парламентской фракции партии "Нур Отан" заявил председатель правления АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" Куандык Бишимбаев, передает корреспондент Tengrinews.kz. "Программа ориентирована на молодое население, мы закладываем совместно с правительством, что претендовать на эти квартиры смогут люди до 35 лет. 50 процентов всех квартир будут предоставлены молодым гражданам, молодым семьям до 35 лет. Мы несколько уходим от определения "молодая семья", которое в законе заложено до 29 лет, увеличиваем этот порог в целях этой программы до 35 лет", - сказал Бишимбаев. Ранее вице-министр национальной экономики Каирбек Ускенбаев сообщал о том, что в рамках новой программы, возможно, будет изменен возрастной порог для молодой семьи с 29 лет до 35. При этом он отметил, что все жилье будет распределено только среди очередников. "То есть формируем списки претендентов на эту программу только среди очередников, которые по состоянию на 11 ноября 2014 года (когда было озвучено Послание Президента) находились в очередях, формируемых местными исполнительными органами, то есть зафиксировались, как граждане, требующие улучшения жилищных условий или не имеющие жилья", - пояснил Бишимбаев. Другие категории включают в себя многодетные семьи, неполные семьи, детей-сирот, работников сферы образования, здравоохранения и государственных служащих. "То есть 50 процентов жилья будет предоставлено молодым семьям до 35 лет, не имеющим своей жилплощади, состоящим в очереди в местных исполнительных органах, другая половина будет предоставляться социально уязвимым категориям, также состоящим в очереди", - пояснил Бишимбаев.

Ответ:

Құрметті Жақсылық! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағында көрсетілген ЖАО-да кезекте тұрған тұлғалар қатысады. Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі» бағыттары бойынша мынадай қатысушылар көзделеді: 1) I топ, оның ішінде: «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар; «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған жағдайда, аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына теңестіріледі; 2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты; 3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты: кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. ІІІ топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағытына қатысады. Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрғандар санатына жататындар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған бағыты бойынша, Орал қаласында тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатырмағаның хабарлаймыз. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы щенберінде, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады. Сондықтан, бағдарламаның бағыттары бойынша кенінен ақпарат алу үшін «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі,30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызга болады. Ескертпе: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес жас отбасы-ерлі зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы екенін назарыңызға саламыз. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы


28.01.2016

Нурлан Ерболатович

Құрметті Алтай Сейдірұлы сізге қояр сауалым мына соңғы жылдары салынып жатырған көпқабатты үйлерге жылу есептегіш құралдары қондырылған, бірақ менің білуімше Жайықжылуқуат АҚ жалпы үй есептегіш құралдарынан әр патердің ауданына 146тгден есептеп шығарады. Сонда пәтер ішіндегі жылу есептегіш құралдары не үшін қойылды. Сол жылу есептегіш құралдарын кім тексеріп қарап тұрады.

Ответ:

Құрметті Нұрлан Ерболатович! Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 10.01.2012 ж. № 4 бұйрығымен бекітілген тұрғын және қоғамдық ғимараттарда энергия тұтынуды есептеу мен режимі әдістемесіне сәйкес: 8.2.2 Жылыту үшін төлемнің сомасын есептеу дегеніміз - бұл қуатпен қамтамасыз ететін ұйымдардың төленген жалпы соманы пәтер есептегіштерінің көрсеткіштеріне пропорционалды түрде жекеленген пәтерлер арасында үлестіру болып табылады. Сонымен бірге тұрғындар жыл бойы ай сайын алдын ала тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдер төлейді, ал жабдықтаушы есепті жалпы үй есептегішінің көрсеткіштері бойынша жасайды. Жылдың аяғында пәтер жылу есептегіштерінің көрсеткіштері алынады да, осы көрсеткіштер бойынша жалпы соманы үлестіру жасалады, және әрбір тұрғын үшін алғашқы мөлшерлеме мен оның есептік төлемінің арасындағы балансы шығарылады. Алынған сома қайтарылады немесе келесі жылға жылу үшін қосымша ақының есебіне жатқызылады. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу инспекциясы бөлімі бақылау көрсеткіштерін алып, әрі қарай есептеуге маркетинг бөліміне ұсынады.


28.01.2016

Улман Семгалиевна

Саламатсызба? Алтай Сейдирулы менин сизге кояр сурагым мен озим калада патер жалдап турамын. Озим жалгызбасты анамын. Бизге женилдикпен уй берилеме? Кандай женилдиктер карастырыган.

Ответ:

Құрметті Ұлман Семгалиевна! Сіз тегіңіз жөнінде толық түрде мәлімет көрсетпегендіктен, Орал қаласының ТҮКШЖК ж АЖБ-нің тұрғын үйдің кезегінде есепте бар-жоғыңыз туралы ақпарат жоқ екенін назарыңызға саламыз. Сондықтан, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сізге кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


26.01.2016

Хайруллин Сабыржан Бағдан

Құрметті Алтай Сейдірұлы.Мен өзім орталық базарда зат сатам.Ип ашып алғам.Енді сізге қояр сұрағым.Казталовква ауданына қарасты Болашақ ауылы бар.Сол ауылға қонаққа барып едік.Халықтың жағдайлары нашар жұмыс жоқ.Тек малмен күн көріп отырған адамдар.Сол ауылға барып кафе дүкен жеке қожалык жылқы асырап баксам.Жылқынын кымызын етін сатсак.Кафемен дүкенімді ашсам.Жеке кожалығымды ашсам.Халықтың жартысына жұмыс болар еді.Жұмыс болса халықтың жағдайыда жақсарар еді.Ауылда көтеріліп жағдайы жақсарар ешкім ауылдан көшпей тұракты қалар еді.Сізден үкіметтен көмек сұрап отырмын.Каражат жағынан қандай көмек болады.Несиеге аз пайызбен 8-9 миллиондай акша берсеніздер жақсы болар еді.сізден жауап күтем.Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Сабыржан Бағданұлы! Сіздің қала әкімінің блогына Казталов ауданына қарасты Болашақ ауылына барып дүкен, кафе, жеке қожалық ашу үшін несие алу туралы жолдаған сұрағыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Казталовка елді-мекенінде тұратын азаматтарды несиелеу Орал қаласы әкімінің құзыретіне жатпайды. Аталған мекен-жай бойынша несие алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға (Казталов аудан әкімдігіне) жолығуыңызды ұсынамыз. 2011 жылдан бастап облыста «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасауда. Бағдарламаның II-бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» болып табылады. Басты бағыты кәсіпкерлікті ынталандыру және кәсіпкерлікті ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыру. Аталған несие ішінара жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, азқамтылғандарға, ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беру мектептеріндегі 11 сыныпты тамамдаушыларға, жұмысқа қабілетті мүгедектерге, балалар үйінің түлектеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, 23 жасқа дейінгілерге, зейнеткерлерге, жасына сәйкес еңбек демалысына шығушыларға, ауыр жұмыстағыларға, қауіпті жағдайда немесе залалды жұмыста қызмет етушілерге, арнайы мемлекеттік көмек алушыларға және оралмандарға, ауылдық елді мекенде өз ісін ұйымдастырушыларға немесе кеңейтушілерге беріледі. Шағын несие 6%-жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі. Бүгінгі күні берілетін несие сомасы нақтылануда.


26.01.2016

Шолпан

Салеметсизбе! Биз жолдасымыз екеумиз мемлекеттик кызметкерлермиз. Озим даригермин, жолдасым орт сондируши. 2 жаска толган улымыз бар. Жолдасым аскери кызметкер болгасын жумыс орнынан балабакшага жолдама алганбыз. 6 мкр # 44 " Мерей" балабакшасына барсак орын жок деп алмай отыр. Берсендер оз жасынан улкен топка бериндер тек " расписка" жазып бериндер деп. Екеумизде аркашан жумыста болгандыктан баланы тастайтын жер жок, уакыты да келди. Осы жагдайды шешуге комектессениз екен. Рахмет

Ответ:

Құрметті Шолпан! Сіздің 2013 жылы 25 желтоқсанда туған ұлыңыз Қайролла Санжар №44 «Мерей» мектепке дейінгі ұйымына 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап қабылданды.


22.01.2016

Мурат

Құрметті қала әкімі, Деркөл кенті ПДП-II, 2-ші кезеңге жол құрылысы қашан басталатының білейін деп едім. Астанада берген сұқбатында облыс әкімі жол құрылысы 2016 жылы басталады деп еді. Жол қандай қабаттардан салынатыны, жол ПДП-2 нің аумағын түгел қамтима, әлде тек автобус маршруты жүреді деген жолға жол қабаты салынама? Мүмкіндігінше жаттанды-жалпылама сілтеме жасамай, нақты, толық мағлұмат берсеніз екен.

Ответ:

Құрметті Мұрат! Орал қаласы Деркул кенті бойынша «БҚО Деркул ауылындағы ТЖЖ ішкі орам жолдарының және еріген қар суларын әкетудің құрылысы (2 кезек)» жұмыс жобасы «АдияСтройПроект» ЖШС-гі тарапынан жасақталып жатыр. Жолдық киімнің типі – асфальтобетон. Асфальттың жалпы ұзындығы – 45,679 км. Қазіргі уақытта, жұмыс жобасына байланысты мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынуда. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары басталады.


18.01.2016

Хамзина Айгерим

Салематсыз ба! Біз, Деркөл ауылы ІІ этап тұрғындары, өз шағын ауданымызда осыған дейін жасалған жұмыстар үшін алғысымызды білдіре отырып, төмендегі нысандар бойынша шұғыл шешімдер керек екенін хабарлап, өтініш білдіреміз: 1. көшелерді қардан уақытылы және толық тазарту; 2. бұрын берілген ұсыныс бойынша, жолаушы тасымалдайтын көлікті 8-нші көшемен ары қарай ұзартып, ауылды айналдырып жүргізу (ең болмағанда қысқы, құрғақ кезеңдерде); 3. келер көктемнен қалдырмай қоқыс жәшіктерін маршруттық көлік жолының бойына болса да қою, себебі ауылымыз кейбір немқұрайлы азаматтардың кесірінен үлкен қоқыс полигонына айналу алдында, әсіресе, жасыл желек жолақтарының арасы; 4. көктем маусымы келіп, оңтайлы ауа-райы орнаған бойда ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіру (суды үй-үйге тарату), мұны қазіргі кезден бастап жоспарлау. Осы өтінішіміздің орындалуына ықпал етуіңізді сұраймыз. Деркөл, ІІ этап тұрғындары

Ответ:

Құрметті Айгерім! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, көшелерді қардан уақытылы және толық тазарту бойынша КСМК ЖПК-ға тапсырма берілгенін хабарлаймыз. Жолаушы тасымалдайтын №17 маршрут 8-ші көшемен ары қарай ұзартылды. Жол бойына қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер қою сұрағына қатысты, аталған аумақ Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен тексеріліп, көктем айларында жол бойына контейнерлер қою мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлаймыз. Деркөл кентін ауыз сумен қамтамасыз ету 2014 жылы басталды. Құрылыс жұмыстарын бас құрылыс мердігері «ҚұрылысГаз» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Жалпы құрылыс жұмыстары су жүйесі ішкі алаңдарымен қамтылып жатыр және әрбір жер учаскесінің иесі су құрбырына қосылу үшін өз тараптарынан рәсімделетін болады. Су құбырының жалпы ұзындығы 41,089 шақырым, соның ішінде, қазіргі уақытта су жүйесінің 21 шақырымы салынды. Құрылыс мердігері тарапынан тұрғындарды ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін кентте 8 су жиналмалы бағандар(колонка) орнатылды. Құрылыс нысанын 2016 жылдың ІІ жарты жылдығында аяқтау жоспарланып отыр.


14.01.2016

Габбасова Айнагул

Салеметсіз бе Нурлан Асқар ұлы.Мен Габбасова Айнагул Аскнаовна өзімнің өтінішіммен Нүр Отанға барған едим.Мені қабылдаган Шайхиниязова Г.Ж біз сізге ешкандай көмек көрсете алмаймыз деп жауап берді.Менім не туратын жерим жок, не турақты жұмысым жок.Сізден жаалғыз басты ана ретінде комек сұраймын.

Ответ:

Қымбатты Айнагүл! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 бекітілген «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне, осы шешімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №31-4 Орал қалалық маслихатының шешіміне сәйкес; Әлеуметтік төлем төленетін азаматтардың жекелеген санатына- табысы күнкөріс деңгейінен төмен (18586 теңге/ тоқсан сайын өзгеріп отырады/) немесе өмірдегі белгілі ауыр жағдайларға байланысты әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрмысы төмен отбасылар жатады. Материалдық көмек алу үшін төмендегі құжаттарды тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет: 1) жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат); 2) халықтық банктегі немесе «Қазпочта» АҚ БҚОФ есепшот нөмері көшірмесі; 3) әлеуметтік төлемді тағайындау жөнінде өтініш; 4) азаматтарды тіркеу мекен-жайы туралы ХҚКО-нан анықтама; 5) өткен тоқсандағы отбасы табысын растайтын құжаттар; 6) өтініш білдіру себебін анықтайтын анықтамалар; қайтыс болу туралы анықтама және қайтыс болу туралы куәлік (және көшірмесі), операция қажеттігі туралы ДКК анықтама, аурулығы туралы ДКК анықтама, газдандыру есеп-фактурасы, өрт туралы акт. Сіздің тіркеуде тұрған жеріңіз (прописка) Казталовка ауданы, қаладан жұмыс немесе әлеуметтік көмек керек болса қалаға тіркеуге тұру қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болсаңыз, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Кезекке тұру туралы түсініктемені Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1- үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс уақыты сағ. 13.00-ден 14.30 -дейін) ала аласыз.


13.01.2016

Анаргул Абуова

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Сәлембетсіз бе! Д.Қонаев атындағы шағын ауданның (6-шы шағын аудан) №16, 17, 18, 19, 20 үйлердің тұрғындары атынан өтініш біз тұратын жерде Желаев трасса бойында (Экспресс аялдамасы) аялдама болғанмен маршруттар көп жоқ, тек қана №8 маршрут немесе Желаев ауылынан келетін №14 маршрут, бұрын №4 маршрут 6-шы шағын ауданнан шығып Желаев трассасы арқылы Селекционыйге дейін баратын еді, қазір әлде бір мақсаттармен олда жүрмей қалды. Не себептен жүрмей қалды??? Сізге айтайын дегенім сол Экспресс аялдамасы арқылы қалаға және №5 емханаға қатынайтын №35 маршруты немесе №5, 22 маршруттарды Желаев трассасымен жүргізуіңізді сұраймыз????

Ответ:

Құрметті Анаргүл! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. №4 қала маршруты орта және үлкен классты 18 автобуспен қызмет көрсетеді. Қонаев шағын ауданының ішінде айналу алаңы жоқ. Қонаев шағын ауданынан Желаево ауылына қарай жолаушылар легі төмен. Сондықтан, тоқтап тұратын алаң және экипажға демалып алатын (диспетчерлік пункт, әжетхана) жағдайлары қарастырылған «Интергаз» АҚ ауданындағы соңғы аялдамасынан жүру кестесі өзгертілді. №№5,22 маршруттар жолаушы легі үлкен, көп қабатты құрылымдары бар шағын аудандарға қызмет көрсету үшін ұйымдастырылған, соған сәйкес аталған маршруттардың қозғалыс сұлбасын өзгерту мүмкін емес.


13.01.2016

Куралай Негметова Казбеко

Құрметті Алтай Селдірұлы!Сізге кояр сұрағым 28 қарашада екінші баламды дүниеге акелдім.Барлық құжаттарын толық тапсырдық бала дүниеге келгенде беретін ақшаға.1айдын ішінде түседі деген.Бірақ 1айдан асып кетті ақша алі түспеді.Шын манісінде сол ақшаға қарап отырмыз баламыздын бесік тойында жасай алмай отырмыз.Оз басым үйде 2баламен отырам жолдасымғана жұмыс жасайды.Өзіміз патер жалдап тұрамыз.Өтініш сізден осы ақшаны тез түсуіне көмегінізді тейгізінішші.Алдын ала сізге үлкен алғыс.Жұмысыныздын жемісін көрініз.

Ответ:

Құрметті Құралай! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларының» 63 тармағына сай Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде ай сайын келесі айға қажетті жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігін жасақтайды. 2016 жылдың қаңтар айына қажеттілік жасақтау мерзімі 2015 жылдың 23 желтоқсанында сағ. 07.00 де жабылды. Сондықтан Сізге жәрдемақы төлемдері ақпан айынан бастап төленетін болады. Сонымен қатар қосымша хабарлаймыз, бала туғанда берілетін жәрдемақы 62 255 теңге мөлшерінде, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы 13498 теңге 28.11.2015ж.-31.12.2015 ж., 14445 теңге 01.01.2016 ж.-28.11.2016 ж. мерзімге тағайындалды.


04.01.2016

Утегалиев Роллан

2004 жылдын казан айында жер кезегине турганмын. Сол жерди кашан берилетинин билгим келеди.

Ответ:

Құрметті Роллан! Сіздің 2004 жылғы 5 қазандағы № У-223 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 2786. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері соңғы рет 2012 жылдың қаңтар айында берілді. Жер учаскелері табыстаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, арнайы есептегі жер учаскесіне кезегіңізді Сіз тоқсан сайынғы жаңартылып отыратын қала әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз, сонымен қатар Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекенжайы бойынша, 4 кабинеті, 5-терезе Орал қаласының жер қатынастары бөліміне тікелей жүгіне аласыз.


23.12.2015

Хайров Зинетолла

Құрметті Алтай Сейдирулы! Мен Теректі ауданы Сарыомир ауылының тұрғынымын. Зейнеткермін. Көптен бері шешімін жүрген сұрақпен хат жазып отырмын. 2015 жылдың апрель айында 2 бас сиыр малы бруцеллезге шығып еді. Енді соның ақшасы 6 айда беріледі деген, содан 8 ай болды хабар жоқ. Осы сұрақтың жауабын тауып берсеңіз жақсы болар еді.

Ответ:

Құрметті Зинетолла! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Теректі ауданының Сарыөмір ауылы Орал қаласы әкімдігінің аумақтық әкімшілік бөлімшесі болып есептелмегендіктен, аталған сұрақ бойынша Теректі ауданның әкімдігіне немесе БҚО ветеринария басқармасына жолығуыңыз қажет.


22.12.2015

Шаяхметов Адилет Альбеков

Құрметті Алтай Сейдірұлы!Мен Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша Жылыжай(теплица)ашумен айналысқым келеді.Осы Орал қаласының 1-ші саяжайының(дача) он жақ бөлігінен маған 20 соток жер телімін беруіңізді өтінемін.Құрметпен Шаяхметов.А.А

Ответ:

Құрметті Адилет Альбекович! Сіздің қала әкімінің блогына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жылыжай ашуға жер сұрап жазған хатыңызға сәйкес төмендегідей мәлімдейміз. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. - жобаларды жүзеге асыру үшін банктермен берілген кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидилау (14 %, оның 7% кәсіпкер төлейді, қалған 7% мемлекет қаржыландырады); - жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банктердің кредиттерін ішінара кепілдендіру (бизнесті жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге 85%-ға дейін кепілдендіру); - өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту; - мемлекеттен сервистік қызметті тегін алу. Сонымен қатар кәсіпкерлерге 3 млн.теңгеге дейін мемлекеттік инновациялық гранттар ұсынылады. Иновациялық грант кәсіпкерлерге қайтарымсыз және кепілдік затсыз ұсынылады. Мемлекеттік грантты алушы кәсіпкердің жобасы инновациялық, яғни өңірде бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жоба болуы және бөлінген грант мақсатты пайдалануы шарт. Грант иегерлері конкурс арқылы анықталады, конкурсқа экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес құжаттарды толық тапсырған кәсіпкерлікті жаңадан бастағандар (кәсіпкерлік қызметті бастағанына 3 жылдан аспаса), жас кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер қатыса алады. Жоғарыдағыларды баяндай келе аталған бағдарлама бойынша толық ақпарат алу немесе бағдарламаға қатысуға құжаттар тапсыру бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Батыс Қазақстан облысының индустриалдық – инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасы мен бағдарламаның қаржылық агенті болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-на жолығуды ұсынамыз. Байланыс телефондары 50-64-36 немесе 93-34-54. Бағбандықпен айналысу үшін жер учаскесін сұрап жазған өтініш жергілікті атқарушы органға түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес қаралатынын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскелерiн беру нормалары бойынша бағбандыққа, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар жер учаскесі тиісілі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде азаматтарға жеңілдіктер көрсетілмеген.


15.12.2015

Бота Жолды

Саламатсыз ба?! Менің білгім келген сұрағым алдағы жылы 2016 Жас Отау бағдармаласы бойынша қай күні құжат қабылдайды? Биыл жазда қабылдағанын өтіп кеткеннен кейін білдік. нақты мекен жайы мен шарты және құжаттарын айтсаңыз! Және Заңғар балабақшасында тұрған баламның кезегін біле алмай жүрмін.Мират Бекжан Тимурұлы, Мират Зере Тимурқызы. Алдын ала рахмет!!!

Ответ:

Құрметті Бота Жолды! Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас отбасылары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын пәтер алу үшiн Бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша балл жүйесі көзделетін мынадай әлеуметтік критерийлер бойынша іске асырылады: бірінші бала үшін – 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі бала үшін – 30 балл; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сай мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын әрбір отбасы мүшесі үшін – 10 балл; Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында салынған үйге алдыңғы іріктеулер кезінде тізімге кіргізілмеген үміткерлерге – қосымша 5 балл; Жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелетке жетпей айрылған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларсанатына жататын әрбір ерлі-зайыпты үшін – 10 балл. Сондықтан, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша «жас отбасылар» санатына арналған жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz (құжаттарды қабылдау орындары, қажетті құжаттар тізімі, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы) хабарландыру болып жарияланатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Cізге тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты алу үшін, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (мекенжайы: Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін, тел:. 50-64-31) жолығуыңызға болады. Ескертпе: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 2015 жылы құжат қабылданбағанын назарыңызға саламыз. Жас отбасыларға арналған тағы бір бағдарлама бар - «Ақжайық-Жас отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Жас отбасыларға тұрғын үй салу» жобасы. Толық ақпаратты мына мекенжай бойынша біле аласыз: «Ақжайық-Жас отау» ЖШС «Астана» ықшам ауданы 4hА, «Назель» Сауда үй ғимаратында, 2 қабат, 5 кеңсе. Байланыс тел.27-77-33 жұмыс уақыты 9.30-18.30. Е-mail. jasotau@mail.ru. Сіздің 2014 жылы туылған Мират Зере қызыңыз №50 «Заңғар» мектепке дейінгі ұйымының кезегінде 137 болып тұр, 2012 жылы туылған ұлыңыз Мират Бекжан айтылған балабақшаға 65 болып тіркелген.


11.12.2015

Максимова Айша Қабдығалиқ

Құрметті, Алтай Сейдірұлы!!! Менің аты-жөнім Максимова Айша Қабдығалиқызы. Қазіргі таңда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да зертханашы болып жұмыс атқарамын. Тұрмыстамын,бір баланың анасымын. Жолдасым Максимов Нурсултан Асылбекович мемлекеттік қызметкер, сержант.Сөздің анығына келгенде, тұрғын-үй мәселесі жағынан қиналып жүрміз.Пәтер жалдап тұрамыз.Одан қалса, кредитіміз де біршама ипотекадан үй алуға айлығымыз жетпейді.Естуім бойынша, жолдасымның жұмысы арқылы үйге кезекке тұруға болады деп,енді ол қаншалықты рас?.Көмегіңізге зәрумін, жас отбасын жарқын болашақпен қамтамасыз етіп, елдің қамын ойлап жүретін сізге алғысым шексіз.Алдын ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Айша Қабдығаликызы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторының мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


07.12.2015

Габдуалиева Айгул Байрб

Саламатсыз ба. Құрметті Алтай Сейдірұлы мен 2004 жылы жерге арыз бердім. Жолдасым жоқ. 2011 жылы ажырастым. Алимет алмаймын. Қазіргі уақытта 4081 болып тізімде тұрмын. Жер қашан берілетінін білгім келеді. Акиматтан сұрағанымда әзірге жер беру тоқтатылды 2016 жылдан бастап берілуі мүмкін деген. Меннен кейін жерге арыз бергендер алған ол қалай сонда? Осы сұрақ мені мазалайды? Жерді қашан ала аламын біліп беруге көмектессеңіз екен деймін. Рахмет

Ответ:

Құрметті Айгүл! Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұрған азаматтарға жеңілдіктер көрсетілмеген. Сіздің 2004 жылғы 18 қарашасында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегіңіз кезегі – 4081. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері соңғы рет 2012 жылдың қаңтар айында берілді. Жер учаскелері табыстаған кезде бұқаралық ақпараттар арқылы хабарландыру беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін табыстауға арналған алаңдарға инженерлік желілердің, коммуникауиялардың және жолдардың құрылыстарын жүргізуге көп уақыт талап етеді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


06.12.2015

Тұртаев Тиышбай Мамытбайұ

Ассалаумағалейкүм, Алтай Сейдірұлы! Біздер осы аталған мекен-жайға жаз айында көшіп келдік. Мен бұл туралы алдыңғы хатымда сізге жазған болатынмын. Онда көптеген халықтың тұрмыстық хал-ақуалына қажет: қалаға шығатын жолдың салынбағаны, балалар ауласының жасалмағандығы, лифт жұмысының және газдың іске қосылмағаны туралы айтқан болатынмын. Сіздің тарапыңыздан маған жауап хат келіп; жақын арада лифт және газдың қосылатыны, балалар ауласы салынатыны туралы айтылған. Газ, лифт, ыссы су қосылды.Балалар ауласыда жартылай болсада жасалынды.Сізге көп-көп рахмеет! Жол туралы мәселеге келер жылы біздің үйдің айналасынан тағыда көп қабатты үйлер салынатын болғандықтан келер жылға қалатынын да айттыңыз. Қазақ халқы қаанда сабырлы, күтермиз!? Ендігі менің сізден халық атынан өтініп сұрарым біздің Мұрат Мөңкеұлы 83/2 үйі алдындағы "Арман" спорт кешенінің жанынан 105 үй ортасымен Саратов жолына жаңадан жол басталдыда жүз метр жер қалғанда тағыда тоқтап қалды, НЕЛІКТЕН? Халық енді осы жолмен қалаға қатынайтын жаңа бағытта автобустар жүретін болар деп ойлаған..,бұл жақтың жері білесіз, күзі-қысы ми балшық, бала түгілі үлкен адамның балшықтан аяғын алып жүруі мүмкін емес. Бұл бір. Екіншіден біздер Мұрат Мөңкеұлы тұрғындары кеңесіп,ақылдасып 83/2 үйі дәл алдындағы жолды Саратов трассасындағы жолға өздеріміз ақша жинап жол салатын кісілермен келісіп жасағымыз келеді. Бірақ, ендігі мәселе бізді толғандыратын ол сол жолмен тек қалаға 7 маршруттағы кішкентай автобустың жүретіндігі. Біз өзіміз халық бірігіп жол салу үшін сіздің тарапыңыздан Мұрат Мөңкеұлы 83/2 үйі жанындағы Саратов трассасы бойына жаңа аялдама(себебі жақын маңда аялдама жоқ, қашық, автобус тоқтамайды) салуыңызды сұраймын.Сонымен бірге тек қана СХИ бағытымен жүретін үш үлкен қалалық бағыттағы №2, 5, және 22 нөмірлі үлкен автобустың бірін Саратов трассасымен жүргізсеңіз жақсы болар еді. Қазіргі уақытта мұнда халық көп орналасқан. Аяқтары балшық болып үйден СХИ жолына жету үшін әлі күнге дейін резеңке етік киіп 20 минут жер жаяу жүреміз. Біздер тек аялдама мен үлкен автобустың бағытын өзгертуіңізді сұраймыз!? Алтай Сейдірұлы, сізден тағыда жақсы жауап пен жақсы нәтиже күтеміз!?

Ответ:

Құрметті Тиышбай Мамытбайұлы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Орал қаласы Зашаған кентіндегі жаңа шағынауданда жаңадан тұрғын үйлердің бойы көтеріп жатырғандығын, осы тұрғын үйлерді және әлеуметтік мекемелерді қамтитын «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал –Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы жер аумағын тегістеу мен ішкі орам жолдары» жұмыс жобасы бойынша басты тас жолдарымен қамтылған болатын. Қазіргі уақытта қаржылық мәселелердің туындауына байланысты тас жолдар құрылысы уақытша тоқтатылып қалды. 2016 жылы жаңа шағынаудандығы аяқталмай қалған тас жолдары толықтай қамту жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Зашаған кенті Қамбар батыр көшесі бойынша емханаға кірумен жолаушылар тасымалын №7 маршруты жүзеге асырады. Аталған маршрут бойынша ПАЗ маркалы 32 автобус жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары бірыңғай сыйымдылығымен 50 кісіге дейінгі 12 бірлік автобусы бар. Автобустардың қозғалыс интервалы 5 минутты құрайды. «Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖБ» ММ-сі Зашаған кентінде №№2,5,22 маршруттарының қозғалыс сұлбасын өзгерту мүмкіндігінің барлық нұсқасын қарастыруда. Аталаған сұрақ «Арман» шағынауданындағы ішкі орам жолдарының құрылысы аяқталғаннан кейін шешілетін болады. Саратов арна жолы бойынша аялдама пункттерін орналастыру, қаржыландыру жағдайы болған кезде, 2016 жылға шара жоспарына қосылады.


06.12.2015

Айзат Бактыгалиев

Сәлеметсізбе! Сіздерден білейін дегенім БҚО бойынша тіркеуде тұрған мүгедектнр саны,тұрғын үй тізімінде кезекте тұрғандар саны және де олардың қаншасы тұрғын үй алды 2015 жылы??

Ответ:

Құрметті Айзат! Қала әкімінің блогында көтерген мәселеңіз бойынша келесіні мәлімдейміз. «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізінде, Орал қаласы (соның ішінде: Желаев, Зашаған, Круглоозерный) бойынша тіркеуде тұратын жалпы аурулықтарына байланысты, 2015 ж. 1 желтоқсанына қарасты - 10299 мүмкіндігі шектеулі жандар бар, соның ішінде: І және ІІ топ – 5282 адам болса, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 1092 құрайды. Бүгінгі таңда Орал қаласы бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсанына тұрғын үйдің кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектердің саны -1013 адам тіркелген. 2015 жылға тұрғын үй-коммуналдық қорынан барлық санаттар бойынша, Зашаған кентінен 180 пәтерлік 1-үй салынып жатыр. Құрылыс біткен жағдайда пәтерлерді қоныстандыру жүзеге асырылатынын назарыңызға саламыз.


04.12.2015

АЛМАГУЛЬ

Саламатсызба! Мен 12.08.2008 жылы кезекте тұрғам бірақ мына сайттағы кезектің көшірмесінен өзімді көре алмай тұрмын, бізге жер телімі ме әлде арендаға үй беріле ме және қашан.Сіздің жұмысыңызға сәттілік тілеймін,"әкім бол халықыңа жақын бол" деген қағидамен жақсы жұмыс істеп халықтың қалаулысы болуыңызға игі тілек білдіремін

Ответ:

Құрметті Алмагүл! Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұрған азаматтарға жеңілдіктер көрсетілмеген. Сіздің 2008 жылғы 8 желтоқсандағы жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 33398. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері соңғы рет 2012 жылдың қаңтар айында берілді. Жер учаскелері табыстаған кезде бұқаралық ақпараттар арқылы хабарландыру беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін табыстауға арналған алаңдарға инженерлік желілердің, коммуникауиялардың және жолдардың құрылыстарын жүргізуге көп уақыт талап етеді. Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығасын жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


04.12.2015

Аслан Жаналиев

курмети акимдик жане оралдыктар сиздерден комек сурап хабарласып жатырмын. мен сиздерге 2015 жылдын сентябрь айынан бери жазып жатырмын. себеби мен отбасын асыраушы жумыссыз калып типти туратын жерсиз калдык. бирак сиздерден бурын достарим коп комек корсетти. сиздерден келген комек тек ноябрь айында 20000 тенге материалдык комек алдым. ол акшаны алган карыздарымды бергенмин. казирги жагдайым жаксы емес олместин кунин корумен журим. сиздерден жаксы жогары жалакылы жумыс тауып берулеринизди жане биздин отбасыга комек корсетулеринизди сураймын. укимет комек корсетпесе сонда биз кимге сенемиз кимнен сураймыз? кайырымды адамдар бар шыгар бир жардем беретин? хабар кутемин.

Ответ:

Құрметті Аслан! Сіз Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде 2015 жылы 22 қазанда тіркелгенсіз, сол күні қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы өзіңіздің мамандығыңызға сәйкес «Василец» ЖШС-не электрмен және газбен дәнекерлеуші ретінде кесімді ақылы тұрақты жұмысқа орналасқансыз. Алайда, Сіз жұмыс берушіден өзіңіздің құжаттарыңызды алып кетіп, еңбек келісімшартына тұруға бармағансыз (Негіздеме: «Василец» ЖШС –нің 17.11.2015 жылғы №841 хаты). Материалдық көмек көрсету және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі мәселеңіз қала әкімдігі мен облыстық және қалалық жұмыспен қамту салалары өкілдерінің қатысуымен 2015 жылғы 12 қараша күні өткізілген комиссия отырысында қаралды және де сол комиссия отырысына өзіңіз де қатыстыңыз. Сізге жұмыспен қамту заңнамалары шеңберінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары көрсетілетіндігі туралы түсінік-кеңес берілді. Сонымен қатар, 12.11.2015 жылы өткізілген Орал қаласы әкімдігі жанындағы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия шешімімен Сізге 20 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Сіз уәкілетті органның «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі дерек бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан азамат ретінде есептік тіркеуде тұрсыз. Сондықтан, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылу үшін Сіз тиісті заңнама талаптарына сәйкес Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс іздеуші азамат ретінде қайта тіркеуден өтуіңіз қажет.


blog_akima