Әкім блогы

Сұрақ жауап

25.10.2014

Доскулова Айгуль

Саламатсыз ба! Мен Орал каласында тазалыкта,тыныштыкта тургым келеди!22казанда осы жылдын ЖылуКуат АК-нын адамдары келип тереземнин алдына кул-кокыс контейнерин коямыз деп цемент плитасын, кум, куректерин алып келди. Колдарында еш руксат кужаттары болмады. АК-нын бастыгына Жунисов к.186 ,184,Маметова 54/2уй тургындары болып, "уйлердин ортасына,балалар ойнайтын аланга кул-кокысты койманызшы" деп барганымызда,Солодилов мырза "сендердин кул-кокыстарын маган керек емес" деп айкаймен шыгарып салды.Дегенмен кул-кокысты аулага куруын токтатты. Уйиме келип,акимшиликке Кайрат Абуовка "жогарыдагы суракпен кимге хабарласуга,кимге арыз жазуга болады" деп хабарластым.Ол адам еш консултация бермеди,орнына "маган звондамасыншы,андагы жигиттер баскаша тусинип калады " жауабын естидим. Орал адамдары осындай маселемен кайда хабарласа болады?Сонымен катар Абуовка менин тарапымнан артык ангиме айтылмады,барлыгы жумыс бабында болды. Осы сауалыма жауап беринизши!

Ответ:

Құрметті Айгүл! Сіздің 2014 жылғы 28 қазандағы Орал қаласы әкімінің блогына жазған хатыңызға, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі, аталған факті бойынша орынға шығумен «Жайық Жылу Қуат» АҚ-мен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды, содан кейін «Орал Таза Сервис» ЖШС-не күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру туралы өкім берілді. Күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру сұрағы бойынша, ауызша немесе жазбаша түрде Орал қаласы, Фрунзе көшесі 127а мекен-жайы бойынша орналасқан «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сіне (т.510114, 506272) жолығуыңызға болатынын хабарлаймыз.


22.10.2014

Дина Шангереева

Құрметті қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаға!Қаламызда "Астана" шағын ауданында орналасқан №46 ЖОББМ-не тас жол салынуын сураймын,мектеп оқушыларына мектепке барып келу қиындық туғызып отыр,сырттай қарағанда бастауыш сынып оқушылары өте аянышты, балшыққа батып жарты жолда жылап тұрғанын көрсеніз жүрек қанжылайды. http://s015.radikal.ru/i331/1410/61/673e7e1655c5.jpg

Ответ:

Құрметті Дина Шамгоновна! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен сұрақтарыңызға сәйкес, қазіргі таңда Орал қаласы әкімдігімен, Орал қаласының 7-9 шағынаудандағы ішкі орам жолдары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлайды. Аталған жобамен № 46 ЖОББМ-ке кіре беріс жол салу қарастырылған. Осы жұмыстардың 2014 жылғы қаланы абаттандыру жоспарында жоқ болуына байланысты, жұмыстарды орындауға мүмкіндік жоқ екендігін хабарлаймыз. Аталған жобаны жүзеге асыру 2015 жылға жоспарланған.


22.10.2014

Тургумбаева Үмітай

Құрметті Айтай Сейдірұлы! Мен көп балалы ана, күміс алқа иесімін. Зейнеткермін. 2014 жылдың 20 қазан күні "Жұлдыз" шағынауданында танертенмен техника жұмыс жасаған. Жұмыстары менің түсінігімше көктемгі қар суын ағызу бойынша жыр салу деп түсіндім. Бұл жыра кейбір жер тілімдерінің үстінен, менің үйімнің түбінен жасалған. Аталмыш ауданның 8 көшесінде тұрам. Көше бойына арықты техника (автогрейдер) жасағанда менің үйіме келіп тұрған су шұңқырын бұзып кеткен. Соның салдарынан бүгінге дейін сусыз отырмын. Сол күні "БатысСуарнасын" шақырғам, Олар құбырды орталықтан айырып, қалғаны біздің шаруа еместігін айтып кеткен. Сол күні "ДЭП" кәсіпорнына хабарласқанда сол күні жұмыс жасағанын мойындаған. Келесі күні келіп жалғайтындарын айтқан. Екінші күні, яғни 21 қазан күні аталмыш мекеменің басшылығына аяқтай барып ескерткем, бірақ жасаған жұмыстарын мойындамай басқа мекемелерге сілтеді. Басшы орынбасары су құбырын кешке дейін өткізіп беретіндігін айтып, мені шығарып салды. Үщінші күн күтудемін. Енді өз қаражатыма жасатуға тура келеді деп ойлап отырмын. Сізден өтінерім, бұл сұранысыма кім жауапты? Бұзылған су құбырымды кім жасап береді? Сонымен қатар, "Жұлдыз" ш-ауданында қандай рұқсатпен көшені без берекетсіз қазу жұмысы жүргізілді?

Ответ:

Құрметті Үмітай! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге Орал қаласы әкімдігі Жұлдыз шағынауданында қазылып жатқан шұңқырлардың су тасқыны болуының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің шешімімен іске асып жатқандығын мәлімдейді. КСМК жол пайдалану кәсіпорнына жол тегістеу жұмыстарын орындаған кезде бұзылған су құбырын қайта қалпына келтіру жөнінде нұсқау берілген. Сонымен қатар, Сіздің зақымдалған су құдығыңыздын қақпағы толықтай жөнделіп қалпына келтірілгенін хабарлаймыз.


14.10.2014

дария дарын

Бiз Орал газ, мунай жане салалык технологиялар колледжiнiн 1 топ окытушылары бiздiн колледжде болып жатырган келенсiз жагдайларды баяндаймыз. Бiздiн басшымыз С.Х.Мухамбеталиев бул колледжге, колледж ужымына ойына келгенiн жасап отыр. Атап айтсак,бiрiншiден барлык туган -туыстарын жумыска алып болды. Сонын iшiнде, кызын (декреттiк демалыста)мен куйеу баласын жане достарын. Ал бiздiн ул-кыздарымыз жумыссыз жур. Екiншiден, колледж озинин бизнес аланына айналып кеттi. Атап айтсак толем кабылдау, когамдык тамактану орны, кагаз басып шыгару т.б . Ушiншiден, колледждi жемкорлык жайлаган. Окытушылар арасында оршiп тур. Бул жагдайды басшымыз биледи бiрак ешкандай шара колдана алмайды. Колледжде бiлiм сапасы оте томен. Окуга тусу 100000-200000 тенге аралыгы, оку сессиясы мен окуды бiтiргенiне де директордын нускауымен дипломга деп жыл сайын акша жиналады. Окытушыларга премия деп кол койгызып алады, алып жаткан премия жок.каламакымыздын жартысын алады.Бул жасап отырган iстерi каншалыкты занды? Аким мырза биздин колледжге бухгалтериясынан бастап,тубегейлi тексерiс керек. Бул шагымымыз жауапсыз калса президент акiмшiлiгiне, букаралык акпарат куралдарына, кузырлы органдарга хабарлап, тексерiс жургiзуiн талап етемiз! Жауап кутемiз!

Ответ:

Құрметті Дария! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз қала әкімдігінің құзіретіне жатпағандықтан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жұмыстанып тиісті шаралар алу үшін жолданғынын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Сіздің өтінішіңіз аталған басқарманың кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінде қаралуда, нәтижесі Сізге хабарланатын болады.


08.10.2014

Аты және Тегі*

Құрметі Алтай Сейдірұлы біз "Арман" шағын ауданында тұрамыз, халық оны қазақ ауылы деп атап кеткен. Ол жерлер 2000 жылдарда берілген содан бері жылдар өтседе жол мәселесі әлі шешілмей келеді. Бар-жоғы 4-5 көшесі бар ауылдың тұрғындары, әсіресе, бала-шаға, зейнеткер жасындағы үлкен кісілері күз, көктем кездерінде өте қиын жағдайға тап болып жүр. Көшелерде асфальт мүлдем жоғы былай тұрсын, айда-жылда бір қырылады. Қаланың іргесінде тұрсақта, өркениетке қол жеткізе алмай жүрген джайымыз бар. Көктем, күз айларында №2 маршрут жүк көліктері өтетін трассамен жүреді, ол кезде мектеп оқушыларына тіптен қиын, жүк көліктері жылдамдықты асырып жұйытқып өтіп кетеді. Осы жол мәселесі қашан шешіледі екен, Зашаған кентінің әкіміне айта-айта жауыр болды, бірақ мәселеміз шешілер емес. Тағы бір мәселе қоқыс салатын контейнерлер тек Брусиловский көшесінде ғана ауылдың шет жағындағы тұрғындарға ол жерге қоқыс тасуға мүмкіндік жоқ. Кейбір тұрғындар ағаш арасына апарып тастайды. Сондықтан жылдан-жылға сол тұстағы аштардың арасы қоқыс алаңына айналуға жақындап келеді. Алдын-ала рахмет. Жауабыңызды міндетті түрде күтеміз.

Ответ:

Құрметті Айша! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы ұзындығы 1500 метр болатын Жакупов көшесінен Айткулов көшесіне дейінгі Брусиловский көшесін қайта құру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлайды. Жобамен көшенің жүретін бөлігін қайта құру, жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар қарастырылған. Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарын қосумен Аймауытов көшесін тегістеу бойынша жұмыстар орындалды. Арман шағынауданының жолдарын жөндеу сұрағына қатысты, ағымдағы жылы Орал қаласы әкімдігімен қаланың 25-тей көшесі қамтылғанын, сәйкес қаржыландыру болған жағдайда, аталған шағынаудан алдағы жылғы қаланың абаттандыру жоспарына енгізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мамандармен тексерілетінін хабарлаймыз.


30.09.2014

Айман Султанова

Анамыз Алимгазиева С.А. 01.09.2004 жылы № А-654 жерге кезекке тұруға өтініш берген болатын, өкінішке орай анамыз 2011 жылы дүниеден озды. Енді оның орнына кезекпен жерді баласы алуға бола ма? Қандай құжаттар керек?

Ответ:

Құрметті Айман! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішті сыйға тарту, отбасы мүшелерінің орнына, жақын туыстарын (ата-анасы, ұлы, қызы т.б.) арнайы есепке енгізуге ҚР Жер Кодексінде қарастырылмаған. Бірақта, Сіз аталған сұрақпен сот органдарына жүгіне аласыз, сот шешімі болған жағдайда тиісті шешім қабылданатын болады.


21.09.2014

Тасболатова Эльвира Марс

Құрметі Алтай Сейдірұлы cізден өттініп сұрарым Селекцены Орал тас жолында абиез жол бар сол жолға су шашу керек уиткені көлк журеді өте шан турып демалып журуге қыиын 7 маршрутка журетен жерлерге су шашпаиды

Ответ:

Құрметті Эльвира! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен арызыңызға орай, Орал қаласы әкімшілігі «Тех Строй ЗКО» ЖШС және жол пайдалану кәсіпорнына айналып өту жолына уакытылы су шашу жөнінде тапсырма берілгендігін хабарлайды.


15.09.2014

Хайруллин Біржан

Құрметті Алтай Сейдірұлы Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы, 1-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган «білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады» делінген. Осыған орай, Сізден Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданында орналасқан №46 мектепті кешкі уақытта пайдалануға көмектесуіңізді сұраймыз.

Ответ:

Құрметті Біржан! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Орал қаласы әкімдігімен аула аймақтарын абаттандыруға, тұрғындарға арналған спорттық объектілер құрылысына көп көңіл бөлінуде. Дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында ашылған «Намыс» спорт клубының теңгерімінде қаланың барлық аудандарында 31 спорттық алаңқайлар бар. Жаңа орда, 6 шағын ауданы 21,22, 66-үй мекен-жайлары бойынша шағын футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорттық алаңқайларда спортпен айналысу мүмкіндігі бар. Сондай ақ, қала мектептерінің спорт залдары тек қана оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналғандығын және сабақтан тыс немесе кешкі уақытта қандайда болмасын бөгде адамдардың пайдалануына беруге болмайтындығын ескертеміз.


12.09.2014

Асланбек Жұмағалиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы! "Речник" бағбандар қоғамына көгілдір газ тарту мәселесі қашан шешімін табады екен?

Ответ:

Құрметті Асланбек! Сіздің өтінішіңізге бағбандар серіктестігі мен кооперативтері жерлері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабына сәйкес азаматтарға бағбаншылықпен айналысу үшін берілетінін хабарлаймыз. Саяжай құрылыстарында тұру мезгілдік болуға тиіс, себебі бұл жерлер қаланың тұрғын аудандарына жатпайды. Жер бағбандар қоғамдары, яғни, кооператив немесе серіктестік мүшелерінің қарауында болғандықтан осы телімдерді мемлекет тарапынан газбен қамсыздандыру да сумен, электрмен қамсыздандыру сияқты қарастырылмаған. Бағбандар қоғамында газ өткізу үшін Сіз мердігер ұйымды таңдауыңыз қажет. Толық ақпаратты Гагарин көшесі, 29 үй мекенжайы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚӨФ барып біле аласыз.


27.08.2014

Мұратбекова Жібек

Мен Мұратбекова Жібек 1939жылғымын.ІІ группа инвалид.Квартирада қаңғып жүрмін.1997жылдан бері үйге кезектемін.2013жылдан бері шақыртып документтерімді түгелдеп тапсырдым.содан биыл шілде айында өзіңізге жолықтым,секретарыңыз 2-3күннен кейін звондап жақында беріледі деп еді.Телевизордан Зачаганскіден 2 үй бітті деп 1997жылғы кезектегілерге беріледі деген соң қайтадан акиматқа барып едім.Енді 2015жылғы қаңтар айын күтіңіз дейді.Соның анығын біліп беруге көмектесуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Жібек! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіз қалалық атқару комитетінің 1997 жылғы 18 тамыздағы №1217 шешімі бойынша «1 және 2 топтағы мүгедектер» тізіміне 113-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз -35. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13234 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең болінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі.


26.08.2014

Габдушева Толқын Закарияқ

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Мен 2004 жылдың 19.07. күні жер алуға кезекке тұрған едім. Содан бері 10 жыл уақыт өтті. Жер алушылардың кезегінде тұрмыз. 2004 жылдың қаңтар айынан маусым аралығындағыларға әлдеқашан жер берілді. Ал шілде айында тұрғандарға жер қашан берілетін білгім келеді. Әлде енді жер мүлдем берілмей ме? Нақтысын өзіңізден білгім келеді. Рахмет.

Ответ:

Құрметті Толқын! Сіздің жер мәселесі жөніндегі өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіз 2004 жылы 19 шілдеде тіркеу № Г-196 тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 1443. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Сізге кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


26.08.2014

Уксимбаева Заре

Қызылорда қаласының тұрғынымын.Бала кезден 1-топ мүгедегімін өздігімнен жүриеймін. Сал ауыруымен ауырамын.70ке таяған ата-анамен тұрамын.Дәретімді анама төктіртіп отырмын перзенттік парызымды солай өтеудемін,келер күніме алаңдаймын қарттар үйін паналағым келмейді.Өмірге келген соң адамша өмір кешуді қалаймын.Меңіреу жарықта орнымды тапқым келеді.818інші кезегім 3838ге өсіп кетті.Әр санатқа жылына 10 пәтерден келеді.Кезегім келгенше мен 1ғасыр жасауым керек мұншалықты ғұмыр кешетіндей мен қарға құс емеспін адам баласымын өлемін.Жергілікті жердің әкімдігіне жазбаша жүгініп келдім нәтиже жоқ.Олыс әкімі Қ.Көшербаев мырзаға негізінде хаттарым жетпейді ау деп ойлаймын.Ол кісі хабардар болса бір нәтижесі болар еді.Маған сіздерден керек көмек Қызылорда обылысының әкімі Қ.Көшербаев мырзаға тікелей шыгып мендей жанның жағдайын айтып жеткізу.Кеңсе әкімдігіне хабарласпаңыздар тікелей өзіне шығыңыздар бұйырса сотовый нөміріне хабарласыңыздыр. Өзге амалым жоқ сңгы амалым.Атқа мінер азаматсыздар мені колдаңыздар ,корғаңыздар Тағдырдан нені таба алдым? Табайын десем таландым. Еркекпен құны өлшенген Әйел боп қана жаралдым Көп нәрсеге олақпын Өлгендердің ырысын Ұрлап жүрген қонақпын Өр жанды кімге киямын Қара жердің бір күні Нүктесіне сиямын Мұңайсам қара түндеймін Шаттансам жарық күндеймін Тағдырыма ренжіп Зарлы хатты үндеймін Өмір деген жұмбақ қой Не боларын білмеймін Тағдырға мүлде күлмеймін. Қызықсыз өмір бекер ед Алайық жүкті жетелеп Тағдыр деген дұшпанды Сенімім ғана көтереді Алдағы күнді я,аллам Удай етпей шекер ед. Сорлы жүрек шаршады Қашанғы зілді көтереді. Қызылорда қаласы КБИ м/а мұнайшы көшесі24/1үй тұргыны Уксимбаева Зауре сот-87758346941 тел-872-42-24-33-02

Ответ:

Құрметті Заре! Сіздің тұрғын үй мәселесі туралы жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз Қызылорда қаласының тұрғыны болғандығыңыздан тұрғын үй жөнінде жергілікті атқарушы органға жолығуыңызға болатындығын қаперіңізге береміз. Толық ақпаратты 8 (7242) 23-67-00, 23-84-66 телефон нөмірлерімен Қызылорда қала әкімдігіне хабарласып алуыңызға болады және осы мемлектеттік мекеменің сайтының электронды мекенжайын www.kyzylorda.gov.kz жолдаймыз.


24.07.2014

Асылай Амангелди

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Сізге сұрақ қойсам дегем.. Мен Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің биылғы түлегімін, қолыма дипломымды алып келгем жайым бар.. Енді осы алған білімімнің көмегімен Орал қаласында, яғни өз қаламда еңбек етсем деген ойым бар.. Қаланың дамуына, көркеюіне аз да болсын өз үлесімді қосқым келеді. Жаңа бітірушілердің жұмысқа орналасуына қандай бағдарламалар барын және де қайда, кімге барып жолығуға болатынын білгім келген?!

Ответ:

Құрметті Асылай! Сіздің қала әкімінің блогына түскен өтінішіңізге төмендегіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде тұрғылықты жері бойынша немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа жәрдемдесу үшін өтініш жасай алады. Егер Сіз уәкілетті органға жұмыссыз ретінде есепке тіркелген жағдайда жұмыс берушілердің сұранысына байланысты және өзінің келісімі бойынша тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға және білім беру ұйымдарының биылғы түлектеріне арналған бастапқы еңбек тәжірибесін жинау мақсатында жастар практикасына жолдама беріледі. Аталған сұрақтар бойынша Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы, 161 үй мекен-жайына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолығуыңызға болады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін Сіз Достық-Дружба даңғылы, 201 үй, 201- бөлме мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде алдын-ала тестілеуден өтуіңіз қажет. Тестілеу бағдарламасы бойынша қосымша ақпаратты ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің БҚО бойынша департаментінен 51-38-94, 51-24-04 телефондар бойынша ала аласыз. Сертификат алған соң қосымша ақпарат алу үшін Достық-Дружба даңғылы 182/1, мекенжайы бойынша Орал қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне жолығуыңызға болады (т.51-26-33).


23.07.2014

Шаухахова Карлыгаш Жылкиб

Сәлеметсіз бе, Әкім мырза! Мен сізге сұрақ емес өтініш жасайын дегем. Менің жолдасым Абдрахманов Акылбек Серикович әскери қызметте 12 жыл жұмыс жасап келеді,2005жылы Актау қаласына ЖАС ОТБАСЫ ретінде тұрғын үй кезегіне тұрған болатынбыз ол кезегіміз келем дегенше жұмыс бабымен 2009жылы Орал қаласына ауыстырып жіберді. 04.02.2010 жылы мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегіне тұрдық енді ол кезегіміз келгенше баска жаққа ауыстырып жібереме деп қорқамын, үш баламыз бар пәтер жалдап тұрамыз жолдасымның айлығы бар жоғы 120000 теңге оның 60000 пәтерге кетеді сондықтан оз бетімізбен үй алуға жағдайымыз жоқ. Сізден өтінерім біздің құжаттарымызды қарап көмегіңізді берсеңіз деймін. Рахмет!

Ответ:

Құрметті Қарлығаш! Сіздің жолдасыңыз азамат Ақылбек Абдрахманов қала әкімдігінің 2010 жылғы 4 ақпандағы №235 қаулысы бойынша мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізіміне 1189-ші нөмірмен кезекке алынды. Бүгінгі таңдағы азамат А.Абдрахманов кезектегі нөмірі - 1027. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13236 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең бөлінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер кезек бойынша беріледі.


14.07.2014

Шамгон Болат Александрұлы

Ассалаумағалейкүм Алтай Сейдірұлы! Біздің Арман ықшамауданынан жер алып, үй салғанымызға да 10-жылға таяп қалды, бізді ең басты қинайтыны жол мәселесі және балабақша. 220 орындық балабақшаның орны бос жатыр, бізге жыл сайын келесі жылы деп жауап қайтарады. Сәл жаңбыр жауса, өзіміз жұмысқа, балаларымыз мектепке жете алмай қатты қиналамыз. Бір шақырымға жетер жетпес жол салу қиын болса, биыл Ахмет Байтұрсынов көшесіне жол салынады делінді ғой, ең болмаса сол көшеге шығатын тротуар салынуына көмектесуіңізді сұраймыз. Күні кеше бой көтере бастаған көпқабатты үйлердің жанына балабақша салынуда, ал біздер бірнеше жылдан күтудеміз, балабақшаның тез салынуына да көмектессеңіз екен. Бұған дейін бірнеше рет арыз жазып, тиісті мекемелерге тапсырдық, алайда нәтиже болған жоқ.

Ответ:

Құрметті Шамгон! Сіздің қала әкімінің блогына келіп түскен сұрақтарыңызға, Орал қаласының әкімдігі келесі мәліметтерді жолдайды: Ағымдағы жылы қала әкімдігімен жалпы ұзындығы 40 км жолдарды жөндеу жоспарлануда, жұмыстарды жүргізу кезінде магистральді және орталық жолдарға, сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысы жүзеге асырылатын жолдарға баса назар аударылады. Аталған жолдардың қатарында Орал қаласы, Зачаганск кентіндегі Жакупов көшесінен Айтқұлов көшесіне дейінгі Байтұрсынов көшесін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жоспарланып жатыр. Жұмыстарды жүргізу кезінде қатты төсем орнату, жол жиегін бекіту, арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Байтұрсынов көшесіне шығатын жаяу жүргіншілер жолын салу жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылмаған, сондықтан аталған жұмыстарды жасауға мүмкіндік жоқ. Алайда, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, аталған жұмыстарды мүмкіндігінше жасау мәселесі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, аталған шағынауданда балабақша құрылысы 2014 жылға жоспарланбағанын хабарлаймыз.


10.07.2014

Рамазанова Лаура

Сәлеметсіз бе Нұрлан Асқарұлы! Мен екі баланың анасымын. Мен балабақша кезегі жөнінде білгім келеді. Біз №30 Гүлдер балабақшасында кезекте тұрмыз. Кезегіміз тіпті де жылжымайды. Жыл сайын балабақша салынуда және әр жылы түлектер шығып, орнына балалар алынып жатыр. Биылғы жылдың кезегіне де ілікпедік. Алдағы жылы үлкен қызым мектепке барады, сонда мемлекеттік балабақшаға баруына деген ешқандай мүмкіндік жок па? Қазір екі баламды да жеке балабақшаға беремін. Өзімнің бар тапқаным солардың айлық ақысын төлеу. Үйде отырып бала бағуға болады, бірақ баланың ортаға бейімделгенін қалаймын.Тағы бір сұрағым балабақшаға 3 жастан бастап қабылдайды ма?

Ответ:

Құрметті Лаура! Сіздің балабақша кезегі туралы өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Орал қаласының білім беру бөлімінде Сіздің балаларыңыз туралы мәлімет жоқ болуына байланысты, кезектерін анықтау мүмкіндігі жоқ екенін, және анықтама алу үшін Сіз білім беру бөлімінің мектепке дейінгі қосымша білім берумен тәрбие жұмысы секторына (№ 8 кабинет) жолығуыңыз қажет екендігін хабарлаймыз. № 30 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйым жарғысына сәйкес балаларды 3 жастан қабылдайды.


08.07.2014

Александр Огай

Уважаемый Алтай Сейдирович! Обратиться к Вам меня побудила боль! точнее боль за наш государственный язык. Я как гражданин Нашей страны хочу получать в родном городе все услуги на государственном языке хочу видеть визуальную информацию на государственном языке Ведь государственный язык это фактор единства это вещь которая объединяет людей! а посмотрите у нас как все вверх дном в банк зайдешь тебе на русском, туда позвонишь тебе на русском, недавно звонил в один банк так мне там не могли название банка сказать на государственном языке! а что твориться в маршрутных автобусах? там не то что объявляют остановки на русском языке там даже говорят названия остановок которых не существует, Революция, Облисполком,И.т.п. Почему нам не взять мерилом Астану там то за короткое время навели порядок в этом направлении. Почему нам не одеть в униформу кондукторов и водителей? Ведь как приятно когда одетый в униформу кондуктор обьявляет на государственном языке например остановку Ахмедияр Батыра? Мне стыдно потому что мои друзья из других стран говорят что чувствуют себя здесь как в одном из городов России где проживают много казахов. С надеждой на движение вперед А.Огай

Ответ:

Уважаемый Александр Огай! Мы рады приветствовать Вас на своем блоге! На Ваше обращение сообщаем, что акиматом города Уральска в настоящее время проводится полномасштабная работа в сфере развития языков. Постановлением акимата города Уральска от 27.06.2014 года № 1639 была утверждена городская программа на 2014 - 2016 годы по реализации Государственной программы развития и функционирования языков. В целях организации мероприятий нами направлены письма руководителям государственных предприятий, директору филиала Национального банка в Западно-Казахстанской области. По вопросу внедрения единой униформы для водителей и кондукторов, объявления остановок на государственном и русском языках в общественном транспорте сообщаем, что руководителю ГУ «Отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог г.Уральска» было дано отдельное поручение по устранению нарушений в оказании услуг перевозки пассажиров на городских маршрутах согласно Правилам перевозок пассажиров. Очень признательны Вам за патриотизм, за активную гражданскую позицию.


17.06.2014

Давлетова Балжан Бахыткал

Здравствуйте, Уважаемый аким города Уральск. Я с 2009 года стою в очереди на землю. Когда сдавала документы сказали список можно узнать в интернете через сайт. Но список очередей на землю на сайте не открывается, просмотр не доступен. Как я могу узнать очередь? Заранее спасибо

Ответ:

Уважаемая Балжан! Ваше заявление, поданное 20 апреля 2009 года для получения земельного участка под индивидуальное жилищное строительство (далее ИЖС) зарегистрировано в специальном учете под № Д-202. В настоящее время номер Вашей очереди -42387. В соответствии со ст.44 п.8 Земельного кодекса Республики Казахстан «...При испрашиваении земельных участков для индивидуального жилищного строительства заявления (ходатайства) граждан берутся на специальный учёт и удовлетворяется по мере подготовки площадок для отвода либо при наличии свободных территории, используемых для индивидуального жилищного строительства». В соответствии п.8-1 Постановления Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года №726 «При наличии подготовленных площадок для отвода под индивидуальное жилищное строительство, местный исполнительный орган... на основании очередности поступивших заявлений (ходатайств) о предоставлении земельного участка формирует список граждан...» Предоставление гражданам земельных участков для индивидуального жилищного строительства не целесообразно без подведения к разработанной площадке соответствующей инфраструктуры инженерных сетей, коммуникации и дорог общего пользования, строительство которых требует большого количества времени. На основании утвержденного генерального плана будут разработаны проекты детальной планировки для развития ИЖС в комплексе социальной инфраструктуры. После строительства инженерной инфраструктуры будет рассмотрен вопрос о продолжении работы по выделению земельных участков согласно очередности. Касательно списка очередников на землю на нашем сайте сообщаем, что возможно на Вашем компьютере устарело программное обеспечение или не установлен архиватор (в данном случае необходимо установить на компьютер WinRAR, WinZip, 7-Zip или другие архиваторы).


13.06.2014

Гулзира Кенжегарина

Құрметті әкім! Сізден "қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы білгім келеді. 50 пайызы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілсе, 50 пайызы тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандарға беріледі делінген. Сонда кезекте тұрғандарға қалай беріледі, конкурс бола ма? әлде кезекпен беріледі ме?

Ответ:

Құрметті Гулзира! Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына еңгізілген өзгерістер мен толықтырыулар туралы 2014 жылғы 31 наурыздағы № 286 қаулысына сәйкес «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шенберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша тұрғын үй», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы- тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуына қойылатын талаптар. 1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша тұрғын үй», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы- тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді: 1) I топ: «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдардың санаты. I топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытына, «КИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарына қатысады. 2) II топ: адамдардың барлық санаты, оның ішінде «ҚИК» ИҰ» АҚ» тұрғын үй» бағыты бойынша басым санаттар: мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері; мынадай әлеуметтік салада: косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету; мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында қызметтер көрсету; ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет және өнер (шоу-бизнесті қоспағанда) саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кез келген меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері болып табылады. ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша басым санаттар белгіленбей, IІ топтағы барлық адамдар санаты қатысады; 3) III топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. 9. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді: 1) «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша: I топтағы қатысушылар үшін 50 %; IІ топтағы қатысушылар үшін 50 %. Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді. ЖАО мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, осы қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі. I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ЖАО бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді. ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді ЖАО-ға береді. І және ІІ топтан үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде жазылған тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін осы кіші бөлімнің 4-тармағының 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Сондықтан, жоғарыда баяндалғандар негізінде, кезекте тұрған мұқтаж топтарына жататын азаматтарға кезегі бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шенберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысу үшін берген өтініштердің негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының ішінен қалыптастырады. Сіз тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына (мекенжайы: Орал қаласы, М.Мәметова көшесі, 111-үй) жолығуыңыз қажет екенін назарыңызға саламыз. Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы; ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы; «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы;


09.06.2014

Канатова Лаура

Біздің үйдің подвалына жыл бойы "Баты Су Арнасы" боқ суларын ағызып келеді, соңғы рет 2,5,9 июнь айында тағы да боқ суларын ағызуда, жыл бойы сіздер менің арызымның тек қана шындығын дәлелдеумен келесіз, ал көрсетілген серіктестікті ескертумен ғана келесіз, КСК ның айтуынша серіктестік суын сордыртып қаптарланған боқты тазартпайды, дейді сонда бұл блогтың не пайдасы бар, әкімнің тіптен боқтан арылтуға күші келмесе ол не істеп отыр." Батыс Су Арнасының " жұмыс кемшілігін әрі қарай жалғастырады және оған ешқандай тосқауыл жоқ менің сізге жазуымда бос әуре ме?

Ответ:

Құрметті Лаура! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтініштеріңіз бірнеше мәрте тексерілді. Тексеру нәтижесінде 4 шағынаудан 32 үйдің ауладағы кәріз құдығының бітеліп қалуы салдарынан үй жертөлесіне кәріз сулары жиі кететіні анықталды. Күні бүгінге кәріз жүйесі қалыпты жұмыс атқарып тұр. Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы тарапынан «БатысСуАрнасы» ЖШС-не 4 шағынаудан 32 үйдің кәріз суларын қашыртқылау жүйесі жұмысын жолға қою үшін қажетті шаралар алу жөнінде хат жолданды. Алдағы уақытта аталған жағдай қайталанатын болса барлық келтірілген шығынды өндіріп алу үшін БатысСуАрнасы» ЖШС сотқа беру жөнінде «Болашақ» пәтер иелері кооперативінің төрағасына ұсыныс берілді.


blog_akima