Әкім блогы

Сұрақ жауап

14.07.2014

Шамгон Болат Александрұлы

Ассалаумағалейкүм Алтай Сейдірұлы! Біздің Арман ықшамауданынан жер алып, үй салғанымызға да 10-жылға таяп қалды, бізді ең басты қинайтыны жол мәселесі және балабақша. 220 орындық балабақшаның орны бос жатыр, бізге жыл сайын келесі жылы деп жауап қайтарады. Сәл жаңбыр жауса, өзіміз жұмысқа, балаларымыз мектепке жете алмай қатты қиналамыз. Бір шақырымға жетер жетпес жол салу қиын болса, биыл Ахмет Байтұрсынов көшесіне жол салынады делінді ғой, ең болмаса сол көшеге шығатын тротуар салынуына көмектесуіңізді сұраймыз. Күні кеше бой көтере бастаған көпқабатты үйлердің жанына балабақша салынуда, ал біздер бірнеше жылдан күтудеміз, балабақшаның тез салынуына да көмектессеңіз екен. Бұған дейін бірнеше рет арыз жазып, тиісті мекемелерге тапсырдық, алайда нәтиже болған жоқ.

Ответ:

Құрметті Шамгон! Сіздің қала әкімінің блогына келіп түскен сұрақтарыңызға, Орал қаласының әкімдігі келесі мәліметтерді жолдайды: Ағымдағы жылы қала әкімдігімен жалпы ұзындығы 40 км жолдарды жөндеу жоспарлануда, жұмыстарды жүргізу кезінде магистральді және орталық жолдарға, сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысы жүзеге асырылатын жолдарға баса назар аударылады. Аталған жолдардың қатарында Орал қаласы, Зачаганск кентіндегі Жакупов көшесінен Айтқұлов көшесіне дейінгі Байтұрсынов көшесін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жоспарланып жатыр. Жұмыстарды жүргізу кезінде қатты төсем орнату, жол жиегін бекіту, арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Байтұрсынов көшесіне шығатын жаяу жүргіншілер жолын салу жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылмаған, сондықтан аталған жұмыстарды жасауға мүмкіндік жоқ. Алайда, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, аталған жұмыстарды мүмкіндігінше жасау мәселесі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, аталған шағынауданда балабақша құрылысы 2014 жылға жоспарланбағанын хабарлаймыз.


10.07.2014

Рамазанова Лаура

Сәлеметсіз бе Нұрлан Асқарұлы! Мен екі баланың анасымын. Мен балабақша кезегі жөнінде білгім келеді. Біз №30 Гүлдер балабақшасында кезекте тұрмыз. Кезегіміз тіпті де жылжымайды. Жыл сайын балабақша салынуда және әр жылы түлектер шығып, орнына балалар алынып жатыр. Биылғы жылдың кезегіне де ілікпедік. Алдағы жылы үлкен қызым мектепке барады, сонда мемлекеттік балабақшаға баруына деген ешқандай мүмкіндік жок па? Қазір екі баламды да жеке балабақшаға беремін. Өзімнің бар тапқаным солардың айлық ақысын төлеу. Үйде отырып бала бағуға болады, бірақ баланың ортаға бейімделгенін қалаймын.Тағы бір сұрағым балабақшаға 3 жастан бастап қабылдайды ма?

Ответ:

Құрметті Лаура! Сіздің балабақша кезегі туралы өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Орал қаласының білім беру бөлімінде Сіздің балаларыңыз туралы мәлімет жоқ болуына байланысты, кезектерін анықтау мүмкіндігі жоқ екенін, және анықтама алу үшін Сіз білім беру бөлімінің мектепке дейінгі қосымша білім берумен тәрбие жұмысы секторына (№ 8 кабинет) жолығуыңыз қажет екендігін хабарлаймыз. № 30 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйым жарғысына сәйкес балаларды 3 жастан қабылдайды.


08.07.2014

Александр Огай

Уважаемый Алтай Сейдирович! Обратиться к Вам меня побудила боль! точнее боль за наш государственный язык. Я как гражданин Нашей страны хочу получать в родном городе все услуги на государственном языке хочу видеть визуальную информацию на государственном языке Ведь государственный язык это фактор единства это вещь которая объединяет людей! а посмотрите у нас как все вверх дном в банк зайдешь тебе на русском, туда позвонишь тебе на русском, недавно звонил в один банк так мне там не могли название банка сказать на государственном языке! а что твориться в маршрутных автобусах? там не то что объявляют остановки на русском языке там даже говорят названия остановок которых не существует, Революция, Облисполком,И.т.п. Почему нам не взять мерилом Астану там то за короткое время навели порядок в этом направлении. Почему нам не одеть в униформу кондукторов и водителей? Ведь как приятно когда одетый в униформу кондуктор обьявляет на государственном языке например остановку Ахмедияр Батыра? Мне стыдно потому что мои друзья из других стран говорят что чувствуют себя здесь как в одном из городов России где проживают много казахов. С надеждой на движение вперед А.Огай

Ответ:

Уважаемый Александр Огай! Мы рады приветствовать Вас на своем блоге! На Ваше обращение сообщаем, что акиматом города Уральска в настоящее время проводится полномасштабная работа в сфере развития языков. Постановлением акимата города Уральска от 27.06.2014 года № 1639 была утверждена городская программа на 2014 - 2016 годы по реализации Государственной программы развития и функционирования языков. В целях организации мероприятий нами направлены письма руководителям государственных предприятий, директору филиала Национального банка в Западно-Казахстанской области. По вопросу внедрения единой униформы для водителей и кондукторов, объявления остановок на государственном и русском языках в общественном транспорте сообщаем, что руководителю ГУ «Отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог г.Уральска» было дано отдельное поручение по устранению нарушений в оказании услуг перевозки пассажиров на городских маршрутах согласно Правилам перевозок пассажиров. Очень признательны Вам за патриотизм, за активную гражданскую позицию.


17.06.2014

Давлетова Балжан Бахыткал

Здравствуйте, Уважаемый аким города Уральск. Я с 2009 года стою в очереди на землю. Когда сдавала документы сказали список можно узнать в интернете через сайт. Но список очередей на землю на сайте не открывается, просмотр не доступен. Как я могу узнать очередь? Заранее спасибо

Ответ:

Уважаемая Балжан! Ваше заявление, поданное 20 апреля 2009 года для получения земельного участка под индивидуальное жилищное строительство (далее ИЖС) зарегистрировано в специальном учете под № Д-202. В настоящее время номер Вашей очереди -42387. В соответствии со ст.44 п.8 Земельного кодекса Республики Казахстан «...При испрашиваении земельных участков для индивидуального жилищного строительства заявления (ходатайства) граждан берутся на специальный учёт и удовлетворяется по мере подготовки площадок для отвода либо при наличии свободных территории, используемых для индивидуального жилищного строительства». В соответствии п.8-1 Постановления Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года №726 «При наличии подготовленных площадок для отвода под индивидуальное жилищное строительство, местный исполнительный орган... на основании очередности поступивших заявлений (ходатайств) о предоставлении земельного участка формирует список граждан...» Предоставление гражданам земельных участков для индивидуального жилищного строительства не целесообразно без подведения к разработанной площадке соответствующей инфраструктуры инженерных сетей, коммуникации и дорог общего пользования, строительство которых требует большого количества времени. На основании утвержденного генерального плана будут разработаны проекты детальной планировки для развития ИЖС в комплексе социальной инфраструктуры. После строительства инженерной инфраструктуры будет рассмотрен вопрос о продолжении работы по выделению земельных участков согласно очередности. Касательно списка очередников на землю на нашем сайте сообщаем, что возможно на Вашем компьютере устарело программное обеспечение или не установлен архиватор (в данном случае необходимо установить на компьютер WinRAR, WinZip, 7-Zip или другие архиваторы).


13.06.2014

Гулзира Кенжегарина

Құрметті әкім! Сізден "қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы білгім келеді. 50 пайызы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілсе, 50 пайызы тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандарға беріледі делінген. Сонда кезекте тұрғандарға қалай беріледі, конкурс бола ма? әлде кезекпен беріледі ме?

Ответ:

Құрметті Гулзира! Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына еңгізілген өзгерістер мен толықтырыулар туралы 2014 жылғы 31 наурыздағы № 286 қаулысына сәйкес «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шенберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша тұрғын үй», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы- тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуына қойылатын талаптар. 1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша тұрғын үй», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы- тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді: 1) I топ: «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдардың санаты. I топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытына, «КИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарына қатысады. 2) II топ: адамдардың барлық санаты, оның ішінде «ҚИК» ИҰ» АҚ» тұрғын үй» бағыты бойынша басым санаттар: мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері; мынадай әлеуметтік салада: косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету; мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында қызметтер көрсету; ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет және өнер (шоу-бизнесті қоспағанда) саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кез келген меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері болып табылады. ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша басым санаттар белгіленбей, IІ топтағы барлық адамдар санаты қатысады; 3) III топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар: кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы. 9. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді: 1) «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша: I топтағы қатысушылар үшін 50 %; IІ топтағы қатысушылар үшін 50 %. Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді. ЖАО мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, осы қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі. I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ЖАО бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді. ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді ЖАО-ға береді. І және ІІ топтан үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде жазылған тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін осы кіші бөлімнің 4-тармағының 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Сондықтан, жоғарыда баяндалғандар негізінде, кезекте тұрған мұқтаж топтарына жататын азаматтарға кезегі бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шенберінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысу үшін берген өтініштердің негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының ішінен қалыптастырады. Сіз тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына (мекенжайы: Орал қаласы, М.Мәметова көшесі, 111-үй) жолығуыңыз қажет екенін назарыңызға саламыз. Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы; ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы; «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы;


09.06.2014

Канатова Лаура

Біздің үйдің подвалына жыл бойы "Баты Су Арнасы" боқ суларын ағызып келеді, соңғы рет 2,5,9 июнь айында тағы да боқ суларын ағызуда, жыл бойы сіздер менің арызымның тек қана шындығын дәлелдеумен келесіз, ал көрсетілген серіктестікті ескертумен ғана келесіз, КСК ның айтуынша серіктестік суын сордыртып қаптарланған боқты тазартпайды, дейді сонда бұл блогтың не пайдасы бар, әкімнің тіптен боқтан арылтуға күші келмесе ол не істеп отыр." Батыс Су Арнасының " жұмыс кемшілігін әрі қарай жалғастырады және оған ешқандай тосқауыл жоқ менің сізге жазуымда бос әуре ме?

Ответ:

Құрметті Лаура! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтініштеріңіз бірнеше мәрте тексерілді. Тексеру нәтижесінде 4 шағынаудан 32 үйдің ауладағы кәріз құдығының бітеліп қалуы салдарынан үй жертөлесіне кәріз сулары жиі кететіні анықталды. Күні бүгінге кәріз жүйесі қалыпты жұмыс атқарып тұр. Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы тарапынан «БатысСуАрнасы» ЖШС-не 4 шағынаудан 32 үйдің кәріз суларын қашыртқылау жүйесі жұмысын жолға қою үшін қажетті шаралар алу жөнінде хат жолданды. Алдағы уақытта аталған жағдай қайталанатын болса барлық келтірілген шығынды өндіріп алу үшін БатысСуАрнасы» ЖШС сотқа беру жөнінде «Болашақ» пәтер иелері кооперативінің төрағасына ұсыныс берілді.


05.06.2014

Гумарова Дилара

Здравствуйте! Мы жители дома Жана Орда 7 участники программы "Доступное жилье" очень просим Вас обратить внимание на нашу проблему, которая никак не решается уже несколько месяцев: с весны в подъездах нет света и нет лифта, пожилым жильцам да и многим живущим в этом доме очень трудно подниматься на высокие этажи, вечерами нет освещения в подъездах. Хотели бы узнать когда будет точная дата подключения света и лифта, а если не подключат то хотя бы что нужно сделать жильцам чтобы ускорить этот процесс?

Ответ:

Уважаемая Дилара! На Ваше обращение по вопросу подключения лифтов и освещения в подъезде сообщаем, что в данное время Отделом жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог г.Уральска оформляются необходимые документы для получения разрешения на электроснабжение дома. До 30 июня текущего года места общего пользования в Вашем доме будут подключены к электроснабжению.


04.06.2014

Сауле

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Мен сүйікті Орал шаҺарының тұрғыны ретінде қаланы көгалдандыру -көркейту мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен қала әкімдігінің жүргізіп жатқан жұмыстарын көріп қуанып, ризашылық сезіммен пікірімді жолдап отырмын. Биылғы жылы қала орталығындағы бірнеше көшелердің тозығы жетіп сәнін кетірген асфальттардың орнына жаңа асфальт төсеу жұмыстарының жоспарланғаны қуантарлық жәйт. Сондай-ақ, жасыл көшеттер, мәңгі жасыл шырша, қарағай ағаштарын отырғызу жұмыстарының жүргізіле бастағаны тұрғындар үшін, қаламыздың әдемілене түсуі үшін игілікті шара болды. Биылғы жылы алғаш рет биылғы жылы 1 мамыр мерекесінде алыстан көз тартып тұрған қала әкімдігі ғимаратының безендірілгенін көргенімде, бұл жауапкершілікті сезінген үлкен қасиеттен туындаған, әр адамға ой салатын, өзгеге үлгі болатын мерекеде мерейіңді өсіріп жаныңды қуанышқа бөлейтін іс болды деп түсіндім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей тазалық табалдырықтан басталатынын білетін тұрғындар ауласының жан-жағын жинақтап қаланың тазалығын сақтауға үлес қосып, халықтық жұмыс екенін сезінуі керек. Былтырғы жылы қаламыздың сәнін кетіріп көшелерге ілініп қойған қоқыс қалдықтарын салатын көк түсті пакеттерден құтқарғаныңыз үшін қуандық. Тағы бір айтайын дегенім, қала маршруттарындағы автобустарындағы жасы үлкенді - кішілі кондукторлардың (бәрі бірдей деуден аулақпын) таныс жолаушыларымен салонда эстетикалық, этикалық тәрбиені естен шығарып, дауыстарын көтере даурыға әңгіме айтқан қылықтарын көріп ұялатын күндер болады. Әр түрлі ұзынды - қысқалы киінген, аяқтарында тапочка, бастарындағы бейсболкаларын сән көріп теріс қаратып киген, ауыздарындағы сағыздарын үріп тұрған кейбір жастардың мәдениетсіз қылықтарын көретін сәттер кездеседі. Осы кезде 30 жыл бұрын студент кезімізде кондуктарлардың киген көк түсті арнайы формасымен, ақ көйлегі, аты-жөндері жазылып тұратын бейджик таққан күндерін қайтадан қалпына келтірсе ғой деген ой еріксіз мазалайды. Мен өз басым туған өлкеміздің патриоты ретінде мәдениеттіліктің үлкен үлгісін танытуды талап ететін бұл жағдайды ұсақ-түйек мәселе деп қарай алмаймын. Осыған орай, Сізден өтінішім мүмкіндік болса ел игілі үшін қызмет көрсетіп, қоғамды дамытуға үлес қосатын қала маршруттарындағы кондукторлардың арнайы формасын ендіруге қолдау көрсетіп ықпал етуіңізді сұрап ұсыныс білдіремін. Еңбегіңізге табыс тілеймін.

Ответ:

Құрметті Сауле! Біз Сізге блогымызға өзіңіздің белсенді азаматтық көзқарасыңызды көрсеткеніңізге алғысымызды білдіреміз. Сіздің қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шын пейілмен жеткізген ұсыныстар мен ескертулеріңізді орынды деп есептейміз. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес қоғамдық көлік кондукторы формалық киімде тегі, аты, қызмет көрсетуші тасымалдаушы кәсіпорынның атауы көрсетілген бейдж тағып, таза киінуге және аялдамаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауға міндетті. Бұл мәселе бойынша бірнеше рет тасымалдаушылармен отырыс өткізілді. Өкінішке орай, Сіз өтінішіңізде баянданған фактілер әлі күнге дейін орын алып отыр. Сондықтан да аталған бұзушылықтарды жою және жолаушылардың сыпайы қарым – қатынасы мәселесі бойынша кондукторлармен тиісті түсінік жұмыстарын жүргізу үшін Сіздің хатыңыз тасымалдаушы басшылардың назарына жеткізілді. Алдағы уақытта осы мәселе бойынша тасымалдаушы мекемелермен отырыс өткізілетін болады.


03.06.2014

Молдалиева Айдана

Сәлеметсізбе Алтай Сейдірұлы! мен мына мәселе бойынша өзіңізге сауалым бар казір жаз мезгілі өзіңіз білетіндей көктем айларында шыбын шіркейге карсы улау жұмыстары жүргізіледі. бірақ биыл бұл жұмыстар жүргізілмеген сияқты, маса деген масқара көп тіпті адам кешкісін жүріп тұра алмайды өзіңіз білесіз ауыл аймақтарда адамдар бақшаға, малға қарайды кешкісін бұл жұмыстардын біреуінде жасау мүмкін емес мынандай масадан. балдарымызды күндіз күн ыссы деп сыртқа шыгара алмаймыз кешке масадан шығара алмаймыз 1 айдын жүзі болған шығар балдарымызды сыртқа емін еркін ойнауға шығармағанымызға.1 жұма ішінде БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаментніне 9 рет хабарластым 51-17-25 нөміріне мамандар жауап бермиді қанша хабарлассамда жауапты маман жоқ деген жауап естимін. осы сұраққа нақты жауап беретін бір адам барма қашан қай уақытта улау жұмыстары жүретінін айтатын әлде жаз бойы осы масалармен арпалысып жүремізба. Жауабыңызға алдын-ала РАХМЕТ!

Ответ:

Құрметті Айдана! Ағымдағы жылдың сәуір айының соңынан бастап шыбын-шіркейге қарсы жалпы улау жұмыстары басталды. Қанаттанған шыбын –шіркейге қарсы улау жұмыстары 15 мамыр айынан бастап аспалы шашырағыш бүріккішпен 60 га жер, жер үстін улау жұмыстар «Жылу генераторлық қондырғы «ТМС-65», тракторымен күні бүгінге дейін жасалуда. Барлық улау жұмыстары жер үстінен улаумен жасалуда. Шыбын –шіркейдің көбеюіне байланысты жер үстін улауға қосымша 2 бірлік шашушы техникалық қондырғылары берілді. Шыбын- шіркейге қарсы жұмыстар жалғасуда. Осы мәселе бойынша уәкілетті органдары БҚО тұтынушыларды қорғау департаменті (т.51-27-66) және «Фитосанитария» (т.26-07-01, 26-07-04) ӨШВ РМК болып табылатынын қаперіңізге береміз.


30.05.2014

койбагарова гульнар кожаг

Салеметсизбе мен уш баланын анасы ажыраскам жолдасыммен.2ши балам бала жасындагы мугедек, баламнын денсаулыгына байланысты калада патер жалдап турып жатырмын. Турып жаткан патеримде сыйрыс балдарым салкын туссе ауырып кала береди отынды сатып алам кыста , суды тасып алам алыстан. Баска патер жалдауга жагдайым котермейди жанеде баламен ешким узакка жибермейди. Мен 2012 жылдан бери мугедек баламмен патер кезегинде турам кезеги жылжымаган 582 мен озгериссиз келеди. Сизге деген отинишим баспанага комектесуынызди отининемин.

Ответ:

Құрметті Гүлнар! Сіз 2012 жылы 7 желтоқсанда мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылардың тізіміне 614-ші нөмірмен кезекке алындыңыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 568. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қәзіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13236 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең болінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөлып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер Сізге кезек бойынша беріледі.


790 нәтижелер 790
blog_akima