Әкім блогы

Сұрақ жауап

17.04.2019

Сагирова Айнур Алтаевна

Құрметті қала әкімі мен оның орынбасарлары Некрасов пен лермонтова көшелерінің қиылысындасы қоқыс жәшіктерің тағы да басқа орынға тіпті болмаса сол жерге тек жүретін жолымыздан ары қарай орнатуынызды сұраймыз. Бұл қоқыс жәшіктері асып тасып айналасындағы аумағын бәрін басып кетті. Бізге жүруге кеселдігін келтіреді.Жәшіктерді күнделікті босатқанмен айналасын трактормен жинайтын қызметкерлер толық жинамай жартылай жинап кетеді,сол себепті қоқысты жәшікке рақтыруға жетпей халық айналасына жете алмай тастай салады. Сондай ақ қасына су қорғау аймағы деп қоқыс аланын тап қасына орналастырған және жергілікті адамдардын шығып кіруге жолын бөгеп орнатқан адамдарға ренішіміз орынды, өйткені бала-шағамызбен мусор баспай үйімізден шыға алмаймыз, самосвал келсе жанынан өтуіміз өмірімізге қауіп төндіреді. Ал Жайық жағасы толған ұшкан пакет-қағаз және басқада шірімейтін қатты қоқыстар. Құрметті қала әкімшілігі Некрасов және Лермонтов көшелерінің қиылысындағы қоқыс алаң тазалығы мен оның орынды толық жиналғанын қызметкерлерден талап етуінізді сұраймын. Қоқыс алаңың басқа жерге болмаса ары қарай көшіруге мүмкіндік бар ма?

Ответ:

Құрметті Айнур Алтаевна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай қоқыс контейнерлері аталған аудан тұрғындарының қажеттілігі үшін орнатылғандықтан және басқа көшіру орнының болмауына байланысты, қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалықтарға арналған контейнерлерді көшіруге мүмкіндік жоқ екенін хабарлайды. Сонымен қатар, аталған орын су қорғау аймағына жақын орналасқандықтан, құзырлы мекемелерге қоқыс контейнерлері алаңын уақытылы тазалап тұруға нұсқау берілгенін қосымша хабардар етеміз.


11.04.2019

Тулепберген пайдин

Үй кезегіне койуына сураймын 4 баламен соңғы еки кызым егиз 6ай толды 14 жыл бойына кв жалдап келемин.озим жумыс жасаймын жубайым баламен отырады сол бир баспана болса екен деймин

Ответ:

Құрметті Тулепберген! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз - Орал қаласы әкімдігінің электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепке тіркелмегенсіз. 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" (әрі қарай-Заңның) Заңының 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген Заңның 67, 68-баптарының санаттарына сәйкес келген жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне есепке тұра алатындығыңызды хабарлаймыз. Тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолыға аласыз. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй.


09.04.2019

Танатарова Венера

7-20-25 бағдарламасы бойынша ақпарат қажет, қайда, кімге жолығу керек

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз 2015 жылы 22 маусымда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаты бойынша 7100-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда кезектегі нөміріңіз - 5483 . Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезегі бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми интернет - ресурсында немесе call-орталығы (http://www.nationalbank.kz) және «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ» (http://baspana72025.kz) мәлімет алуға болады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша Орал қаласында екінші деңгейдегі «АТФ Банк» АҚ., «Банк Центр Кредит» АҚ., «Цеснабанк» АҚ., «Евразиялық банк» АҚ., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ., «ForteBank» АҚ., өз жұмыстарын бастады. Толық мәліметті аталған банктерден алуыңызға болады.


09.04.2019

Сәбет Жансая

29 жасқа дейінгі жастарға жалға тұрғын үй беру мәселесі бойынша сұрайын деп едім.Орал қаласында осындай мүмкіндіктер болама?

Ответ:

Құрметті Жансая! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіз (азаматша Сәбет Жансая Қайырхожақызы) 2018 жылы 29 қазанда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің «мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша 9543-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз – 9414 (отбасы құрамы 2 адам). Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезегіңіз бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған азаматтардан өтініштер қабылданып жатырған жоқ. Аталған бағдарлама бойынша құжаттар қабылданған уақытта әлеуметтік желілерге instagram: uralskakimat (ресми парақшасы), wwwuralsk.kz/. ресми сайтында жарияланатын болады.


08.04.2019

Куракова Жанар

Саламатсыз ба. Баланы неше жастан бастап футбол секциясына қабылдайды?

Ответ:

Құрметті Жанар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Бүгінгі таңда Орал қаласында балаларға арналған «Ақжайық» футбол клубы, «Санлин» футбол академиясы және «Кидс Орал» футбол клубы жұмыс жасайды. 1. «Ақжайық» футбол клубы. Мекенжайы: Құрманғазы көш. 179/5. Тел: 54-57-43, 54-19-95. 2. «Санлин» футбол академиясы, 4-16 жастағы балаларды қабылдайды. Мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы, 194 А. Евразия спорт залы. 3. «Кидс Орал» футбол клубы, 4-12 жастағы балаларды қабылдайды. Мекенжайы: Сарайшық көш. 25/2А. Футбол секциясына жазылу үшін жоғарыда көрсетілген мекенжай мен байланыс телефонына хабарласа аласыз.


05.04.2019

Иманғалиева Айым

Мен Иманғалиева Айым.2балам бар.өзім қазір бала күтімінде отырмын.жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ.үйіміз жоқ.бізге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілеме?

Ответ:

Құрметті Айым! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Cізбен телефон арқылы хабарласу барысында, мекенжай бойынша Орал қаласында тіркеуде тұрғаныңызбен, қазіргі уақытта Жаңақала ауданында тұрып жатқаныңызды және сол ауданнан жолдасыңыз Уразаев Ержанға жұмыс қарайтындығыңызды жеткізген болатынсыз. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жеке басын куәландыратын құжат; еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Сізге «Жаңақала ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолығып, тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқу курстары және атаулы әлеуметтік көмек туралы түсінік-кеңес алуға болатындығын ескертеміз. Толық мәлімет алу үшін Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайы немесе 8 (7112) 30-37-18, 30-35-68 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.


01.04.2019

Ка?арман Не важно

Сәлеметсіздер ме! Мәдениет және спорт министрлігінің құқықтық-геральдикалық басқармасы облыс, қалалардың әкімдік және мәслихат шешімдерімен қабылданған қала гербтерінінің ресми мәртебеге ие бола алмайтынын айтты. Қаншалықты заңды, Орал қаласының гербі заңсыз болып шықты ма?

Ответ:

Құрметті Ерлан Шаяхметұлы! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, 2002 жылы Орал қаласы гербінің ең үздік жобасына конкурс өткізілгендігін хабарлаймыз. Қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі А. Б. Райкулованың Орал қаласы гербінің ең үздік жобасы конкурсының нәтижелері туралы ақпаратын тыңдап және талқылап, әкімдіктің 11.07.02 жылғы №462 Қаулысымен конкурстың қорытындысын шығару үшін құрылған комиссия ұсынылған жобаларды іріктеу және зерделеу бойынша жұмыс жүргізді. Осығай орай, Орал қалалық мәслихаты мен Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы бірлескен шешіміне сәйкес және Орал қаласы гербінің ең үздік жобасына 02.09.2002 жылғы №3 конкурс отырысының негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31 баптарына сәйкес қала Гербі бекітілгенін хабарлаймыз (2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы, мұрағаттық нұсқасы).


01.04.2019

Қанатқалиұлұ Нұргелді

Сәлеметсізбе 2-ші топ мүгедектеріне жекешелендіруге болама болмайма жолдарын айтсаңыз

Ответ:

Құрметті Нұргелді! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабының 8-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйлерді «1 және 2 топтағы мүгедектер» санатындағы азаматтар меншігіне тегін алуға құқылы деп көрсетілген. Сонымен қатар, аталған Заңның 13- бабының 9-тармағына сәйкес азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы. Сондай-ақ, осы Заңның 10-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды; Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса; жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды көрсетілген. Қосымша ақпаратты Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен келесі мекенжай бойынша алуға болады: Орал қ., Некрасова көш. 30/1 үй.


29.03.2019

Балжан Нургалиева

Сәлеметсізбе әкімшілік. Асан ауылында қанғып жүрген иттер өте көбейіп кетті, соған орай бір шешім қолдауыңызды сұраймын. Өйткені 57 жастағы адамның, таңертең жумыска жетуіне кедергі келтіреді. Сол иттердің кесірінен такси шақыруыма тура келеді. Тіпті өзімнің қоршаулы тұрған есіктің алдына, балдарыммен шыға алмай отырмын. Дәл қазір өзімнің үйінің алдында, калитканың ішінде 4 ит жүр.

Ответ:

Құрметті Балжан! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Асан ауылы Айтиева көшесі, 11а үй мекенжайы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын Бәйтерек ауданының ветеринария бөлімі атқарады. Орал қаласы бойынша қаңғыбас (иесіз) иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны атқарады. Кәсіпорын мекенжайы: Мясокомбинат көшесі 7/1; Жұмыс телефоны: 27-50-65


28.03.2019

Райгуль Тасбулатова

Салеметсизбе,мен уш баламмен жалгыз озим патер жалдап турамын,киши кызым 1 жаста,кыстан тек волонтёрлар комегимен азердеп шыктык,патерге иним азер толеп отыр,жолдасым кыстай алимент толемеди,отыргыза бер диды,еш табыс жок,жумыска енди шыгам,онын акшасы барибир патерге кетеди,енди мына пособие алу ушин,прописка кажет деп жатып,Нур Отанга барсам олда солай деп отыр,кожайын отыргызгысы келмейди,себеби биз уакытша турып жатырык,не истеуге болады,менде прописка Зеленовский р-н,маган комектесинизши,баска амал жок,енди телевидение ге барудан баска,с сосын балама мини центрга акшам жок,осы жонинде комек болмайма,барып журген,казир акша жок,барам деп жылайды,не амал!

Ответ:

Құрметті Райгуль! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, адам өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2019 жылдың ІI-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 20789 теңге. Жоғарыда аталғандардын негізінде атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген мекенжайы бойынша тағайындалады. Осыған орай, Бәйтерек ауданының әкімдігіне жолығуыңызды сұраймыз. 2007 жылғы 12 қантардағы ҚР-ның №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда шағымдануға құқылысыз.


28.03.2019

Аяпов Хайрулла

Сәлеметсізбе?! Мен Аяпов Хайрулла Зачаганск кенті мкр Арман, Бисенов көшесінің тұрғыны, сұрағым...Биыл яғни 2019жылы мкр "Арман" Қ.Жумалиев, Б.Бисенов көшелеріне тас жол салу жоспарда барма немесе жалпы мкр Арманға? 22 жыл болды батпақ кезіп жүргенімізге әсіресе көктем және күз айларында өте қиын! Салынса қашан, салынбаса неліктен? "Құтты мекен", "Ауыл- Ел бесігі бағдарламаларын қашан қолданасыздар? Рахмет!

Ответ:

Құрметті Хайрулла! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Бисенов көшесі жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жоқ, сондықтан қажетті қаражат бөлінген жағдайда абаттандыру жоспарына еңгізілетін болады. Сонымен қатар, Арман шағынауданы бойынша Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жобалар дайындалған. «БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Жақыпов көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін Қ.Жұмалиев көшесінің жолын қайта құру», «БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Айтқұлов көшесінен Жақыпов көшесіне дейін Жұмабаев көшесінің жолын қайта құру», «БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Айтқұлов көшесінен Шанин көшесіне дейін М.Дулатов көшесінің жолын қайта құру», «БҚО, Орал қаласы Зачаган кентіндегі Иманғазиев көшесінен Жақыпов көшесіне дейін Аймауытов көшесінің жолын қайта құру» нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Аталған жобалар қаражат бөлінген жағдайда 2019-2020 ж.ж. жүзеге асыру жоспарлануда. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңынын 12-бап сәйкес «Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi».


26.03.2019

Хаимулдина Салтанат

Cәлематсыз ба. Менің жолдасым Хаимулдин Қ "Алтим" құрылыс компаниясы 5 айдан бері ақша бермеді.Екі балам пед.институтта ақылы бөлімінің 1 және 3 курсында.қызым 20 000 жеке әзірлік тобына барып жүр.Мен қыстай жалақымды ештеңеге жеткізе алмай әбден тозып кеттім. институттың ақысы, коммун услугалар жабылмай тұр.Оның үстіне кредит тағы бар,айнала қарыз болдық. Осы жағдайдан шығуға көмектесуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Салтанат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (24994 теңге/тоқсан сайын өзгереді) төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Сіз «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне біржолғы әлеуметтік көмек алуға жолықпағансыз. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады. Біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет берілетіндігін қосымша мәлімдейміз. Қосымша мәлімет алу үшін Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 161үй мекенжайы немесе 8 (7112) 93-35-66, 93-35-62 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.


26.03.2019

гаухар оразбекова

Саламатсыз ба?Мерекелеринизбен!!!ауылдык жерде турамын, 2010жылы жер кезегине тиркелдим,кезегим жылжып жатырма екендигин билгим келген,сайт аркылы каралынбайды,ауылдык жерде жумыста болгандыктан,калага демалыс кундери келемиз,улгери алмаймын ешкалай...калай билуге болады???

Ответ:

Құрметті Гаухар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2010 жылы 06 қазандағы №О-30 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 49002. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


26.03.2019

Мендибаева Жаркынай

Саламатсыздар ма!Менин сиздерден комек колын созуынызды сураймын. 16 кошеде орналаскан кокыс жашигин жана жылдан кейн калган толык кокысын тогип,алып кеткен.Коршимнин айтуы бойынша мектеп касына косымша орнаткан деди.Басында 3 кокыс жашиги болды.Сонынан 2уи калган.Казир ода жок.Жолшыбай отип жаткан машиналардан кокыс лактырылад.Казирги жагдайына уайымдап отырмын.Биздерге сол кокыс аланын жинактауга жане кокыс жашигин беруге комек колын соссаныз жаксы болар еди.Деркул акиматы хабардар,бирак ешкандай шара жок.

Ответ:

Құрметті Жаркынай! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Орал қаласының әкімдігі аталған мекенжай Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен тексеріліп, нақты шешім қабылданатынын хабарлайды. Қажет болған жағдайда, Сізбен аталған мекенжай бойынша контейнерлер орнату мүмкіндігі қарастырылатын болады.


26.03.2019

Ринат Мералиев

Шабындық қа жер теліми ауылдан қанша шақырым нан бастап бериледи

Ответ:

Құрметті Ринат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей мәлімдейміз: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 26-бабына сәйкес азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық елді мекендер шекарасы шегіндегі жайылымдық және шабындық алқаптар берілмейді делінген. Жоғарғы аталғандардың негізінде, жайылымдық және шабындық алқаптар облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық елді мекендер шекарасынан тыс беріледі.


20.03.2019

Инабат Иманкулова

Салеметсизбе акимшилик.менин сурайын деген отинишим жас отбасымыз 1 балам бар.Жолдасым жумыссыз.Озим диплом алганыма 1 жыл болды туракты жумысым жок.Жастар практикасымен 6 айлык жумыс истегем.казир жумыссызбын.битирген мамандыгым бастауыш мугалими.Уйленгенимизге биыл тамыз айында 3 жыл болады.Не уйимиз жок не жумысымыз жок. Ауылдагы атамыздын уйнде турып жатырк казирги танда.Ауылда жумыс жок жолдасым екеумизгеде.Енди калага барып жумыс жасагымыз келеди баламды жеке меншик балабакшага берип,бирак басымызда баспанамыз болмай тур.Сол жагынан комек сураймын.Баспана алуга комектессениз казирги танда жастарга мемлекеттик тургын уй багдарламалары бар екен бирак калай алатынын билми турмын.Тургын уй алуга комек корсетсениз.Рахмет

Ответ:

Құрметті Инабат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз: Сіз ( аз. Инабат Иманкулова) - Орал қаласы әкімдігінің электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепке тіркелмегенсіз. 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" (әрі қарай-Заңның) Заңының 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген Заңның 67, 68-баптарының санаттарына сәйкес келген жағдайда Сіз тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне есепке тұра аласыз. Тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолығуыңыз қажет. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй. Қосымша ақпарат алу үшін Орал қаласының ТҮКШжТҮИ бөліміне (Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1, 6,7-бөлме, байланыс тел.: 50-64-31, 93-33-64) жолығуыңызға болады. Сонымен қатар, Сіздің ұялы телефоныңызға хабарласқанда, телефонды жолдасыңыз көтеріп, сіздердің қазіргі таңда тұратын мекен-жайыңыз Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Коныр ауылы болып анықталды. Сондықтан Сіз тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыс туралы Жұмыспен қамту орталығына жолығуыңыз сұралады.


18.03.2019

Қуандықова Күнсұлу

Смарт уральск деген приложениеде жер тізіміндегі кезегім шықпайды да,осы сайттағы списокта бар екен. Неге ана приложениеде көрсетпейді? Тізімде тошно бармыз ба сонымен?

Ответ:

Құрметті Кунсулу! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Сіздің 2007 жылы 06 қарашадағы №К-3668 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 23417. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


15.03.2019

Айдана Бауыржановна

Құрметті Алтай Сейдірұлы,мен үш баланың анасымын.екінші баламды дүниеге әкелгеннен декіреттік демалыстамын.медбике болып жумыс жасадым.қазир де балаларым кішкентай кіші қызым бир жаста ғана оларды тастап жумысқа шыға да алмай отырмын.қарайтын ешкімім жоқ.Жолдасым Ішкі істер мекемесінде жұмыс жасады бірақ бір жыл бұрын жұмыстан шығып қалды қазір тұрақты жұмысы да тұрақты табысы да жоқ.Призидентіміздің айтқан көмектерінен біз қандайда бір көмек ала аламызба?үйімізде жоқ.Қандайда бір көмек алу үшін не істеу.Мемілекеттен пәтер ала аламызба?

Ответ:

Құрметті Айдана! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2019 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 14849 теңге. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі -бірінші және екінші топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар жатады. Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек тағайындау кезде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылмайды. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Қосымша ақпарат алу үшін Құрманғазы көшесі, 173А, байланыс телефоны: 8 (7112) 30-37-18, 30-35-68, біржолғы әлеуметтік көмек бойынша Достық даңғылы №161 үй мекенжайындағы 15, 16,19 бөлмелерге жолығуға болады, байланыс телефондары 93-35-60, 93-35-65. Екінші сұрақ бойынша (пәтер жөнінде), 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" (әрі қарай-Заңның) Заңының 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) оралмандар; 7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 8) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 10) толық емес отбасылар жатады, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген Заңның 67, 68-баптарының санаттарына сәйкес келген жағдайда Сіз тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне есепке тұра аласыз. Тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін Сіз «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне» жолығуыңыз қажет. Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй, немесе Чагано-Набережная көшесі, 84-үй. Қосымша ақпарат алу үшін Орал қаласының ТҮКШжТҮИ бөліміне (Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1, 6,7-бөлме, байланыс тел.: 50-64-31, 93-33-64) жолығуыңызға болады.


15.03.2019

Алтаева Жайнагул Кайырбаевна

Салеметсіздерме? Қала әкімдігі. Сіздерден сұрайын дегенім сәуірден берілетін бала басына 21мың теңгеге қандай құжаттар жиналу керек екендігін білуіме бола ма? Әрі оны қайда тапсыруға болады.

Ответ:

Құрметті Жайнагул Кайырбаевна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Сізге жәрдемақы бойынша келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2019 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 14849 теңге. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына» сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII-съезінде Ел басы Үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінің 70 пайызға дейін көтеруді және аз қамтылған көп балалы отбасылардың әр балаға 20789 мың теңгеге дейін төменгі төлемдер жасауды тапсырды. Қолданыстағы нормативтік–құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек күнкөріс деңгейінің 70 пайыз төленетін болады. (14849 теңгеден 20789 теңге дейін). Осыған орай 2019 жылдың 1 сәуірінен жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңізге болады. Қосымша ақпарат алу үшін Құрманғазы көшесі, 173 А, телефон 30-41-77, 51-44-93 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.


14.03.2019

Венера Бакишева

Салеметсизбе! Менин билгим келгени казирги уакытта атаулы алеуметтик комекке кужаттар жинау ушин тургылыкты мекен жай болу керекпе?казирги уакытта мен жолдасыммен 4балам Орал каласында патер жалдап турамыз.жолдасымнын табысы жетпиди.атаулы алеуметтик комек кимдерге калай бериледи озим кишкентайымнан ешкайда шыга алмаймын бизге комек керек

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2019 жылдың І-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 14849 теңге. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі -бірінші және екінші топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар жатады. Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек тағайындау кезде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылмайды. Жоғарыда аталғандардын негізінде атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген мекенжайы бойынша тағайындалады.


blog_akima