Әкім блогы

Сұрақ жауап

11.11.2014

Манабвев Кайрат Алимкулов

Ассалаумалейкум Алтай Сейдирович. Мен бизнес ашайын дегем,бирак коптеген киындыктврга тап болдым. Маган спецтехника керек болды .Мен лизингтик компанияларга барсам ,ИП кем дегенде 2 жыл жумыс жасаган болу керек дейдi.Алгашкы жарнасына 30% каражатым бар,ал техниканын багасы 12 млн тенге . Даму фондына бардым,олар тек субсидия бере алады егер мен лизингке техника алган жагдайда .Кандай комек жасай аласыздар ? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Қайрат Әлімқұлұлы! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңіз бойынша Орал қаласының әкімдігі келесіні мәлімдейді: Орал қаласы аумағында орналасқан несиелеу мекемелерінің мақсаты ауыл шаруашылығын қаржыландыру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін, несиелеу мекемелердің жарғыларына сәйкес негізгі талабы ауыл шаруашылығы мақсатында жерлері болуы болып табылады. Орал қаласының әкімдігі - алқалы атқарушы орган болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке беру мәселесі бойынша қызмет көрсетпейтінін хабарлайды.


05.11.2014

Жасулан

Құрметті де аса мәртебелі Нұрлан Асқарұлы! Мен Сайқын ауылының тұрғыны Жасұлан Аліпқалиұлы Хайруллин. Жасым 29-да Білімім орта, мектептен кейін. Інім мен қарындасымды оқытып алайын деп жүріп қалдым. Бірақ өзімнің жақсы көретин жүргізуші маманмын. Аудандарға жаңа автобустар берілген. Өзіңіз білетіндей біздің жолымыздың нашарлығынан автобусымыз шыдай алмай тоқтатылды. Бірақ та, неге Жәнібек, Жаңақала және т/б аудандарында ол автобустар әлі күнге дейін жүріп жатыр? Мениң өтінішім мен арманым, ауылымның адамдарын және қонақтарын бұрынғыдай үлкен автобеспен тасымалдау.

Ответ:

Құрметті Жасулан! Облыс әкімінің атына жазылған сұрағыңыз қала әкімінің блогына түсті. Өтінішіне орай, ауданаралық маршруттарға қызмет көрсету мәселесін қарау Орал қаласы әкімдігінің құзырына кірмейтіндіктен, БҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарап, жауап беру үшін жолданғанын мәлімдейміз.


04.11.2014

Куаталиева Ләззат Мусиров

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Мен 2004 жылдың 28.10. күні жер алуға кезекке тұрған едім. Содан бері 10 жыл уақыт өтті.10 жыл бойы пәтер жалдап тұрып жатырық .Жер алушылардың кезегінде тұрмыз. 2004 жылдың қаңтар айынан маусым аралығындағыларға әлдеқашан жер берілді. Ал қалғандарына жер тізімінде тұрғандарға жер қашан берілетін білгім келеді. Әлде енді жер мүлдем берілмей ме? Нақтысын өзіңізден білгім келеді. Рахмет.

Ответ:


01.11.2014

Сәкен

Ассалаумағалейкум, Алтай Сейдірұлы! Мен Лесовод 3, яғни Хлебзаводтың арғы жағында орналасқан саяжайдың тұрғындарының атынан Сізге хат жолдап отырмын. Есіңізде болар 2011 жылы көктемде Омега, Плодовощной, Омеганың маңындағы гараждар және сол жақтағы саяжайларды су басқан. Ол су кететін шлюздардың істен шыққанының кесірі болған. Ресейден жіберілген су шлюз арқылы ары қарай кету керек еді. Бірақ су кетпей, жағадан тасыған болатын. Осы жағдай қайталанбас үшін сол шлюздардың оңдалуын қадағалауыңызды сұрап отырмыз. Саяжай тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз.

Ответ:

Құрметті Сәкен! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сауалыңызға Шаған гидротехникалық құрылысы түзетілген жағдайда тұрғанын және 2015 жылы тасқын суларды өткізуге дайын екенін хабарлаймыз.


29.10.2014

сауле

Сәлеметсіз бе, Птицефабриканы басқа ауданға ауыстыру қарастырыла ма? Қай жылдары? Өйткені қала кеңейіп келеді, үйлер салынуда, ол аудандағы жағымсыз иіс ыңғайсыздық тудырады.

Ответ:

Құрметті ғаламтор пайдаланушы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге сәйкес, «Орал Құсфабрика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылы құрылып, бүгінгі күні, қала тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Аталған мекемені басқа ауданға көшіру қомақты қаражатты талап етеді. Алайда, қала тұрғындарының жағымсыз иіске шағымданып жазған өтініштері бойынша Орал қаласының әкімдігі, құс тезегін сақтайтын орынды қала аумағынан көшіру үшін жер телімін бөлу қарастырылып жатырғанын хабарлаймыз.


27.10.2014

Усенов Куаныш Саянұлы

сіздерден сұрайтын сауалым бир киоска ашсамба деп едим. сол ушин жерді қалай алуға болады? ол жерді алу үшін қандай құжаттар керек? озімнін тандаған жерім бар, алғаннан кейін мен қандай төлемдер жасаймын? жерді алу үшін қайда баруым керек?

Ответ:

Құрметті Қуаныш! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. ҚР Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сәйкес, «Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi көрсетiлуге тиiс. Толық ақпарат алу үшін Сіз Орал қаласының саулет және қала құрылыс бөліміне жолығуыңызға болады. Бөлімнің орналасқан мекенжайы: Достық данғылы 182/1, 2 кабинет, телефон нөмірі 51-27-29.


25.10.2014

Доскулова Айгуль

Саламатсыз ба! Мен Орал каласында тазалыкта,тыныштыкта тургым келеди!22казанда осы жылдын ЖылуКуат АК-нын адамдары келип тереземнин алдына кул-кокыс контейнерин коямыз деп цемент плитасын, кум, куректерин алып келди. Колдарында еш руксат кужаттары болмады. АК-нын бастыгына Жунисов к.186 ,184,Маметова 54/2уй тургындары болып, "уйлердин ортасына,балалар ойнайтын аланга кул-кокысты койманызшы" деп барганымызда,Солодилов мырза "сендердин кул-кокыстарын маган керек емес" деп айкаймен шыгарып салды.Дегенмен кул-кокысты аулага куруын токтатты. Уйиме келип,акимшиликке Кайрат Абуовка "жогарыдагы суракпен кимге хабарласуга,кимге арыз жазуга болады" деп хабарластым.Ол адам еш консултация бермеди,орнына "маган звондамасыншы,андагы жигиттер баскаша тусинип калады " жауабын естидим. Орал адамдары осындай маселемен кайда хабарласа болады?Сонымен катар Абуовка менин тарапымнан артык ангиме айтылмады,барлыгы жумыс бабында болды. Осы сауалыма жауап беринизши!

Ответ:

Құрметті Айгүл! Сіздің 2014 жылғы 28 қазандағы Орал қаласы әкімінің блогына жазған хатыңызға, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдар бөлімі, аталған факті бойынша орынға шығумен «Жайық Жылу Қуат» АҚ-мен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды, содан кейін «Орал Таза Сервис» ЖШС-не күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру туралы өкім берілді. Күл-қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру сұрағы бойынша, ауызша немесе жазбаша түрде Орал қаласы, Фрунзе көшесі 127а мекен-жайы бойынша орналасқан «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сіне (т.510114, 506272) жолығуыңызға болатынын хабарлаймыз.


22.10.2014

Дина Шангереева

Құрметті қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаға!Қаламызда "Астана" шағын ауданында орналасқан №46 ЖОББМ-не тас жол салынуын сураймын,мектеп оқушыларына мектепке барып келу қиындық туғызып отыр,сырттай қарағанда бастауыш сынып оқушылары өте аянышты, балшыққа батып жарты жолда жылап тұрғанын көрсеніз жүрек қанжылайды. http://s015.radikal.ru/i331/1410/61/673e7e1655c5.jpg

Ответ:

Құрметті Дина Шамгоновна! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен сұрақтарыңызға сәйкес, қазіргі таңда Орал қаласы әкімдігімен, Орал қаласының 7-9 шағынаудандағы ішкі орам жолдары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлайды. Аталған жобамен № 46 ЖОББМ-ке кіре беріс жол салу қарастырылған. Осы жұмыстардың 2014 жылғы қаланы абаттандыру жоспарында жоқ болуына байланысты, жұмыстарды орындауға мүмкіндік жоқ екендігін хабарлаймыз. Аталған жобаны жүзеге асыру 2015 жылға жоспарланған.


22.10.2014

Тургумбаева Үмітай

Құрметті Айтай Сейдірұлы! Мен көп балалы ана, күміс алқа иесімін. Зейнеткермін. 2014 жылдың 20 қазан күні "Жұлдыз" шағынауданында танертенмен техника жұмыс жасаған. Жұмыстары менің түсінігімше көктемгі қар суын ағызу бойынша жыр салу деп түсіндім. Бұл жыра кейбір жер тілімдерінің үстінен, менің үйімнің түбінен жасалған. Аталмыш ауданның 8 көшесінде тұрам. Көше бойына арықты техника (автогрейдер) жасағанда менің үйіме келіп тұрған су шұңқырын бұзып кеткен. Соның салдарынан бүгінге дейін сусыз отырмын. Сол күні "БатысСуарнасын" шақырғам, Олар құбырды орталықтан айырып, қалғаны біздің шаруа еместігін айтып кеткен. Сол күні "ДЭП" кәсіпорнына хабарласқанда сол күні жұмыс жасағанын мойындаған. Келесі күні келіп жалғайтындарын айтқан. Екінші күні, яғни 21 қазан күні аталмыш мекеменің басшылығына аяқтай барып ескерткем, бірақ жасаған жұмыстарын мойындамай басқа мекемелерге сілтеді. Басшы орынбасары су құбырын кешке дейін өткізіп беретіндігін айтып, мені шығарып салды. Үщінші күн күтудемін. Енді өз қаражатыма жасатуға тура келеді деп ойлап отырмын. Сізден өтінерім, бұл сұранысыма кім жауапты? Бұзылған су құбырымды кім жасап береді? Сонымен қатар, "Жұлдыз" ш-ауданында қандай рұқсатпен көшені без берекетсіз қазу жұмысы жүргізілді?

Ответ:

Құрметті Үмітай! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге Орал қаласы әкімдігі Жұлдыз шағынауданында қазылып жатқан шұңқырлардың су тасқыны болуының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің шешімімен іске асып жатқандығын мәлімдейді. КСМК жол пайдалану кәсіпорнына жол тегістеу жұмыстарын орындаған кезде бұзылған су құбырын қайта қалпына келтіру жөнінде нұсқау берілген. Сонымен қатар, Сіздің зақымдалған су құдығыңыздын қақпағы толықтай жөнделіп қалпына келтірілгенін хабарлаймыз.


14.10.2014

дария дарын

Бiз Орал газ, мунай жане салалык технологиялар колледжiнiн 1 топ окытушылары бiздiн колледжде болып жатырган келенсiз жагдайларды баяндаймыз. Бiздiн басшымыз С.Х.Мухамбеталиев бул колледжге, колледж ужымына ойына келгенiн жасап отыр. Атап айтсак,бiрiншiден барлык туган -туыстарын жумыска алып болды. Сонын iшiнде, кызын (декреттiк демалыста)мен куйеу баласын жане достарын. Ал бiздiн ул-кыздарымыз жумыссыз жур. Екiншiден, колледж озинин бизнес аланына айналып кеттi. Атап айтсак толем кабылдау, когамдык тамактану орны, кагаз басып шыгару т.б . Ушiншiден, колледждi жемкорлык жайлаган. Окытушылар арасында оршiп тур. Бул жагдайды басшымыз биледи бiрак ешкандай шара колдана алмайды. Колледжде бiлiм сапасы оте томен. Окуга тусу 100000-200000 тенге аралыгы, оку сессиясы мен окуды бiтiргенiне де директордын нускауымен дипломга деп жыл сайын акша жиналады. Окытушыларга премия деп кол койгызып алады, алып жаткан премия жок.каламакымыздын жартысын алады.Бул жасап отырган iстерi каншалыкты занды? Аким мырза биздин колледжге бухгалтериясынан бастап,тубегейлi тексерiс керек. Бул шагымымыз жауапсыз калса президент акiмшiлiгiне, букаралык акпарат куралдарына, кузырлы органдарга хабарлап, тексерiс жургiзуiн талап етемiз! Жауап кутемiз!

Ответ:

Құрметті Дария! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз қала әкімдігінің құзіретіне жатпағандықтан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жұмыстанып тиісті шаралар алу үшін жолданғынын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Сіздің өтінішіңіз аталған басқарманың кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінде қаралуда, нәтижесі Сізге хабарланатын болады.


08.10.2014

Аты және Тегі*

Құрметі Алтай Сейдірұлы біз "Арман" шағын ауданында тұрамыз, халық оны қазақ ауылы деп атап кеткен. Ол жерлер 2000 жылдарда берілген содан бері жылдар өтседе жол мәселесі әлі шешілмей келеді. Бар-жоғы 4-5 көшесі бар ауылдың тұрғындары, әсіресе, бала-шаға, зейнеткер жасындағы үлкен кісілері күз, көктем кездерінде өте қиын жағдайға тап болып жүр. Көшелерде асфальт мүлдем жоғы былай тұрсын, айда-жылда бір қырылады. Қаланың іргесінде тұрсақта, өркениетке қол жеткізе алмай жүрген джайымыз бар. Көктем, күз айларында №2 маршрут жүк көліктері өтетін трассамен жүреді, ол кезде мектеп оқушыларына тіптен қиын, жүк көліктері жылдамдықты асырып жұйытқып өтіп кетеді. Осы жол мәселесі қашан шешіледі екен, Зашаған кентінің әкіміне айта-айта жауыр болды, бірақ мәселеміз шешілер емес. Тағы бір мәселе қоқыс салатын контейнерлер тек Брусиловский көшесінде ғана ауылдың шет жағындағы тұрғындарға ол жерге қоқыс тасуға мүмкіндік жоқ. Кейбір тұрғындар ағаш арасына апарып тастайды. Сондықтан жылдан-жылға сол тұстағы аштардың арасы қоқыс алаңына айналуға жақындап келеді. Алдын-ала рахмет. Жауабыңызды міндетті түрде күтеміз.

Ответ:

Құрметті Айша! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы ұзындығы 1500 метр болатын Жакупов көшесінен Айткулов көшесіне дейінгі Брусиловский көшесін қайта құру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлайды. Жобамен көшенің жүретін бөлігін қайта құру, жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар қарастырылған. Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарын қосумен Аймауытов көшесін тегістеу бойынша жұмыстар орындалды. Арман шағынауданының жолдарын жөндеу сұрағына қатысты, ағымдағы жылы Орал қаласы әкімдігімен қаланың 25-тей көшесі қамтылғанын, сәйкес қаржыландыру болған жағдайда, аталған шағынаудан алдағы жылғы қаланың абаттандыру жоспарына енгізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мамандармен тексерілетінін хабарлаймыз.


30.09.2014

Айман Султанова

Анамыз Алимгазиева С.А. 01.09.2004 жылы № А-654 жерге кезекке тұруға өтініш берген болатын, өкінішке орай анамыз 2011 жылы дүниеден озды. Енді оның орнына кезекпен жерді баласы алуға бола ма? Қандай құжаттар керек?

Ответ:

Құрметті Айман! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні мәлімдейміз. Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішті сыйға тарту, отбасы мүшелерінің орнына, жақын туыстарын (ата-анасы, ұлы, қызы т.б.) арнайы есепке енгізуге ҚР Жер Кодексінде қарастырылмаған. Бірақта, Сіз аталған сұрақпен сот органдарына жүгіне аласыз, сот шешімі болған жағдайда тиісті шешім қабылданатын болады.


21.09.2014

Тасболатова Эльвира Марс

Құрметі Алтай Сейдірұлы cізден өттініп сұрарым Селекцены Орал тас жолында абиез жол бар сол жолға су шашу керек уиткені көлк журеді өте шан турып демалып журуге қыиын 7 маршрутка журетен жерлерге су шашпаиды

Ответ:

Құрметті Эльвира! Сіздің қала әкімі блогына келіп түскен арызыңызға орай, Орал қаласы әкімшілігі «Тех Строй ЗКО» ЖШС және жол пайдалану кәсіпорнына айналып өту жолына уакытылы су шашу жөнінде тапсырма берілгендігін хабарлайды.


15.09.2014

Хайруллин Біржан

Құрметті Алтай Сейдірұлы Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы, 1-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган «білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады» делінген. Осыған орай, Сізден Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданында орналасқан №46 мектепті кешкі уақытта пайдалануға көмектесуіңізді сұраймыз.

Ответ:

Құрметті Біржан! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Орал қаласы әкімдігімен аула аймақтарын абаттандыруға, тұрғындарға арналған спорттық объектілер құрылысына көп көңіл бөлінуде. Дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында ашылған «Намыс» спорт клубының теңгерімінде қаланың барлық аудандарында 31 спорттық алаңқайлар бар. Жаңа орда, 6 шағын ауданы 21,22, 66-үй мекен-жайлары бойынша шағын футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорттық алаңқайларда спортпен айналысу мүмкіндігі бар. Сондай ақ, қала мектептерінің спорт залдары тек қана оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналғандығын және сабақтан тыс немесе кешкі уақытта қандайда болмасын бөгде адамдардың пайдалануына беруге болмайтындығын ескертеміз.


12.09.2014

Асланбек Жұмағалиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы! "Речник" бағбандар қоғамына көгілдір газ тарту мәселесі қашан шешімін табады екен?

Ответ:

Құрметті Асланбек! Сіздің өтінішіңізге бағбандар серіктестігі мен кооперативтері жерлері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабына сәйкес азаматтарға бағбаншылықпен айналысу үшін берілетінін хабарлаймыз. Саяжай құрылыстарында тұру мезгілдік болуға тиіс, себебі бұл жерлер қаланың тұрғын аудандарына жатпайды. Жер бағбандар қоғамдары, яғни, кооператив немесе серіктестік мүшелерінің қарауында болғандықтан осы телімдерді мемлекет тарапынан газбен қамсыздандыру да сумен, электрмен қамсыздандыру сияқты қарастырылмаған. Бағбандар қоғамында газ өткізу үшін Сіз мердігер ұйымды таңдауыңыз қажет. Толық ақпаратты Гагарин көшесі, 29 үй мекенжайы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚӨФ барып біле аласыз.


27.08.2014

Мұратбекова Жібек

Мен Мұратбекова Жібек 1939жылғымын.ІІ группа инвалид.Квартирада қаңғып жүрмін.1997жылдан бері үйге кезектемін.2013жылдан бері шақыртып документтерімді түгелдеп тапсырдым.содан биыл шілде айында өзіңізге жолықтым,секретарыңыз 2-3күннен кейін звондап жақында беріледі деп еді.Телевизордан Зачаганскіден 2 үй бітті деп 1997жылғы кезектегілерге беріледі деген соң қайтадан акиматқа барып едім.Енді 2015жылғы қаңтар айын күтіңіз дейді.Соның анығын біліп беруге көмектесуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Жібек! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіз қалалық атқару комитетінің 1997 жылғы 18 тамыздағы №1217 шешімі бойынша «1 және 2 топтағы мүгедектер» тізіміне 113-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз -35. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13234 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең болінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі.


26.08.2014

Габдушева Толқын Закарияқ

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Мен 2004 жылдың 19.07. күні жер алуға кезекке тұрған едім. Содан бері 10 жыл уақыт өтті. Жер алушылардың кезегінде тұрмыз. 2004 жылдың қаңтар айынан маусым аралығындағыларға әлдеқашан жер берілді. Ал шілде айында тұрғандарға жер қашан берілетін білгім келеді. Әлде енді жер мүлдем берілмей ме? Нақтысын өзіңізден білгім келеді. Рахмет.

Ответ:

Құрметті Толқын! Сіздің жер мәселесі жөніндегі өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіз 2004 жылы 19 шілдеде тіркеу № Г-196 тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берген өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 1443. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...» Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Сізге кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз.


26.08.2014

Уксимбаева Заре

Қызылорда қаласының тұрғынымын.Бала кезден 1-топ мүгедегімін өздігімнен жүриеймін. Сал ауыруымен ауырамын.70ке таяған ата-анамен тұрамын.Дәретімді анама төктіртіп отырмын перзенттік парызымды солай өтеудемін,келер күніме алаңдаймын қарттар үйін паналағым келмейді.Өмірге келген соң адамша өмір кешуді қалаймын.Меңіреу жарықта орнымды тапқым келеді.818інші кезегім 3838ге өсіп кетті.Әр санатқа жылына 10 пәтерден келеді.Кезегім келгенше мен 1ғасыр жасауым керек мұншалықты ғұмыр кешетіндей мен қарға құс емеспін адам баласымын өлемін.Жергілікті жердің әкімдігіне жазбаша жүгініп келдім нәтиже жоқ.Олыс әкімі Қ.Көшербаев мырзаға негізінде хаттарым жетпейді ау деп ойлаймын.Ол кісі хабардар болса бір нәтижесі болар еді.Маған сіздерден керек көмек Қызылорда обылысының әкімі Қ.Көшербаев мырзаға тікелей шыгып мендей жанның жағдайын айтып жеткізу.Кеңсе әкімдігіне хабарласпаңыздар тікелей өзіне шығыңыздар бұйырса сотовый нөміріне хабарласыңыздыр. Өзге амалым жоқ сңгы амалым.Атқа мінер азаматсыздар мені колдаңыздар ,корғаңыздар Тағдырдан нені таба алдым? Табайын десем таландым. Еркекпен құны өлшенген Әйел боп қана жаралдым Көп нәрсеге олақпын Өлгендердің ырысын Ұрлап жүрген қонақпын Өр жанды кімге киямын Қара жердің бір күні Нүктесіне сиямын Мұңайсам қара түндеймін Шаттансам жарық күндеймін Тағдырыма ренжіп Зарлы хатты үндеймін Өмір деген жұмбақ қой Не боларын білмеймін Тағдырға мүлде күлмеймін. Қызықсыз өмір бекер ед Алайық жүкті жетелеп Тағдыр деген дұшпанды Сенімім ғана көтереді Алдағы күнді я,аллам Удай етпей шекер ед. Сорлы жүрек шаршады Қашанғы зілді көтереді. Қызылорда қаласы КБИ м/а мұнайшы көшесі24/1үй тұргыны Уксимбаева Зауре сот-87758346941 тел-872-42-24-33-02

Ответ:

Құрметті Заре! Сіздің тұрғын үй мәселесі туралы жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз Қызылорда қаласының тұрғыны болғандығыңыздан тұрғын үй жөнінде жергілікті атқарушы органға жолығуыңызға болатындығын қаперіңізге береміз. Толық ақпаратты 8 (7242) 23-67-00, 23-84-66 телефон нөмірлерімен Қызылорда қала әкімдігіне хабарласып алуыңызға болады және осы мемлектеттік мекеменің сайтының электронды мекенжайын www.kyzylorda.gov.kz жолдаймыз.


24.07.2014

Асылай Амангелди

Сәлеметсіз бе, Алтай Сейдірұлы! Сізге сұрақ қойсам дегем.. Мен Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің биылғы түлегімін, қолыма дипломымды алып келгем жайым бар.. Енді осы алған білімімнің көмегімен Орал қаласында, яғни өз қаламда еңбек етсем деген ойым бар.. Қаланың дамуына, көркеюіне аз да болсын өз үлесімді қосқым келеді. Жаңа бітірушілердің жұмысқа орналасуына қандай бағдарламалар барын және де қайда, кімге барып жолығуға болатынын білгім келген?!

Ответ:

Құрметті Асылай! Сіздің қала әкімінің блогына түскен өтінішіңізге төмендегіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде тұрғылықты жері бойынша немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа жәрдемдесу үшін өтініш жасай алады. Егер Сіз уәкілетті органға жұмыссыз ретінде есепке тіркелген жағдайда жұмыс берушілердің сұранысына байланысты және өзінің келісімі бойынша тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға және білім беру ұйымдарының биылғы түлектеріне арналған бастапқы еңбек тәжірибесін жинау мақсатында жастар практикасына жолдама беріледі. Аталған сұрақтар бойынша Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы, 161 үй мекен-жайына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолығуыңызға болады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін Сіз Достық-Дружба даңғылы, 201 үй, 201- бөлме мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде алдын-ала тестілеуден өтуіңіз қажет. Тестілеу бағдарламасы бойынша қосымша ақпаратты ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің БҚО бойынша департаментінен 51-38-94, 51-24-04 телефондар бойынша ала аласыз. Сертификат алған соң қосымша ақпарат алу үшін Достық-Дружба даңғылы 182/1, мекенжайы бойынша Орал қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне жолығуыңызға болады (т.51-26-33).


23.07.2014

Шаухахова Карлыгаш Жылкиб

Сәлеметсіз бе, Әкім мырза! Мен сізге сұрақ емес өтініш жасайын дегем. Менің жолдасым Абдрахманов Акылбек Серикович әскери қызметте 12 жыл жұмыс жасап келеді,2005жылы Актау қаласына ЖАС ОТБАСЫ ретінде тұрғын үй кезегіне тұрған болатынбыз ол кезегіміз келем дегенше жұмыс бабымен 2009жылы Орал қаласына ауыстырып жіберді. 04.02.2010 жылы мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегіне тұрдық енді ол кезегіміз келгенше баска жаққа ауыстырып жібереме деп қорқамын, үш баламыз бар пәтер жалдап тұрамыз жолдасымның айлығы бар жоғы 120000 теңге оның 60000 пәтерге кетеді сондықтан оз бетімізбен үй алуға жағдайымыз жоқ. Сізден өтінерім біздің құжаттарымызды қарап көмегіңізді берсеңіз деймін. Рахмет!

Ответ:

Құрметті Қарлығаш! Сіздің жолдасыңыз азамат Ақылбек Абдрахманов қала әкімдігінің 2010 жылғы 4 ақпандағы №235 қаулысы бойынша мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізіміне 1189-ші нөмірмен кезекке алынды. Бүгінгі таңдағы азамат А.Абдрахманов кезектегі нөмірі - 1027. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазіргі уақытта кезектің 13 санаты бар, мұқтаж азаматтардың жалпы саны 13236 адам. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспана бөлек тізімдердің санына байланысты тең бөлінеді. Мемлекет азаматтарға арналған қолжетімді үй салуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, сәйкесінше үй кезегі бұрынғы жылдарға қарағанда тез жылжитын болады. Жасақты пәтер кезек бойынша беріледі.


blog_akima