Әкім блогы

Сұрақ жауап

30.09.2015

Арматова Жазира Елемесқыз

Саламатсызба, құрметті Алтай Селдірұлы! Мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс студентімін. Биыл бітіремін. Біздің колледжде "кризис, экспо" деп студенттерді стипендиядан айырып жатыр. Ешқандай себепсіз. Ал қалған оқу орындарында ондай ештеме болып жатқан жоқ. Неге олай? Ештеңе түсінбей ақ қойдым.

Ответ:

Құрметті Жазира! Орал қалалық ішкі саясат бөлімімен Сіздің өтінішіңіз бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжге сұраныс жіберілген болатын. Аталған колледжде Сіздің білім алмайтыныңыз анықталды. Сондай-ақ колледждің ішкі тәртіп ережесі бойынша, сабаққа үлгірмей және себепсіз 20 сағаттан артық сабақ жіберсе, студент шәкіртақысынан шегерілетінін қосымша хабарлаймыз.


28.09.2015

Талант Утешев

Жұлдыз шағынауданында жол-құрылыс материалдары қосылып жол тегістелуін жыл бойы күтіп келеміз. "Биылғы жоспарда бар" деп жыл басынан жазып келе жатырсыз. Сол жұмыстар биыл атқарылама?

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласы Жұлдыз шағынауданының жолын қиыршық тас төсеу жұмыстары жөнінде, Сізбен аталған учаскіде ағымдағы жылы жол-құрылыс жұмыстарының үлкен көлеміне және қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты, жол жөндеу жұмыстары тек қана ойпатты аймақтары ғана қамтылды. Қиыршық тасты құмды қоспа орналастыру жұмыстары топырақ төселген орнына ғана жасалғанын хабарлаймыз. Қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда, Жұлдыз шағынауданында қалған көшелеріне жолды жөндеу жұмыстары жалғасады.


15.09.2015

Саид Галиев

Құрметті Алтай Сейдірұлы, Бұл хатты Ана тіліміздің жанашырынан деп білерсіз. Сізге жазып отырған себебім Шаған жағажай көшесінде орналасқан "I LOVE URALSK" деген нышанда болып отыр. Айтайын дегенім, осы нышан қаламызға келген қонақтардыңда, қала тұрғындарыныңда, жалынды жастарымыздыңда көптеп баратын жері болғандықтан адамның сана сезімінің орнығуына, азаматтарымыздың патриотттық сезімін оятуда алар орны анық. Сондықтан осы нышандағы URALSK сөзін ORAL сөзіне ауыстырса жөн болар ма деген ұсынысым. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді Құрметте! дегендей бұл менің азаматтық борышым. Құрметпен Галиев Саид.

Ответ:

Құрметті Саид! Сіздің жазып отырған Шаған жағажайы көшесінде орналасқан «I LOVE URALSK» деген сәулеттік нышандағы «URALSK» сөзін «ORAL» сөзіне ауыстыру туралы ұсынысыңыз орынды және ана тілімізге жанашырлық танытып, азаматтық пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. «I LOVE URALSK» сәулеттік нышаны қала күні мейрамына орай орнатылды. Алдағы уақытта мемлекеттік тілдегі нұсқасын жасау жоспарлануда екенін хабарлаймыз.


11.09.2015

Азилхан

Салеметсізбе Алтай Сейдірұлы. Менің сұрағым: Зашаған кенті Кңдала,Көктем, Арман, Сарытау шағын аудандарында демалыс орындарын немесе сая бақ салу қарастырылғанба. рахмет

Ответ:

Құрметті Азилхан Бауыржанұлы! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Зачаганск кенті Кеңдала, Көктем, Арман, Сарытау шағын аудандарында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Мөнкеұлы көшесі бойымен саябақ салу жоспарлануда.


10.09.2015

Даупаев Аслан Қуандықұлы

Құрметті Алтай Сейдірұлы! Орал қаласының Салатанат сарайының артқы жағында орналасқан №34 "Балбұлақ" балабақшасына баратын жол туралы сөз қозғайын дегем, Жалпы бұл балабақша өте керемет ашылған, және елбасы өзі ашып еді. Балабақша басшысы, ұжымы, олардың жұмысы жоғары деңгейде, өте ризамыз, балаларымыздың осындай балабақшадан тәрбие алып жатканына. Бірақ жаз болса ала топалаң шаң, көктем мен күз жүре алмайтын ми батпақ, тек қыста ғана кирип шығатын мүмкіндік болады! Осындай керемет мекемеге баратын жол неге салынбаған? 100 метр ғана жер қалалық Салтанат сарайының артынан, бірақ өкінішке орай осы ара қашықтықты өту қиямет қайым. Түсінем, бюджетке енгізілбеген, жоспарда жоқ деген және т.б.жауаптарга, бірақ осы мәселені құрылыс қалдықтарын төсетіп болса да шешуге бола ма? Жолдың видеосы да бар...

Ответ:

Қымбатты Аслан Қаундықұлы! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі қазіргі таңда аталған участкеде үлкен көлемде құрылыс-монтаж жұмыстарының өтуіне байланысты, Сізбен аталған учаскеде автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік жоқ екендігін хабарлайды. Арнайы техникалардың үлкен ағымына байланысты, автокөлік жолының құрылысы бойынша жұмыстарды орындау қиынға түседі, сонымен қатар салынып жатқан нысандардың жұмысын қиындатады. Орал қаласының әкімдігімен Орал қаласы 7-9 шағынауданы ішкі орам жолдары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Қазіргі таңда Орал қаласы Магистральная көшесі (Желаев жоларна) және Московская көшелерін байланыстыратын Орал қаласы 7-9 шағын ауданы ішкі орам жолдарының құрылысы (№3 көше) бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Астана шағынауданында ғимараттар құрылысы аяқталған жағдайда және қаржы құралдары бөлінген уақытта, Орал қаласыны әкімдігімен, Әбілқайыр хан даңғылы мен Московская көшелерін қосатын ұзындығы 761 метр Орал қаласы 7-9 шағынауданы ішкі орам жолдарының құрылысына (№1 көше) дайындалған жобалау-сметалық құжаттама жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Орал қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, құрылыс жүргізіп жатқан құрылыс ұйымдарына Сізбен аталған учаскеде кедергісіз өтуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар берілгенін хабарлаймыз.


09.09.2015

Улыкпанова Альмира

саламатсызба. Казирги танда озим турмыс курганмын еки балам бар жолдасым анда мында жалданып жумыс жасайды уйге тиркеуге туруга пенсионный сурайды биз екеумизде тургылыкты жумыс болмагандыктан ешкайда тиркеуге тура алмаймыз.жерге тиркеуге 2007 жылы турдым бирак одан еш хабар жок. жас отауга биз иликпеймиз жолдасымнын жасы 35 те.Бизге уй маселесин шешуге кандай женилдиктер бар.соны билгим келеди. Алдын ала рахмет.UMRKQ

Ответ:

Құрметті Альмира! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сізге кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторының мекенжайы: Орал қаласы (Фрунзе көшесі, 127/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


08.09.2015

Раян Азилхан Бауыржанұлы

Құрметті Алтай Сейдірұлы!!! Кеңдала,Көктем, Арман шағын аудандары бойынша демалыс орыны немесе парк салынса деген тілегіміз бар. Бұл аудандардағы жас өспірімдер, балалар уақыт өткізетін орын мүлдем жоқ. Сол себепті кішкентай балалар жол үстінде ойнауды әдетке айналдырған. (Өзім көлік жүргізушімін балалардың жол үстінде ойнап жүргенін күн сайын көремін.) Елімізде адам өмірі мен денсаулығы бірінші кезекте тұрғаны айтпасада түсінікті. Осы мәселенің шешілу барысын білгіміз келеді. Рахмет.

Ответ:

Құрметті Азилхан Бауыржанұлы! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Зачаганск кенті Кеңдала, Көктем, Арман, Сарытау шағын аудандарында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Мөнкеұлы көшесі бойымен саябақ салу жоспарлануда.


25.08.2015

Гульмира Муратовна

Сəлеметсізбе!меним қояр сұрағым бар.балабақшадағы баланың ата анасынан қала күніне макет жасаймыз деп ақша сұрау дұрыс па?типті ойыншықтыда, кітапты өзіміз апарамыз.сол дұрыспа сонда не ушін ақша төлимиз балабақшаға

Ответ:

Құрметті Гүлмира Мұратқызы! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізде толық түрде өзіңіздің және балаңыздың аты-жөні, балаңыз тәрбиеленіп жүрген балабақшаның нөмірі немесе атауы көрсетілмегендіктен, тексеріп шара қолдануға мүмкіндік болмай тұр. Қалалық білім беру бөлімі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2 тармағына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қаланың білім беру ұйымдарында негізсіз ақша жинауға тыйым салу мақсатында Орал қаласының білім беру бөлімі 28.04.2014 жылғы №299-ө бұйрығы шығарылғанын және бұйрықта ата-аналар демеушілік көмек көрсетуге міндетті емес екендігі нақты көрсетілгендігін хабарлайды. Сондықтан балаңыз тәрбиеленіп отырған балабақшаға ай сайынғы белгіленген көлемдегі төлемақыдан басқа ақша төлемеуге толық құқығыңыз бар екендігін және ай сайынғы ата-ананың төлемақысы 100 пайыз балаңыздың тамағына жұмсалатындығын қатеріңізге береді.


18.08.2015

Зачаганск ауданы түрғында

Саламатсыз ба. Біз Зачаганск ауданы халықы №7 автобустың жаңа маршрутына түбегейлі қарсымыз! №7 автобус Селекционный ауданына бастап жүргелі біздер, Зачаганск тұрғындары автобусқа міне алмай отырмыз,үнемі лық толы, мінетін орын болмағандықтан мүлдем тоқтамайды, мінген күннің өзінде есік алдына қыстырылысып әрең мінеміз. 70 жастағы қарт та, сәбимен де тұрып баруға мәжбүрміз. Қазір жазғы демалыс күндері жағдаймыз осылай болса мектеп басталғанда оқушылар мен студенттермен қалай мінеміз! бүл бассыздық! таңертең жұмысқа, балабақшаға, ауруханаға бара алмай отырмыз. Автобуста күнде айқай мен төбелес, кондукторлар тіптен адаммен ұрысып, аялдамалардан итерип түсіріп тастайды үлгермей жатырмыз деп, №7 маршруттағы 730 автобуста кондуктор мен жолаушы арасында төбелес болды, 16.08.2015 күні Жазира ауданында №7 маршрутты автобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысып жол апаты болды. Автобусқа міну өмірімізге қауіпті боп кетті. Сәбиімізбен автобуста адамдар арасында қыстырылысып барғанда біреу баланың үстіне құлап жазым қыла ма деп қорқамыз! Сізден қарапайым халыққа осы мәселеге бей жай қарамауыңызды сұраймыз! Бұрынғы маршрутты қайтарыңыз немесе қосымша маршрут бөліңіздер, мысалы №45 автобус Альбина аялдамасынан жүрсе. Селекционный ауданы тұрғындарына бөлек автобус бөлінсін. №6 аурухана, №10 мектеп,жаңа мектепке, Заңғар балабақшасына баруға мүмкіндік беріңіз.

Ответ:

Құрметті Зачаганск ауданы түрғындары! Сіздің қала әкімінің блогына «Ақжол-авто» ЖШС-нің №7 маршрутына жазған арызыңызға келесіні хабарлаймыз, №7 маршруттың автобус жүргізушілер құрамымен бірге Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде талқыланды. 2015 жылдың 13 тамызынан бастап Шаған өзені бойынан салынған көпірге жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты №7 маршруты жаңа бағытпен қатынай бастады. Бұл маршруттың соңғы жағы екі бағытқа бөлінеді, яғни біреуі Зашаған кентінен, екіншісі Деркөл кентінен жүреді. Сондықтан Деркөл кентінен шығатын автобустар Орал-Саратов айналма жолымен Жәңгір хан көшесіне шығып қалаға өз маршрутымен жалғастырады. Зашаған кентінен жүретін автобустар Қарақат аялдамасынан бастап барлық аялдамаларды қамтып Азиза дүкені арқылы қалаға өзінің маршрутымен жалғастырады. Қаладан кері қарай жүргенде әр автобус осы берілген бағытпен жұмыс жасайды. Сіз көрсетілген арыздағы фактілер тек таңертеңгі қарбалас мезгілдерде орын алатын жағдайлар. Аталған арызда көрсетілген №367 CLA 07 жүргізушісі және кондукторымен әңгіме кеңес өткізілді, сонымен қатар автобустың кондукторына соңғы ескерту жасалды. Қала әкімдігімен №7 маршрутының жұмысы бақылауға алынды.


18.08.2015

Мынбаев Мамай Калиоллинов

Құрметті Алтай Сейдірұлы!!! Шынын айту керек,соңғы жылы қаламызды абаттандыруда өте көп жұмыстар жасалып жатыр, біз тұратын батыр атамыз Б.Момышұлы көшесі де біркелкі реттеліп қалды. Бірақ ол жұмыстар жартылай істелді, көшенің жартысы бұрынғы күйінде қалды- жарық жартылай, асфальт көше және тротуралар жартылай істелді. Осыған орай сізден келесі жылғы жоспарға осы көшені ең болмаса түрғындар тұратын 58 тұрғын үйге дейінгі аралықты абаттандыруды кірістіруіңізді сұраймыз.

Ответ:


18.08.2015

Сагиева Бибигул Турланкы

Курметтi, Алтай Сейдiрулы! Зачаган кентi 8 коше(Рахымжан Кошкарбаев кошесi)тургындары атынан томендегi жагдайларга комектесуiнiздi сурайыз: 1)Бiзде мулдем тас жолы жок.Сонын кесiрiнен кошемiз жаз мезгiлi кунi-тунi шан,куз-кыс мезгiлi балшык,батбак болады да жатады; 2)"Альбина" дукен аялдамасына каладан келе жатырган жолаушылар тасымалдау колiгi кiрмейдi.3-4ай шамасында сонгы(конечный) аялдаманы озгерткен болатын,сондыктан да акiмшiлiктiн шешiмi солай болды деп тусiндiрдi.Сонгы аялдамадан калага шыгып бара жатырган автобуспен Альбина аялдамасына тегiн жететiн боласындар деген едi. Ендi,11.08 кунi Селекционный кентiне катынайтын копiрди жондеуге жауып,Селекционный халкы бiздiм Зачаган кентi аркылы катынап жатыр.Автобус жеткiлiксiз болгандыктан ба узак уакыт кутемiз,жане де автобус лык толы келедi.Автобустардын журу ара кашыктыгы(интервалы) 15-20мин.Бiздi сонгы аялдамадан тусiрiп кетедi,2-3 аялдама жаяу журуге тура келiп жур. Жогарыда айтылгандай Альбина аялдамасына кiрмейдi. Бiздiм ауданда халык коп:карт кiсiлер,балалы аналар,жуктi келiншектер т.б,осы жагдайлардан киналып журмiз. Халыктардын жагдайын ойлап,тургындарга ынгайлы болатындай,бiздiм жагдайымызды шешiп бередi деген сенiммен,умiтпен,сiзден жаксы жаналык,озгерiстер отiнiп,кутемiз.

Ответ:

Құрметті Бибігүл! Сіздің өтінішіңіз «Ақжол-авто» ЖШС-нің №7 маршрутының автобус жүргізушілерінің құрамымен бірге талқыланды. 2015 жылдың 13 тамызынан бастап Шаған өзені бойынан салынған көпірге жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты №7 маршруты жаңа бағытпен қатынай бастады. Бұл маршруттың соңғы жағы екі бағытқа бөлінеді, яғни біреуі Зашаған кентінен, екіншісі Деркөл кентінен жүреді. Сондықтан Деркөл кентінен шығатын автобустар Орал-Саратов айналма жолымен Жәңгір хан көшесіне шығып қалаға өз маршрутымен жалғастырады. Зашаған кентінен жүретін автобустар Қарақат аялдамасынан бастап барлық аялдамаларды қамтып Азиза дүкені арқылы қалаға өзінің маршрутымен жалғастырады. Қаладан кері қарай жүргенде әр автобус осы берілген бағытпен жұмыс жасайды. Сіз көрсетілген арыздағы фактілер тек таңертеңгі қарбалас мезгілдерде орын алатын жағдайлар. №7 маршрутының жұмысы бақылауға алынды. Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі, қазіргі таңда үлкен жұмыс көлеміне байланысты, жол төсемін жөндеуді қажет ететін барлық нысандарды бір уақытта жөндеуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлайды. Сонымен қатар, Сізбен аталған көше Орал қаласы жолдарын жөндеу бойынша жұмыс өндірісінің 2015 жылғы жоспарына кірмейтінін хабарлайды. Қаржыландыру сұрағы оң шешімін тапқан жағдайда, Сізбен аталған учаскеңіз алдағы жылдардың абаттандыру жоспарына енгізу үшін әкімдік мамандармен тексерілетінін хабарлаймыз.


17.08.2015

имашева Улдай

Құрметті Алтай мырза зашаған ауданындағы жас отбасыларға арналған 13 14 үй қашан қол жетімді бомак.БҚО ƏКІМІНЕ осы сауалымды бірнеше мəрте қойған болатынбыз жауапты сіз береді деген болатын. Асыға жауап күтеміз үй берілмейтін жағдайда болса бізді күттірмей бос алаңдатудың қажетті жоқ онда біздер басқа амал шартқа көшуге мəжбүрміз. Қанағаттанарлық жауап күтеміз сізден.Елу отбасы арыз шағым дайындап қойдық тағыда отбасылар хабарласыңыздар бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарайық.

Ответ:

Құрметті Ұлдай Балтабаевна! Батыс Қазақстан облысы әкімінің блогына жазған тұрғын үй мәселесі жөніндегі өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіздің «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатырған мекенжайы: Орал қаласы Зачаганск кенті, 5-қабатты 90 – пәтерлік 2-бөлмелі № 14 үйге «жас отбасы» санаты бойынша берген өтінішіңіз қалалық тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 25 наурыздағы /№ 6 хаттама/ және 2015 жылғы 22 қаңтардағы /№ 9 хаттама/ отырысында қаралып, комиссия шешіміне сәйкес Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылды. Бүгінгі таңда Орал қаласы Зачаганск кенті, 90 – пәтерлік 2-бөлмелі № 14 үйдің құрылысы аяқталмағанын және қолданысқа берілмегендігін хабарлаймыз. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің теңгеріміне аталған үйді қабылдағаннан кейін Сізбен "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы бойынша тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдаудың (жалға алудың) шарты жасалатынын хабарлаймыз. Жоғарғы бюджеттен аталған үйдің құрылысына қаржыландырудың уақытылы түспеуіне байланысты, құрылыс мерзімі кейінге шегерілді.


17.08.2015

Талгат Досмагамбетов

Қайырлы кеш! Мен Бирюковтың шошқа нәжнісін тазалағанын болмаса санитариялық қалыпқа байланысты бір шешім шығарғанын байқағаным жоқ. Сіздерге не себептен сол үйдыің аналасындағы тұрғындарынан сұрамасқа. Асыға жауап күтемін. Құрметпен Талғат

Ответ:

Құрметті Талғат! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге келеcіні хабарлаймыз. Деркөл шағын ауданы, Ульяновская көшесі № 8 үй мекен-жайы бойынша тұратын көршіңіз аз.Н.Бирюковқа ескерту жасалып, нәжіс қалдықтары тазартылған болатын. Үй жануарларынан шығатын иісті тазарту жөнінде Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына хат жолданғанын қаперіңізге береміз.


14.08.2015

Молданиязова Альбина

Сəлеметсіз бе! Соңғы екі үш күннен бері, яғни 11 тамыздан бастап Селекционный ауданындағы көпірдің жөндеу жұмыстарына байланысты нөмірі 7 автобус жаңа бағытпен қатынай бастады, осыған орай халық пен автобус жүргізушілері арасында үлкен дау жанжал туындап жатыр. Күнделікті танертең мен кешкі уақытта балабақша, жұмыс, ауруханаға қатынау мүмкін болмай отыр, себебі, ендігі график бойынша Селекционный халқын тиеп Зачаган кенті арқылы өтетін болғандықтан, автобустар мүлдем толық, міну мүмкін емес, міну түгіл автобустар есігіне шейін толық болғандықтан тоқтамайды. Мінген күннін өзінде де қыстырылып əркіммен итерісіп ұрысып барамыз. Күнде ең жоқ дегенде үшінші өткен автобусқа баламен арең мінеміз. Күндегі сол барлық жерден кешігіп не болмаса таксимен баруға мəжбүрміз! Селекционный халқы ашуланып келіп үсті үстіне тиедіңдер деп кунде айқай, тіптен бүгін төбелес болды кондуктормен. Асығыспыз деп жол жөнекей тоқтамастан итеріп түсіріп кетіп жатады! Мысалы кеше 367 нөмірлі автобуста кондуктор қыз ауызына келгенді айтып, маған не қыл дейсіңдер ұнамаса таксимен жүр деп əр адамға күліп, сөз таластырып, аялдамаларға тоқтамай, естімесең маған барібір деп, асығыспыз не аузыңды ашып тұрсың жоқ саған здача деп жүргізуші екеуі есікті тарс жауып жүре барды. Тіптен бассыздық! Ьүл нөмірі 7 автобуста болып жатқан күнделікті бассыздық! Автобустар өзі асфальт жоқ жерде бір бірімен жарысып көк шаң қаптырып кетеді, ендігі күндері тіпті асығыспыз Селекционныйдан келе жатырмыз деп тоқтамай ұшыра жүргізіп топыраққа көміп кететін болды! Бұны қадағалайтын кім бар? Диспечерларына барып айтсақ, не қылсаң оны қыл,əкімшілікке барыңдар дейді. Соңғы үміт сізден. Автобус жүргізушілері мен кондукторларын жөнге салыңыз. Жане Зачаганск халқы атынан УЛКЕН өтініш тіптен Талап, қосымша тағы бір екі басқа нөмірлі автобус қосыңыз! Немесе селекционный халқын зачаганск арқылы өтуін тоқтатыңыз! Немесе таңертеңгі жəне кешкі уақыттарда автобустың жиі жүруін қамтамасыз етіңіз! Сол кезде бұл үлкен дау шешілер дпген үміттеміз.

Ответ:

Құрметті Альбина! Сіздің қала әкімінің блогына «Ақжол-авто» ЖШС-нің №7 маршрутына жазған арызыңызға келесіні хабарлаймыз, №7 маршруттың автобус жүргізушілер құрамымен бірге Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде талқыланды. 2015 жылдың 13 тамызынан бастап Шаған өзені бойынан салынған көпірге жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты №7 маршруты жаңа бағытпен қатынай бастады. Бұл маршруттың соңғы жағы екі бағытқа бөлінеді, яғни біреуі Зашаған кентінен, екіншісі Деркөл кентінен жүреді. Сондықтан Деркөл кентінен шығатын автобустар Орал-Саратов айналма жолымен Жәңгір хан көшесіне шығып қалаға өз маршрутымен жалғастырады. Зашаған кентінен жүретін автобустар Қарақат аялдамасынан бастап барлық аялдамаларды қамтып Азиза дүкені арқылы қалаға өзінің маршрутымен жалғастырады. Қаладан кері қарай жүргенде әр автобус осы берілген бағытпен жұмыс жасайды. Сіз көрсетілген арыздағы фактілер тек таңертеңгі қарбалас мезгілдерде орын алатын жағдайлар. Аталған арызда көрсетілген №367 CLA 07 жүргізушісі және кондукторымен әңгіме кеңес өткізілді, сонымен қатар автобустың кондукторына соңғы ескерту жасалды. Қала әкімдігімен №7 маршрутының жұмысы бақылауға алынды.


13.08.2015

МӘМБЕТОВА НАСИПГУЛ БАЙТОР

Алтай Сейдірулы сәлеметсізбе менің сізге қояр бір гана сауалым бар мен 2004 жылы қыркүек айында жер теліміне кезекке тұрган болатынмын. Ол жер телімі берілеме ?

Ответ:

Құрметті Нәсіпгүл! Сіздің 2004 жылы 29 қыркүйекте тіркеу №М-647 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз –2670. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысының 8-1 тарауына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда жергілікті атқарушы орган... жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады...». Орал қаласының бас жоспарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін дамытуға арналған тәптіштелген жоспарлау жобасы жасалады. Инженерлік инфрақұрылым дамығаннан кейін кезек бойынша жер телімдерін беру жұмыстары туралы мәселе қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда дайын алаңдардың жоқтығына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Арнайы есеп тізімін uralsk.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Толық мәліметті мына мекенжай бойынша білуіңізге болады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, жер қатынастары бөлімі, 5-терезе.


12.08.2015

Талант Утешев

Қайырлы күн. Биыл қала көшелерінің магистралды және орталық жолдары жөнделгеннен кейін, Жұлдыз ш/а-да жол құрылыс материалдары төселіп, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары атқарылады деген сіздің тараптан жауап болды. Жаз аяқталып қалды, айтылған жұмыстар қашан басталады? Уақытынан хабар беруіңізді сұраймыз.

Ответ:

Құрметті Талант! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласы Жұлдыз шағынауданының жолын жөндеу бойынша жұмыстар Орал қаласының жолдарын ағымдағы жөндеудің 2015 жылғы жоспарына енгізілгенін хабарлайды, дегенмен жұмыстардың үлкен көлеміне байланысты, қазіргі таңда аталған жұмыстарды жасауға мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар, қазіргі таңда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жоғарыда аталған жұмыстарға қосымша қаражат бөлуге тапсырыс берілді, оған Орал қаласы Жұлдыз шағынауданының көшелерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.


11.08.2015

Нагиева Бакытжан

Салематсызба Алтай Көлігін мырза,мен 2014 ж 23 мамырда Жкх -ға тұрғын үйге мұқтаж ретінде тізімге тұрдым. Басым да 2012ж 29 ақпанда Договор дарения шарты бойынша туысым берген общижитьенің 1комнат(жилой площадь 16.9кв.м)бар. Жолдасым мемлекеттік қызметте(15 жыл стаж бар), өзім бюджеттік салада(10 жыл) жұмыс жасаймын.2004 ж отбасы құрған нан үй жалдау мен келдік. Бір ұлым(2005ж),бір қызым(2007ж)бар. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар жинап барған сайын 1 комнатты алға тартып құжаттарды қабылдамай отыр. Отбасым да 4 адам, қызымыз бен баламыз өсіп келеді. Көршілермен ас ішетін, жуынатын жерлеріміз ортақ. Бір есіктен кіріп шығамыз. Бізге енді не істеу керек? Жкх дағы кезек қай бағдарлама бойынша жүзеге асады?

Ответ:

Құрметті Бақытжан! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушыларға I топқа қойылатын негізгі талаптар: 1. Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау; 2. 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау. Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді. Сондықтан, Сіздің атыңызда 2012 жылғы 29 ақпандағы № 1740 сыйға алу келісімшарт негізінде мекенжайы: Орал қаласы, Северо-Восток-2 ш/а, № 15/2 үйдегі, № 509а пәтер тіркелгендіктен, жоғарыдағы көрсетілген Бағдарлама талаптарына сәйкес өтінішіңізді қанағаттандыруға негіздеме жоқ екенін хабарлаймыз.


11.08.2015

Гульфия Бисен

Саламатсызба.Мен жкх да жас отбасы жобасымен 2014ж кезектен откен едк,алайда 1 жылдан асты алi уй берлмеи жатыр Сонын себебн айтсаныз.

Ответ:

Құрметті Гүлфия! Сіздің жолдасыңыз: аз. Мэлс Базарбайулы Бисеннің «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатырған мекенжайы: Орал қаласы Зачаганск кенті, 5-қабатты 90 – пәтерлік 2-бөлмелі № 14 үйге «жас отбасы» санаты бойынша берген өтініші қалалық тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 25 наурыздағы /№ 6 хаттама/ және 2015 жылғы 22 қаңтардағы /№ 9 хаттама/ отырысында қаралып, комиссия шешіміне сәйкес аз. Мэлс Базарбайулы Бисеннің өтініші қанағаттандырылды. Бүгінгі таңда Орал қаласы Зачаганск кенті, 90 – пәтерлік 2-бөлмелі № 14 үйдің құрылысы аяқталмағанын және қолданысқа берілмегендігін хабарлаймыз. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің теңгеріміне аталған үйді қабылдағаннан кейін аз. Мэлс Базарбайулы Бисенмен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдаудың (жалға алудың) шарты жасалатынын хабарлаймыз. Жоғарғы бюджеттен аталған үйдің құрылысына қаржыландырудың уақытылы түспеуіне байланысты, құрылыс мерзімі кейінге шегерілді.


09.08.2015

Гулжибек Алтайкызы

Сәлеметсіз бе Алтай Сейдирулы мен сурагым балам балабакшага кезексиз бара алмайма?Озим инвалид 2гр,жолдасым жумыста болганда карау киынга согады.Балабакшага тезирек алынса екен деймин.кезеги келгенше сабакка баратын уакыты да болады.сондыктан кезексиз алынса мен ушин коп комек болар еди.Курметти аким тех Арада осы маселени шешип берсениз екен.

Ответ:

Құрметті Гулжібек! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігінің 7.04.2015 ж. №172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес бірінші кезекті орын алуға құқылы санаттар: 1. Заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары; 2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; 3. Жетім балалар; 4. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар; 5. Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары; Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары. Балабақшадан орын алу үшін Сіз жоғарыдағы санаттарға байланысты мүгедектігіңізді дәлелдейтін кұжатты Орал қаласының білім беру бөліміне (№8 каб., т.51-35-09) тапсыру керектігін мәлімдейміз.


08.08.2015

эльвира

курметте Алтай Сейдирович Орал к Зачаганска кенте Родлов кошесине калдык асфалт тосеп беруенезде сураимыз уиткене кун болшыкта тжуреп туруга оте кыиын жанеде бул кошеде жазгы куне отте шан демалып тыныс алу ушен отте киын су шашылмаиды жол тегестелмиде осы жаката кеш болса калалык свалканын исе шыгып ауа ластанады осы маселелеремезде шешеп беруенезде сураимын сезге сенемен алдын ала рахметемезе билдеремез

Ответ:

Құрметті Эльвира! Сіздің өтінішіңізге Орал қаласының әкімдігі, қазіргі таңда өндірістік жол-құрылыс жұмыстары кезінде ескі асфальтобетон төсемі алынып, көбіне қайталама шикізат ретінде қолданылатынын хабарлайды. Сонымен қатар, жол-құрылыс жұмыстарын жоспарлағанда орталық, магистралды және қоғамдық көлік жүретін жолдарға басымдық беріледі. Зачаган кенті Радлов көшесін жөндеу сұрағына орай, аталған көше абаттандыру жоспарында болмауына байланысты, Сіз көрсеткен жұмыстарды ағымдағы жылы атқаруға мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.


blog_akima