Әкім блогы

Сұрақ жауап

26.04.2018

Гулсезим Султангалиева

Құрметті Алтай Сейдірұлы Теректі ауданы Ақ жайық ауылы,ауыл жастарының бірі мен 2011 жылдан бері "Дипломмен ауылға" програмасы бойынша үйге құжат тапсыру мен келем.Сол жылы 2011 де тек подемный алған болатынмын. Алі күнге дейін үй алған жокпын. Жастардың басты проблемасы ол «Тұрғын үй» ал біз 7 жыл бойы баспана ала алмай жатырмыз.Осы жылы да осы бағдарлама бойынша тапсырған болатынбыз өкінішке орай үйге тағы да ілікбедік. Себебін түсіндіруіңізді жəне комиссия мүшелерін жіті бақылауынызды өтінемін.Ақжайық басынан осы жылы ешбір жастар үй алған жоқ... Жалпы комиссия мүшелеріне көңілім толмайтындығымды білдіремін.

Ответ:

Құрметті Гүлсезим! Теректі ауданының Ақ жайық ауылы Орал қаласы әкімдігінің аумақтық әкімшілік бөлімшесі болып есептелмегендіктен, аталған сұрақ бойынша Теректі ауданның әкімдігіне (terekta@westkaz.kz.) немесе БҚО әкімі блогына (http://bko.gov.kz/) жолыға аласыз.


25.04.2018

Айнагуль Хамидуллиевна

Салеметсізбе!Мен анам мен ағамның жағдайын айту үшін жазып отырмын. Анам зейнеткер.Ағам 1982 жылы туылған. Туғаннан көзі көрмейді 1 топтағы мүгедек. Бір анадан екі баламыз. Өзім тұрмыстамын. Акемнен қалған үйде анам мен ағам тұрып жатқан болатын. Биыл яғни 2018 жылдың 17 наурыз күні сол үйдің төбесі құлап қалды. (Ескі үй 1 ғасырдай болған ағаш үй). Қауіпті болғасын қазіргі таңда жалдамалы үйде тұрып жатыр.Ағам 1 топ мүгедегі ретінде үйдің кезегінде 2002 жылдан бері тұр. Ол үй кезекпен берілетенін білеміз. Кезегі алыс емес. Алайда ол үй берілгенше зейнеткер анам мен мүгедек ағама жалдамалы үйде көшіп қонып жүру қиын болып тұр. Біреудің үйі болғасын олар не істеседе құқығы бар. Кез келген уақытта үйді босатыңдар десе....? Жергілікті акимат хабардар. Акиматтың мамандары келіп үйді фотоға түсірді, төтенше жағдайлар жөнінде басқарма мен ЖКХ-ға хат жазған болатын. ЖКХ-дан жауап хат келді.ЧС тан жауап берілген жоқ. Жергілікті акімдік материалдық көмек қарастырамыз деген бірақ алі ештеңе жоқ.Ағама 1 топ мүгедек ретінде ешқандай көмек жоқпа мемлекет тарапынан соны білу үшін жазып отырмын. Үй акем Анжанов Хамидолла Куановичтің атына тіркелген болатын. Акеміз 2017 жылдың шілде айында қайтыс болды.

Ответ:

Құрметті Айнагүл Хамидоллиевна! Сіздің ағаңыз аз. М.Х. Анжанов қала әкімдігінің 2002 жылғы 6 маусымдағы №335 қаулысы негізінде мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылардың тізіміне 500-ші нөмірмен кезекке алынған. Бүгінгі таңда кезектегі нөмірі- 16. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер аз. Х. Анжановқа заң жүзінде кезек бойынша берілетінін назарыңызға саламыз. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, ағаңыз Мейрам Хамидоллиевич Анжанов І топ мүгедегі 2013 жылдың 4 мамыр айында жасақталған №772/789 оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде: - тифломагнитола 2013 жылы; - жіңішке таяқ 2014 жылы; - диктофон 2014 жылы қамтамасыз етілген. Тифломагнитола мен диктофондар кемінде 5 жылдан кейін, жіңішке таяқтар 2 жылдан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш білдіре алады. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметтерін алу үшін белгіленген нысандығы өтінішпен қоса келесідей құжаттар тізімімен жолыға аласыз: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасы), мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, жеке оңалту бағдарламасының көшірмесі. Казіргі танда Сіздің ағаңыз Мейрам Хамидоллиевич Анжанов матералдық көмек алуға жолықпаған, материалдық көмек алу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда бөлімге өтініш білдіре алады. Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (23912 теңге/ай сайын өзгереді) төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1)жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Достық даңғылы №161 үй, 6,12,23 бөлме мекенжайына хабарласуға болады, телефон 93-35-56,93-35-59, 93-35-66.


25.04.2018

Мулдагалиева Нургул

тұрғын үй кезегінде нешінші тұрғанымды біліп беруіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Нұргүл! Сіз 2017 жылы 16 наурызда «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың» тізіміне кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 8218. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетінін хабарлайды.


23.04.2018

Асхат Куаныш

Ассалаумағалейкум мен осы көшенің тұрғынымын біздің көшенің алдыңғы жағында су ағатын жыра өтіп жатыр сол жыраға адамдар қоқыс төгеді көп жылдар бойы нақты айтқанда Солидарности көшесімен ипадром көшесінің қиылысында жазда иістеніп балаларымыз ауыруға шалдығып жүр сенбілікке ешкім шыққысы келмиді көршілермен араздасып болдым төкпе деседе төгеді кейде менің қақпамның алдына әкеліп қойып кетеді енді не істейтінімді білмеймін өзіміздің Зачаганск округінің әкімшілікке де барып арыздандым еш шара қолдаылып жатқан жоқ мен Қазақстан азаматым елге жерге жаным ашиды әсіресе өліп бара жатқан табиғатымызға қол ұшын беруіңізді сұраймын

Ответ:

Құрметті Асхат! Аталған мекен-жай бойынша әкімдік мамандарымен тексеріс жүргізілгенін хабарлайды. Тексеріс нәтижесі бойынша, «Жайық таза қала» ЖШС-не жалпы пайдалану жерінде орналасқан Зачаганск кенті Солидарность және ипподром көше қиылысы айналысын ретке келтіруге өкім жіберілгенін хабарлаймыз.


23.04.2018

Доскалиева Жумагул

Сәлеметсіз бе? Мен жесір аналардың биримин үйге кезекке тургам али хабар жоқ 2балам бар алатын ақшам олардың киим тамактарыннан ауыспайды 7жыл болды отагасынан айырылганыма маған қандай көмек бар не үй не жерим жоқ 2баламмен қанғып жүрген жайым бар

Ответ:

Құрметті Жұмагүл! Сіз 2015 жылы 23 қазанда жергілікті атқарушы органында «толық емес отбасылардың» тізіміне 8820-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 5330. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Сіз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және матералдық көмек алуға жолықпағансыз, әлеуметтік көмек түрлерін алу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда бөлімге өтініш білдіре алады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі (2018 жылдың ІІ-тоқсанына кедейшілік шегінің мөлшері 11956 теңге). Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінуге болады: 1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты); 2) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер (Халық банк); 3) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі; 4) өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік; 5) 4- нысан бойынша оқу орнының анықтамасы; 6)отбасының әрбір мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы); 7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат – қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда; 8) мүгедектікті белгілеу туралы анықтама – мүгедектік белгіленген жағдайда; 9) дара кәсіпкер статусын растайтын құжат; 10) Өткен тоқсанға отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар, алимент, стипендия, жалғыз басты аналарға № 4 нысан); 11) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің бар болуы туралы. Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (23912 теңге/ай сайын өзгереді) төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Достық даңғылы №161 үй, 2,3,4,23 бөлме мекенжайына хабарласуға болады, телефон 93-35-65, 93-35-66.


23.04.2018

Венера Бакишева

Салеметсизбе мен орал каласынан жер кезегине турып едим нешинши орынга келдим екен соны Биле алмай отырмын билип берсениз рахмет

Ответ:

Құрметті Венера! Сіздің 2015 жылы 26 қазандағы №Б-8617 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 67229. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное кентінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


20.04.2018

Нурсултан Кенжебаев

Деркул шағын ауданы 2-этап, көшелері қашан асфальтталады, неше көше асфальтталады және еріген қардын сулары жүретін арыктер салынама. Рахмет.

Ответ:

Құрметті Нұрсұлтан! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігімен ағымдағы жылы «Деркөл ауылындағы ТЖЖ (2 кезек) ішкіорам жолдарының және еріген суларды әкету құрылысы (түзету)» жобалық-сметалық құжаттамасы жасалғандығын хабарлаймыз. Жоба аясында аталған шағынауданда 48-көше жөнделіп және су жүретін арықтармен жаяу жүргінші жолы салынатындығы қарастырылған. Жобаны бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарланған және жұмыс көлемінің ауқымдылығына және қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты, бір уақытта жөндеуді қажет ететін барлық учаскелерді камту мүмкін еместігін қаперіңізге салады.


18.04.2018

Есенгелдиева Динара Амангелдиевна

Саламатсыз ба, Алтай ага! Адам баласына омир жолы ар турли жазылады, ар турли бериледи деген оте рас айтылганын жана тусинип отырмын. Олай дейтин себебим, мен 2003-2006 жыллар аралыгында Орал гуманитарлык колледждин уздик битирдим. Бирак дипломымды бир жылдан сон гана алдым. (Себеби ол кезде уйдин турмыс жагдайы болмады, менин оку акымды тооейтин акша болмады, бир иним ауырып жаткпн болатын).Содан озим жумыс жасап, келеси жылы алдым да, пайдага аспайды деп ойладым. Содан ойлануга да, издеуге де уакыт жок, артымда бауырларым биринен сон бири мектеп битирип, окуга келетин болды. Олар мен сиякты журмесин деп, колыма тускен жумыстарды жасауга тура келди. Олар окуын битирип, озим турмыска шыктым. еки балам бар. Содан кейн гана балабакшага комекши тарбиеши болып жумыска турдым, директорымыз енбегимди багалап, бир жылдан кейн тарбиеши етип котерди. Тарбиеши болып та бир жыл жасап тастаппын. Батыс Казакстан Инновациялык технологиялар Университетинде сырттай окимын, окуымнын битуне бир жыл уакыт бар. НОБД га байланысты, дипломы жоктарга жумыс жасауга болмайды екен. Маган жумыс орнымды босатуга тура келип тур. Озим отбасыммен жалдамалы уйде турамын, коп жыл жогалтып жеткен жумысымнан босау киын болып тур. Асиресе жалдамалы уй болган сон, еки балам мектепте окиды. Кеше барлык директорга жиналыс жасап, осындай тапсырма берген екенсиздер, сизден ОТИНИП сурайын, мени бир жылга тарбиеши болып жасауга руксат берунизди сураймын.

Ответ:

Құрметті Динара Амангелдиевна! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған сұрағыңыз бойынша №35 «Шұғыла» бөбекжайы директорынан түсіндірме алынды. Өз тарапынан бөбекжай директоры Сіз туралы жақсы мінездеме берді. Отбасы жағдайыңызды ескеріп, бөбекжай директорына Сізді тәрбиешілік жұмыс орныңызда қалдыру туралы ұсыныс берілді.


18.04.2018

гулбану

саламатсызба 2004 ж 4 кварталына кашан жер телімі беріледі. осы 18 жылға ілігемін бе

Ответ:

Құрметті Гүлбану! Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное кентінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін және Сіздің аты-жөніңіз толық көрсетілмегеніне байланысты толық мәлімет жолдай алмайтынымызды хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


18.04.2018

Аққайың Байгазиева

Балабақшаға кезек

Ответ:

Құрметті Аққайың! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, ҚР білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы бұйрығына сәйкес 02.03 2018 жылғы №80 және ҚР білім және ғылым Министрінің «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» автоматтандырылған жүйесін енгізу жүзеге асырылып «Мектепке дейінгі ұйымдардардың қызметін автоматтандыру" электрондық үкімет е.gov.kz. біріктірілген. Осы бағдарламаның әзірлеушілер "CUSTOM SOLUTIONS CENTER" ЖШС болып табылады. Кәзіргі таңда қаладағы мемлекеттік балабақшалар http://garden.bilim-oral.gov.kz осы сайт арқылы жумыс істеуде. Бағдарлама кураторы Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Ж.Сахипкереева (тел.50-46-03) және маман А.Нигметовамен (тел.515208) хабарласа аласыз.


18.04.2018

Серіков Аршат

Саламатсыз ба? Мен сурайын дегенім. Неге жерұйық деген көшені қайталап берген. Медколледждің артындағы ауданға да осы көшені берген. Бұл көше атауы Кендала шагын ауданында да бар. Көп адамдар шатасады.

Ответ:

Құрметті Аршат! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, «Жерұйық» атауы ресми түрде «Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі №9- 11 шешімі және Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №1044 қаулысымен Орал қаласының Кең дала шағынауданына берілген. Жоғарыда аталған қаулы және бірлескен шешім негізінде Орал қаласының аумағында ресми тіркелген бір ғана «Жерұйық» көшесі бар. Сонымен қатар, дәл осы атау «Зачаганск» бау-бақша қоғамы бірлестігінің аумағында да кездеседі. Бау- бақша қоғамының көшесіне бұл атау ресми түрде берілмеген. Бау-бақша қоғамын пайдаланушылар өз аумақтарындағы көшелерді ыңғайлы болу үшін әр түрлі атаулармен атап, белгілеген. Бұл атаулардың ресми заңды күші жоқ, тек бау-бақша аумағында ғана қолданылады.


16.04.2018

Диляра

Саламатсыз да!Алия Молдагулова 10/1 2 кабатты уй кашан сноска кетеди екен.бунда уже колидордын тобеси,жарлары кулап жатр жамбыр жауганда су агад жарлары жарылып жатр трубаларыда шырып жатр.

Ответ:

Құрметті Диляра! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі Орал қаласы бойынша 43 апатты үй бар және Молдагулова көшесі, 10/1 үй аталған тізімде жоқ екенін хабарлайды. Ғимараттың техникалық жағдайын анықтау «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, тексерісті аттестатталған сарапшылар жүргізетіні хабарланады. Сіз толық түсініктемені Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімінен, мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (тел.50-06-08) ала аласыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" Заңына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болатынын хабардар етеді.


16.04.2018

Жумагалиева Гулим

Сәлеметсіз бе. Балабақшаға кезегімді қарай алмай жүрмін. Осы кезге дейін тексергенде жақындап қалып едік енді неге ашылмайды екен?

Ответ:

Құрметті Гүлім! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, ҚР білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы бұйрығына сәйкес 02.03 2018 жылғы №80 және ҚР білім және ғылым Министрінің «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» автоматтандырылған жүйесін енгізу жүзеге асырылып «Мектепке дейінгі ұйымдардардың қызметін автоматтандыру" электрондық үкімет е.gov.kz. біріктірілген. Осы бағдарламаның әзірлеушілер "CUSTOM SOLUTIONS CENTER" ЖШС болып табылады. Кәзіргі таңда қаладағы мемлекеттік балабақшалар http://garden.bilim-oral.gov.kz осы сайт арқылы жумыс істеуде. Бағдарлама кураторы білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Ж.Сахипкереева (тел.50-46-03) және маман А.Нигметовамен (тел.515208) хабарласа аласыз.


13.04.2018

Акканым Абулкайырова

Саламатсызба мен Абулкайырова Акканым жетім баларалар кезегінде турмын тургын уй кашан беріледі жане жетим балаларга кандай комек бар осы тургын уй маселесі жонинде казир укимет уй берип жатыр кобине брак ешкандай женилдик жок ай сайын кредит сиякты толеп отыр жане берилип жаткан уйлер жекеге аударылмайды екен неге женилдик жок ата анасы жок жетимдерге

Ответ:

Құрметті Аққаным! Сіз 2014 жылы 30 қаңтарда «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың» тізіміне 1532-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз- 1202. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақтағы пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.


13.04.2018

Нуржан Аристанов Байжанович

Саламатсызба?Самал кошесимен Коняхин кошесинин киылысында жол астынан кубыр жургизилген былтыр кузде,сол топыракпен комген жер,топырагы отырып улкен шункырга айналып,женил коликпен отуге колайсыздык тугызып тур,сол жерди комсе алгысымыз шексиз.

Ответ:

Құрметті Нұржан! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, Сізбен көрсетілген учаскесіне Самал көшесі мен Коняхин көшесінің қиылысындағы инженерлік желілерін орнату бойынша жұмыстарын орындаған ПМК 117 мердігер мекесіне «Орал қаласының құрылыс бөлімімен» жол жабының қалпына келтіру бойынша тапсырма берілгендігін хабарлайды.


12.04.2018

жолдибаева гулнур

кезек

Ответ:

Құрметті Гүлнүр! Сіздің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №Ж-10627 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз– 61255. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


12.04.2018

Ахметова Асель

2007 жылдың сәуір айында жерге кезекке тұрғам сол жер қашан берілет

Ответ:

Құрметті Асель! Сіздің 2007 жылғы 7 мамырдағы №А-911 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 13462. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


10.04.2018

Исатаева Арайлым Кобландиевна

Мен Арайлым Кобландиевна, 4шағын аудан, 32 үй , 17 пәтердің тұрғынымын, 2017 жылдың қаңтар айында осы пәтерді сатып алдық бізге дейін тіркеуде бір кісі болған екен суға сол бір кісіге төленген, құжаттармен, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы сәуір айына созылды, сәуірдің 22 көшіп келген болатынбыз, шілде айында сәбиіміз көрінді, көп кешікпей Батыс Су арнасынан қайта есептеу жүргізіп, сол алған уақыттан бастап, басқа сома келді, өзім декреттік демалыста отырғандықтан, ал жолдасым "ревматоидты артрит" диагнозымен тіркеуде тұрғандықтан табыс көзі шығындарымызды жабуға жетіңкіремей тұр. бірақ берешектерді жауып 2017 жылдың қаңтар айында қойылған су бетар есептегіштеріне пломба қоймаймыз деп отыр. жаңа су есептегіштің біреуі 13000 теңге тұрады оны алуға менің жағдайым жоқ себебі ондай есептегіштің мен төртеуін қоюым керек (барлығы ). оған менің жағдайым жетпейді. (барлығы 52000 теңге) жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып,жағдайымды оңды нәтижемен шешіп беруіңізді сұраймын. ол жөнінде батыс су арнасының басшылығына да жазған болатынмын

Ответ:

Құрметті Арайлым Кобландиевна! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша судың шығынын есептеу 2017 жылдың тамыз айынан бастап су тұтыну нормалары 3 адамға есептелетінін хабарлайды. Орнатылған су есептегіш құрылғылар 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзіміне есепке қабылданатын болады. Су есептегіш құрылғыларды пломбалау сұрағыңызға орай, Д.Қонаев шағынауданы, 70-үй мекенжайында орналасқан «Батыс Су Арнасы» ЖШС филиалынын абоненттік-келісімшарт бөлімшесіне жолығуыңыз қажет. ҚР Ұлттық экономика Министірінің 2015 жылғы 28 тамыздағы «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №621 бұйрығының 22, 23 тармақтарына сәйкес, су өлшеу құрылғыларын қашықтықтан есеп алу құрылғыларына ауыстыру қажет. Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесі» тұрғын үй көмегінің төлемдері бойынша қызмет көрсетеді: жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысының төлемдері; тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемдері. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы сессиясының №30-5 шешімімен бекітілген «Орал қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртiбiн айқындау туралы» Қағидасына сәйкес: Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшiн: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан 7% көлемiнде белгіленеді. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ХҚКО) өтiнiшпен келесі құжаттарды ұсынуыңызға болады: өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат; отбасының табысын растайтын құжаттар; коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар; телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарт; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде кеңес алу үшін төмендегі мекенжайға жолығуыңызға болады: Достық-Дружба даңғылы 161, жұмыс күні сағат 9-00дан 18-30 дейін, үзіліс 13-00 - 14-30 тел. 93-35-73, 15 каб.


10.04.2018

Амиров Амангали Орынгалиевич

мен Амиров Амангали Орынгалиұлы 2004 жылдын 8 қарашада жер кезегіне тіркелген болатынмын.менің сұрағым:Осы жылы Круглозерный кентінен берілетін жер участігіне ілігемінбе? жер участкесі канша адамға және қанша сотық беріеді?

Ответ:

Құрметті Амангали Орынгалиевич! Сіздің 2004 жылғы 8 қарашадағы №А-917 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 3625. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Алдымыздағы жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kzсайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


06.04.2018

Арыстанов Миржан

Қайырлы күн! Мен баламды Орал қ. №47 мектепке тіркегім келеді, қалай жасаймын? сайт арқылы болады деп еді

Ответ:

Құрметті Миржан! Орал қаласының әкімдігі Сіздің өтінішіңізге келесіні хабарлайды, баланы мектепке қабылдау мемлекеттік қызмет болып табылады және де ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» №127 Қаулысына, сонымен қатар, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жүргізіледі. Мектептің бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамыз аралығында өтеді. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сайт арқылы мектепке тіркелу қазіргі таңда қолданысқа енгізілген жоқ, сондықтан баланы мектепке тіркеу үшін жоғарыда көрсетілген заңнамаларға сүйеніп, мектеп әкімшілігіне жолығу қажет екенін мәлімдейміз.


blog_akima