Әкім блогы

Сұрақ жауап

06.12.2017

нурбек

Ассалаумугалейкум Алтай мырза!!!Сизше ризамын халыкпен биргесиз...Аллах разы болсын сизге. МЕнин кояр сурагым биз 48 уй бурынгы свалкада турып жатырмыз...свет жургузу ушин ар 5 соток жерге 150мын тенге ал квт ушин 14 тенге и оздеринин ойдан шыгаршан ар ай сайын 350 тг толе диди.толеген акшаларга ешкандай квитанция бермейди... бала-шага камы ушин конесин...осы светти государствонын балланысына неге алмайды... бирлик кошеси

Ответ:

Құрметті Нұрбек! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласы Бірлік көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкермен электр желілері тартылған болатын. Соған байланысты, электр желілеріне қосылу үшін жеке кәсіпкермен келісімшарт жүргізу қажет екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, 1 кВт электр энергиясына төленетін төлем-11,02 теңге құрайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, электр қуатының жоғалуы (потеря электроэнергии) салдарынан қазіргі таңда электр қуатының бірлігі үшін 14 теңге құрап отырғанын қосымша мәлімдейміз.


06.12.2017

Нуржигит Айгерим

Сәлеметсізбе! Мен 2017 жылы ақпан айында балық шаруашылығы мамандығы бойынша БҚИТК колледжін тәмәмдадым, қазіргі таңда ЖОО БҚАТУ-де мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша 1 курс студентімін.Қояр сұрағым ЖОО оқып жүріп,дипломым бойынша жұмысқа орналасуға болады ма және де жұмысқа орналасуға көмек бере аласыздар ма?Алдын ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесіні хабарлайды. Сіз (өзініздің көрсеткен ұялы телефоныңыз бойынша хабарласқанда телефоныңыз сөңдірулі болды), халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде жолықпағансыз. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес,жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Сіз «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына» жолығып тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және кәсіптік оқу курстары туралы түсінік-кеңес ала аласыз. Толық ақпарат алу үшін: Орал қаласы, Достық - Дружба даңғылы 161, 2 - қабат, №9 қабылдау бөлмесі мекен- жайы, байланыс телефоны: 51-44-93.


06.12.2017

оташев аманжан

нешінші кезекте тұрмын,жане қай жылы жер алу мүмкимдігім бар?

Ответ:

Құрметті Аманжан! Сіздің 2011 жылы 8 ақпандағы №О-956 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 50435. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Келесі жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


06.12.2017

Бакушева Нэйла

Курметти Мурат Рахметулы! Мен, Зачаганск тургыны, №45 маршрутты Южная кошесинен алып тастау дурыс емес деп ойлаймын. Не ушин? Транспорттык болим мамандары «оптимизация»  деп тусиндиреди. Зачаганскиде канша халык турады. Жас балалар бала бакшага (2б/бакша)барады, мектепке (№20мектеп), ол тек биздин микрорайонада. Жумысымыз каланын ортасында, сонын озинде жету ушин 40-45 минут уакыт кетеди.Кутип туратын уакытты есептемегенде. Ал, №7 маршрут №6поликлиникамен №10 мектепти айналып келгеннин озинде каладагы жумыска 1,5 сагатта жетемиз. Не ушин биздин омиримизди киындатып жибердиниз? Казир жумыстан 5 минутта кешигуге болмайды. Мен, уш баланын анасымын. Сонымен катар алдымыз кыс айлары. Бир шешимге келу ушин халыктыктын жагдайында ойлау керек кой. Зачаганск халкы оте коп микрорайон. Ешкашанда автобустар бос болган емес. Сизден, осы иске араласып №45 маршурутты орнында калдыруынызды отинип сураймын.

Ответ:

Құрметті Нәйля! Сіздің №45 маршрут бойынша өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: №45 маршрутты конкурстық ережелерге сәйкес, «Батыс Дилижанс» ЖШС-і қызмет етеді. Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен №45 маршруттағы жолаушы ағыны саны қаралды. Қарастырылған нәтиже бойынша, №45 маршрутта жолаушы ағыны төмен екендігі анықталды және «Газель» маркалы сыйымдылығы төмен, жүргізушілермен жылдамдық режимдерінің сақталмауына, жолаушы ағының саны артуына орай, микроавтобустарды қысқарту шешімі қабылданды. Аталған мәселеге орай, Зашаған ауданынан №6 маршруттың қатынайтынын және №45 маршруттың қозғалыс сұлбасымен жүретінін атап өткен жөн.


05.12.2017

Сарымбетова Салтанат Серикқызы

Саламатсыздарма. Менің сіздерден сұрайтыным «Нұрлы жер» бағбан бағдарламасы бойынша жер телімін алуға болама,болған жағдайда алу жолдарын айта аласыздарма. Мен өзім жер кезегінде 2010жылдан бері тұрамын. Осы аталмыш бағдарламамен бағбандық жер алған жағдайда менің жер кезегіме әсер етпейме. Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Салтанат Серикқызы! Сіздің 2010 жылы 9 қарашадағы №С-340 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз– 49452. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Келесі жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелері жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га; Бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 га. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


05.12.2017

Гульбахран Ерболаткызы

Құрметтіде сыйлы Мұрат Рахметұлы! Сәлеметсіз бе? ! Əрдайым халық үшін мазалап жүрген мəселелер бойынша сізге жолыққанымызда,сіз түбегейлі шешіп əйтеуір бір нәтижесінің бар екеніне көз жеткізіп бересіз Алғысым шексіз. Тағы бір мәселемен сізді мазалағым келіп тұр. Ол біздің көшедегі яғни Зашаган кентінің Пятимар көшесіндегі жүргізіліп жатқан су құбырлары туралы.Біз мазасыз халық:керемет болып тұрған асфальтымызды ойпық ойпық сындырып жарып кетті трактормен былайда былацда отіп Осы асфальт салынганда калай қуанғанымызды білсеніздер бір үй беріп жатқандай. Енді осы асфальт қайта қалпіне келеме екен, әлде сол жерде жүрген бастықтардын сөздері рөл ойнап кетерде "онын бізге қәтісі жоқ" деп жауап берген бізге шіркін. Сол асфальтты түзетіп беріңіздерші. Келесі мəселе ол осы су құбырлары жүргізіліп жатканда оларға ток керек еді рұқсатын сұрады төлейміз деп айткан алайда еш нәрсе толеген емес.не маскара! Барып бірнеше рет сұрағам тіпті адам бетіне бұрылып қарамайтта.Пятимар көшесі 10 уйден свет тарткан болатын. Обектінің басында бастықтары өмір көрінбейді. Жасап кеткен кольцолары қауіпті бастады іс аяғына дейн жеткізбей ойпық ойпық сойпық сойпық қылып кетті балшықты күндері батпактап қалдық. Саны коп сапа жоқ мамандар. Бір бірін балағаттап келіспей ұрысып жатат бүгін 30 тағы жоқ коршілердің сулары катып калып жатыр сол жасап кеткендердің масқаралығы. СӨЗ ЖОҚ.СІЗДЕН КӨМЕК КҮТЕМІЗ РАХМЕТ АМАН БОЛЫҢЫЗ

Ответ:

Құрметті Гульбахран Ерболаткызы! Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, бүгінгі таңда «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен инвестициялық жоба арқылы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын хабарлайды. Сондықтан да Сізбен аталған сұрақ бойынша қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемеге хат жолданғанын мәлімдей отырып, қолданылған шаралар туралы Сізге қосымша хабардар етілетін болады.


05.12.2017

Серикова Айгерим

саламатсыз ба мен онлайн арқылы жер кезегіне тіркеле алмай жүрмин калай тіркелуге болады

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сұрағыңызға орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 12 үстелге, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».


05.12.2017

Серикова Айгерим

Саламатсыз ба? Менің сіздерден сұрайын дегенім біз 17.11.2004 жылы жер кезегіне тіркеліп едік бірақ бізге бірде бір жауап келген жоқ. Біз соның жауабын білгіміз келеді және де тезірек

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмегенін мәлімдейміз. Аталған мәселені нақтылау мақсатында, қолыңызда жер кезегіне тіркелгеніңізді дәлелдейтін құжат болған жағдайда Орал қаласының жер қатынастары бөліміне жолығуыңызға болады. Сондай-ақ, өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


05.12.2017

Орынгалиева Шынарай

Саламатсыздарма 2011-2012жылдар аралығында жерге кезекке тұрды жер кезек номерін айтасызба және жаңа жоба бойынша жердің орына жаңа тұрғын үйден үй береме? Өтінішімді қарауынызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Шынарай! Сіздің жеке ұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 8943. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Келесі жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


05.12.2017

Сарымбетова Салтанат Серикқызы

Саламатсыздарма. Менің сіздерден сұрайтыным «Нұрлы жер» бағбан бағдарламасы бойынша жер телімін алуға болама,болған жағдайда алу жолдарын айта аласыздарма. Мен өзім жер кезегінде 2010жылдан бері тұрамын. Осы аталмыш бағдарламамен бағбандық жер алған жағдайда менің жер кезегіме әсер етпейме. Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Салтанат Серикқызы! Сіздің 2010 жылы 9 қарашадағы №С-340 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз– 49452. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Келесі жылы жергілікті атқарушы органмен инженерлік инфрақұрылым өткізуге қаражат жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады.Сол себептен қай уақытта және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелері жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га; Бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 га. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


05.12.2017

Гульбахран Ерболаткызы

Құрметтіде сыйлы Мұрат Рахметұлы! Сәлеметсіз бе? ! Əрдайым халық үшін мазалап жүрген мəселелер бойынша сізге жолыққанымызда,сіз түбегейлі шешіп əйтеуір бір нәтижесінің бар екеніне көз жеткізіп бересіз Алғысым шексіз. Тағы бір мәселемен сізді мазалағым келіп тұр. Ол біздің көшедегі яғни Зашаган кентінің Пятимар көшесіндегі жүргізіліп жатқан су құбырлары туралы.Біз мазасыз халық:керемет болып тұрған асфальтымызды ойпық ойпық сындырып жарып кетті трактормен былайда былацда отіп Осы асфальт салынганда калай қуанғанымызды білсеніздер бір үй беріп жатқандай. Енді осы асфальт қайта қалпіне келеме екен, әлде сол жерде жүрген бастықтардын сөздері рөл ойнап кетерде "онын бізге қәтісі жоқ" деп жауап берген бізге шіркін. Сол асфальтты түзетіп беріңіздерші. Келесі мəселе ол осы су құбырлары жүргізіліп жатканда оларға ток керек еді рұқсатын сұрады төлейміз деп айткан алайда еш нәрсе толеген емес.не маскара! Барып бірнеше рет сұрағам тіпті адам бетіне бұрылып қарамайтта.Пятимар көшесі 10 уйден свет тарткан болатын. Обектінің басында бастықтары өмір көрінбейді. Жасап кеткен кольцолары қауіпті бастады іс аяғына дейн жеткізбей ойпық ойпық сойпық сойпық қылып кетті балшықты күндері батпактап қалдық. Саны коп сапа жоқ мамандар. Бір бірін балағаттап келіспей ұрысып жатат бүгін 30 тағы жоқ коршілердің сулары катып калып жатыр сол жасап кеткендердің масқаралығы. СӨЗ ЖОҚ.СІЗДЕН КӨМЕК КҮТЕМІЗ РАХМЕТ АМАН БОЛЫҢЫЗ

Ответ:

Құрметті Гульбахран Ерболаткызы! Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, бүгінгі таңда «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен инвестициялық жоба арқылы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын хабарлайды. Сондықтан да Сізбен аталған сұрақ бойынша қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемеге хат жолданғанын мәлімдей отырып, қолданылған шаралар туралы Сізге қосымша хабардар етілетін болады.


05.12.2017

Серикова Айгерим

саламатсыз ба мен онлайн арқылы жер кезегіне тіркеле алмай жүрмин калай тіркелуге болады

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған сұрағыңызға орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 12 үстелге, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».


05.12.2017

Серикова Айгерим

Саламатсыз ба? Менің сіздерден сұрайын дегенім біз 17.11.2004 жылы жер кезегіне тіркеліп едік бірақ бізге бірде бір жауап келген жоқ. Біз соның жауабын білгіміз келеді және де тезірек

Ответ:

Құрметті Айгерим! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап жазған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелмегенін мәлімдейміз. Аталған мәселені нақтылау мақсатында, қолыңызда жер кезегіне тіркелгеніңізді дәлелдейтін құжат болған жағдайда Орал қаласының жер қатынастары бөліміне жолығуыңызға болады. Сондай-ақ, өз құқығыңызды қорғау үшін Орал қаласының сот органдарына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады


29.11.2017

Жумагалиева Гулдари Кайршаковна

2008 жылы жер кезегіне тіркеліп едім.Нешінші тізімде тұрғанымды білейін дегенмін.

Ответ:

Құрметті Гулдари Кайршаковна! Сіздің 2008 жылы 10 маусымдағы №Ж-23 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31374. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


29.11.2017

Serikov Arshat

Коктем ш.а. Аяз би көшесіне кашан тротуар кояды. Окушыларга оте кауіпті. Тротуар болмагандыктан тар жолдын устімен журуге тура келеді әрі сол кошемен 2-ші марш автобус журеді. Кун жанбыр кездері тіптен жаман. Балаларымыз балшык боп келеді. Өйткені коліктер шашыратып кетеді. Жаман айтпай жаксы жок. Кауіптің алдын алайық.

Ответ:

Құрметті Аршат! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі, ағымдағы жылы Аяз би көшесіне жаяу жүргінші жолын орнату бойынша жұмыстарын орындау мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлайды. Сондай-ақ 2018 жылы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында жоғарыда аталған көшесінің жолына жаяу жүргінші жолын орнату бойынша жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылатындығын қосымша хабарлаймыз.


29.11.2017

Кожанова Əсемгүл

Құрметті БҚЛ əікімі Алтай Көлгінов мырза! Менін мүгедек балам бар ол жүре де отыра да алмайды,бірақ жүруге ынтасы бар.Енді сол балама ынғайлы ходунок берілмейді.2жыл болды тек тұрып тұратын ходунок берді трусикпен ходунок беруінізді сұраймын. Екіншіден заңда көрсетілген ішкі жəне сыртқа сүйрейтін қол арбамызды беруінізді сұраймын Тəуелсіз Қазақстан Азаматшасы ретінде заңда көрсетілген мүгедек балаларға берілетін көмекті дұрыстап берулеріңізді сұраймын.Үшіншіден ікімшілік атынан ұлым Марат Бақтияр Романұлына вертикализатор апаратын көмек ретінде өтінемін!Осы сұрақтарыма жауап сұраймын!Жағдайым жоқ екң баланың анасымын,жолдасымның қаражаты жеткіліксіз тамақ пен свет, газге əрен жеткізеді. Баспанамызда жоқ.төрт қабырғада қап қараңғы бөлеміз бар олда жалдамалы пәтер есебінде.Көмек көрсетулерінізді өтінемін жəне жауап күтемін!

Ответ:

Құрметті Əсемгүл! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіздің 2014 жылы туған ұлыңыз Бақтияр Романұлы Маратқа 23.08.2016 жылы жасақталған №41 Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес 28.12.2016 жылы ортопедиялық аяқ-киіммен, 26.04.2017 жылы 730 дана міндетті-гигиеналық құралдармен (жөргектер) қамтамасыз етілген. ЖОБ-да көрсетілген жетек арбадан бас тартқансыз. Сіз аталған жетек арбаға өтініш жазғаннан кейін, өтінішіңізге сәйкес БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына арнайы қажеттілік жолданатын болады. Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минисрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, мүгедектер жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арба) жеке оңалту бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі. Кресло-арба мүгедектерге жасақталған жеке оңалту бағдарламасы негізінде кезек бойынша беріледі. Кресло-арба алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Достық-Дружба даңғылы 161, 6 кабинет мекенжайы бойынша төмендегі құжаттардың көшірмесімен қоса өтініш бере аласыңыз: -туу туралы куәлік; -заңды өкілдің/ ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат; -мүгедектік туралы анықтама; -жеке оңалту бағдарламасы; -мекенжай анықтамасы. Көмек ретінде вертикализаторлар алуға бюджетте ақша құралдары қарастырылмаған.


29.11.2017

Жумагалиева Гулдари Кайршаковна

2008 жылы жер кезегіне тіркеліп едім.Нешінші тізімде тұрғанымды білейін дегенмін.

Ответ:

Құрметті Гулдари Кайршаковна! Сіздің 2008 жылы 10 маусымдағы №Ж-23 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 31374. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат анықталып, БАҚ көздеріне жарияланатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады.


27.11.2017

Aslima tairova

МАГАН ТУРГЫН УЙ АЛУ УШИН НЕ ИСТЕУ КЕРЕК КАНДАЙ ЖЕНИЛДИКТЕР БАР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАМ БА

Ответ:

Құрметті Аслима! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ге дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады.


27.11.2017

Талпын Доскалиев

Құрметті!Орал қаласының әкімі!Біз Орал қаласының Комсомольская көшесінің бір топ тұрғындар осы хатты жолдай отырып төмендегі кезек күтпес проблемаларымызды шешіп беріңізші сұраймын. Біздің көшеміз Орал қаласының жаз ортасында орналасқан. Көшесінде жарық шамдары жоқ. Көшеміз тастай қарайғы. Бала түгіл дүкендерге жүріп тұру өте қиын. Екінші араласамыз жол мәселесі көшеміз қатқыл табанды жол жоқ. Көшеміз күз, көктем айларында батпақ, балшықтан жүріп өте қиын. Жаяау түгел машина машинамен жүріп өте-өте қиын. Көшеміз Облыстық әкімшіліктің артында орналасқан қан. Жолдас әкім осы екі прблемамызды шешуге атсалысаңыз құба құп болар еді. Алдынала рахат.

Ответ:

Құрметті Талпын! Сіздің қала әкімі блогына жазған өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Комсомольская көшесінің жолын жөндеу және кешенді жарықтандыру жұмыстары қаланың абаттандыру жоспарында жоқ екендігін хабарлайды. Сонымен-қатар, аталған көшенің жолын, қаланы абаттандыру жоспарына бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда алдағы жылдардың жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлайды және қазіргі уақытта «Ет комбинаты», 2-ші жұмысшы шағынауданы, №31 ЖОББМ-і, қаланың солтүстік-шығыс және ескі аудандарының көшелерін кешенді жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін алдыңғы есептер жүргізіліп жатырғандығын қаперіңізге салады.


27.11.2017

Айдана Иманалиева

Саламатсизба! Биз Акжайык кошеси,Район медколледж конечная остановка 5 ка мен 22 ( Автомойка, Liberty) турамыз.. биздин жактын жолын кашан жасайсыздар? Дачный участок болганымен,адам тургыны оте коп. Жолдасым жумыста еки баламды( биреуи 4 жаста, биреуи 2 жаста ) танертен балабакашага апарып кешке алу оте киын. Кишкентайымды котерем, ал улкени ози мынадай балшыкта журу оте киын. Казирги балшыктан тайып кулап жаткан улкен кисилер мен балалар коп.. Оздериниз келип кызык ушин журип караныздаршы.мынандай жанбыр куни биздин жак тура шоколадная фабрикага айналганын...адам тугили колик кире алмайды.

Ответ:

Құрметті Айдана! Сіздің қала әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, ауыл шаруашылығын (бау-бақша) жүргізуге арналған саяжай және бау-бақша қоғамдастығы жолдарын жөндеу жұмыстары бюджетте қарастырылмайтынын хабарлаймыз. Жол инфрақұрылымының құрылысы бойынша жұмыстар жоспарланғанда, бірінші кезекте орталық және магистральді көшелер мен жолдар, сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысы жүзеге асырылатын көшелер есепке алынады. Жоғарыда аталғандарға сәйкес, сонымен қатар саяжай массивтері бау-бақша қажеттілігі үшін арналғандықтан, жол құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз.


blog_akima