Әкім блогы

Сұрақ жауап

07.04.2017

Кунсулу

Салеметсизбе Мен жалгыз басты ана едим 1 болмели патер алгым келип ед укимет тарапынан кандай комек бар?Мен Орал каласынын тургыны болгым келеди Кандай комек корсете аласыздар.

Ответ:

Құрметті Күнсұлу! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға Орал қаласында тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады.


05.04.2017

Салеметсизбе маган маңызды сұрақ, неге "Байтерек" СҮ-нің алдында өнебейі шынжыр тартулы тұрады? Ол жеке меншік жерме алде қалай

Ответ:

Құрметті Иханов мырза! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, аталған жер учаскесі аз.Е.Н.Барабашқа меншік құқығынсыз «Бәйтерек» сауда үйіне іргелес аумақты абаттандыру үшін берілгенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, «Бәйтерек» СҮ иесімен түнгі уақытта сауда үй алдындағы шынжырды қоймау жөнінде әңгіме кеңес жүргізілгенін мәлімдейміз.


04.04.2017

улболсын

Сиздерден сурайын дегем Жас отбасымыз еки баламыз бар жасымыз 23те. Мен жас областная арналган уйге калай тиркелсем болад.жолдасым грузчик болып истиди.ал озим тарбиешимин.казир декретныйда отырым. Мен озим 2013 жерге тиркеуге турган бын казир нешинши орында турым соня билгим келген.жане казир отбасым бар сол тиркелген жерге кайта барып докумет жинаймынба жауап бересизбе.

Ответ:

Құрметті Ұлболсын! Сіздің 2013 жылы 25 қыркүйектегі № С-8827 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 64687. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


04.04.2017

Жулдыз

Салеметсизбе!!! 2007 жылы жер кезгине турганмын.он жыл болган екен.əзір берілмейді дейді.кішкентай үш балам бар пəтер жалдап тұрам. Жұмыссызбын. Кандайда бір бағдарлама (мүмкіндік) барма?? БАСПАНАЛЫ болуыма...? Мемлекеттік кызметтегілерге беріледі деп кайтарады.

Ответ:

Құрметті Жұлдыз! Қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізде аты-жөніңіз толық көрсетілмеуіне байланысты тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері арнайы есебінде бар немесе жоғыңызды анықтауға мүмкіндік болмай тұр. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Сонымен қатар жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


04.04.2017

улболсын

Сиздерден сурайын дегем Жас отбасымыз еки баламыз бар жасымыз 23те. Мен жас областная арналган уйге калай тиркелсем болад.жолдасым грузчик болып истиди.ал озим тарбиешимин.казир декретныйда отырым. Мен озим 2013 жерге тиркеуге турган бын казир нешинши орында турым соня билгим келген.жане казир отбасым бар сол тиркелген жерге кайта барып докумет жинаймынба жауап бересизбе.

Ответ:

Құрметті Ұлболсын! Сіздің 2013 жылы 25 қыркүйектегі № С-8827 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 64687. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


04.04.2017

Сауле

Мен 5баланын анасы сиздерден комек сураймын уй алуга..жерге кезекке тургам.2008

Ответ:

Құрметті Сауле Ахметжановна! Сіздің 2008 жылы 21 қазанда №Б-373 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 35612. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68,74 - баптағы санатқа сәйкес болған жағдайда, Сіз тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз.


03.04.2017

Динара

Cалеметмизбе!Мен кимнен сурарымды билмим.кайда баратынымды да билмим.басынан бастап айтайын.Мен турмыска шыктым.Бир балам бар.Енди жолдасыммен ажыраскым келеди.бирак маган анамда агамда карсы.казир дос курбымнын уйiнде турып жатырмн.балам анамнын уйiнде калып койды.Енди мен бир жерге турактангасын,баламды касыма алгым келеди.бирак жолдасым,анам баламды бермиди.егер мен милициямен барып баламды алам десем.сот мени жактайма?ажырасканда баланы менде калдырама?!нестесем болады?!комектесиниздершi,отинем!!!!!!жауабын кутнм.рахмет!

Ответ:

Құрметті Динара Айдаровна! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймыз. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімдері ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70 бабына сәйкесті ата-ана өз баланың денсаулығына қамқорлық жасауға, міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ата-ана баланың дене бітімі, психикалық адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамаз етуге міндетті. Осыған орай, өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің маманына жолығып, сұрақтарыңыз бойынша ақпаратты алуға болады.


03.04.2017

Турсынхан

Сəлеметсізбе.мен мұғалім едім.бюджеттегілерге уй берілед деп естідім.оғанда кезекке кайдан тұруға болад.ЖҚКг барсам тіркелейд сайттан караңыз деп шғарып салд ешкім нақты жауап бермед.нұрлы жол бағдарламасы арқылы қалай алсам болад.рахмет.жер кезегімді біліп бересізбе.

Ответ:

Құрметті Тұрсынхан Әділсейтқызы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Сіз 74-баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылысыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасов көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ департаменті (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала алады. Назарыңызға, тұрғын үй кезегіне тұру бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін ҚТҮҚЖБ арқылы өтініш білдірілетінін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Сіздің 2016 жылы 14 шілдедегі №А-5771 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 68629. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


03.04.2017

Жанар

Əкім Н.Төреғалиевке сұрақ:Менің анам 65жастағы зейнеткер былтырдан бері сіздің есігіңізге барып жалтақтап газ бен су мəселесін шеше алмай жүрген жағдайы бар,екінші варианты Каризма мекемесінің беремін деген уəдесі тағы бар,сіз де обл.əкімі Көлгіновте осы мəселені шешіп бір түпкілікті шешім шығарып беретін кез жеткен сияқты ,сіз қалай ойлайсыз?Егерде халыққа көмектесе алмасаңыз не үшін орныңызда отырсыз.сол үй заң жүзінде менікі ал мен болсам 2баламмен пəтер жалдауға мəжбүрмін,себебі жағдайды сіз білесіз жылыту жағдайына байланысты,Мен сонда бұл проблеманың шешуін Президентіміз Назарбаев Н.Ə.жазып шешімін табамын ба? Айтыңызшы?????

Ответ:

Құрметті Жанар Сукургалиева! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: Тұрғын үйге су өткізу үшін «Батыс су арнасы» ЖШС өндірістік–техникалық қосылу нүктесін көрсетумен қаланың осы ауданында салынған жеке су құбыры иелерінен нотариалды куәландырылған келісімін (рұқсатын) ұсынып, техникалық шарт алу қажет. Сондай-ақ, Сіздің мекенжайға жақын жерде орналасқан су құбырының ара қашықтығы 200 метр жерде орналасқанын хабарлаймыз. Сізбен газ өткізу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесінен өндірістік–техникалық шарт алынған болатын. Тұрғылықты жеріңізден жақын орналасқан газ құбырылының ара қашықтығы 350-400 метр жерде орналасқан болатын. Жеке тұрғын үйге су, газ өткізуі үкімет тарапынан заңды тұрде қарастырылмаған. Сондықтан, су және газ құбырын тарту, жер қазу мәселесі бойынша техникалық жағынан тұрғындар тарапынан жүргізілетінін мәлімдейміз. Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға үкімет тарапынан әлеуметтік қалдау түрлері қарастырылған. Соның ішінде, Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (2017 ж. 2 тоқсанына 20419 теңгені құрады) қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға), жұмыссыздарға, сондай-ақ айлық жан басына шаққандағы орташа табысы 20 АЕК артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 АЕК және тұрғын үйді газдандыру үшін арнайы комиссия белгіленген мөлшерінде көрсетіледі Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне жазған өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсырады: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрақты мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; 3) үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады (ТЖ). Біржолғы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) өтiнiш жасалған жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар арнайы комиссия белгіленген мөлшерде төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне, Достық даңғылы №161 үй, 23,13 бөлме мекен-жайы бойынша хабарласуға болады (тел.93-35-66).


31.03.2017

Айнур

Менің кезегім жылжудың орнына кері шегерілген. Не себептi

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіз 2013 жылы 11 наурызда «Толық емес отбасылардың» тізіміне 7408-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз – 4536. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге сәйкес кезек тәртібі бойынша беріледі.


31.03.2017

Маулен

Қайырлы күн! Мен Бахытов Маулен Махсотулы Зашаған ауылы, Мұстафа Шоқай көшесінің тұрғынымын. Сіздерден сұрайтыным осы ағымдағы жыл 2017 жылы аталған көшеге қиыршық таспен құм араласқан төсеу жұмыстарын жүргізген кезде соған қоса адам жүретін тротуар салып берсеңіздер бірақ сіздер уәде бергенсіздер осы жылы аталған төсемелер төселеді деп. Сонымен қатар Сарытау жақтан қалаға қатынайтын тағы бір маршрут болса 2 маршруттан басқа, таң-ертең жұмыс уақытында халық автобуста толық болады қысқасы мінетін орын жоқ. Жұмысқа кешігеміз. Назарларыңызға рахмет.

Ответ:

Құрметті Маулен! Сіздің қала әкімінің блогына келіп түскен өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Зашаған ауылы, Мұстафа Шоқай көшесінің жолына жолдарды ағымдағы жөндеу аясында құмды қиыршық тас қоспасын төсеу жұмыстарын орындау мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлайды. Сіздің ұсынысыңыз тасымалдаушы кәсіпорын басшыларымен талқыланатын болады. Егер мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, қосымша Сізге хабарланады.


29.03.2017

Гулнур

Құрметті жауапты тұлғалар! Сот ісін орындаушылары Ақсай қаласы бойынша алимент берешек Хасангалиев Т уақытылы неге төлетпейді? Айналысып жатырған жауапты тұлғалардан осы жауапты беруін сұраймын. Мүмкін болса поштама жібереңіздер. Өткен жылдары жауап ала алмай Нұр Отан партиясынпа жүгініп барып алғанмын. Осы жолы тезірек жұмыстансаңыздар екен.

Ответ:

Құрметті Гүлнұр Бауыржановна! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңіз қала әкімдігінің құзыретіне кірмегендіктен Батыс Қазақстан облысының әділет департаментіне қарау (т.51-35-45) және жауап беруге жолданды.


29.03.2017

Курметти Нариман Толегенулы,Орал к Нурпеисова 14/3кошеси тургындары 2016ж осы коше проблемасы туралы, ягни айналасы орталык базар,ягни оте лас.атап айтканда иесиз гараж туалетке айналгандыгы жане де т.б. маселелер жонинде ешкандай натижели жумыстын журмей турганы жонинде сиз кала басшысы ретинде билип отырсыз ба? Былтыргы теледидардан берген сухбатынызда накты осы уй туралы тиисти органдарга тапсырма бергендиниз жонинде жане осы уй туралы сурактар болса уй улкени, орысша, старшему по дому, маган жолыгуга болады ,- дегенсиз. Алайда бул уй туралы ешбир онды натиже жок. ЖКХ бир бирине силтеп отыр.осы маселени озиниз тикелей тексерип, он шешимин бериниз рахмет.

Ответ:

Құрметті Курмашева ханым! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, орынға шығумен Орал қаласы, Д.Нүрпейісова көшесіндегі, 20 пәтерлі №14/3 үй комиссиялық тексеріліп, өтініште орын алған мәселелер анықталды. Бүгінгі таңда, осы үйде ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын меншік (пәтерлер) иелерінің кооперативі құрылмаған. Аталған үй орталық базардың қасында орналасқандықтан, 1-қабаттағы пәтерлер қайта жабдықтау арқылы функционалдық мақсатының (дүкен, кафе, ателье) өзгеруіне орай бизнес саласына арналған. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) Заңның 2-бабының 24-тармағына сәйкес, ортақ мүлікке - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі) жатады. Жоғарыда баяндалғандарды басшылыққа ала отырып, үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылатындықтан, Орал қаласы, Д.Нүрпейісова көшесі, №14/3 үйдегі меншік (пәтерлер) иелері ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жиналыс өткізіп, сол жиналыста шешулері қажет. Осыған дейін ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті «Нұр» ПИК басқармасы атқарған. Бірақ, тұрғындар тарапынан күтіп-ұстауға қажетті шығындар төленбегендіктен, 2016 жылы «Нұр» ПИК басқармасы қызмет көрсетуден бас тартқанын назарыңызға саламыз. Сонымен қатар, Д.Нүрпейісова көшесіндегі, №14/1, 14/2, 14/3 үйлердегі аула аумағын абаттандыруға, жоба-сметалық құжаттама дайындалып, ведомстводан тыс сараптама өткізуге құжаттама әзірленуде, сараптаманың оң шешімін алған жағдайда, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін сұраныс жіберілетін болады. Сондай-ақ, аула аумағындағы гараждардын дәретханаға айналуына байланысты, мүмкіндігінше шешу жолдарын қарастыру үшін жергілікті полиция басқармасына хат жолданды.


29.03.2017

Шынарай

Саламатсызба.Мен жер кезегине 2012жылы кезеке турдын кезек санын билейин деп едим.Жас отбасы багдарламасы кашан болады.

Ответ:

Құрметті Шынарай! Сіздің 2012 жылы 2 сәуірдегі №О-3965 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 58281. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


27.03.2017

TEMIRLAN

Орал қаласының әкімі Н.Т. Төреғалиевке Ұжымдық хат! «Ескі аэропорт» шағын ауданы, Майданов көшесіндегі үйлеріміз суға кету қаупі бар. Қардын еріген сулары үйлеріміздін ауласын және жолдарды басып кетуде. Көліктен бөлек адамдарға да жүретін жол қалмады. Өз тарапымыздан аталған проблемаларды қазіргі таңда шешуге тырысудамыз: ассенизаторларды ақшасына шақыртып еріген қар суын сорғызудамыз. Алайда судын бәрін сорғызу мүмкін емес және қаржы жағынан тапшылық болып тұр. Осыған орай, төтенше жағдай орын алмай тұрғанда, су соратын көліктерді аталған көшеге жолдауыңызды және жалпы осы көшенің жолын түзеп беруіңізді (тас жолы немесе құмды-қиыршық тас төсеу) өтіне сұраймыз!

Ответ:

Құрметті Темирлан! Қазіргі уақытта жылдың көктемгі кезеңі түсуіне байланысты қаланың көше жол желісінен еріген қар және жаңбыр суларын сору жұмыстары атқаралып жатыр. Күн сайын желіге 20 данадан кем емес су соратын арнайы техника жұмыс атқарады. Атап өткенде, су сору жұмыстарының басым бөлігі, қала аумағының қатты төсемі жоқ автомобиль жолдарында жүргізіліп жатыр, соның ішіндегі Майданов көшесінде су сору жұмыстарын атқару туралы «Жайық Таза Қала» ЖШС-не тапсырма берілді.


27.03.2017

Ерлан

Құрметті Нариман Төрегалиевич!Біздің осы ауданда тұрғанымызға 5 жыл болды. Міне,содан бері жолдың жоқтығынан бүкіл аудан тұрғындары қорлықты көріп келеміз.Автобус біздерге дейін көктем, күз айларында жүрмейді. Бүгінде автобус "старый конечный" аялдамасынан тоқтап, бізге кірмей қойды. Ал мектепке баратын балалар,балабақшаға балаларды апару, адам ауырып қалса жедел жәрдем шақыру, жұмысқа бару үшін енді таңғы бесте тұру керек. Біздің аудданға биыл жазда жол салынса екен дейміз және қазіргі уақытта автобустарды жүргізуіңізді сұраймыз.Бұл бір ғана адамның емес бүкіл ауданымыздың тұрғындарының жан айқайы.

Ответ:

Құрметті Ерлан Сагинбаевич! Сіздің өтінішіңізге орай, Орал қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Зашаған ауылындағы Балауса шағынауданының №6,7 қоғамдық көлік маршрутының жолдарын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарланғанын хабарлайды. Жобалау-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін аталған жобаны қаланы абаттандыру жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Зашаған ауылындағы Балауса шағынауданының жоғарыда аталған көшелеріне құмды қиыршық тасқоспасын төсеу бойынша жұмыстар атқарылатынын қосымша хабарлаймыз.


27.03.2017

Айман

Меловые горки саяжайы Көпбалалы ана ретінде тұрғын уй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар керек.

Ответ:

Құрметті Айман Гильмановна! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары туралы» қаулысына сәйкес есепке қою үшін мынадай құжаттарды тізімі қажеттігін хабарлайды. 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш. Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есепке қою туралы өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді; 2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін не паспорттарын; 3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерінің көшірмелерін; 4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы); 5) есепке қойған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы); 6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы; Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұрақты тұру мерзімін растау үшін өтініш беруші аталған фактіні растайтын құжаттарды ұсынады; 7) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады; 8) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты; 9) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады; 10) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін анықтайтын құжаттарын ұсынады. 11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады; 12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмеген не жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан не отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады. Өтінішті беру «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ (ЦОН) арқылы жүзеге асырылады.


27.03.2017

BERIK TEMIRLAN

Құрметті Нариман Төреғалиұлы! Сізден Айтиев көшесінің бойы, «1100 ұсақ» және «На Айтиево» базарларының қасындағы аялдаманың аумағында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршегіне және қараусыз тұрған автокөліктің иелеріне қатысты өз кұзіретіңіз шегінде шара қолдануыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Берік! Сіздің қала әкімі блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының Жер кодекісінің 14-1 бабының «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті» 3-тармағының «Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шегіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыреті»18-1 тармақшасына сәйкес пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау құзыретіне сәйкес, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі», «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен және Орал қалалық Ішкі Істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Орал қаласы, Айтиев көшесі, «1100 ұсақ түйек» және «На Айтиево» базарлары ауданына шығу барысында сауда дүңгіршегінің заңсыз орналасқандығы және қараусыз автокөлік тұрғандығы анықталды. Сауда дүңгіршегінің иесін анықтау мүмкін болмағандықтан, дүңгіршекке заңсыздықты жою жөнінде хабарлама жапсырылды. Сонымен қатар, сол мекенжайдағы иесіз тұрған автокөлік қалалық айыпақы автотұрағына жеткізілгенін хабарлаймыз. Аталған мәселе бойынша тиісті шаралар толығымен аяқталғаннан кейін, Сізге қосымша хабарлайтынымызды қаперіңізге саламыз.


27.03.2017

Талап

Курметти аким мырза! Мен 2004жылгы жер алу кезегине тиркелген едим.Казирги танда кезекте нешинши боп турмын?

Ответ:

Құрметті Талап Ешмуканович! Сіздің 2004 жылы 21 қыркүйектегі №Б-589 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 2492. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


24.03.2017

Меңдібек

Сұрағым: Орал қаласыңдағы 6 ықшамауданындағы жаңа алаңнан маусымдық сауда-саттық,балалар ойыншығын сату, электрмобильді машиналарды жалға беруге бола ма? Оған рұқсатты кімнен және оның жалға алу құны қанша?

Ответ:

Құрметті Меңдібек! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, сауда жасағыңыз келіп тұрған Жаңа алаңның аумағы демалыс орны болып табылады, яғни аталған бағыттағы нысандарды орналастыруға және сауда қызметін жүзеге асыруға арналмаған. Қала тұрғындарынан жабайы сатушыларға қатысты шағымдардың көптеп түсуіне байланысты және заңсыз сауданы жою мақсатында, әкімдік мамандарымен Орал қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады. 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы негізінде сауда арнайы бөлінген орындарда (дүкен, базар, сауда үй және т.б.) жүргізілуі тиіс екенін хабарлайды. Жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасаушыларға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-ші бабы көзделген. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 204 бабына сәйкес: 1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Жоғарыда аталғандар негізінде Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыру мүмкін еместігін хабарлаймыз. Орал қаласында 25 (жиырма бес) базармен 66 (алпыс алты) сауда үйлер қызмет істеуде, осының негізінде Сіз аталған базарлармен сауда үйлерден орынды жалға алып өз кәсібіңізді жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар екендігін қаперіңізге саламыз. Егерде Сіздің хатыңызға сәйкес уәкілетті органдар берген жауабымен келіспеген жағдайыңызда, Сізге жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жолығуыңызға болатынын мәлімдейміз.


blog_akima