Әкім блогы

Сұрақ жауап

24.03.2017

Дулат

Курметти Аким! Менин турып жатырган уймнин касында высоковольтный столба орнатылмаган.Менин колымда 2013 жылы калалык бюджетке енгизилди деген хат бар. Бирак али столба кондырылмады,буган дейнде сизге хат жазганмын али Конкретно жауап жок. Егер жакын арада шешилмесе осы хат аркылы калалык прокуратурага жане Нуротанга шагымдануга мажбурмин.

Ответ:

Құрметті Дулат Хоренович! Сіздің Орал қаласы әкімінің блогына жазған 2017 жылғы 24 наурыздағы өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз: Ағымдағы жылы ақпан айында «БатҚазЭЖТК» АҚ ҚФ мамандарымен орынға шығумен қаралып, тұрғын үйдің құрылысы кезінде тұрғындар өз үйлеріне электрқуатын алу үшін электр желілерінің бағанасын өз еріктерімен орнатқандықтары тексеріс нәтижесінде белгілі болды. (соның ішінде сіздің үй қуат алып отырған КТП 10/04 кВ № А93). Сондай-ақ, қазіргі танда аталған ауданда жаңа инженерлік желілердің құрылысы қажет етіледі, ал қолданыстағы желілерді қайта жөңдеуден өткізуді қажет етеді. Сонымен қатар, Орал қаласының Солтүстік – Шығыс бөлігінде орналасқан шағын аудандарда электр желілерінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта «Старый аэропорт» ауданына электрқуаты желілерін жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Алдағы уақытта аталған жұмыстармен Воинов интернационалистов көшесінде электр желілері және көше жарықтары құрылысы жүргізілетін болады.


24.03.2017

Лунара

Сәләматсызба І Нақты қай күні берілетінін айтсанаыз себебі балаларым ауылда осы ІІІ тоқсанга алдыртайық па алде жоқпа.«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құжаттарды алдық ай сайынғы толем ақыны осы айдан бастап төлейміз Бізге нақты жауап керек қашан,қай күні үйді бересіз алдын ала Рахмет

Ответ:

Құрметті Лунара! «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда 2017 жылдың 28-29 наурызында аталған үйді Бөлімнің теңгеріліміне алғаннан кейін жалдау (жалға) алу шарты және үйдің кілтіне рұқсатнама берілгенін хабарлаймыз.


24.03.2017

Зульфия

Салеметсізбе акім мырза.Мен бұл хатты амалым қурыган соң сізге жолдап отырмын.2015жылы енемді құлагер көшесіне бұрылып келе жатырған женіл автокөлік кагып кетті.Автокөлік жургізушісі жап жас бала екен.енем аяғының суегі 2 жерден сынып,ота жасалып аяғына темір салып койды дәрігерлер.Соған карамастан енем Пушкин отелінде еден жуушы болып жумыс жасап жүр.Ойткені дарі-дармектеріне,емделуіне қаражат керек.Ал кагып кеткен бала сол кеткеннен мол кетті.Тіпті хабарласып хал жағдацын сұрауга да жарамады.Сотқа бергенде сот тіпті енемді сот отырысына шақырмай,істі жауып тастады.Жарайды,Алладан құдыретін күшті болмас деп бір Аллага тапсырдық.Енді енем жақында сүрініп қулап темірі тайып кеткен.Ота жасау керек деп жатыр дәрігерлер.Енді жұмыска да шыға алмайтыны айдан анык. Сұрағым енеме пенсия тагайындалады ма?кандай кужаттар жинау керек?енемнің аты жөні Ермекова Алмагул Мендибаевна.

Ответ:

Құрметті Зульфия Акилбековна! Сіздің қала әкімнің блогына жолдаған өтішіңізге орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5 тармағына медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Қағидалардың 7 тармағына сәйкес медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді. Қағидалардың 9 тармағына сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныл отырып жүргізіледі: 1) пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (088/у нысан); 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты; 4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері. 5) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) –тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда; 6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады; 7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы); 8) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, мүгедектік тағайындауға негіз болса, тұрғылықты (тіркелген) жеріңіз бойынша медициналық ұйым А.М.Ермекованы медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдауға құқылы. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға келгенде жоғарыда көрсетілген құжаттар толықтай ұсынылуы қажет. Толық ақпаратты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен (т.50-68-28, 50-06-07) Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжайы бойынша ала аласыз.


24.03.2017

Қосай

Сәламатсызба Нариман Төреғалиұлы Мен Мажитов Қосай Орал қаласы Ғ.Қаращ көшесі 65 үй 2 пәтер тұрғыны. Біздің тұрып жатырған пәтеріміз 3 пәтерлі үй, үйіміздің көше жағы облыстық ауруханаға қарама-қарсы, көшемізде көп жылдар бұрын отырғызылған терегіміз бар, сонымен қатар бұрынғы тұрған тұрғындар теректің қасына тал отырғызған екен. Осы талдар жазғы уақытта көктейді сол уақытта тал мен теректің арасы қуысқа айналып сол маңда тұратын тұрғындар тарапынан күл-қоқыс төгетін жерге айналады. Сонымен қатар облыстық аурухана аумағында орналасқан травмпунктке жедел жәрдеммен әкелінген үйсіз-күйсіз жүрген азаматтардың жиналып арақ ішетін жеріне айналады. Қаншама ескерту жасалғанмен де ешқандай нәтиже жоқ. Қанша жинап тазалап қойсақ та ертеңгі күні үйықтап жатқан үйсіз-күйсіз азаматты немесе түнгі уақытта лақтырылған күл-қоқысты көреміз. Қазіргі уақытта елімізде жасыл желектерді кесуге болмайтынын білеміз, бірақ біздің көше жағымыздағы орналасқан сол талдар қазіргі уақытта бізге осындай мәселе туындатып тұр.Тиісті мемлекеттік органдар тарапынан сол талдарды өзіміздің күшімізбен кесіп шығарып тастауға рұқсат етілсе деп сұраймын.

Ответ:

Құрметті Қосай! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Сізбен аталған мекенжай Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен орынға шығумен тексерілгенін хабарлаймыз. Тексеріс нәтижесі бойынша, аталған ағаш және ағаш көшеттері қаланың жалпы пайдалану аумағында орналасқаны анықталды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 26-4 шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасына» сәйкес, жасыл екпелерді кесу мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін: 1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; 2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету; 3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою; 4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі; 5) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитариялық кесу. Жоғарыда аталғандарға сәйкес, Орал қаласының әкімдігі Ғ.Қараш көшесі №65-үй маңында орналасқан ағаштарды және көшеттерді кесудің қажеттілігі жоқ деп есептейді. Сонымен қатар, қала әкімдігінің тарапынан аталған ағаш көшеттерін санитарлық кесіп, ретке келтіруге міндеттенеді.


24.03.2017

Мераж

Салеметсидерме жер кезегинде нешинши турганымды Жане кашан берилеттинин билейин дегем.

Ответ:

Құрметті Мераж Баймуканов! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, азамат М.Н. Баймукановтің (Чекленная, 4) 2007 жылы 30 сәуіріндегі №Б-713 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 12851. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


19.03.2017

Лунара

Құрметті акім мырза 14 дақ уйінің кілтін қашан бересіз. Наурыз айында деп айтылған бірақ әлі хабар жоқ.

Ответ:

Құрметті Лунара! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда аталған үйді Бөлімнің теңгеріліміне алғаннан кейін жалдау (жалға) алу шарты және кілтті берілетін болады.


17.03.2017

Самат

Жер кезекти билу керек

Ответ:

Құрметті Самат! Сіздің 2011 жылы 25 қаңтардағы №Б-496 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 50230. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


15.03.2017

Ринат Айдашев

Мен 2007 жыл жер кезегине турдым уш балам бар квартира жалдап турам кашан береди жерди.

Ответ:

Құрметті Ринат! Азамат Р.С.Айдашевтің (Нариманова көш., 19-67) 2007 жылы 21 мамырдағы № А-1048 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 14794. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін беру үшін қала аумағынан жер учаскелері дайындалуда. Жер учаскелеріне тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалып, инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жергілікті атқарушы орган құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, тұрғын үйлер салынады. Содан соң жер учаскелерін тұрғын үйімен кезекте тұрған азаматтарға беру мәселесі қарастырылатын болады. Сол себептен қай уақытта, қай жерден және қанша адамға берілетіндігі туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


13.03.2017

НАЗКЕН

ЖЕР КЕЗЕГІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ

Ответ:

Құрметті Назкен! Сіздің 2007 жылы 22 тамыздағы №Ж-928 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 21082. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


13.03.2017

Канат

Жер кезегине 2007 жылы тиркелген едим. Кезегимди калай билуге болады.

Ответ:

Құрметті Қанат! Сіздің 2007 жылы 22 тамыздағы №Т-1072 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 21111. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


13.03.2017

Асель

Сəлеметсізбе! Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйді нақты қашан бересіздер???? 3баламен 7жылдан бері пəтер жалдап тұрамыз.Сарылып 3жыл күткен үйімізге қашан қол жеткіземіз???? ЖКХдагылар 22наурыз дейді, распа?

Ответ:

Құрметті Асель! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Орал қаласы, Зачаганск к/о, Зачаганск кенті, «Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 90-пәтерлік (бұрынғы Пятно-14) № 6/1 үйге жеребе азаматтармен өткізіліп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына төлем қабілеттілігін бағалау үшін 90 азаматқа жолдамалар берілді. Бүгінгі таңда аталған үйді бөлімнің теңгеріліміне алғаннан кейін жалдау (жалға) алу шарты және кілтті берілетін болады.


13.03.2017

Динара

Сəлеметсіз бе? Менің сұрайын дегенім, Орал қаласы, Құс фабрикасы саяжайынан жер сатып алғам, сол бос жерге жылына 10000 тенге төлейсіз деп отыр. Оның 5000 саяжайдын қорына, ал 5000 қоқыс үшін деп отыр. Бұл қаншалықты заңды? Құр жатқан жерге неге қоқыс үшін төлеуім керек? Мен басқа жерде прописка бойынша қоқыс үшін төлеп отырм. Сонда 1 адам екі жерге де төлеу керек пе? Қалалық қоқыс бөлімі прописка бойынша төлейсіз тек деп айтты. Ал саяжай бізге де төлеңіз деп жатыр. Осы қаншалықты дұрыс?

Ответ:

Құрметті Динара! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі «Зачаганский» бау-бақша серіктестігі әр тұрғын үйден жылына 5000 теңгеден мүшелік жарна төлемін жинайтынын мәлімдейді. Бұл төлем аталған бау-бақша серіктестігі тұрғындарымен 2012 жылы бекітілген болатын. Аталған төлемге жол жөндеу және құру жұмыстары, аялдама қою және ағымдағы жөндеу жұмыстары, трансформатор жөндеу және қызмет көрсету, қыс мезгілінде қар ашу жұмыстары және «Зачаганский» бау-бақша серіктестігінде 10 жұмысшының жалақысын төлеу кіреді. Сонымен қатар, саяжай қауымдастықтарының тұрғындары бау-бақша қоғамдары мен серіктестіктері кооперативінің мүшелері болғандықтан, кейбір бау-бақша серіктестіктері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында өз тарифтерін бекіте отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сұрағын өздігінен шеше алатынын хабарлаймыз. Қазіргі таңда Құс фабрикасы ауданында орналасқан «Зачаганский» саяжайы да кооператив аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды өздері шығарады және төлем жинаумен өздері айналысады. Сондықтан, саяжай аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін төлем жасау сұрағын «Зачаганский» саяжай кооперативімен жасалған келісімшартта немесе кооператив мүшелерінің жалпы жиналыс хаттамасында көрсетілген шарттарға сәйкес шешуіңізді сұраймыз


10.03.2017

әділғазы

жер кезегін қалай білемін

Ответ:

Құрметті Әділғазы! Сіздің 2010 жылы18 тамыздағы №Қ-9 жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 48608. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


10.03.2017

Айдар

Саламатсыз ба Мен сізге сүрақ қоюым себеби Орал қаласындағы Әлеуметтік бейімдеу орталығы оратлығындағы келеңсіз жайттарға байланысты менін ақпарыма сәйкес онда түрлі адамдар неше түрлі заң бұзушылықтар жасайтын көрінеді мас кұйінде орталық ішінде жұруімен қоймай тәртіпсіздік ұйымдастыратын көрінеді мекеме басшылары күресуге дәрменсиз деп ойлаймын Соған жауап жассаңыз.

Ответ:

Құрметті Айдар! Сіздің қала әкімінің блогына жазған хатыңызға келесіні хабарлаймыз: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ-сі (одан әрі Орталық) заңды тұлға дәрежесі бар коммерциялық емес ұйым, ол белгілі тұрағы жоқ азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында қоғамдық тәртіпті нығайту үшін құрылып отыр. Орталық қызметінің мақсаты болып белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік, психологиялық қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушыларды қалыпты өмірге қайта алып келетін өзге де іс-шараларды жүргізу. Бүгінгі күнде Орталықта 57 қызмет алушы тұрып, арнайы әлеуметтік қызмет алып жатыр. Олардың ішінде бұрын сотталған және пробация қызметінде есепте тұратын – 17 адам бар. 2017 жылдың 01 қаңтар айынан бастап Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын және ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін 15 адам орталықтан шығарылды. Тоғыз қызмет алушы тұрақты жұмысқа орналастырылды, уақытша жұмысқа – 6, қоғамдық жұмысқа – 1.


07.03.2017

Мамасали

менің зданиям бар оз жеке жумыс жургізу ушін орлеу бағдарламасы қандай көмек көрсете алады

Ответ:

Құрметті Мамасали! Сіздің Орал қаласы әкімі блогына жолдаған хатыңызға келесіні хабарлаймыз. Сізбен телефон арқылы хабарласқан уақытта, Сіз Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайран ауданы, Аксукент ауылының тұрғыны екендігіңіз анықталды. Осыған орай, аталған бағдарлама бойынша кеңес алу үшін тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдарға жолығуды ұсынамыз. Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасы аз қамтылған соның ішінде жұмыссыз отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа үлгісі екенін мәлімдеміз. «Өрлеу» жобасы ай сайынғы төлем түрінде шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, бірнеше мүмкіндіктер ұсынады: - Жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге; - Мамандық алуға, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге; - Қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді. «Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар (азаматтар), егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді түрде қатысқан жағдайда қатысуға құқылы. Яғни, отбасы өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыру шарттарын орындаған жағдайда ғана қаржылай жәрдем алады.


07.03.2017

Данагул

Салеметсиздерме.Мен сиздерден сурайын дегеним баспана жонинде. Аксай Борли жактардан салынып жаткан жер уйлерге калай илигуге болады.Неге жас отбасыларга сондай уйлер салынбайт казирги танда мемлекеттик кызметте истейтмндерге коптеген мумкиндиктер бар уй алуга, сонда мемлекеттик кызметте жок жас отбасылар калай уй алуга болад. Акша жинауга квартирадан одан калды отбасынан ауыспайт.Сиздерден сурарым маган бир жер уй алуга комектессениздер ипотека ретинде. Казир 2балам бар. Улкени 2,9 ал кишиси 7айлык.Улкени мектепке барганша баспаналы болгым келет.Сиздерден отиниш комектесиниздерши.

Ответ:

Құрметті Данагүл Есенжанқызы! Сіздің қала әкімінің блогына жолдаған өтінішіңізге орай, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Аталған Заңның 68-бабында Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты көрсетілген. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар; 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; 9) көп балалы отбасылар-(көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы); 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар жатады. 68, 74 - баптағы санаттарға сәйкес болған жағдайда, аз. Д. Айтмурзиева тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрғын үй алу кезегіне тұруға құқылы. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалада тұрақты тіркелімі бар азаматтар кезекке тұра алады. Сондықтан, Сіз кезекке тұру туралы түсініктемені тұрғын үй және жекешелендіру секторынан мекенжайы: Орал қаласы (Некрасова көшесі, 30/1-үй, қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін) және «Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ, (мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 82/2-үй) ала аласыз. Қосымша: Сіздің ипотекалық үйге қатысты сұрағыңыз Орал қаласы, ТҮКШ ж ТҮИБ-нің құзіретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 15-кабинет, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 09:00-ден 16:00 дейін Орал қаласы әкімі атына өтініш жазуыңыз қажет және өтінішке жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».


07.03.2017

Дархан

2007жылы жер алуға кезекте тұрғанда едім. Кезекті нешінші тұрғанымды білейін деген.

Ответ:

Құрметті Дархан Уаресович! Сіздің 2008 жылы 13 ақпандағы №А-283жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегіңіз – 27389. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


07.03.2017

Мулдир

Сәлеметсізбе. Мен пәтер алу кезегімді білейін дегенмін және құжаттарды қабылдау қай уақытта басталады екен? Қандай құжаттар тапсыруымыз қажет? Алдын ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Мөлдір Мировна! Сіз қала әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы №524 қаулысы негізінде «мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi» тізіміне 4627-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда Сіздің кезектегі нөміріңіз-1016. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша беріледі. Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес 3 топ қарастырылып, Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын тұрғын үйді өткізу тетігі төмендегідей: 1) I топ, оның ішінде: «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар; «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. оралмандар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі: 1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы; 2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар. 2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты; 3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты: кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы. Жоғарыда аталғандарды баяндай келе, бүгінгі таңда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы тұрғын үйлер салынуда. Егер, III топ «Жас отбасылар» санаты бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға құжат қабылдау басталған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және қала әкімдігінің сайтына www.uralsk.gov.kz хабарландыру болып жарияланады.


07.03.2017

Айнур

Салематсыз ба. Некрасова мен Лермонтова көшесінің қиылысындағы қоқыс алаңқайын дұрыс орналастырмаған. 5-7 метр ары қарай ысыруынызды сұраймын.Біздің қоқыс баспай үйден шыға алмаймыз, ал қоқыс жинайтын машина келгенде тіпті омірімізге қауіп тонеді жәну балалар денсаулығына шіріген қалдығтар кері әсер етеді. Менин сұрағым не себепті қоқыс алаңқайын жобалап орналастырғанда тұрғындардын отетін жолын бөгейтін қылып жобалаған. Құрметті Акім мырза Сіздің құзіретті органдарыныздан сұрайтыным 5-6 метр алаңқайды әрі ысыру. ҚР Нормативтік құжаттарында тұрғындардын жолын шыға алмайтындай бөгеу қарастырылмаған шығар.РАХМЕТ.

Ответ:

Құрметті Айнұр! Сіздің өтінішіңізге, Орал қаласының әкімдігі Сізбен аталған мекенжай Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен тексерілгенін хабарлайды. Тексеріс нәтижесі бойынша, ауа-райының қолайлы жағдайында қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерінің алаңын басқа орынға көшіру мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлаймыз.


07.03.2017

Дархан

2007жылы жер алуға кезекте тұрғанда едім. Кезекті нешінші тұрғанымды білейін деген.

Ответ:

Құрметті Дархан Уаресович! Сіздің 2008 жылы 13 ақпандағы №А-283жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтініші арнайы есепте тіркелген. Қазіргі уақытта арнайы есептегі кезегі – 27389. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады». Орал қаласының бас жоспары негізінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарға тәптіштелген жоспарлау жобасы дайындалады. Инженерлік инфрақұрылым тартылған соң жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша жер учаскелерін беру мәселе қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған негізде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі кезекпен берілетіндігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, жер кезегін Орал қаласы әкімдігінің www.uralsk.gov.kz сайтынан және «Орал каласының жер қатынастары болiмi» мемлекеттiк мекемесiнен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй, мекенжай бойынша, 4-кабинет, 2-үстелден білуіңізге болады.


blog_akima