Құрметті қала тұрғындары! Құрметті Алтай Сейдірұлы!

2018 жылға жоспарланған жұмыс жоспарын ойдағыдай аяқтап, жаңа жылға да аяқ бастық. Өткен жыл Сіз бен Біз үшін жемісті, келелі істерге толы жыл болды.

Құрметті жиынға қатысушылар, шаһарда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланатын бүгінгі есептік кездесуге қош келдіңіздер!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауында мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз деп айтқан болатын. Сондықтан, өткен жылы жүзеге асқан ортақ жұмыстарда сіздердің қандай да бір үлесіңіз бар екені сөзсіз.

Құрметті қала тұрғындары, жиынға қатысушылар!

Сіздерді Орал қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты екені мәлім. Қазіргі таңда қаламызда 56 ауылшаруашылық субъектілері бар.

ҚР АШМ-не тиісті бекітілген ережелеріне сәйкес жалпы соммасы 174 млн.тенгені құрайтын субсидия бөлінді.

Орал қаласында тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мақсатында, күні бүгінге ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің мәліметтері minagro.kz сайтында электрондық алқап картасы орналастырылуда.

Шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында 2018 жылы қаламызда 80-ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысуымен 30 жәрмеңке өткізілді. Аталған жәрмеңкелер қорытындысы бойынша жалпы соммасы 400 млн.теңге болатын 1200 тонна ауылшаруашылығы өнімдері сатылды (175 тонна ет және 43,6 тонна балық, 550 кг құс еті, 645,6 мың дана жұмыртқа).

Қазіргі нарықтық заманда азық-түліктің бағасын тұрақтандыру ең өзекті мәселе. Сондықтан, жыл бойы атқарылған осы шара тұрғындардың қолдауын тауып, азық-түліктің бағасын тұрақтандыруда өз септігін тигізді. Көпшіліктің сұрауы бойынша аталған жәрмеңкелерді жалғастырудамыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Елбасы өз Жолдауында: «Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты» деген болатын.

2018 жылы 5300 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 8 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, мемлекеттік қолдау арқылы 365 адам жұмыспен қамтылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 64 адамға 747 млн. теңгеге микрокредиттер берілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге (28 адамға 303,5 млн.теңге) артты.

 «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалы және шаһарымыздың қоғамдық ұйымдары мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымда қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда 272 нысан паспортталып, соның ішінде 162 нысан бейімделген.

298 мүмкіндігі шектеулі адам әлеуметтік қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Осы орайда, Орал қаласы бойынша 1 млрд.теңгеге 6 мыңнан астам азаматтық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін өсті. Бұл үлкен қолдау және көмек.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 51 мектеп, 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша, 30 шағын орталық және 10 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. 

Қазір қала мектептерінде барлығы 46,5 мыңға жуық оқушы, өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,5 мың оқушыға артты.

Өздеріңіз көріп отырғандай, оқушылардың санының көбеюімен мектептердің санын арттыру қажеттілігі туындауда.

Бізге осы мәселені шешуде облыс басшылығы зор қолдау көрсетуде.

Өткен жылдың өзінде Деркөлде және Зашаған кентінде жаңадан 3 мектеп (2100 оқушыға) ашылып, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар №19 жалпы білім беретін мектеп және №24 мемлекеттік балабақша күрделі жөндеуден өтті.

Мемлекет тарапынан материалдық-техникалық қолдауға ие болған оқушыларымыз биыл да жақсы көрсткеш көрсетуде. 2018 жылы 1777 түлек мектеп бітіріп, 734-і грант иегерлері атанды, оның ішінде 3 түлек Назарбаев Университетіне түсті. «Алтын белгіге» 64 үміткер толықтай өз білімдерін дәлелдеді.

Оқушыларды дайындау барысында  жетістікке жетіп жүрген ұстаздарымызда баршылық. Халықаралық деңгейдегі байқаулардан 3 педагог, республикалық  байқаулардан 45 ұстазымыз  жүлделі орынға қол жеткізді. 

Қала бойынша барлық балабақшаларда 15 мың бала тәрбие алуда. 

3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.

2018 жылы 3500 баланы қамтитын 40 жекеменшік бала-бақша 674 млн. тенгені қамтитын мемлекеттік білім тапсырысына ие болды.

Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мысалға, 2014 жылы аталған сомма 28 млн. теңгені құраса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 25 есеге артқан. Бұл жекеменшік бала-бақшаларға, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау!

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мұғалімнің мәртебесі туралы жаңа заңға сәйкес ұстаздардың жалақысын көтеру туралы тапсырма берді. Бұл жаңалықты 7 мыңға жуық қаламыздың білім беру ұйымдарының  қызметкерлері зор қуанышпен қарсы алды. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыдан 35%-ға өсті. (СВОИМИ СЛОВАМИ)

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

Қаланың барлық мектептері кеңжолақты интернетке қосылған.  «Kundelik» электронды мектеп журналдары жүйесін барлық қала мектептері қолданып келеді. 51 қала мектебі «БІЛІМЛЭНД» порталында оның «Imektep» и «Itest» ресурстарында онлайн режимде жұмыс жасаса, қалалық 3 мектепте және оқушылар сарайында IT сыныптары ашылып, қызмет көрсетуде. Келесі оқу жылына жаңа үлгідегі IT кабинеттерді 30 мектепте орнату  жоспарлануда.

Барлық қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. 

2019 жылы мектепке қабылдауды және шағын орталықтарға кезекке қоюды жүргізуге мүмкіндік беретін «мектептер мен шағын орталықтар қызметінің процестерін автоматтандыру» бағдарламасы қолданысқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы елімізде үлкен рухани серпіліс туғызғаны сөзсіз.

Жыл басынан бері бағдарламалық мақала аясында 109 мәдени-көпшілік шаралар өтті.

Қазақ халқы қашанда өзінің ұлттық реңкімен, өнерімен ерекшеленген. Осы орайда қаламызда байтақ еліміздің ән-күй мектептері өкілдерінің қатысумен әнші-термешілер, күйшілер концерті өтті.

«Қала күні» мерекесі аясында Екінші «Жайық сазы» өнер фестивалі, «Қазақстан киносының апталығы», «Орал-Опера» классикалық саз кеші және басқа да дәстүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

2018 жылы құрылған шаһарымыздың «Салтанат» би ансамблі Астана қаласында өткен «Kazakhstan stars Astana» халықаралық би байқауында жеңіске жетті. 

Өткен жылы қаламызда 10 мыңға жуық мәдени-демалыс іс-шаралар өтті. Бұл жұмысты біз әрі қарай жалғастырамыз.

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2018 жылы 29 аула аумағын абаттандыруға бюджеттен 485 млн.теңге қаражат бөлінген болатын. Осы жұмыстар арқылы қаламыздағы 46 үйді қамтитын 10 мың тұрғынға қолайлы жағдай туғыздық.

Жалпы қала аумағында жаңадан салынған шағынаудандарды қоспағанда, 386 аула аумағы бар. Аталған бағдарлама арқылы 2007-2018 жылдары аралығында 297 аула аумағы абаттандырылды. Бұл бағдарламаның тиімділігін көрсетеді. Қазіргі таңда қаламызда абаттандырылмаған 60 аула аумағы қалды. Бұл жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады.

Орал қаласының көше-жол желісінде 19 мыңға жуық жарық нүктесі бар, оның ішінде 24% жарықдиодты шамдар, қалған 76% ескі үлгідегі шамдар. Жарықтандыру желісінің ұзындығы 353 км-ді құрайды. Қазіргі таңда қаламыздың 268 көшесі, 372 аула аумағы жарықтандырылған.

2018 жылы 16 нысан бойынша 2500 жарықдиодты жарықшамдар орнату жоспарланды. Оның ішінде 6 жоба КПО б.в. компаниясы арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Достық-Дружба даңғылы, М.Ықсанов, Сарайшық көшесі және Әуежайға апаратын 3 жол учаскесі бойынша жұмыстар аяқталды. Қалған 10 жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында осы жылы басталатын болады. (СВОИМИ СЛОВАМИ)

Жасыл шаһарымыздың көркейту мақсатында, 20320 текше метр жерге гүлшоқтар отырғызылып, қала бойынша 25 субұрқақ жұмыс істеді.

2018 жылы қаламыздың демеушілері есебінен «Туған Жер» бағдарламасы аясында 3 тынымбақ салынды. Евразия даңғылы бойындағы №36 мектептің жанына жаңа тынымбақ Голоухов Валерий Ивановичтің демеушілігімен салынса, Т.Масин көшесі бойынша орналасқан тынымбақты қайта жандандыруға Джакупов Жаслан Қабиболлаұлына атсалысты. Сондай-ақ, Ет комбинаты ауданындағы «Денсаулық» тынымбағы «Туған жерге туың тік» қоғамдық қорының қаржысы есебінен салынды.

Аталған азаматтар туған жеріне деген сүйіспеншілігін осылай білдіріп, жас ұрпаққа үлгі көрсетіп отыр. Сіздерге қала тұрғындары атынан алғыс білдіремін!

Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы соммасы 125 млн. теңге құрайтын 9 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 тұрғын үйдің шатырын күрделі жөндеу жұмыстары болса, жедел саты (лифт) шаруашылығын ауыстыру жұмыстарын жүргізуге 4 үй тапсырыс берген.

2019 жылға аталған бағдарлама бойынша 13 нысанға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысын алды.

АШЫҚ ӘКІМДІК ШАРАСЫ

Елбасымыз атап өткен мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыруға,  ашықтық, транспоренттік принципін қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мақсатында өткен жылы алғаш рет 3 кенттік округте және Деркөл кентінде «Ашық әкімдік» шарасы ұйымдастырылды.

Бөлім басшыларының және коммуналдық қызмет көрсету мекемелері басшыларының қатысуымен өткен шараға 135 тұрғын қатысып, өз сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 3 және 2019 жылдың басында 1 "Ашық әкімдік" күні өткізілді. Аталған шарада қала әкімінің қабылдануына 284 тұрғын өтініш білдірді.

Шара барысында тұрғындар көтерген ең өзекті мәселе сыртқы жарықтандырулар және жаяу жүргінші жолдарын салу туралы болды. Халықты толғандырған негізгі мәселелер - емханалардың жұмыстары, үй және жер кезегіне тұру, маршрут автобустарының қызмет сапасы,  аулаларды абаттандыру сияқты сұрақтар қойылды.

Бүгінде тұрғындардың көтерген сұрақтары қатаң бақылауға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде. Өткізілген барлық 8 "Ашық әкімдік" шарасында түскен жалпы саны 419 өтініштің 350 сұрағы өз шешімін тауып, қалған 69 сұрақ ұзақ мерзімді бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ӨТКЕН ЖЫЛЫ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР

Өткен жылғы халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар көтерген проблемалық мәселелерді шешу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып кетейін.

Кездесу барысында жалпы саны 104 ұсыныс-сұрақтар түскен болатын. Олардың 71 бүгінгі таңда толықтай шешіліп отыр. Ал шешуге уақытты талап ететін 33 күрделі сұрақ ұзақ мерзімді бақылауға алынды.

Ең көп қойылған сұрақтар қатарына жол салу, аулаларды абаттандыру және қоғамдық көлік мәселелерін жатқызуға болады.

Жоғарыда айтылғандай, өткен жылы қалалық тасымалдаушы мекемелер өз есебінен 35 жаңа қоғамдық көлік сатып алған болатын. Биыл да осындай жаңарту жұмыстар өз жалғасын табады. Ал, жол мәселесіне тоқталар болсақ, өткен жылы 50 көшеге жоспарланған жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды. Биыл да, осы қарқыннан айырылмай еңбектенетін боламыз. (СВОИМИ СЛОВАМИ)

Былтырғы кездесуде халықты толғандырған тағы бір мәселе – тарифтерді төмендету еді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар үшін қолданыстағы тарифтерді төмендету жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдан бастап, электр энергиясына, суға, жылуға, газ және ПИК қызметтері бойынша тарифтер төмендетілді.

Белгілі себептермен шешілмеген сұрақтар қатары да бар. Мысалға, Сарытау шағын ауданына жол салу мәселесі. Ол күн де алыс емес. Сарытау шағын ауданына жол салу биылғы жылдың жоспарында бар. Бұл уақытты талап ететін ауқымды жұмыс.

Осы орайда қаламызда жол жөндеу жұмыстары және жалпы қала бойынша атқарылатын істер туралы баяндап өтейін.

Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс. Реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды», - деді Елбасы. Еліміздің өркендету жолында Президент айқындаған стратегиялық бағыттарды ұстану арқылы жетістіктерге жететініміз ақиқат.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының ұсынған 5 әлеуметтік бастамасы толыққанды жүзеге асып жатыр деуге болады. Жоғарыда айтып кеткендей, Бірінші бастама бойынша Орал қаласында үй құрылыс қарқыны артуда. Екінші бастамаға сай, қала бойынша жұмысшылар жалақылары өсуде.

Құрметті оралдықтар, атқарылған жұмыс аз емес, алда тұрған міндеттер де ауқымды!

Өңіріміздің дамуына атсалысып, белсенділік танытып, жасыл шаһарымыздың қажеттіліктерін ортаға салып, жасалған жұмыстарға ризашылық, ескертпелер білдіргендеріңіз шын қуантады.

Біз әркез халық үшін жағымды жаңалықтарды жеткізуге асықпыз. Өйткені, осы істер Сіз бен Біз үшін жасалады. Биылғы жылға қойған мақсаттарымызға бірге жетейік!

Назарларыңызға рақмет!