Орал қаласы әкімі Н.Т.Төреғалиевтің

Орал қаласының 2020 жылға дейінгі

стратегиялық даму тұжырымдамасы бойынша тезисі

 

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

 

         

Орал қаласы – Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Азия мен Еуропаны байланыстырушы ерекше сауда қақпасы, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени  орталығы болып табылады.

Орал – Орталық азия аймағы мен Қазақстанның ең басты батыс қаласы болып есептеледі. Батыс Қазақстан облысы солтүстік-батыс бөлігінде Ресейдің Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград және Астархань облыстарымен, оңтүстік-шыңыс бөлігінде Атырау және Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Аталған облыстар Қазақстан мен Ресейдің экономика жағынан аса маңызды дамыған облыстарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, Орал еуро-азия көлік байланысының ыңғайлы байланыстырушысы.

 

Орал қаласының стратегиялық даму жоспары стратегиялық маңызды 100 нақты қадам, Қазақстан 2050 стратегиясы, Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы, бас жоспар, аймақтың даму жоспары негізінде жасалды. Көрсеткіштер 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша анықталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ағымдағы жылдың наурыз айындағы біздің облысымызға келген сапарында «Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияны негізгі байланыстырушысы ретінде экономикамыздың дамуында ылғи да елеулі орын алатын аймақ. Аймақ асы маңызды транзиттік потенциалға ие және біз оны әрі қарай дамыта береміз. Орал қаласы еліміздің баға жетпес құнды маржаны» деген болатын».

 

         

Қала дамуының индикаторы болып 2020 жылға дейін 6 бағыт бойынша 30 көрсеткіш анықталды. Негізгі басымдылық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге, жолдар жағдайы, қоғамдық қауіпсіздік, шағын және орта бизнес көрсеткішіне бағытталып отыр. Өнеркәсіптің, инвестициялық белсенділік, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саласы мен мемлекеттік қызмет көрсетудің көрсеткіштері көрсетіліп отыр.

 

 

Көрсеткіштер

 
 

2015 ж.

 
 

2020 ж.

 
 

ҚТҚ жалпы көлемі.

 
 

650 мың.м3

 
 

750 мың.м3

 
 

Жалпы өндіріс көлеміндегі қалдықтары қайта өңдеу үлесі %

 
 

0,05%

 

(32 м3)

 
 

2,1%

 

(1575 м3)

 
 

Жалпы енгізілген тұрғын үй ауданы.

 
 

173,2 мың.кв.м.

 
 

253  мың.кв.м.

 
 

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту.

 
 

89%

(1197 дома)

 
 

84,7%

(1139 дома)

 
 

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі

 
 

87%

 
 

100%

 
 

Қанағаттандырарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі

 
 

53% (130,3 км)

 
 

61,5% (151,2 км)

 
 

Газбен қамтамасыз ету

 
 

100%

 
 

100%

 
 

Су бұрумен қамтамасыз ету

 
 

79%

 
 

85%

 
 

Полицияға сенім арту деңгейі

 
 

40,7%

 
 

75%

 

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

 

23,8%

 
 

23,2%

 
 

Кәмелетке толмағандар  тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

 
 

24,5%

 
 

3,1%

 
 

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің саны

 
 

24 715

 
 

25 865

 

Бөлшек сауданың тауар айналымының көлемі

 

170,8 млрд.тг.

 
 

255 млрд.тг.

 
 

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

 
 

99,2%

 
 

114,7%

 

Жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымының ұлғаюы

 

593 мың.тг.

 
 

1 129 мың.тг.

 
 

Жергіліктібюджеткесалықтықжәнесалықтықеместүсімдердіңөсуқарқыны.

 
 

92,8%

(68,2 млрд.тг)

 
 

106,9%

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі

 

95,9%

 
 

100,8%

 

Негізгі капиталға инвестициялар

 

196,8 мың.тг.

 
 

200 мың.тг.

 
 

Мемлекеттік–жеке серіктестік жобаларының саны

 
 

2

 
 

8

 
 

Өңдеуөнеркәсібіндегіөндіріскөлемі.

 
 

68,7 млрд.тг.

 
 

99,9 млрд.тг.

 
 

Ауылшаруашылығыныңжалпыөнімінің (қызмет) нақтыкөлеминдексі

 
 

93,1%

 
 

104,6%

 
 

Ауылшаруашылығыныңжалпыөнімінің (қызмет) нақтыкөлемі

 
 

4,2млрд.тг.

 
 

5,0 млрд.тг.

 

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

 

35,7%

 
 

45%

 
 

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі

 
 

0,5%

 
 

0,7%

 
 

Өмір сүру ұзақтығы

 
 

71,1 жыл

 
 

75,6 жыл

 

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

 

98,1%

 
 

100%

 

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

 

27,6%

 
 

31,5%

 
 

Жергіліктіатқарушыоргандарменкөрсетілетінмемлекеттікқызметтеркөрсетусапасыныңқанағаттанарлықдеңгейінарттыру

 
 

95%

 
 

97%

 

 

Осы жылдың негізгі мәселелерін саралай келе, біз қаламыздың қарапайым тұрғынын ойландыруы мүмкін негізгі мәселелерді анықтадық. Бұл:

-   Коммуналдық қызметтің сапасы;

-   Жолдардың сапасы;

-   Күл-қоқыстарды уақытылы шығармау;

-   Қала маршруттарының, аялдамалардың дұрыс ұйымдастырылмауы;

-   Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;

-   Балалар және спорт алаңдарының жетіспеушілігі;

-   Мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы;

-   Қылмыс;

-   Ақпараттарға қолжетімділік;

-   Медициналық қызмет көрсетулердің ұйымдастырылуы мен сапасының төмендігі.

 

 

         

Орал қаласы стартегиялық дамуы шеңберінде біз негізгі миссияны анықтадық: Орал – жасыл әрі таза қала. Іскерлік белсенділік пен мәдени туризмнің қаласы. Орал аймағының логисткалық орталығы – Қазақстанның батыс қақпасы.

Негізгі мақсаттары - тұрғындардың өмір сапасын жақсарту. Тұлғаның өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті жағдай жасау. Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының жұмысы мен демалысы үшін қолайлы қала кеңістігін қалыптастыру.

Орал – Қазақстанның ең жасыл, экологиялық таза қаласы, бұл негізгі позиция. Бұл идеяны біз үнемі насихаттап жүреміз.

          Қала дамуының 8 негізгі басымдықтары анықталды:

-   Біріккен қалалық жүйе;

-   Дамыған экономика;

-   Бизнес пен туризмға арналған қала;

-   Қолайлы орта;

-   Әлеуметтік қала;

-   Қауіпсіз қала;

-   Белсенд тұрғын;

-   Жасыл экономика

 

           

«Біріккен қалалық жүйе» басымдықтары шеңберінде Орал қаласы шегі жоқ бір организм ретінде қарастырылады. Бұл орталық, ауылдар, саяжай массивтері.

Жалпы алғанда қаланы үш бөлікке бөлуге болады:

-   Орталығы (тарихи бөлігі) азқабатты үйлер Сарайшық-Достық-Молдағұлова-Деповская-Еуразия-Мұхит көшелері бойымен көпқабатты үйлерге ұласады.

-   Солтүстік-шығыстық – көпқабатты тұрғын-үй құрылысы (Қонаев, Астана, Жаңа Орда және т.б. шағын аудандар)

-   Шығыс – өндірістік-индустриялдық аймақ (Ремзавод, Ет комбинаты және оғар іргелес жатырған үйлер (5 қабаттан жоғары емес) және жеке секторларымен.

          Орал қаласы ауылдарының дамуын төмендегідей бағытта дамыту жоспарда бар:

·        Зачаганск ауылы – қаланың дамыған перспективалық шағын ауданы ретінде ұқсастыруға болады. Бұл бөлек әкімшілік-аумақтық бірліктің мәртебесін болашақта қысқартуға, немесе қаланың бір ауданы ретінде құрамына Круглоозерное, Серебряков, Деркөл және оған іргелес жатырған елді мемкендерді қоса отырып, (Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларының мысалын ала отырып) өзгертуге болады. (халық саны 80 мың адамға дейін өсу мүмкін)

·        Деркөл және Круглозоерное ауылдарын – ауылшаруашылығы өнімін өңдеу кешенімен қаланың ауылшаруашылығы аумағы ретінде анықтауға болады.

·        Желаев селолық округі – қаланың демалыс орны ретінде дамыту (қасында қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны Карьер орналасқан).

 

         

Қалада 6 мың км астам әртүрлі инженерлік желілер бар. Оның 2848 км тозығы жеткен (47%).

Соңғы 3 жылда 7 млрд. теңгеге жуық 483 км инженерлік желілерінің барлық түрлері жөндеуден өтті. Бұл тозған желілерді 1,2%-ға азайтты.

Сумен жабдықтау желілерінің  жалпы ұзындығы – 428 км., тозу – 67%. Су бұру жүйелерінің жалпы ұзындығы – 362 км., бұл саладағы тозу 66% құрайды. Су жоғалту – 20%.

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге, ұзындығы 13км. құрайтын 183 мың адам қосылған су құбырлары мен канализацияны жөндеу жоспарлануда.

Сонымен қатар КПО б.в. арқылы сомасы 430 млн.теңге құрайтын  4 км. дан астам  су құбырларын, сомасы 207 млн.теңге ұзындығы 1,3 км. құрайтын жеке ағынды канализациялық коллекторды жөндеу жоспарлануда.

Желілердің техникалық жағдайын жоқ дегенде қазіргі деңгейде сақтау үшін жыл сайын 10-12% жөндеу жүргізу қажет. Қазіргі таңда тез арада жөндеуді талап ететін әр түрлі диаметрлі 52 км. канализациялық желілер бар.

Ветелки және Меловые горки елді мекендерін сумен жабдықтау қамтамасыз етілмеген, бірақ та олардың жобалары бар және оларға қазіргі уақытта түзету жүргізілуде.

ТОО «Батыс су арнасы» инвестициялық жобасы арқылы 2016-2020 жылдары 33км. су құбырларын және 6,5км. канализациялық желілерді қайта құру қарастырылған.

 2017 жылы ұзындығы 13км. дан астам, жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге құрайтын 9 объектті қайта құру жоспарлануда.

Алдағы уақытта (Деркул, Желаево а.о., Жұлдыз ш/а, және т.б.) қала территориясындағы барлық жеке секторларға канализациялық желілер салу қажет.

          Судың тиімді пайдалануы

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «Қазақстан-2050» Стратегиясы ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін белгіледі.  Олардың бірі - судың тым тапшылығы.

«Қазіргі уақытта, әлемдік су ресурстарының тапшылығы өзікті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, халықаралық қоғамдастығы ауыз суының жетіспеушілігіне, сапасының нашарлануына және осы мәселені шешу бағытында әр түрлі шаралар қолдануда.

Аталмыш мәселе бойынша, әлемдік саясаттың барлық авторлары оған қоса, әр түрлі халықаралық ұйымдар ерекше рөл атқаруда. Халықаралық ынтымақтастықтың құрылымындағы басты орындардың бірі БҰҰ-на және оның құрылымдарына тиесілі.

Табиғатты қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау (технологиялық, биотехникалық, экономикалық, әкімшілік, құқықтық, халықаралық, ағартушылық және т.б.), ресурстардың тиімді пайдалануы, сақталуы, таусылудың алдын-алуы, табиғи өзара байланысты қалпына келтіру, адамның іс әрекетін қоршаған ортамен тендігін орнату кешенді шаралар болып табылады.

 

Орал қаласы бойынша, 1 адамның суды тұтынудағы нақты тәулігіне шамамен 122 литр құрайды.

 

         

          Жылумен жабдықтаудың жалпы ұзындығы – 240км., желілердің тозуы                   52,7% құрады. Жылу жоғалту – 18%.

          «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра отырып 2016 жылы жалпы сомасы 375 млн.теңге, ұзындығы 1,2кмқұрайтын, 31 мың адамды, 7 әлеуметтік және 96 тұрғын объектілерін жылумен қамтитын, жылу магистралін жөндеу жоспарлануда.

          Қаланы жылумен жабдықтаудың негізі мәселесі – қалалық ТЭЦ тың қазіргі жағдайы болып табылады.

2017 жылы жалпы сомасы 1,3 млрд.теңге, ұзындығы 7км. дан астам6 объектіні жөндеу жоспарлануда.

Қазандық шаруашылық бойынша 2016 жылы жалпы сомасы 60млн.теңгені құрайтын шараларды орындау, соның ішінде келесі қазандықтарға ЖСҚ дайындау жоспарлануда:

·     Зашаған кентіндегі АТП «Водстрой» қазандығын қайта құру;

·     Зашаған кентіндегі Аул ученых көшесіндегі ескі қазандықтың орнына жаңасының құрылысы.

Сонымен қатар, күрделі жөндеу бойынша  сомасы 9 млн.теңге құрайтын,ұзындығы 0,7 км. жылу жүйесін ауыстыру жоспарлануда.

2020 жылға дейін қазандықтардың жағдайын дұрыстау үшін жалпы сомасы 1,5млрд.теңге көлемінде шығындар қажет.

         Жасыл экономикаға ауысудың бірден – бір маңызды бағыты ол, энергияны үнемдеу және оның тиімділігін арттыру. Аталмыш бағыт аясында 415 үймен жұмыс жүргізіліп, 437 жылуды есептеу құрылғылары орнатылды нәтижесінде, тұрғындармен жылуға төленетін ақыларын 30-40% дейін үнемдеуге мүмкінкін берді. Тұтынылған жылуға жұмсалатын қосымша шығындарды төмендету үшін, ауа райына байланысты жылу тасығыштың жұмысын реттейтін автоматтандырылған жылу пункіттерін (АЖП) орнату қажет.

 

         

          Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы шеңберінде 2013-2015 жылдары жалпы сомасы 8 млрд.теңге,  көлемі 123 мың.шаршы метр құрайтын 1890 пәтерлі 13 үй құрылысы жүзеге асты.

          Халықты тұрғын үймен қамту мақсатында 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша жалпы сомасы 11 млрд. теңгеге жуық  көлемі 90мың шаршы метр құрайтын рекордты  14 үй, оның ішінде 9 үй «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы тапсырылу жоспарлануда. Бұл кезекте тұрған тұрғандарды 1004 пәтермен қамтуды  қамтамасыз етеді.

          Орал қаласының 5 мыңнан астам тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1562 пәтер құрылысы жүзеге асырылады.

1.     Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салым салушыларына – 3 үй, 306 пәтер.

2.     Жас отбасылар үшін – 2 үй, 180 пәтер;

3.     Кезектегілер үшін – 1 үй, 180 пәтер;

4.     АО «НУХ «Бәйтерек» желісі бойынша кезекте тұрушыларға – 6 үй, 671 пәтер.

5.     Мемлекеттік-жеке серіктестік желісі бойынша (аппатты үйлер) – 2 үй, 225 пәтер.

          2017 жылы Зашаған кентіндегі ТЖЖ-да және қаланың Солтүстік-Шығысында (ТЖЖ «Б») жалпы сомасы 12 млрд.теңге, көлемі 85 мың.шаршы метр құрайтын 9 тұрғын үй құрылысы жоспарлануда (1307 пәтер). Бірақ біз бұнымен шектелмей, құрылыс жоспарланған үйлердің көлемін ұлғайтуға жұмыстар жүргізетін боламыз.

          Болашақта мемлекеттік-жеке серіктестік тәсілін қолданатын боламыз.

 

           

Қала шекарасы кеңеюіне және жаңа ықшамаудандар құрылысына байланысты қатты жабынды жолдар салу мәселесі кезек күттірмейді. Оның үстіне қаланың орталық бөлігіндегі жолдардың жайы қанағаттанғысыз күйде. Шамамен алғанда қала мен қалаға қарасты кенттерде, ауылдық округтерде  300-дей көшеге құрылыс жүргізу, күрделі немесе орта жөндеу жасау керек.

Соңғы 3 жылда 11 млрд.теңгеге жалпы ұзындығы 84 км құрайтын жолдарға жөндеу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қаланың барлық жолдарының жалпы 14%-н құрайды (тас жолы төселімі қанағатсыз жағдайдағы – 130,3 км).

2016-2020 жылдар арасында 5 жылда 80 көше мен 2 көлік өткелінде 116 шақырымжолды жаңғырту және жөндеу жоспарланған, құрылыс жұмыстарының жалпы құны 19,5 млрд.теңге.

Сонымен қатар, қаланың барлық әлеуметтік нысандарына кіру жолдарының құрылыстарына қатысты қажетті ақпараттар жинау басталды.

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 18км. құрайтын 14 қала көшесін жөндеуге 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалардың шеңберінде жалпы сомасы 202 млн.теңге, ұзындығы 13км. құрайтын жаяу жүргінші жолдарын орнату жұмыстары қарастырылған.

         

Алдағы уақытта 3 млрд.теңгеден астам соманы құрайтын, жалпы ұзындығы 300 км. жаяу жүргінші жолдарын орнату жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Есептемелерге сәйкес жаяу жүргінші жолдарын орнатуда басым тұрған участкілердің жалпы ұзындығы 66 км. Ал оған жұмсалатын қаражат сомасы 850 млн.теңге.  

Қазіргі уақытта Орал қаласында 150-ге  жуық әлеуметтік объектілер бар. Олардың 30% кіре беріс жолдары менжаяу жүргінші жолдарын орнатуды қажет етеді. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру сомасы 250 млн.теңгені құрайды.

Жолдардың құрылыстары мен жөндеу жұмыстары кешенді жағынан қарастырылатын болады. Олардың құрылыстары жаяу жүргінші жолдарымен, тұрақтармен, арықтармен  қамтамасыз етілу қажет.

Жыл сайын жолдарды ағымдағы жөндеуге бөлінетін қаржы негізінен шұңқырларды тегістеуге жұмсалады. Алайда топырақ жолдардың мәселесін құм мен қиыршық тас төсеу арқылы шешуге болар еді.

Жөндеудің бұл түрі топырақ жолдардың жайын жақсартып, автокөліктердің кедергісіз жүріп-тұруына, магистральды көшелердің ластануын азайтуға мүмкіндік берер еді. 1 шақырым жолға қиыршық тас пен құмды қоспаны төсеу 14 млн. теңге тұрса, күрделі жөндеу кем дегенде 140 млн., яғни бұдан 10 есе қымбатқа шықпақ. 

Мәселен 2011 жылғы су тасқынынан кейін Зашаған кентінде 8 көшеде ұзындығы 11 шақырым жолға құм мен қиыршық тас төселді. Күні бүгінге дейін ол көшелердің жайы қанағаттанарлық күйде, көктем мен күзде көліктер тоқтаусыз жүріп тұр.

Жақын арада автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланбаған көшелерге қолданылатын уақытша шара. Бұл, өз кезегінде әлеуметтік шиелісті болдырмау мақсатында, әсіресе баугерлік серіктестіктерінде, медициналық жедел жәрдем көліктерінің өту жолдарына пайдаланылады.

         

Қаланы абаттандыруда көптеген мәселелер шешіліп жатқандығына қарамастан, қазіргі таңда үйлердің  алдын абаттандыру мәселесі толық шешілмей отыр.

Аталған  шаралардың барлығы негізінен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына жатады және солар арқылы жүзеге асуы тиіс. Бірақ та, олардың қазіргі таңдағы материалды қаржылық жағдайын ескере отырып, сонымен қатар бұл жұмыс түрі өте қымбат болып табылғандықтан, оларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығы шешілді.  

Қазіргі таңда облыстық орталықта жаңа қолданысқа беріліп жатқан шағынаудандарды қоспағанда, барлығы 386-ға жуық аулалық аймақтар бар.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі уақытта жалпы сомасы                          2 млрд.теңге құрайтын 260 аулалық аймақтарға асфальт төсеу жұмыстары өткізілген болатын.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 555 млн.теңге құрайтын 30 аулалық аймақты абаттандыру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта қосымша Орал қаласы бойынша 96 аулалық аймақ ішкі орам жолдарынжөндеуді қажет етеді. Алдын ала өткізілген есептемелер бойынша жыл сайынғы абаттандыру көлемі 25 аулалық аймақты құраса, 2020 жылы барлық аулалық аймақтар толықтай қамтылатын болады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін 2 млрд.теңге шамасында қаражат қажет.

 

         

Көгалдандыру - қала дамуының өзекті мақсаттарының бірі. Қала жасыл түске оранғандай әсер беріп, автотрассалардың бойымен отырғызылған көгалдар саябақтармен, скверлермен ұштасып қаламыздың әсем келбетіне айналуы,көгалдандырудың негізгі бағыты болып табылады

Қаланы абаттандыру шеңберінде 12 скверді жайландыруға жалпы сомасы 675 млн теңгеге жобалар әзір. Биылғы жылы Зашаған кентіндегі көпқабатты жаңа аудандағы сквер құрылысы жоспарланған.

 

Қала туралы қажетті ақпарат беру мақсатында шаһарға кірер бағыттарға ықшам аудандар мен негізгі көшелердің орналасуы туралы үлкен таблолар орнату. Бұл қала қонақтары мен транзитті жолаушыларға дұрыс бағдар беріп, қала ішінде қозғалудың қолайлы жолдарын нұсқайды (бір таблоның құны 150 мың теңге). Алдағы уақытта барлық көшелерде белгілерді орнату қажет.

          Қалада аумағы 87-ден 441,5 шаршы метрге дейінгі 8 жерасты өткелі бар. Олардың барлығы да кәсіпкерлерге сенімді басқаруға берілген. Олардың кейбірі бүгінде тиісті жағдайда емес, толықтай қызметін атқармайды.

Олардың барлығы да шағын бизнес нысандарын дамытуда тартымдылығын екенін ескере отырып, бұл орындардың қызметін жақсарту үшін өзге инвесторларға беру жөнінде жұмыстар жүргізілмек. Бастапқы кезеңде 4 өткел бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жаңа аялдау павильондар құрылысы мен ескілерін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыстануды жүргізетін боламыз.

Қаланың сәулет-көркемдік сырт сипатын қалыптастыру мақсатында, шет елдердің қалалары үлгісінде жаңа форматтағы шағын сәулет формаларын, сондай-ақ көпқабатты үйлердің фасадтарын өзгерту ұсынылып отыр.

 

Транзиттік тасымалдауды дамытуда көліктік-логистикалық инфрақұрылым жобалары ерекше рөл атқарады.

Қала барлық көлік түрлерін қамтиды: темір жол, әуежай, автомобиль жолдары және су арқылы тасымдау.

Сондай-ақ, бұған Орал қаласының Бас жоспары әсер етеді, бас жоспарда транзиттік жүк автокөліктерінің тұрғын аумақтарға кірмей айналып өтуіне арналған сыртқы айналым жолын жасау қарастырылған. Негізгі транзиттік жүк тасымалдаудың негізгі ағыны Ресей мен Қытайдан шығып, Орталық Азияға, Таяу Шығысқа, Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне қарай бағытталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында автокөлік дәліздерінің алты негізгі бағыты қалыптасқан, оның біреуі – Шымкент, Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара. Бұл Орал қаласының жоғары транзиттік артықшылығын көрсетеді. 

Осымен қатар, бір қатар проблемалар бар:

- Самара бағытында көпірмен автомобиль жолын жөнделуі;

- Подстепное-Ілек автомобиль жолын жөнделуі;

- Орал-Саратов автомобиль жолын жөнделуі;

- Орал-Атырау автомобиль жолын халықаралық ереже сәйкес кеңейту (немесе темір жол құрылысы).

Қаланың көліктік әлеуетін дамыту үшін қазіргі заманғы еуропалық деңгейдің талаптарына сай (АҚШ-тың Аризона штатындағы автокемпинг және Германияның Магдебург қаласындағы үлкен көліктік-логистикалық орталық үлгісінде) сауда көліктік логистикалық орталық құрылып жатыр.

Аталмыш жоба аясында Орал қаласының шегінде 2016 жылы сауда көлік-логистикалық орталығы салынатын болады. Оның алаңы – 12 гектар, жобаның құрылысы – 2 млрд. теңге. Қазіргі таңда техниалық сараптамалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаны іске асырған кезде 500 және одан да көп жұмыс орындары ашылатын болады.

 

Азық-түлік секторын дамыту және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған азық-түлік белдігін дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау жоспарланып отыр. Бағдарлама шеңберінде алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған шаралар кешенін қарастыру қажет: ауылшаруашылық өнімдерінің тиімді өндірісінің көлемін ұлғайту, өнімдерді қайта өңдеу өндірісінің желісін дамыту, жылыжай кешендерін, сауда-логистикалық орталықтарды салу.

Орал қаласы айналасындағы азық-түлік белдігі қолжетімді  бағалар мен сапа белгісі бойынша негізі азық-түлік өнімдерімен жыл бойы қала тұрғындарын қамтамасыз ететін өз алдына бір буфер болуы тиіс.

Қала тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық тауарлары өндірушілерімен байланысып, делдалсыз тікелей қарым-қатынас орнату арқылы ЭКО-дүкендер желілерін салуды қарастыру қажет. Қала базарларында азық-түлік белдігінің қатысушыларына өз өнімдерін сату үшін арнайы орындар бөліну тиіс.

Әлеуметтік маңызды  азық-түлік тауарларының тізбесіне 33 өнімнің атауы кіреді. Оның ішінде 24-і біздің облыста шығарылады, қалған 9-ы (күріш, ұнтақ жармасы, қарақұмық жармасы, сұлы жармасы, арпа жармасы, тары, қант, тұз, шай) сырттан әкелінетін өнімдер болып табылады. Жағдайды талдау кезінде аталған 33 өнім ішінде тек 4 өнім түрі бойынша өзіміздің өндіріс халықтың тұтынушылығын жаба алады екен (ұн, нан, макарон өнімдері, жұмыртқа).

Алайда басқа өнімдер бойынша да қалада тапшылық жоқ, себебі олар басқа қалалардан әкелінеді немесе халықтың өзі өндіреді, алайда бұған қатысты нақты деректер жоқ. Осыған байланысты негізгі өнімдерге қала халқының тұтынушылығы мен қамтылғандығын айқындау мақсатында осын өнімдерді сатудың уақытын межелеу жүргізіп жатырмыз.

Азық-түлік белдігін дамыту мақсатында 20 гектарға дейін қарқынды алма бағын отырғызу жүргізілетін болады (мемлекет тарапынан инвестициялық салымның 40% субсидияланады). Деркөл ауданында 20 гектар алма бағын салу, Круглоозерное кенттік округінде 10 гектарға алма бағын салу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ 2 гектар жерге жүзім бағын отырғызуды да жоспарлап отырмыз, қарақат, таңқурай және құлпынай сияқты жеміс жидек өсімдіктерін өсіру қарастырылатын болады.

Бұдан басқа, сүт өндірісін, томаттарды қайта өңдейтін зауыт, қант қызылшасын, күріш, май дақылдарын өсіру мәселелерін жан-жақты қарастыру қажет.

Мал басын көбейту үшін, соның ішінде сүтті малдарды өсіру бағытында азық базасын көтеру қажет, яғни, бір жылдық және көп жылдық шөптерді өсіру керек. Қазіргі таңда бұл тек тыңайған жерлерді алу және дәнді дақылдар алаңдарын әртараптандыру арқылы мүмкін болады. Сондай-ақ мал азығы өндірісі бойынша нысаналар салу және кеңейту, яғни, сағатына 5 тонна құрама азық өндіретін құрама азық зауытын салу және оған 20% мемлекет қаржылай көмек беретін болады.

Бұған қоса, заманға сай құрал-жабдықтармен және технологиялармен жарақтандырылған сүт-тауарлар фермалары мен мал азығы алаңдарын салу және дамыту қажет.

Сонымен қатар, суарылатын егіндік алаңдарын ұлғайту арқылы картофель алаңдарын үлкейту қажет, яғни, суару жүйесін қалпына келтіру не салу, тамшылап суару жүйесін қолдану.

Жылыжай бизнесін дамыту мақсатында 50 мың шаршы метрге дейін алаңда өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу үшін жеке инвестициялар тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі сәтте жылыжай кешенін салу үшін «Орал жылыжай» ЖШС-іне Есенжанов көшесімен Шолохов көшесі қиылысы ауданында алаңы 1,5 га жер телімі берілген.

Әлеуетті инвесторлар үшін Серебряково кенті ауданында алаңы 6 га жылыжай кешені құрылысын салуға мүмкіндік бар. Учаскенің қасынан қажетті инженерлік желілер өтеді.

Ауылшаруашылығының басым бағыттарының бірі  тауық еті өндірісін айқындау ұсынылады, қала халқын өз өндірісіміз тек 12% қамтып отыр. Бұл мақсатта етті тауықтар өсіретін құс фабрикасын салу қажет. Бұл жобаны «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның тәжірибесін үлгі қылып іске асыруға болады, ол фабрика 2009 жылы қалпына келтірілген болатын (1976 жылы негізі қаланған). Бройлер тауығы етін өндіру мен  өңдеу бойынша кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – 24 мың тонна. Құс фабрикасы құс өндірісінің  барлық сатысын қамтитын болады: жоғары теңгерілген азық шығарудан бройлерлерді өсіру, сою, етін бөлу, дайын өнімді әзірлеу және орауға дейін. Бұл өндірістің барлық үдерісін бақылауға мүмкіндік береді, мониторингілеу, жоспарлау, шығыстар, өнімнің сапасын қосқанда. Жобаның құны – 3,3 млрд. теңге.

Бұл жұмыста облыстық ауылшаруашылығы басқармасының тарапынан толықтай ықпал ету мен көмек қажет.

 

Бүгінгі күні қала бойынша жол тораптарында, қоғамдық орындарда, әкімшілік ғимараттар мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, теміржол вокзалында 175 камера орнатылған. Оның ішінше ЖБО-ға 72-сі, «Қауіпсіз аула» - 103-і қосылған.

Мұнымен қоса, көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың көптігі бейнебақылау камералары жүйесін қоғамдық орындарда, көпқабатты үйлер ғимараттарында дамытуды талап етеді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 10 бейнебақылау орнатуға 65 млн.теңге бөлінді, қосымша 10 бейнебақылау орнату қажет.

Қалада 7 өрт депосы мен 28 өрт машинасы бар.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында 2020 жылға дейін 6 өрт машинасына 1 өрт депосын, 1 автобаспалдақ, газ түтіннен қорғау 2 автомашинасын 20 өрт автоцистернасын алу жоспарда бар.

Су тасқынының алдын алу қала аумағын инженерлік қорғауға бірнеше шараларды ұйымдастыру жоспарда бар:

1) Шаған өзенінен Приречное көшесіне дейін, Толстой көшесінен Шевченко көшесіне дейін қорғаныс дамбасынан су өткізетін құбырларды ауыстыру;

2) Чагано-Набержная көшесімен Шаған өзенінен Короленко, Чапаев, Ғ.Қараш, Фрунзе көшесіне дейін су өткізгіш трубаларды қайта жөндеу;

3) Жайық өзенінен Достық даңғылымен, Лесхозная, Куренная, Линдовская, Буянная көшесіне дейін Курени ауданындағы қорғаныс дамбасынан су өткізетін құбырларды ауыстыру

4) Элеваторная көшесіндегі қорғаныс дамбасы бойынша су өткізетін құбыр орнату.

5) Шамсутдинова көшесінен Достық даңғылына дейін Жайық өзенімен жағалауды беріктендіру жұмыстары (300 м).

Бүгінгі күні, қажетті есебтер дайындалуда.

Сонымен қатар, су тасқыны жағдайында және қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде, «Болашақ», «Жұлдыз» шағын аудандарында тұрғын үйлерді су басуына байланысты аталған аудандардан еріген қар  және жаңбыр суларын бұруға сметалық жобалау құжаттама жасақталды.

 

Барлығыңызға белгілі, Қазақстанның «жасыл экономика» даму бағытының негізгі кілттері болып, қайта қолданылатын энергия көздерін енгізу мен қалдықтарды қолдану жүйесін басқаруды жақсарту болып табылады.

Орал қаласының бас жоспарына сәйкес, қаланың дамуы солтүстік-шығыс және оңтүстік-батысқа бағыт алмақ. Ал бұл бағытта бүгінгі қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны орналасқан. ҚТҚ полигонына жақын орналасқан жерлерге тұрғын үй құрылыс нысандары, медицина, білім беру және мәдениет нысандары орналасатын болады.

Келтірілген фактілерді ескерсек, ҚТҚ полигонын бұдан әрі пайдалану тиімсіз.

Осыған байланысты Зеленов ауданы аумағында қазіргі полигоннан 7 шақырым қашықтықта қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон салуға 70 га жер бөлінді.  

ҚТҚ арналған жаңа полигон құрылысы бойынша технико-эконономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Жаңа полигонның технико-экономикалық негіздемесін жасақтау барысында полигон құрылысының бірнеше нұсқасы қарастырылуда.

- Қоқысты сұрыптау кешенінің құрылысы, қоқыстар сұрыпталып, тығыздалып одан әрі қайтара өңдеуге жіберіледі. Сұрыптаудан қалған қоқыс та тығыздалып полигонда көміледі, ол қалдықтарды болашақта цемент зауыттарында қолданылатын балам отын ретінде қолдануға болады, бұған қоса биологиялық қалдықтардан компост-яғни биологиялық тыңайтқыш  өндіретін цех құрылысы да қарастырылған.

Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуде, қадеге жаратуда заманауи технологияны қолданатын қоршаған ортаны қорғау саласында тәжірибесі бар шетелдік инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі полигон

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Doranova» фин компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. «Doranova» фин компаниясының қоқысты өңдеу мен суды тазарту саласында көп жылғы тәжірибесі бар.

Орны толатын қуат көздерін енгізу мен қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру Қазақстанның «жасыл» экономикасының басты бағыты екені бізге мәлім.

Аталған компания ҚТҚ полигонын басқаруға алуға және Орал қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар жүйесін басқару мен жетілдіруде инвестициялық жобасын жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Өз кезегінде ол мына келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

1.Полигонда биогазды өндіру қорын растау бойынша (іздеу жұмыстары) зерттеу жүргізу;

2.Биогазды жинау жүйесін жобалау;

3.Биогды жинау жүйесінің құрылысы мен монтажы;

4.Сорғы станцияларын орнату;

5. Биогазды жағу жүйесі;

6.Жылу электрстанциясы.

 

Жобаның бірінші кезеңі – іздестіру жұмыстары полигондағы биогаздың мөлшері мен сапасы жайлы Еуропадағы тәуелсіз зертханалардың қажетті мәліметтері мен қорытындысын алуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің құны – 214 мың евроны құрайды, 1 гектарға орташа есеппен 6,5  мың евро.

 

Орал қаласы инвестициялық әлеуеті жоғары Ресей федерациясының шекаралас аумақтарымен, сондай-ақ Қазақстанның Орта Азиялық көліктік өнеркәсіптік дәлізінің транзиттік теміржол және автомагистраль бойында орналасқан – Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарымен және Алматы қаласымен жан-жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды қамтамасыз ете алатын, өңіраралық сервистік сауда өнеркәсіптік орталыққа айнала алатын нақты әлеуетті қалыптастыру мүмкіндігіне ие қала болып табылады.

Біздің басымдылығымыз мыналарда:

-   ұтымды географиялық орналасу (көліктік логистикалық торап);

-   қолайлы кәсіпкерлік климат;

-   экономикалық және саяси тұрақтылық;

-   табиғи ресурстардың молдығы;

-   тұрақты инвестициялық заңнама, инвестордың құқығын қорғау;

-   жағымды салықтық, кедендік, тарифтік климат;

-   шетелдік жұмыс күшіне рұқсат алудың болмауы, визасыз режім

-   инвестициялық шығындарды 30 пайыз жабу және заттай гранттар

-   кәсіпкерлікті кең түрде мемлекеттің қолдауы

-   дамыған коммуникация желісі

-   зияткерлік ресурстар мен кең еңбек нарығы

-   коммуналдық қызметақының және қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияның төмен тарифтері.

Инвестиция тарту үшін белгілі бір мүмкіндіктер бар:

- банктер мен даму қаржы институттары (ЕБРР);

-   халықаралық ұйымдармен жұмыс;

-   шет мемлекеттер елшіліктерімен серіктестік (Дипломатиялық Бизнес клубын құру);

-   Құрметті Консул институтын дамыту.

          Қала зауыттарының жұмыстарын белсендіру мақсатында дамыған, дайын кәсіпорындарды тарту қажет («Омега» - трансформаторлық зауыт үлгісінде)

         

          Шағын және орта бизнесті дамытуда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қолайлы жағдай туғызуға, кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға, белсенді қолданыстағы мемлекеттік қолдау инструменттері арқылы бизнесті жүргізуге, кәсіпкерлер палатасы және басқа да қала кәсіпкерлерінің мүдделерін қорғайтын мекемелермен тығыз байланыс орнатуға  ерекше көңіл бөлінетін болады.

          Бүгінде қалалық әкімдік шағын және орта бизнестің белсенді емес субъектілеріне кең ауқымды талдау жүргізу жұмыстарын бастады. Біз кәсіпкерлермен жеке кездесіп, сұхпат жүргізіп, олардың белсенді еместігінің себептерін анықтаймыз. Әр кәсіпкермен жеке жұмыстанамыз. Аталған жұмыстар атқарылғаннан кейін кәсіпкерлерді белсенді ортаға  қайтару жолдарын шешу мәселелерін талқылаймыз.

          Бұл жұмыс өте маңызды. Себебі бұл қазынаны толықтыратын әлеуметтік және басқа да бағыттардағы шараларға жұмсалатын салық түсімдері болып табылады.

Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті несиелеу шеңберінде                       1 млрд.теңге (500 млн.теңге «Даму» қоры арқылы, 500 млн.теңге – облыстық бюджет есебінен) бөлінген. Несиелеу 2-ші деңгейілі банктер (Халық банкі және Жинақ банкі) арқылы жүзеге асады.  50%- ауылдық, 50% - қалалық деңгейде. Жобалардың барлық түрі қарастырылуға алынады.

Несиенің максималды сомасы – 50 млн.теңгеге дейін, 8,5% банктер.

 

Орал – келешекте туризм мен демалыс аймағы.

Қазақстанның батыс өңіріндегі өзге қалалармен бәсекелестікте Орал шаһарының негізгі артықшылықтары – қолайлы климаттық және экологиялық жағдайында, су көздерінің молдығы мен ландшафтты демалыс әлеуетінің жоғары болуында, тарихи-мәдени мұралар мен мұражай кешендерінде, аса тиімді геосаяси орналасуында.

Қаланың базарларын дұрыс орналастыруды ұйымдастыру және оларда тәртіп орнату бойынша базарлар дамуының тұжырымдаманың жобасы дайындалуда.

 

Орталық базарлардың өзекті мәселелерінің бірі – белгіленбеген орында сауда жүргізу мәселесі.

Мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде қаланың орталығындағы ірі базарларды қала сыртына, ыңғайлы жолдарымен тұрақтарымен магистралдық трасса бойынша көшіруді жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл әрі кәсіпкерлерге әрі сатып алушыларға қолайлы жағдай туғызады.

Қаланың орталығындағы базарларды ауыстыру Досмұхамедов, Әбдіров, Мұхит, Фрунзе және Д.Нұрпейісова көшесіндегі стихиялық базарлардың жойылуына мүмкіндік береді. Бүгінгі күні базар қожайындарымен осы тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек.

Архитектуралық ортаны мүгедектердің (кресло-арбамен қозғалатын, көз ауруы бойынша, құлағы естімейтіндер) қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету үшін, келесі критерилерге сай келетіндей: қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттылық және жайлық – ыңғайлылық, үлкен жұмыс күтуде. Кресло – арбамен қозғалатын және көздері көрмейтін мүгедектер біздің архитектуралық ортамызда тәуелсіз өмір сүруі қажет.

Мүгедектерге арналған бағдаршамдарға, тактилдік жолдарға, пандустарға, салынып жатқан және өндірістік ғимараттарға арналған көтеру құрылғыларына, транспорттық инфрақұрылым объекттеріне, мүгедектерге арналған қоғамдық көліктерге, кірме жолдарға олардың саны мен сапасына зор көңіл аударылады соның ішінде, мүгедектік арбаларға қажет құрылғыларғада сондай ақ, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде және жол өткелдерінде сөйлеу информаторларының санының толық болуына зор көңіл аударылады.

Осы мәселенің шешілуі мақсатында, осындай объектілердің 455-сі паспортизацияға жатқызылады. 2012-2015 жылдары 60 объект паспоттаудан өткізілді. Соның  57 объектісі Республикалық интерактивтік қолжетімділік картасына енгізілді. Мониторг қортындысы бойынша, 60 паспортталған объектінің қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына қарасты 12 объект немесе 20% қолжетімді объекттер қатарына ауысты.

Мүгедектердің мүмкіндіктерін ескере отырып, еркін кіріп – шыға алатын және еркін қозғала алатын үйлермен қамтамасыз ету қажет (пәтерлерді төменгі қабаттардан беру, үйлерде арнайы лифттер орнату).

Оған қоса, реабилитациалық медициналық мекемелердің қасында орналасатындай етіп, мүгедектерге арналған арнайы тұрғын үй салу қажет.

Еңбек ресурстары – әр қоғамның экономикалық дамуының қомақты бөлшегі болып табылады.

Осы Бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін, қаламызға қомақты еңбек күштері қажет болады. Қала кәсіпорындарымен біріге жұмыс істеудің нәтижесінде, 2020 жылғы дейін нақты қандай мамандарды даярлау қажет екендігі анықталды.

Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша 2020 жылға дейін, 700 әр саладағы мамандар, осының 65% бұл (токарь, бетонщик, сварщик, жүргізуші және т.б.), 27% медициналық мамандарды құрайды.

Аталмыш мәселе, орташа-кәсіби оқытуды дамытудың қажеттілігін көрсетеді.

 

Тұрғын үй қорын басқару саласында (ПИК) жасалған талдау халықтың төмен белсенділігі, көрсетілген қызметтерге  қарыздың қордаланып қалуы мен тұрғындардың немқұрайлығы кооперативтің жұмысына теріс әсер ететіндігін көрсетті. Мұндай жағдайлар кооператив әкімшілігі мен тұрғындар арасында түсініспеушілік туғызады, ал кейбірде төрағалардың жауапсыздығы мен жазадан жалтарып кетуәне әкеп соқтырады(пәтер иелері кооперативі төрағаларының орташа жасы 57 жас, 38%- зейнет жасындағылар, 58% - әйел адамдар. Таяу 1-2 жыл ішінде ПИК төрағаларының 50% зейнекерлікке шығады).

Тұрғын үй қатынастары саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына бірнеше түзетулер енгізілген болатын, аталған  Заңның 6-бабына сәйкес,тұрғын үй қоры мен кондоминиум нысанын басқару пәтер иелері таңдап алған орган арқылы жүзеге асырылады. Аталған заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес, кондоминиум объектісін басқару органының осы кондоминиум объектісінде сервистік және кондоминиум объектісіне жатпайтын өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

Қазіргі таңда тұрғын үй инспекциясы бөлімімен әрбір үйде басқару органын құру бойынша тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бәсекелестік орта қалыптастыру мақсатында, сонымен қатар жаңа өзгерістерге сәйкес басқару органы тұрғын үй қорын ұстау үшін клинингтік  компания  (сервисттік компания) жалдау керек.

2015 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Изумруд» басқару компаниясы» ЖШС құрылды, қазіргі таңда ол 12 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетеді. «КазБатысСервис» сервистік компаниясы жұмысқа кірісіп, Достық даңғылы 226 мекенжайындағы бұрынғы жатақханаға  қызмет көрсетуге шарт жасасты.

Аумақтың маңыздылығы мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін шешу, азаматтармен жұмыста уәкілетті және атқарушы органдаға көмек көрсету азаматтардың құқығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүзеге асырыла бастады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес, Ұлт жоспарының 100 қадамында 2016 жылғы 22 ақпанда құрамында әртүрлі сала өкілдері бар 30 адамнан құралған Орал қаласының қоғамдық кеңесі құрылды. Қалыптасқан құрам Орал қалалық мәслихатының шешімімен бекітілді.

Бұл өзін-өзі басқару институттары қала әкімдіктерінің тұрғындармен өзара қарым-қатынас жасауға, тұрғын-үй шаруашылығының қызметіне, аумақтық санитарлық жағдайына, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне оң әсер беруі керек.

 

Көшелерді жарықтандыру сапасын жақсарту мен қуат үнемдеуші технологияларды енгізуде сыртқы көше шамдарын ауыстыру жұмыстары жалғасады.

Қазіргі уақытта Достық және Әбілқайыр хан даңғылында, Әуежайға барар жолда, Садовая, Айтиев, Есенжанов, Жәңгір хан, Жуков, құрманғазы, Мәметова, Мұхит, Пугачев, Датұлы, Сарайшық, Тайманов және Шаған жағалауы көшелері бойынша бұл тұрғыда шығындар есептелді. Көрстеілген көшелерде жалпы сомасы 201 млн. теңгеге 2300 жарық диодты шамдарды орнату жоспарланған (бір шамды орнатуға 85 мың теңге).

Достық даңғылы бойында жерүсті жарық желілерін жерасты кабель желілеріне алмастыруға 105 млн. теңге керектігі және Гагарин көшесіне бұл жұмыстарға 53 млн. теңге қажет екені есептелді. Бір шақырым әуе желісін жер астына көшіру 32 млн. теңгені қажет етеді.

Көліктер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында жалпықалалық магистральдар мен аудандық маңыздағы магистральдардың қиылысындағы көлік және жаяу жүргіншідер қозғалысын бағдаршаммен реттеу (қалада 49 бағдаршам нысаны бар, оның 41-і жарық диодты). Қазіргі кезде жалпы құны 53 млн. теңге болатын бағдаршамды орнатуға байланысты 6, жөндеуге байланысты 6 жоба бар. 4 бағдаршамды күні ертең орнату қажет (бір бағдаршамды орнату сомасы шамамен алғанда 3,5 млн теңге). Көше қозғалысын дамыту жоспарында, бірінші кезекте, орталық көшелердегі жол-көлік оқиғаларын азайту мен көше қиылыстарындағы кептелісті болдырмау мақсатында жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу («интеллектуалды бұрылыстарды» Датұлы - Әбілқайыр хан, Датұлы - Жамбыл, Евразия - Достық көшелерінің қиылысына орнату қажет. 12 бейнекамерасы бар 1 «Интеллектуалды бұрылыс» жүйесін орнату құны 23 млн. теңге.) жобасы жалғастырылатын болады.

          Соңғы жылдары ақпарат адам өмірінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қала тұрғындарын ақпаратпен қамтамасыз ету үшін онлайн режіміндегі карта-анықтамалық жобасы құрылуда. Жоба концепциясы қала мекемелерінің картографиялық анықтамалығын қалыптастыруды қарастырады. Ақпараттық сервис кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметі туралы ақпаратты орналастыруға немесе бизнес бойынша серіктестерді, ал тұрғындар мен қала қонақтары  үшін өз қызығушылықтары бойынша қызмет көрсетулерді жеңіл табуға мүмкіндік береді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен 2050 жылға дейін «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы әзірленгені белгілі. Тұжырымдамада ел экономикасының белгілі салаларын реформалауға арналған маңызды міндеттер тізбесі айқындалды.

«Жасыл» экономикаға көшу аясында ресурстарды (су, жер, биологиялық және т.б.) тиімді пайдалану және оларды басқару, қолданыстағы инфрақұрылымды жетілдіріп, жаңасын салу, халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын қоршаған ортаға қысымды азайтудың тиімді жолдары арқылы жақсарту, су қауіпсіздігін арттыру көзделген.

Біздің бағдарламаның  негізгі басымдығының бірі қалада  жасыл экономиканы дамыту болып табылады. Қазақстанның «жасыл экономикасына» көшу тұжырымдамасы аясында Орал қаласының  географиялық орналасуы мен жоғары ресурстар әлеуетін, экологиялық көшбасшылығын көрсете отырып, өзін Жасыл және Таза қала ретінде танытуына мүмкіндік бар.

          Анықтама: 2013 жылдың Республикалық  «Казгидромет» кәсіпорнының мағлұматына сәйкес, Орал қаласы Қазақстанда ең экологиялық таза қала болып саналады. Ауаның атмосфералық ластану индексі ең төмен (Қостанай-2,0; Павлодар – 2,4;Өскемен – 7,6; Тараз- 7,4,Қарағанды-7,0).

 

Бүгінгі күні қаладағы қоғамдық көліктер жұмысын ұйымдастыру мәселесі өзекті тақырып болып отыр.

Қазақстанның басқа қалаларының тәжірибесін есепке ала отырып, («Оңай») автоматтандырылған есептеу мен төлеу жүйесін есептеуді енгізуді ұсынамыз. Бұл жүйені енгізу төмендегідей мүмкіндіктер береді:

- қоғамдық көліктердегі жолаушылар легі туралы үнемі ақпарттар алып отыру;

- қаладағы қоғамдық көліктердегі жолаушылар легінің көлемін анықтау;

- қоғамдық көліктердегі қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін, қоғамдық көлікте қызмет көрсетуші жеке тұлғалар туралы мағлұматтар алу;

- қоғамдық көліктердегі жол жүру төлемдерінен түскен қаражатты көлеңкелі айналымнан шығарып, қоғамдық көліктің дамуына арналған бағыттарда жұмсау;

- қала бюджетінің салық түсімін арттыру.

Қалада жолаушы көлігімен айналысатын 7 көлік компаниясы бар. Автобус маршруттарында 516 көлік құрамы (әртүрлі кластағы 325 автобус және 191 шағынавтобус) тартылған.

Қоғамдық көлікке бір құылғыны орнату орташа есеппен 500 мың теңгені құрайды. Қортыла келгенде, «Оңай» жүйесін енгізуге техникалық шығындар шамамен 258 млн. теңгені құрайды (жарнама, карталарды шығару, жұмысшы күшін қоспағанда).

Қала тұрғындарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мақсатында 2020 жылға дейін мәдениет нысандарын салу жоспарда бар:

- Тұңғыш Президенттің жаңа мәдениет және демалыс саябағын салу;

- аквапарк салу;

- веложолдар мен велосипедтерды жалға беру пунктын салу.

- аттракциондар паркін жаңарту

- қала жағажайын абаттандыру.

- барлық сауда орталықтарының аумағында велосипед алаңдарын орнату.

          Круглоозерный, Серебряково және Желаево округінде мәдениет үйлері жоқ.

 

 

Тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін магистральды көшелерде велосипед жолақтарын салуды жоспарымызда бар. Барлық жаңа жолдарды салу мен ескі жолдарды жөндеу кезінде міндетті түрде велосипед жолағын қарастыру ұсынылады.  Барлық салынатын нысандарда инженерлік желілер, кіреберіс жолдар, автотұрақтар ескерілуі, осының бәрі өкілетті органдармен нақты келісілуі тиіс. 


14.06.2016 12:06

Сақтап алу: