Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау Қазақстанның мемлекеттік саясаттының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» делінген. 

Мемлекет азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары накез келген құқық бұзушылыққа мемлекет реакциясының болмай қоймайтынын қамтамасыз етумен қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және кінәлі адамдарды заңмен бекітілген жауапкершілікке тартумен кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 

  • жемқорлық құқық бұзушылық  фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен  жәрдемдескен
  • адам мемлекеттiң қорғауында болады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске жәрдемдесетiн адам туралы  ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың  жеке  басының  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен және жемқорлық қылмыстармен күресте уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы  полициясы оргадары экономикалық және қаржылық қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен  азаматтың  құқықтарына, қоғам  мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық  және  өзге  де  заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға  және   тергеуге  бағытталған  құқық қорғау қызметтi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефоны: 1494