28.12.16

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 28 желтоқсан күні Орал қаласы әкімі аппараты қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің және қалалық маслихата аппараты қызметшілерінің қатысуымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өткізу ережелері» атты тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақовтың төрағалығымен өткізілді.

Семинар-кеңес өткізу барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы В.Н.Масимова «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өткізу ережелері» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама жасау барысында аттестаттаудың мақсаттары, деңгейлері және аттестациялық комиссия құрамы туралы мәселелері туралы айтылды.

Аттестацияны тоқтаусыз өткізу мақсатында Департамент басшысы Б.Ә.Исақов мемлекеттік органдардың басшыларына аттестация бойынша іс-шаралардың уақыттылы және сапалы өткізіліуін     жеке бақылауына алуға кеңес берді.

Семинар-кеңес соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.


28.12.2016 09:23