Орал қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы

Қала әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен 2017 жылдың 28 ақпан күні Орал қаласы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов Жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру бағытындағы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылған шаралар туралы айтып өтсе, қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова Орал қаласының білім беру бөлімінің білім жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау жөнінде, сондай-ақ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қоюдың және жолдама берудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында қабылданған шараларға тоқталды.

ҚР Президенті Н.Назарбаев  «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек» - деп атап өткен болатын. Елбасының алға қойған осы міндетін орындауда Орал қалалық ішкі саясат бөлімі үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандыра түсуде.

Қазіргі таңда облыс бойынша тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны – 643. Орал қаласында 500 ден астам ҮЕҰ тіркелген, соның ішінде 60 ҮЕҰ мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда азаматтық сектор мемлекетпен бірге халықтың әлеуметтік жағдайының артуына негізгі себепкер бола отырып, азаматтық қоғамның дамуына өз үлесін қосуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Заңына сәйкес әлеуметтік жобалар ұлттық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, діни экстемизм мен терроризмге қарсы, наркоманияның алдын алу мен салауатты өмір салтын сақтау, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау мен гендерлік, отбасы-демографиялық саясатты дамыту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жетім балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмектесу, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, мемлекеттік тілді дамыту, балалар құқығы мен азаматтардың заңдық мүдделерін қорғау және т.б. бағыттарда жүзеге асырылуда.

2016 жылы бұл мақсаттарда 10 млн. 397 мың теңге қаржы бөлініп, жастарға арналған 11 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылған болатын. Жобалар шеңберінде жастардың арасында қоғамдық тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытындағы, қоғамдағы рухани және мәдени дәстүрлер сабақтастығын орнықтыру, жастар арасында КТК ойынын дамыту, «Орал – таза қала» тақырыбында экологиялық сенбіліктер өткізу, жас ақындар арасында айтыс өткізу, кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, отбасы құндылықтарын орнықтыру және тағы басқа шаралар өткізілді.

2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» жолданғаннан бері еліміздегі қылмыстың деңгейін төмендету мен қоғамдық қауіпсіздікті көтеру бойынша қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға  мүлдем төзбеушілік саясатын енгізілді. Елбасы өз сөзінде тіпті ең ұсақ деген құқықбұзушылықпен, мәдениетсіздікпен, бұзақылықпен келісуге болмайтындығын, себебі олар қоғамдағы тыныштық пен өмір сапасын төмендететінін баса айтып, ескертті. ҚР Бас Прокуратурасының мәліметінше Тұңғыш президенттің бұл бастамасы қоғамда үлкен импульс болып, қазіргі таңда ұсақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны мейлінше азайып келеді. Қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға  мүлдем төзбеушілік қағидаларының қажеттілігін өзінің Жолдауында Елбасы мынадай жолдармен келтіреді: «Дамыған қоғам тәртіптен, соның ішінде жайлы үй аулаларынан, таза көшелерден, жылы жүзді адамдардан тұрады. Қазіргі заманға сай, дамыған қоғам мен жайлы орта жасау үшін қоғамдық тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бүгінгі күннің міндетінде тұрған кезек күттірмес мәселе екендігі айдан анық. «Қоғамтанушылар Одағы» ҚБ 2016 жылы қыркүйек-қараша айларында жоба аясында 500 000 теңгеге қоғамдық құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында арналған шаралар өткізді.


28.02.2017 10:15