Сыбайлас жемқорлықтың ресми анықтамасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдардар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық субъектілері:

  • жауапты мемлекеттік лауазымға ие болатын тұлғалар,
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар,
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлғалар,
  • лауазымды тұлғалар

Сыбайлас жемқорлықтың жұмыстың анықтамасы

Сыбайлас жемқорлық  – жеке пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану.

«Ережелер бойынша» сыбайлас жемқорлық  – алушы заң бойынша жасауға міндетті бір нәрседе басым көрсетілетін қызметті алу мақсатында пара берілетін кездегі шарттылықты оңайлату үшін жасалатын ынталандыру.

«Ережелерге қарсы» сыбайлас жемқорлық  – алушы заң бойынша көрсетпеуге тиіс қызметтерді алу мақсатында беретін пара.