Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалында Жастар жылы аясында №40 орта мектептің 10 сынып оқушыларымен өлкеміздің жас ақындарының шығармашылығымен таныстыру, патриоттық рух беру, адамгершілік қасиеттерге баулу, жас ақындар мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Жалынды жастар» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары айтыскер ақын, сазгер Т.Мықи және О.Меңдіқұлов, ақын А.Аманжолов болды. Жас ақындар 
өздерінің шығармашылықтағы жоспарларымен бөлісіп, шынайы жүрекпен өздеріне ең ыстық өлеңдерін оқыды.