Орал қаласының әкімдігі 2018 жылдың 11, 18 және 25 тамыз сенбі күндері сағ. 9:00-ден 13:00 дейін Ықсанов көшесінің бойында маусымдық көкөніс-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.
Тауар өндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз.
Жәрмеңкеге Зеленов, Теректі аудандарының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысатын болады.
Қатысуға ниет білдірген барлық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қосымша мәліметті «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алуға болады. Тел. 8 (7112) 50-09-77.