ҚР Тұңғыш Президенті алаңында облыс əкімі Алтай Көлгінов пен Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаевқа жаңа қоғамдық көліктер таныстырылды. Көлік сыйымдылығы - 70 адам.

Қаладағы жолаушы тасымалдайтын 6 кəсіпорынның үшеуі 35 жаңа қоғамдық көлік алды. Оларға екінші деңгейлі банктерден кредит берілді. Биыл «Ақжол-авто» мен «БатысДилижанс» ЖШС 7 мен 39 маршруттары бойынша жаңа 10 автобусты іске қосса, «Уралтехсервис» те «Vektor»-ға қол жеткізуде. Келесі жылы кəсіпорындарға «БРК-лизинг» компаниясы арқылы «Daewoo» маркалы 135 автобус алу жоспарлануда. Қала ішінде 455 қоғамдық көлік жүреді. Екі жыл бұрын газель көлігі 130 болса, биыл олардың 50-і ғана қалды. Қазіргі уақытта «Smart сity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жол картасымен жүзеге асуда. 28 қалалық маршрут бойынша барлық көлікте GPS құрылғысы орнатылған. «InfoBus» қосымшасы арқылы маршруттар қозғалысын 73 мың қолданушы онлайн бақылай алады. Жыл соңына дейін барлық маршрут электронды билетпен қамтамасыз етіледі. Жыл басында қоғамдық көліктердің 65% тозығы жетсе, қазір бұл көрсеткіш 54%-ке төмендеді