Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов және қала әкімі Мұрат Мұқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №4 жалпы орта мектептің және қосымша білім беру мектеп-орталығының ашылу салтанаты өтті. 
Мектептің жобалық қуаты – 300 орынға арналған, 3 блоктан тұрады. Мектеп құрылысы 2016 жылдың ақпан айында басталды. Барлық кабинет саны - 64, бастауыш сыныптар, биология, физика, химия, математика, география, ағылшын тілі кабинеті, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті кабинеттері, алғашқы әскери дайындық пәнінің кабинеттері, 2 информатика кабинеттері және физика, химия, биология кабинеттерінің қосымша зертханалары қарастырылған. 1-робототехника кабинеті. 20 орындыққа есептелген оқу залы бар кітапхана, 4 шеберхана барлық құралдарымен жабдықталған, спорт зал, 90 орынға есептелген мәжіліс залы, 300 орынға арналған асханас, 12 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған. Медициналық, логопедиялық және психолог кабинеттері қарастырылған. Мектеп құрылысын «Алтаир» ЖШС компаниясы жүргізді. Бүгінгі таңда қаламызда 48 мектеп жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 46 орта мектеп, 2 негізгі, 1 кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп, 1 оқу өндірістік комбинат жұмыс жасауда. Оқушылар контингенті 42985 оқушыны құраса, оның 24227 қазақ тілінде, 18758 оқушы орыс тілінде білім алуда. Оқушылар саны жыл сайын ұлғаюда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2872 оқушыға өсіп отыр.

Фото: Темірболат Тоқмамбетов