Сталинград шайқасының аяқталуына 75 жыл толуына орай, бүгін Оралда батыр бабаларды еске алып, майдангерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Облыс және қала әкімі, соғыс ардагерлері, зиялы қауым мен жастар өкілдері қатысқан салтанатты шара Жеңіс алаңында басталып, Əлия Молдағұлова, Мəншүк Мəметова және Хиуаз Доспановалардың ескерткішінің жанында жалғасты.

P.S. Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерін қамтиды.

 

Фото: Александр Куприенко және @akzhaik_zhastary