Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы  Д.С.Куанышевпен ағымдағы жылдың 18 наурызында алдағы уақытта «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау бойынша департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар барысында ҚР Президентінің Жарлығымен «Б» корпусының әкімшілікмемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау ережесі бекітілгені атап өтілді.«Б» корпусының әкімшілікмемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау Ережесі 2015 жылғы 23 қарашасындағы ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 63 бабы 1 тармағына сәйкес құрыла отырып, аттестациялау тәртібін анықтайды.

Департамент басшысы Д.С.Куанышев аталған аттестация қызметкердің одан әрі дамуы үшін әлеуеттігі мен кәсіби даярлығын анықтау үшін бағытталғанын айтты.

Бұл халыққа қызмет көрсету принципі мен заманауи қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге толықтай жауап беретін кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін қажет.


27.03.2017 10:16

Сақтап алу: